Гүлтас сайынқызы


Қамшы сөз: Туған жеріңе шапағатың жоқ болса, махаббатым бар



Pdf көрінісі
бет24/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Қамшы сөз: Туған жеріңе шапағатың жоқ болса, махаббатым бар 
дегенің өтірік. 
 
Әке, мен «Батырбек Рысбекұлы –ХІХ ғасырдың ірі саяси тұлғасы» атты 
конференцияда (Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы 
аулында 24 қазан, 2012 жылы) мынадай ой айттым. Сен де тыңда. 
– 
Қадірлі ағайын, елім, жұртым, бүгін қасиетті күн. Бүгінгі күн 
ұрпағымызға өнеге қалдырған күніміз. Мен соған қуанып тұрмын. Күреңбел 
аулында Батырбек бабамыздың басына қойылған кесененің, аудан орталығы 
Бауыржан Момышұлы аулында бой көтерген заңғар ескерткіштің 
қаншалықты бабамыз үшін пайдалы, сауапты екенін мен білмеймін, тек 
тірілердің: «өлі разы болмай, тірі байымайды» деген концепциясы бар. 
Батырбек датқа бабамыздың ізгі амалдарын Жаратушы Бір Алла елеп-
ескеріп, рухын биіктетіп, жанын жаннәттан етсін. Бірақ сіздер мен біздердің 
бүгінгі іс-амалымыз тірілер үшін, ұрпақ үшін керек. Біз аз халықпыз, ұлан 
байтақ Қазақстанда 16 миллион халық бар, ал әлемнің үлкен қалаларында 
сонша халық бір қалада тұрады. Ағайын, еліміз тәуелді болғанда еңсемізді 
көтере алмадық. «Тамырың жоқ, тарихың жоқ, сауатың жоқ, қараңғы 
бұратана халықсыңдар, жабайысыңдар» деді, көндік. Тегімізді «ов пенен 
ова» жасады, келістік. Ауылдың, қаланың аттарын тарихи атынан айырып, 
орыстың атымен: «Самсоновка, Успеновка, Карниловка, Павлодар, 
Петропавл ... т.б.» деді, ләппай дедік. Бұл соңғы жетпіс жыл емес, 300 
жылдан бері халықтың рухын дирменге салып уатып келе жатқан 
колониялдық, отаршылдық езгі. Дінімізден, ділімізден, тілімізден айырып
ұлт ретінде Жер үстінен жоюды мақсат еткен сонау патша заманынан бергі 
келе жатқан құйтырқы саясаттың құрбаны – біздің ата-бабаларымыз, біздің 
ата-аналарымыз және менің замандастарым.
Тарихын, тарихи жадын жоғалтқан халықтың болашағы жоқ. Айналайын 
ағайын, осы залда отырған қария даналар, сіздер өздеріңіз көрген, 
өздеріңіздің әке-шешелеріңіз көрген азапты тарихты, қолдан жасалған 
аштықтан қырылған қазақты, зұлым саясаттың алдауы мен арбауына сеніп, 
ағайынды ағайын сатқан 1937-1938 жылдардағы зұлмат заманды, әр үйден 
үш-төрт азаматтан Ұлы Отан соғысына аттанып, оралмаған, қара қағаз алып, 
зар жылаған аналарыңызды, қартайған ата-әжелеріңізді ұмытқан жоқ 
шығарсыздар. Елдің қараңғы, мұңлы тарихын көрген көнекөз аға-әжелер, 
Тәуелсіздіктің бағасын білсеңіздер, сіздер мен сіздердің балаларыңыз біздер 
білеміз. Бүгінгі жасы жиырмаға толған ұрпақ тәуелді болып көрген жоқ, 


39 
бұлар азат елдің, бақытты елдің балалары. Ащыны көрген сіздер нағыз 
тәттінің дәмін білесіздер. Ұрпақтарымыз ұлан байтақ жерімізге, 
жомарттықпен сыйға берген Алланың ырыздығы жер үсті, жер асты 
байлығына, қазақ деген халықтың бар болып қалатын қасиеттері: тілі, ділі, 
дініне, салт-дәстүріне еге болсын десек, олардың саналарына біздердің ата-
бабаларымыздың ел қорғағандағы ерлігін, дау шешкендегі билігін, ұл мен 
қыз тәрбиелегендегі өнегесін, семсердей өткір тілін, Алланың хақ екендігіне 
сенімін мұра етіп қалдыруымыз қажет.
Бүгін рухын тербеп, ерлігі мен өрлігін, парасаты мен пайымын, даналығы 
мен тапқырлығын сөз етіп отырыған даламыздың ұлы перзенті Батырбек 
Рысбекұлы ХІХ ғасырда Ресей патшасының генералы Черняевтің қанды 
қолынан қараша жұртын аман алып қалған, қазақтың дара перзенті Шоқан 
Уәлихановтың экспедициядан кетуіне ықпал еткен, сол заманда Абайдың 
әкесі Құнанбай, т.б. қазақтың біртуар тұлғаларымен бірге Меккеге 
қажылыққа барып, өз қаражаттарына тәкие салдырып, қажылық парыздарын 
орындап, елге келіп, медресе, мешіт салдырып, арық қаздырып, егін 
шаруашылығын дамытқан тұлға екендігін менен бұрын сөйлеген шешендер: 
С.Жошыбаев, ҚР Ұлттық ғылым Академиясының корреспондент-мүшесi, 
кардиохирург, профессор, жазушы-журналист Еркінбек Тұрысов аға, 
тарихшы ғалым, профессор, Тараз педагогикалық институтының ректоры 
Асқар Абдуалы ағалар айтты. Атақты ғалым, профессор Мекемтас 
Мырзахметов тарихи дерек көздермен мысалдар келтіріп, Батырбек датқа 
туралы «Егемен Қазақстан» газетіне бірнеше рет ғылыми-танымдық 
мақалалар жариялады. Сондықтан мен ағалардан артық сөз айта алмасым 
анық. 
Менің айтатыным, ұстаз ретінде бір сөз: жаһанданудың шыр айналған 
шығырына біздің ел де түсті, себебі Қазақстан ғаламмен үндесті. Үлкен 
әлемде ақ пен қара, жақсы мен жаман араласып жүреді. Жаманы жеңіл 
болып, жастарымыздың біразы жеңіл өмірге, әсіре қызылға бой алдырып 
бара жатқаны өтірік емес. Тілінен алыстаса, ұлттың тамырына зақым 
келетінін біз білеміз. Сондықтан жақанданудың шығырында шайналып, жоқ 
болмау үшін болашақ жастарымыз елжанды азамат болуға тиіс. Ол үшін 
олардың жүрегіне өз халқына, ұлтына, елі мен жеріне сүйіспеншілікті, асқан 
құрмет сезімді сіңіре білуміз қажет. Енді біздің ұрпағымыз БІР ҚАЗАҚ болу 
керек. Ақын Сабыр Адай айтқандай: «Әр қазақ менің жалғызым» деген рухта 
тәрбиелеуіміз керек. Қазақстанның қай жерінде ел үшін батыр болған 
ерлерге бүгінгідей ескерткіш қоямыз десе, елді мекен аттарын береміз десе, 
қаражат қажет десе, көмекке даяр болуымыз керек. Мысалы, Шығыста 
Құнанбай бабамызға заңғар биік ескерткіш орнатамыз десе, тайлы-таяғымыз 
қалмай барып, рухани да, материалдық та қолдау көрсеткеніміз абзал. Сонда 
ғана біз Жер бетінде ҚАЗАҚ боп қала аламыз. Қымбатты ағайын, 
бабаларымыздың рухын жаңғыртып еске алып отыру қажет. Рух өлмейді
оған дәлелді мысал: өр Батырбектың рухы жерлес батырларымыз Бауыржан 
Момышұлында қайталанды ма? Қайталанды. Оның алдында көсем 


40 
Лениннен, Сталиннен аброй-беделі кем түспеген, елі үшін құрбан болған 
Тұрар Рысқұловтың рухында болды ма? Болды. Қазақтың Шерханында, 
Ауғанда ерлік пен парасатты тең ұстаған генерал Бақытжан Ертаевтың 
мінезінде Батырбек датқа рухы жоқ деп айта аласыздар ма? Жоқ. 
«
Қасқалдақтай қаным бар, Жиырма бірде жасым бар, Еркек тоқты 
құрбандық, Атам десең, атыңдар» деген 1986 жылдың Желтоқсан құрбаны 
Қайрат Рысқұлбеков дәл Батырбек бабасының ерлігін қайталады емес пе! 
Ендеше РУХ мәңгілік. Оны жаңғыртып отыру ұрпақтар парызы, – дедім де, 
бабамыз Батырбек датқаның кесенесін қойып, Датқасазға алма ағаштарын 
еккізіп, аудан орталығына ғажап ескерткішін қоюға мұрындық болған 
ауданның әкімі Батырбек Құлекеевке, ол кісінің ізгі ойын қолдаған облыс 
әкімі Қанат Бозымбаевқа, ел ағаларына қарындас жүрекпен алғысымды 
айттым. Ризашлық көңілден туған жырларымды арнап, орныма келіп 
отырғанда, әке, сенің рухыңды сезіндім.
Әке, мен табиғатыммен мұғаліммін, ұстазбын. Оны өзің жақсы білесің. Ал 
жазу ұстаздық міндеттен туған жауапкершілігім сияқты. Менің шәкіртім 
болмаған қазақтың жастарына мүмкін пайдасы тиер деп, «Ер жетті ұлым, бой 
жетті қызым», «Тамшы сөздер мен қамшы сөздер», «Апам-ақ нұрым менің», 
«Менің Күреңбелім» деген кітаптарымды жаздым ғой. Қазір де «Жақсы мінез 
сабақтары» деген кітап жазып жатырмын. Ал өлеңдерімді тек елге адал 
болған жандарға ғана алғыс түрінде жазамын. Әйтпесе, өлең деген киелі ғой. 
Оны қасиеті жоқ жандарға арнауға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет