ОБСӨЖ №18
1.Сабақтың тақырыбы: Саяси партия.
2.Сабақтың жоспары:
1. Саяси партияның пайда болу тарихы.
2. Көппартиялық жүйелер.
3. Бірпартиялық және екіпартиялық жүйелер.
4. ҚР көппартиялық жүйелердің қалыптасуының кезеңдері.
3.Теориялық мәліметтер:
1. Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. «Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғам-да да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлық-тай маңызы болмады.Еңбекші топтар болса экономикалық бытараңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың мүддесін ара- тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады. Қазіргі біздің түсінігіміздей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. Екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жал-пыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.
Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуына мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер;2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар.
Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы- олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды.
Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі- олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес , сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбі-рек адамдарды тартты. Өздерінің үгіт- насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т.с.с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.
Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консер-вативтік (тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты.
Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеоло-гияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия- адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақсаты- билікті қолға алып, жүзеге асыру ( көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады); 4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың, таптардың, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруі-нің өзі сол жіктеудің арасында дау- жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажеттілігінен шығады.
Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:
а) қоғамның ірі топтарының мақсат- мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;
ә) олардың белседігіні арттырып, жинақтау;
б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құры-лымдарын қалыптастыруға қатысу және т.б.;
г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;
д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
е) қоғамдық пікірді қалыптастыру;
ж) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;
и) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т.т.
Қоғамның қай жігіне ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның сайлаушылар тобы деген сөзінен) құрайды. Еуропадағы социал- демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жататын. Либералдық- демократиялық партияларды орта жіктегі қызметкерлер, зиялы қауым, ұсақ кәсіпкерлер және т.б. қолдайтын. Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін.
Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негі-зінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатысады.
2. Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институтциондық тәсіл партияларды топтастыр-ғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксис-тер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді.
Бұл мәселені терең зарттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалы-мы М. Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенді-лер санына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі (оларды ұйымдық қалыптасқан және ұйымдық қалыптаспаған деп те атайды). Кадрлық деп қатарында сайлаушылардың 10 % - ынан кемі болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Оның әрбір мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарналарын уақтылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды.
60 жылдардың аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломбараның көрсеткен екі партиясынан басқа әмбебап партиялар ( универсалдық немесе сайлаушылар партиясы) деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың еркшелігі- партияның мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысуда.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси пар-тияларды төрт түрге топтастырады:
1. Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары орталықтануымен сипаталады, өзінің барлық мүшелерінен партия-ның жұмысына белсенді қатысуын талап етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық конгресс партиясы, бұрынғы СОКП.
2.Сайлаушылар партиясы . Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.т. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ. Мысалы, АҚШ- тағы республикалық және демократиялық партиялар. Сондықтан американдық азамат «Мен демократиялыққ партияның мүшесімін» демейді, «Мен демократтар үшін дауыс беремін» дейді.
3. Парламенттік партия . Ол негізі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалиттерде (жергілікті өзін- өзі басқару органы) жіктер ( фракциялар) жасайды. Премьер- Министрдің кандидатурасы мен үкімет құрамы парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияда, Ұлыбританияда, Францияда солай.
4. Қауымдастық партиясы. Ол амалдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға «Жасылдар» партиясы, балаларды, малдарды, жануарларды қорғау партиялары, соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар жатады.
Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр.
1.Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы пар-тиялар. Олар К. Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жеке меншіксіз , тапсыз қоғам құруға тырысады. Басқа партиялар коммунистік партияның басқарушы рөлін мойындауы керек. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО. Батыста мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.
2. Социал- демократиялық (немесе социалистік, лейбористік) партиялар. Олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысады. Олардың басты құндылықтары: бостандық, әділеттілік, ынтымақтастық, теңдік. Оған жататындар: Австрияның, Германияның, Швецияның социал- демокра-тиялық партиялары, Ұлыбританияның лейбористік партиясы және т.б.
3.Буржуазиялық- демократиялық партиялар. Олар XIX ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Мынандай прин-циптерді басшылыққа алады: қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға (партияларға) қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істейді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар босатандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық пар-тиясы, Ұлыбританияның социал- либералдық партиясы және т.б.
4. Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық және азаматтық ар- намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды. Мысалы, АҚШ-тың республикалық партиясы, Германияның Христиандық- әлеуметтік одағы мен Христиандық-демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы, т.т.
5.Фашистік партиялар . Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқаруда қатаң орталықтандырылуды, адамның құқық-тары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Бірақ сол елдерде және т.б. жаңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуы сақтандырады.
Қандай саяси тәртіпті қолдауына байланысты партиялар демократия-лық, авторитарлық, тоталитарлық болып жіктеледі. Демократиялық партия-лар басқа партияларға төзімділікпен , түсіністікпен қарайды, пікір алалығын жақтайды. Идеологиялық факторға онша мән бермейді.
Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық (латынның «қарсы қою» деген сөзінен шыққан) болып бөлінеді. Билеуші партиялардың қолдары-на мемлекеттік билік тигендіктен оларға бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, олар басқа партиялардың үстінен билікке ие болады. Мұндай мүмкіндігі жоқ қалған партиялар өз мүдделерін басқа жолмен қорғайды. Олар бұл мақсатта өздерінің конституциялық құқығын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады.
3. Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Сондықтан оларды жік-теудің де мәні зор. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады. Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне, әлеуметтік- экономикалық шиеленістер сипатына, негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты. Оған халықтың бір ұлтты әлде көп ұлтты, бір дінге әлде көп дінге бағынуы да әсер етеді.
Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси патиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл- адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Дегенмен, орыстың белгілі саясатшысы Б Чичерин айтқандай, көппартия-лықтың өзіндік жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жағына жататындары- онда саяси мәселелер жан- жақты қаралады. Кемшіліктерді кешірмейтін оппазициялық партиялардың болуы үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді.
Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасын-да жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның бірі өзінен- өзі автоматты түрде парламентте көпшілік орынды қамтамасыз етеді. Ол Министрлер Кабинетінің орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды бол-дырмайды. Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән. Мұндай тәртіпте басқарушы партия бақылаушы және сынаушы оппозициялық партиялардың жоқтығын пайдаланып, саяси билікті бүтіндей қолына алып, басқа мемелекеттік органдарды ығыстырады. Ондай партия бұрын КСРО- да болды, қазір Қытай, КХДР, Кубада бар.
Саяси партиялардың ішінде фракциялар (латынның «бөлшектену», «бө-лектену» деген сөзінен) болуы мүмкін. Бұл сөз екі мағынада қолданылады: 1) бір партияның парламентте, мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйым-дарда өздерінің саяси нұсқау, мақсаттарын ұйымшылдықпен жүргізу үшін құрған ұйымы; 2) бір партияның ішінде өзінідік бағыты, құрылысы, тәртібі бар, бірақ сол партияның қатарынан шықпаған мүшелердің бөлігі. Мұндай жағдай азшылықтың құқы бұрмалаған кезде дүниеге келуі мүмкін. Әдетте, ол өтпелі кезеңдерде пайда болады және ұзаққа созылмайды.
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция (латын-ның «бірлестік» деген сөзінен) құруы мүмкін. Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Оның мынадай түрлері болады:
а) парламентке қатысатын партиялардың ешқайсысы өз алдына бөлек, дербес басқара алмайтындай жағдайда (дауыстың аздығынан) құралған көппартиялық коалиция;
ә) екі күшті партияның әрқайсысы өкіметті өз қолына алып билей ала-тындай жағдайда екіпартиялық коалиция орнайды. Мұндайда бір партия парламентте көпшілік дауыс алады да, екіншісі оппазицияда болады. Егер екеуінің де парламенттегі орны тең болса, үкіметті құру үшін басқа кішірек партиямен келісімге келуге мәжбүр болады. Мұндай түрін өзгерткен екіпартиялық коалиция дейді;
б) билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса, оны екі блоктық коалиция дейді. Мұндай коалиция әсіресе Францияға тән. Онда президенттік, парламенттік, кантондық сайлаулар кезінде екі блоктық құрылады. Оң блокқа гольдықтар, жискарлықтар (Францияның бұрынғы президенттері Де Голь мен Жискар де Эстеннің фамилияларынан шыққан), т.б. кіреді де, сол блокқа социолистер, коммунистер, солшыл радикалдар жатады;
в) егер дербес партия ұзақ уақыт (20-30 жыл бойы) билік етсе, оны басымдық коалициясы дейді. Мысалы, Швеция социал демократиялық партиясы 1932 жылдан 1976 жылға дейін, содан кейін 1982 жылдан осы уақытқа дейін билік басында. Жапонияда либералдық – демократиялық партия 1955 жылдан бері өкімет басында келеді.
Бірқатар елдердің (Германия, Үндістан, Ұлыбритания, Франция) заңдарында радио мен теледидарды кеңінен пайдалануға мол құқық берілген. Мұның бәрі сайлау науқанында және т.б. жұмыс бабында партияларға тең жағдай қамтамасыз етілгендігі деп саналады.
4. XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А. Бөкейхановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысы-ның «делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан револю-циясынан кейін де біздің өңіріңіздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәсе-лелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін- өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 256- санында арнайы мақала шықты.
Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21-26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелерін аударды.
1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпы-қазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, «Алаш» партиясының басшы-ларымен мүшелері репрессияға ұшырады.
«Алаш» партия жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бұрынғы коммунис-тік идеологияның тұрғысынан оны «бурзуазиялық- ұлтшыл» партия ретінде қарайды. Екіншілері (М. Қозыбаев, М. Қойгелдиев) оны ұлттық- демократия-лық партия деп санайды. Шынында да, алаштықтар капитализмді құру немесе тек таза ұлттық мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл бурзуазиялық – ұлтшылдық емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.
«Алаш» теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда «Үш жүз» деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол боль-шевиктерге бағдар ұстап, «Алаш» партиясының басты оппоненті болды.
Республиканың саяси өмірінде «Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлес-тіктер туралы» заңы айтарлықтай рөл атқарды. Ол азаматтарға қоғамдық ұйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Бейресми саяси партиялар мен бірлестіктер заңды жұмыс істеуіне мәртебе алды. Олар тіркеуден өткеннен кейін халық депутаттығына талапкерлерді ұсынуға құқылы.
Егер Република аумағында белді рөл атқарған (көбі әлі де атқарып жүрген) бірнеше партиялардың бағыт- бағдарламаларына, іс- әрекеттеріне тоқталсақ, олар мыналар:
Ұлттық- демократиялық «Желтоқсан» партиясы. Жоғарыда айтыл-ғандай, бұл қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқ-сан оқиғалары болды. Ұйымдасуы жағынан бұл қозғалыс 1989 жылдың көктемінде қалыптасты. 1990 жылғы мамырда «Әділет», «Азамат», «Жер-ұйық», «Кәусар бұлақ», «Форум» сияқты қоғамдық ұйымдардың бастама-сымен құрылтай съезі шақырылды. Сонда «Желтоқсан» қоғамдық комитетінің негізінде осы аттас партияның құрылғаны туралы декларация қабылданды.
Қазақстанның республикалық «Азат» партиясы. Ол өзінің тарихын 1990 жылғы шілдеде болған Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы-ның құрылтай конференциясынан бастайды. 1991 жылғы 4 қырқүйекте «Азат» қозғалысының құрылтай конференциясында парламент тұрпатын-дағы Қазақсанның республикалық «Азат» партиясының пайда болғаны туралы шешім қабылданды. Ол бағдарламасында Қазақстанның шын мәніндегі егемендігін қамтамасыз етуді, аумақтық тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыруды, қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т.б. мақсат етіп қояды.
Қазақстанның социал- демократиялық партиясы. 1990 жылғы 26-27 мамырында құрылды. Бағдарламасында батыс елдеріндегі осы аттас пар-тиялардай бостандық, ынтымақтастық, әділеттілік идеяларын ту етеді. Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру және т.б. мақсаттарды көздейді.
Қазақстанның социалистік партиясы. 1991 жылғы 7 қыркүйекте құ-рылды. Онда Қазақстанның Коммунистік партиясының кезектен тыс (төтенше) съезі өтіп, оның мүшелерін өзін- өзі әшкерелеген идеологиядан бас тартып, соның негізінде Қазақстанның социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарламасында мынадай стратегиялық мақсаттарды қояды: саяси салада шынайы демократияны, құқықтық мемлекетті, биліктің бөлінуін , саяси алуан түрлілікті, ұлттардың теңдігін және дінге сенім бостандығын жақтайды, экономика саласында- қатаң қаржы саясатын, салық реформасын , меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметтік салада- халықтың осал жігін – аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдыр-мау.
«Қазақстанның Халық бірлігі» одағы 1993 жылғы 6 ақпанында өткен құрылтай конференциясында дүниеге келді. Оған көптеген шенеуніктер кірді. Сондықтан бұл партияны қарсыластары «номенклатуралық партия», « үкімет партиясы» деп атады. Бұл партия Президен Н.Ә.Назарбаевтың көз-қарасын жақтайды. Ол өзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық эконо-микаға сүйенген демократиялық қоғам қалыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариялады. Ол көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серік-тестік пен азаматтық келісімді, саяси және ұлтаралық тұрақтылықты, Қазақстанның әлемде саяси салмағының күшеюін, оның гүлденуін қалайды.
2002 жылғы шілденің 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы заң бойынша партия болу үшін оның 50 мың мүшесі болуы керек. Соған орай қазір 12 партия тіркеуден өтті. Оларға Қазақстанның социал- демократиялық «Ауыл» партиясы, Республиканың саяси «Отан» партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясы, «Асар» республикалық партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Қазақстанның Азаматтық партиясы, Қазақстанның Демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы және т.б. жатады.
Қазіргі кездегі негізгі мәселе- республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық мемлекет құру. Оған еліміздегі ешқандай партияның дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны қалай жүзеге асыру керек, ол жолда қандай тәсілдер мен құрал-дарды пайдаланған жөн: батыл, түбегейлі түрде ме әлде ақырын, бірте- бірте ме немесе тағы басқа ма?
Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялық-тың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол- көпте-ген партиялар саяси процеске шын мәнінде тығыз араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркени-етті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған.
Қазақстанда көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт- бағдары жақын партиялар бір – біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне жан- жақтылық сипат алатындай сыңайы бар.
Сонымен қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатар-дағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгеру үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.
4.Бақылау сұрақтары:
1. Саяси жүйеге мемлекетпен қатар тағы нелер кіреді?
2. Алғашқы саяси партиялар қай жерде пайда болды?
3.Макс Вебер саяси партиялардың дамуын қалай түсіндіреді?
4. Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері?
5.Саяси жүйенің рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партия-ларды нешеге топтастырады?
6.Саяси идеологиясына қарай партияларды неше түрге жүйелеп жүр?
7. Партиялық жүйе дегеніміз не?
8. «Алаш» партиясы?
9. Тәуелсіздікке қол жетпелі республика аумағында белді рөл атқарған партиялар?
5.Студенттің үй тапсырмасы:
Конспект
6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
Сұрақтарға жауап беру
Тест
Глоссарий
7.СӨЖ тапсырмасы: Билік қоғамдық құбылыс ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |