2
УДК 311.108 (075.8)
ББК 65.290-2
К 32
Резенция бергендер:
Сулейменов Ж.Ж. -
Қаз ҰАУ профессоры, э.ғ.д.
Оналтаев Д.О. – Қаз ҰПУ э.ғ.к.
К 32. Керимова Ү.К., Елтаева Қ.Е.
Ұйымда персоналды басқару. Оқу құралы. Алматы 2009ж.
ISBN 978-601-241-073-0
Оқу құралы 050507- «Менеджмент», 050510 – «Мемлекеттік және
жергілікті басқару» мамандықтары бойынша оқу бағдарламасына сәйкес
орындалған. Осы мамандықтар бойынша білім
алып жатқан бакалавр және
магистранттарға арналған.
Оқу құралы Қаз ҰАУ – нің оқу – әдістемелік кеңесінің шешімімен
шығарылды.(хаттама № 3, 13.12.2008 жыл).
ҚазҰАУ № 172
0605010202
К .......................
00 (05) – 09
ISBN 978-601-241-073-0
Керимова Ү.К.,
Елтаева Қ.Е, 2009
3
К І Р І С П Е
Қазіргі нарық жағдайында көптеген өндірістің әлеуметтік –
экономикалық тиімділігін көтеруге ұйымда персоналды басқарудың әдістері
мен жолдарын нақты тәжірибеде қолдану мәселелері ерекше аталады.
Түрлі ұйымдарда басқару әдістері мен жолдарын өзгерту тиімсіз және
алға жүктелген мақсаттарға жеткізбей отыр. Себебі:
қабілетті кадрлардың
жетіспеушілігі. Аталған мәселені шешу ұйымдағы персоналмен жұмыс
істеудің жинақылық жүйесі қажет болып табылады. Ұйымдарда түрлі
деңгейдегі басшы мен кадр бөлімінің қызметкерлері «Кадр саясатын» жетік
білмеуінен, персоналды басқару бағытында ізденістік
жасау маңызды орын
алады. Дүние жүзіндегі дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай,
сол елдердің дамуына бірден бір бір себепші
болып отырған осы ұйымда
персоналды басқару заман талабына сәйкес жүргізілуі қажет. Сондықтан ел
экономикасының қажеттілігіне қарай кәсіпорындарды
ұйымдастыру және
басқару жұмыстары, ғылыми –
зерттеу әдістемелік жұмыстарды, жаңа
көзқараспен жүргізу тиіс. Соңғы жылдары ұйымдарда персоналды басқару
тәжірибесі күрделі өзгерістер үстінде. Бүгінгі күні ел басы жүргізіп отырған
реформаның жетістіктеріне және оның қарқынына сәйкес еліміздегі әртүрлі
ұйымда персоналды басқаруды тиімді ұйымдастырғанымыз абзал болар еді.
Курс мақсаты – студенттерді ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп орны
деңгейіндегі ұйымда персоналды басқару
саласындағы теоретикалық
біліммен және тәжірибелік әдістерімен қаруландыру.