Еңбекті ынталандыру-бұл ең алдымен сыртқы ниеттену күші, персонал
уәждемесінің материалдық қабықшасы және адамның ортасындағы жүріс-тұрысындағы
әсер ететін еңбек жағдайының бір бөлігі.
Ж
ағдайды үлгілеу әдісі-барынша негізделген және әділетті түрде бағалауға
мүмкіндік береді.Ол жаснды,нақты жұмыс жағдайлары мен басқаушы жағдайларға жақын
жайттарды құрумен түсіндіріледі.
Жалақы-бұл ұйым қызметкерге өзіне жүктелген міндетті орындағаны үшін
төленетін ақшалай өтемақы.
Жалпы және желілі жетекшіліктің кіші жүйесі - ұйымды бүтіндей басқаруды,
жеке атқарымдық және өндірістік кіші бөлімдерді басқаруды жүзеге асырады.
Жеке бағалау әдістері-бағалау критерийлерімен, бағасын өлшеумен, ауыспалы
жағдайлар әдістерімен, берілген шамаларды салысыру арқылы.
Жеңілдіктер-қызметкерлердің өмір сүру деңгейін жоғарылатын қызмет көрсетуді
алуға құқық беру түрінде ұйым жұмыскерлеріне берілетін өтемақының бір бөлігі.
Жұмыс мазмұнын талдау-бұл жұмыстардың мазмұнын жүйелі және терең зерттеу
үдерісі.
Жұмысқа қабылдау үдерісі - бос орында жұмыс істеу үшін үміткерлерге
қойылатын талаптарды нақтылау, үміткерлерді іріктеп алу, үміткерлерді сұрыптап алу,
жұмысқа қабылдау.
Жұмысқа қабылдау үдерісі мен оның сипаттамасы-жұмысшы күшін жинақтау
келешек өзгерістерді ескере отырып, барлық жұмыс орындарына үміткерлерді
дайындаумен түсіндіріледі.
«Жылан»мансабының үлгісі - жұмыскерлерді бір қызметтен екіншісіне
әрқайсының уақыты 1-2 жыл болатындай көлденең бағытта жылжуды қарастырады.
Z
теориясында-әрбір жұмыскер бақылаусыз өзінше еңбек атқарады.Мұндай
сенімдер олардың жеке мақсаттары кәсіпорын мақсаттарымен қатар екендігіне сенімін
күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |