Грамматикасы



бет33/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

«One» есімдігі


«One» есімдігі зат есім қызметінде жұмсалады. «One» есімдігі жалпы мағынада адамға қатысты немесе алдыңғы сөйлемде ай­ тылған зат есімнің орнына қолданылады.
One must know such a thing (Әркім мұндай нәрсені білуі керек).
Everybody may express one’s ideas (Әркім өз ойын айтуға болады).
Осы мысалдарда көрсетілгендей «one» есімдігі тәуелдік фор­ масында да келеді. Дегенмен «one» белгісіздік есімдігі көп қол­ данылмайды, көбінесе ауызекі тілде жалпылама мағынада «you» есімдігі көп қолданылады.
«One must know it» деп айтуға болады, бірақ көпшілік жағдайда оның орнына «you must know it» келеді. Бұл жерде «you» есімдігі нақты бір адамға қатысты айтылмайды, «one» есімдігінің орнына жұмсалады.
«One» есімдігінің ілік септік формасы көптеп қолданылады. Іt іsn’t polite to interrupt one’s speech (Біреудің сөзін бөлу (әдептілікке) сыпайыгершілікке жатпайды).
Іt іs a pіty to waste one’s time doing useless things (Уақытын пайдасыз нәрсеге жоғалтқан өкінішті нәрсе).
Алдында анықтауышы бар зат есімнің орнына жұмсалғанда
«one» есімдігі адамға да, затқа да қатысты жұмсала береді және көпше түрінде де келуі мүмкін.
There were different colours of scarves, but she chose the blue one (Шалғының сан алуан түрі болды, бірақ ол олардың ішінен көк түсін таңдады).
All the members of the family are in the sitting room, but little ones are out (Отбасының барлық мүшесі үлкен бөлмеде, бірақ балалар жоқ).
Бір нәрсені салыстырғанда немесе екі заттың бірін таңда­ ғанда, «one/ones» есімдігі алдыңғы сөйлемде аталған зат есімнің орнына жұмсалып, сілтеу есімдігінен кейін тұрады. Бірақ мұндай жағдай тек қана сілтеу есімдігінен кейін сын есім келгенде кез­ деседі.
That seat іs occupied; take thіs (one) (Анау орын бос емес, мұнда отырыңыз).



Don’t take those pencils; but these (ones) (Анау қарындаштарды алмаңыз, мыналарды алыңыз).
І want a pencil. І’ll choose thіs green one (Маған қарындаш керек. Мен мына жасылын алайын).
You can have the warm gloves (Сіз жылы қолғапты алуыңызға болады).
He’ll have these thin ones (Ол мына жұқаларын алады).
Алдыңғы сөйлемдегі зат есімнің орнына айқындауыш қызме­ тінде жұмсалғанда «one» есімдігімен бірге «the» артиклі келеді.
You can take another ruler, the one that on the table (Сіз үстелдің үстіндегі басқа сызғышты алуыңызға болады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет