“Гуманитарлық білім ” факультеті


Мотивтің психологиялық теориялары



бет7/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#134096
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Мотивтің психологиялық теориялары


(1 сағат)

Жоспары:
1. Антикалық зерттеушілер жұмыстарындағы мотивация мәселелері;

2. Инстинктер теориясы;

3. А.Маслоу бойынша адам қабілетінің классификациясы;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Ананьев Б. Г. О проблемах современного человекознания / АН СССР, Ин-т — М.: Наука, 1977.

2.Братпусь Б. С. Психологические аспекты нравственного развития личности. М.: Знание, 1977.

3. Гиппеирейтер Ю. Б. Введение в общую психологию: : Учебное пособие для вузов. — М., 1997.

4. Ильин Е. П. Мотивация и мотивы. — СПб.: Питер, 2000.

5. Немое Р. С. Психология: Учебник для студ, высш. пед. учеб. заведений: Кн. 1: Общие основы психологии. — 2-е изд. — М.: Владос, 1998.

6. Леонтьев Л. Я. Деятельность. Сознание. Личность. — 2-е изд. — М.: Политиздат, 1977.

7. Рубинштейн С. JI. Основы общей психологии. — СПб.: Питер, 1999.

8. Теплое Б. М. Избранные труды: в 2-х т. Т. 1. — М.: Педагогика, 1985.
Лекцияның мәтіні:

Мотивті адамның белсенділігінің себептері ретінде түсіндірудің алғашқы талпыныстары антикалық дәуірден басталады. Аристотель өзінің “жан туралы” трактатында жан функцияларының ішінен “бір нәрсеге” деген немесе “бір нәрседен” адамның ұмтылысын бөліп көрсетеді. Платон мотивтердің шиеленісін жанның ақылды бөлігі мен ашкөз бөлігі арасындағы күрес ретінде қарастырылады.

Мотивация туралы теориялар ежелгі грек философтары мен теологтары ілімдеріндегі рационализм және иррационализм бағыттары мен бірге дамыды . XIX –ғасырдың ортасына дейін ықпалы басым болған рационалистік позициясы бойынша, адам жануарларға еш қатысы жоқ ерекше жаратылыс ретінде қарастырылады. Тек адам ғана санаға, ақыл-ойға, ерік-жігерге ие бола алады. Бұл бағыт бойынша мотивацияның қозғаушы күші – адамның ақыл-ойы мен санасы және еркі мен байланысты. Иррационализм негізінен жануарлар әлемі туралы ілім болды. Мұнда жануардың адамнан ерекшелігі оның жүріс тқрысы еріксіз, санасыз биологиялық жоспарда жүзеге асып, органикалық қажеттіліктерге сүйенеді.

Мотивация туралы психологиялық теориялардың дамуында XVII – XVIII ғасырда жоғарыдағы аталған идеялар (рационалистік, иррационалистік) негізіне құрылған екі теорияның маңызы зор болды.

Бірінші, адам іс - әрекеті мен жүріс-тұрысын рационалистік тұрғыдан түсіндіруші “шешім қабылдау” теориясы – экономика саласына математикалық білімдердің енгізілуіне байланысты адамның экономикалық жүріс-тұрыстық шешім қабылдауы. Кейіннен, бұл адам іс-әрекетінің барлық сферасында қатыстырылды.

Екіншісі, адам іс-әрекеті мен жүріс-тұрысын иррационалдық тұрғыда түсіндіруші “Автомотизм” теориясы-осы ғасырдағы механика жетістіктері нәтижесінде пайда болып, кейіннен тірі организмнің сыртқы әсерге тума, автоматты, механикалық жауабын қарастыратын рефлекс идеясымен жалғасты. Бұл теориялардың бірі – адам, екіншісі-жануар жүріс-тұрысын түсіндіруге бағытталған, бір-біріне тәуелсіз, жеке және философиялық ілімдердің екі үлкен лагеріне негізделген, жеке адамның мотивациясының ғозғаушы күші туралы бұл теориялар XIX – ғасыр аяғына дейін өмір сүрді.

XIX –ғ екінші жартысы барлық ғылымдар саласы үшін күрделі жаңалықтарға толы болды. Соның бірі – Ч. Дарвиннің “эволюциялық теориясы”. Ч.Дарвин өз ілімі арқылы осы уақытқа дейін адам мен жануарды анатомиялық, физиялогиялық, психологиялық тұрғыда өзара сыйыспайтын екі үлкен топқа бөліп қарастырып келген бағыттар арасында ғылыми негізделген көпір орнатты. Ол алғаш рет осы екі тірі жаратылысты жүріс-тұрыстық және мотивациялық тұрғыдан бір-біріне жақындастырып, әсіресе, қажеттіліктер менинстинктердің эмоционалды-экспрессивті түрде көрінуінде екеуіне де ортақ формалар болатынын анықтады. Осы теория ықпалымен адам және жануар жүріс-тұрысының формаларын зерттеу қарқыны есе түсті.

Жануарлардың жүріс-тұрысын зерттеуде В.Келлер, Э.Торндайк, адамдардағы инстинкті зерттеуде З. Фрейд, У.Макдауголл, И.Павловтың теорияларын айтуға болады. Бұл теорияларды бұрын қажеттіліктерді тек жануар жүріс-тұрысына тән деп есептесе, енді оны адам жүріс-тұрысынан қарастырып, адамға тән қажеттіліктер түрін анықтау басты орын алды. Адамның мотивациялық қозғаушы факторы ретінде органикалық қажеттіліктер мен инстинктерін сипаттады.

Біздің ғасырымыздың 20-шы жылдарында шетел психологиясында “инстинк” түсінігі, неғұрлым әйгілі түсінік болды. Осындай мәні бойынша биологи ялық иррационалдық теориялардың бірі – З.Фрейд пен У. Макдауголл негізін салған “инстинктер теориясы”

олар адам жүріс-тұрысыныңқозғаушы күштерінің себебін тума инс тинктерден іздеуге батыл қадам жасады. З.Фрейд бойынша ,мұндай инстинктер саны үшеу: өмір сүру, өлім, агрессивтілік инстинктері.

У.Макдауголл инстинктінің негізгі санына қатысты ретпен белгіленген ұғымды кеңейтіп және оны инстинктіден тұратын жиынтықты ұсынды: өнертапқыштық, құрылыстық, әуестік, қашушылық, кезеңдік, төбелесушілік, ата-аналық, жек көрушілік, өзін кем тұтынушылық, өз-өзін сендірушілік инстинктісі. У.Макдаугоол өзінің кейінгі жұмысында негізінен органикалық қажеттілікке тиісті тағы сегіз инстинктіні қосты. Ұсынылған инстинктер санының көбеюіне қарамастан, оның теориясының негізі жануар лардың жүріс-тұрысы менұқсастықта қолданылды.

З.Фрейд бойынша мотивация биоэнергетика емес, психоэнергетиканы көрсетеді, бұл жүріс-тұрыстың психикалық себептілігін бейнелейтін оның динамикалық сипаттамасы. Ол құрастырған мотивацияның бастапқы 3 компаненті бар: “Ішкі Мен”-жеке адамның өзіндік санасы. “Сыртқы Мен”-санадан тыс құмарлық. “Жоғарғы Мен”-өмір әрекеті барысында жеке адамның санадан тыс игерген моральдік стандарттары тыйымдары, ынталандырулады. Жеке адамның бағытталған белсенділігі болып жоғарыда аталған компоненттердің арасындағы қарама-қайшылықтардың нәтижесі табылады.

Мотивация механизмдерін зерттеу бихевиористік мектепте орталық орыналған. Мотивация мазмұнын анықтау үшін бихевиоризм ілімінде “драйв” деген арнайы түсінік енгізіледі, яғни ол адамды немесе жануарды белсенді болуға мәжбүр ететін стимул немесе қозғаушы . Өзінің психологиялық мазмұны бойынща инстинк түсінгімен сай келеді.

Осы проблеманы необихевиористік К.Халл, Э.Толмен, Б.Скинер және басқалары шешуге тырысады. Олар ұсынған S-R формуласының моделі аралық элементтер қатарымен толықтырылған.

Бұл жерде сана жүріс-тұрысты итермелеуші және реттеуші элемент ретінде көрінеді. Стимул тек сыртқы қозғаушы ғана емес,сонымен қатар ішкі “қажеттілік”ретінде қарастырылады.

Мотивациялық теориялардың дамуының келесі күрделі кезеңі xx ғ.30-шы жылдарынан басталды. Бұл тек адам мотивациясының қозғаушы күшін түсіндіруге бағытталған мотивацияның арнайы психологиялық теориялары. Бұл сол кездегі психология ғылымындағы негізгі психологиялық бағыттардың немесе мектептердің ғылыми зерттеу жұүмыстары мен тікелей байланыста дамыды.

Гештальт психологиясының өкілі- К.Левиннің “мотивацияның динамикасы”теориясы. К.Левин мотивация динамикасын алғаш индивидуалды жүріс-тұрыста ,кейіннен коллективті жүріс-тұрыста қарастырды. Өз теориясындағы “өріс”ұғымын “психологиялық кеңістік”ұғымымен сәйкестендірді. К.Левин концепциясы бойынша адам жүріс-тұрысының негізгі қозғаушы күші -өмірлік психологиялық кеңістіктегі адамдардың мотивтерінің ішкі шиеленісі. К.Левин және Э.Толмен көзқарастары негізінде жүріс-тұрыс екі өзгермеліден: а) бір нәрсені күту: ә)мотивтерге айналатын құндылықтар ретінде қарастырылады.

К.Левин бойынша, адам өзіне-өзі берген тапсырмалар негізінде “квази қажеттіліктер”-соны орындауға деген қажеттілік пайда болады. Ол қойылған мақсатқа жетуге бағытталған,іс-әрекетте шынығатын шиеленістер жүйесін шақырады. Ал, егер де жаңа тапсырма енгізсе, онда бұл іс-әрекет қайта оралуына деген ұмтылысты туғызады.

Психологиядағы мотивацияға байланысты күрделі теориялардың бірі, америкалық психологтар Д.Макклелланд, Д.Аткинсон және неміс психологы Хекхаузен ұсынған іс-әрекет түрлеріндегі - “табысқа жету мотиві”. Д.Аткинсон және К.Берчтің “аисторическая и афизологическая” мотивациялық теориялары.

“Үшінші күш” ретінде танылған жеке тұлғаны зерттеудің тағы бір бағыты “өркендеу теориясы” деп аталады. Бұл теорияны гуманистік психология өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс және К.Голдштейн ұсынды. Өркендеу теориясы адамның жетілуге тапынуын өз мүмкіндігін жүзеге асырылуын белгіледі.

А.Маслоудың мотивацияның “тұлғалық”теориясының негізінде өз-өзін актуализациялау концепциясы жасалған. Негізгі еңбектері: “Мотивация и личность”(1954,1957). А.Маслоу осы уақытқа дейін адамның психикасының дамуын зерттеуге жануарларға тәжірибе жасау арқылы қол жеткізуге толықтай қарсы шықты.

Маслоу концепциясы бойынша ,әрбір адамда өмірге келген сәттен бастап ,бегілі-бір қажеттіліктер жүйесі бірге дамып отырады. Олао өзара иерархиялық деңгейлерге бөлініп орналасқан. Қажеттіліктердің деңгейі неғұрлым төмендеген сайын,оның адам өмір сүруі үшін маңызы күрделеніп ,адам жүріс-тұрысының қозғаушы күші ретінде маңызы артады. Осы төмендегі деңгеідегі қажеттіліктер өтелген кезде ғана одан жоғары орналасқан қажеттіліктері бой көрсете бастайды.

-Физиологиялық қажеттіліктер (тамақ, демалу, шөл,жыныстық қатынас);

-Қауіпсіздік қажеттіліктері (өзін сәтсіздік,қорқыныш жағдайларынан қауіпсіз сезіну, өз-өзін қорғау қажеттілігі):

-Сүйіспеншілік және өзін қабылдау қажеттілігі (өзінің белгілі бір ортада қабылдануы,ұнатуы сезімдеріне бөлену қажеттілігі):

-Өзін құрмет тұтуға қажеттілік (өзінің қажеттілігін сезіну,біліктілік,табысқа жету,құптау,жетістігін мойындату):

-Өзін жүзеге асыруға немесе жетілдіруге қажеттілік (өз мақсатын,қабілеттерін жүзеге асыру,жеке тұлғасын дамыту)

Бұл теория бойынша,ең маңыздысы-өз-өзін актуализациялауға жүзеге асыруға бағытталған.Өзін-өзі актуализациялау,олар арқылы адамның даралығының қалыптасуы бастапқы мотивациялық негіз ретінде анықталады өзін-өзі актуализациялаудағы қажеттілік негізінде адамда белгілібір жеке адамдық қасиеттердің жиынтығын дамытуға мүмкіндік беретін мотивацияның ерекше типі қалыптасады. Жүріс-тұрыс қажеттіліктермен қабілеттерге тәуелді және ішкі,сыртқы мотивтер арқылы анықталады.

XХ ғ. 2-ші жартысында адам жүріс-тұрысының мотивациясын түсіндіруде “әлеументтік қажеттіліктер”мен “гуманистік” теориялардың маңызы зор болды. Оның өкілдері Д.Актинсон,Ю.Роттер,Г.Маррей,Г.Хекхаузен,Г.Келли,А. Маслоу т.б. мотивация сферасының жан-жақты феномендерін қарастырғанымен,бәріне бірдей ортақ жақтары бар олар:

-Адам және жануар жүріс-тұрысын бірдей түсіндіретін біртұтас, әмбебап мотивациялық теория жасау мүмкін еместігін мойындау:

-Адамның мотивациялық қозғаушы күші тек ішкі шиеленісу деңгейімен сипатталмайтындығына сендіру:

-Адам мотивациясының қозғаушы күші оның белсенділік приципінің негізінде адам психологиясына байланысты екенін бекіту:

-Адам жүріс-тұрысының сана арқылы реттеліп отыратындығы:

-Адам мотивациясына ғана тән ерекшеліктерді (әлеуметтік қажеттіліктер,мотив,өмірлік мақсат,танымдық фактор)бөліп шығару:

-Адамның мотивациялық сферасын зерттеу үшін жануарлардың жүріс-тұрысын зерттеуде қолданылатын әдістерді теріске шығару:

-Адам мотивациясын зерттеуге арналған әдістерді іздеу және оны санамен,тілмен байланыстыра отырып жүргізу:

Мотивацияның адам жүріс-тұрысын түсіндірудегі жаңа психологиялық концепциялары арасында адам білімі мен санасына ерекше маңызды орын беретін мотивацияның когнитивті теориялары жоғары орын алады. Іс-әрекетке ынта адамдарда тек эмоцияның әсерінен ғана емес,сонымен бірге танымның ықпалымен де пайда болуы мүмкін. Осы кезде дүниеге келген,қазіргі кезге дейін адам жүріс-тұрысын түсіндіруде көп қолданылатын теориялардың бірі - “Мотивацияның когнитивті” теориясы. Бұл теория бойынша негізгі мәселе адам санасы мен біліміне,оның танымымен байланысты феномендерге тікелей байланысты болып саналады. Бұл теорияның негізгі ұғымдары – когнитивті диссонанс, табысты күту, табыстың жеке адам үшін құндылығы, сәтсіздікке ұшырау қорқынышы, талаптану деңгейі. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста, өзара әрекеттестікте болатын мотивациялық феномендер.

Бұл факторға алғашқылардың бірі болып көңіл аударған – “Когнитивті диссонанс” теориясының негізін салушы Л.Фестингер. оның мотивация теориясы әлеуметтік психология мен биология негізінде қалыптасқан. Негізгі еңбегі – “Теория когнитивного диссонанса” (1958). Оның пікірінше, адам бойындағы жалпы әлем туралы және өзі туралы білімдер жүйесі өзара келісімге ұмтылады. өзара келіспеушілік немесе дисбаланс орнаған жайдайда адам оны шеттетуге, бәсеңдетуге ұмтылады.

Бұл теория бойынша, адамда өзі қабылдаған шешіміне маңызды құндылық беру және осы таңдауының жалғыз, дұрыс шешемі екендігін ақтайтын психолоогиялық қорғаныс жүйесі жұмыс жасайды. Сонымен қатар қабылданған шешімді жоққа шығараруға, жармсыздығын дәлеледеуге қосымша фактілер іздеп, сол арқылы өз шешеімінің дұрыстығына көңіл қояды. Когнитивті диссонанс барлық уақытта туындамайды. Ол тек адам өзін келіспеушіліктің негізгі себепшісі ретінде түсініп, өзін тікелей жауапты сезініп, уайымдағанда пайда болады.

Отандық психология ғылымында А.Н.Леонтьевтің “Адам мотивациясының іс-әрекеттік тегі” теориясының маңызы зор. Бұл теоия адамның мотивациялық сферасының өзгеру динамикасы мен шығу тегін түсіндіруге бағытталған.

Психиканың даму анализі, адам санасының гензистегі қалыптасуға көзқарасынан мотивация проблемасын шеше отырып ол былай дейді: “Адам өзінің жеке адам ретінде қалыптасуының психикалық көрінісін өзінің мотивациялық сферасының дамуынан табады”. Мотивация 2 топ моттивтерден құралады: мағына-мотивтер және стимул-мотивтер. 1-ші топ мотивтері іс-әрекеттің жеке адамдық мағынасын анеықтайды. 2-ші топ мтоивтері де іс-әрекетті себептендіреді, оның орындалуының стимулдары ретінде көрінеді.

А.Н.Леонтьев бойынша іс-әрекет схемасы, қажеттілік – мақсат, таңдау – қажеттіліктің қанағаттануы. Ол мақсатты, қажеттілікті туғызатын іс-әрекет мотивінің пайда болуының қажетті шарты ретінде анықталады.

А.Н.Лонтьев теориясы бойынша, адамның мотивациялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшеліктері сияқты өзінің практикалық іс-әрекетінен басталады. Адам жүріс-тұрысының қозғаушы күші осы іс-әрекет барысында жүзеге асатын қажеттіліктермен сипатталады. Бұл теория бойныша, іс-әрекет құрылымы мен адамның мотивациялық сферасы изоморфизм қатынасына, яғни өзара сәйкестілікке негізделеді. Адамның мотивациялық чферасында болатын динамикалық өзгерістер өз кезегінде қоғамның обьективті заңдарына бағынатын іс-әрекет жүйесінің даму бағытына байланысты.

Ресейлік психология ғылымында мотивация мәселесімен айналысқан ғалымдардың теорияларына жасалынған мотивация механизмінің үлгілерін талдау бізге келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:



  • Барлық үлгілер мотивацияны жеек адам белсенділігінің қайнар көзі ретінде, іс-әрекеттің қандай да бір механизмі ретінде анықтайды.

  • Келтірілген үлгілерді құрылымына байданысты 2 топқа ажыратуға болады: моноқұрылымдық (бір құрылымдық) және полиқұрылымдық (көп құрылымдық).

  • Аталған үлгілердің көбісі 2-деңгейден құралған: 1-деңгей – төменгі органикалық физиологиялық, яғни байланыс индивидтің өмірлік, қоғамдық маңызына себептеніп, саналы түрде жүзеге асады.


16-лекция


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет