Грамматикасы



бет89/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Герундийдің білдіретін мағынасы мен сөйлемдегі атқаратын қызметі
Басқа да заттанған етістіктер (verbals) сияқты герундий да есімнің де, етістіктің де белгілері мен ерекшеліктері бар. Дегенмен заттанған тұйық етістікке қарағанда герундийде етістіктің грам­ матикалық белгілері аз байқалады және оның етістікке тән мына­ дай белгілері жоқ:
а) герундийде аспект категориясы жоқ (тұйық етістікте бар) ә) герундий заттанған етістікке қарағанда іс­әрекетті жалпы
мағынасында береді. Ол, әдетте белгілі бір іс­әрекетті емес, оның процесін білдіреді.
The way of living (Өмір сүру тәсілі).
The manner of speaking (Сөйлеу мәнері).
Ал екінші жағынан алып қарағанда герундийде етістікке қара­ ғанда есімге тән белгілері мен ерекшеліктері анық байқалады.
а) герундий шылаудан кейін тұруы да мүмкін, ал заттанған тұйық етістік шылаудан кейін келмейді. Бұл герундийдің есімге тән негізгі ерекшелігі болып табылады.
ә) зат есім сияқты герундийді ілік септігіндегі зат есім не есімдік анықтап тұрады. Сондай­ақ герундийдің есімдерге тән тағы бір басты белгісі – герундий есімдер сияқты сөйлемде бас­ тауыш, толықтауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш қыз­ метін атқара алады.

  1. герундий бастауыштың қызметін атқарады. Мұндай функ­ цияда іс­әрекет жалпы мағынада алынғанда сөйлемнің бастауы­ шы қызметінде тұйық етістік немесе герундий келуі мүмкін.

It is easy to critize other’s action (Біреуді (әрекетін) сынау оңай).
Criticising other’s action is easy (Біреуді (әрекетін) сынау оңай).
Осы екі сөйлемнің біріншісінде айтушы бұл іс­әрекет жайлы өзінің ойын теорияға сүйеніп айтса, ал екіншісінде айтушы өзінің ол іс­әрекет жөнінде тәжірибесі бар екенін және ондай әрекетті істеп машықтанғанын білетіндігін білдіріп тұр. Яғни, герундий сөйлемде бастауыш қызметін атқарғанда, ол айтушының сол өзі істеп үйренген, қалыптасқан, машықтанған және одан өзінің біраз тәжірибесі бар іс­әрекетті білдіреді. Сондай­ақ герундий әдетке айналған дағдылы іс­әрекетті білдіреді.
Reading fantastic books is my favourite thing (Қиял­ ғажайып кітаптарды оқу менің сүйікті ісім).
Sunbathing for too long will damage your health (Күнге аса көп қыздырыну – сіздің денсаулығыңызға зиян).
Герундий «it» есімдігінен басталатын сөйлемдерде және
«there is» тіркесінен басталатын сөйлемдерде де бастауыш қызметін атқарады.
There won’t be another chance of choosing the right thing (Дұрыс нәрсені таңдайтын тағы бір мұндай мүмкіндік тумайды).
It’s no use wasting time on such a thing (Мұндай нәрсеге уақыт жоғалтудың пайдасы жоқ).
There is no approving of his behaviour (Оның мінезін (ешкім де) құптамайды (ұнатпайды).

  1. Герундий сөйлемде тура толықтауыштың да, жанама толық­ тауыштың да қызметін атқара алады. Көптеген етістіктерден кейін толықтауыш функциясында заттанған етістік немесе герундий келуі мүмкін. Бірақ олардың мағынасында аздап айырмашылық бар. Заттанған етістіктен жасалған толықтауыш белгілі бір нақты нәрсені білдірсе, герундий жалпылама мағынасында (белгілі бір дағдылы іс­әрекетті білдіреді) қолданылады.

I like to read a book (Менің кітап оқығым келеді). (Белгілі бір іс­қимылды білдіреді).
I like dancing (Мен билегенді ұнатамын).
I like reading books (Мен кітап оқығанды ұнатамын). (Белгілі бір әдет не дағдылы іс­әрекетті ұнату).
You must stop to eat (Белгілі бір іс­қимылды тоқтату).
You must stop eating (Көп тамақ жеуді тоқтатуыңыз керек) (Белгілі бір дағдыға, әдетке айналған іс­әрекетті тоқтату).
«Be afraid of» тіркесімен келгенде герундий іс­әрекеттің қор­ қыныш тудыратын іс­әрекеттің салдарын білдіреді.
He was afraid of being laughed by others (Ол өзіне біреудің күлгенінен қорқады). (Ол біреуге күлкі болғаннан қорқады).
Her mother is afraid of being damaged her son’s health by smoking (Оның анасы темекінің баласының денсаулығына зиян келтіретіндігінен қорқады).
Герундий «like, love, hate, remember, regret, prefer» етістіктері­ нен кейін әдетке айналған немесе өткенде болған іс­әрекетті біл­ діру үшін қолданылады.
She likes dancing (Ол билегенді ұнатады).
I prefer swimming to fishing (Мен балық аулағанға қарағанда суда жүзгенді ұнатамын).
I regret cutting my hair (Қолымды кесіп алғаныма өкінемін). My computer needs repairing (Менің компьютерімді жөндеу керек болып тұр).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет