Халықаралық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша оқУ Әдістемелік кешен 050115 «Құқық және экономика негіздері»



бет1/8
Дата11.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#128348
  1   2   3   4   5   6   7   8
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ


ҚҰҚЫҚТАНУ КАФЕДРАСЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
050115 «Құқық және экономика негіздері»

мамандығының студенттеріне арналған






Семей 2014
1 ӘЗІРЛЕНДІ

Құрастырушы:

«Құқықтану» кафедрасының доцент м.а Н.С. Газизова

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Құқықтану» кафедрасы мәжілісінде

№1 Хаттама 03.09.2014ж.

Кафедра меңгерушісінің м.а _________ А.Е. Төлепбергенова

2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу- әдістемелік бюро мәжілісінде №1 Хаттама 09.09.2014ж.

Төраға_____________С.Х.Тойкин
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу- әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданып, ұсынылды

№1 Хаттама 11.09.2014ж.

ОӘК төрайымы_________ Г.К.Искакова


АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

Мазмұны
1. Глоссарий 4

2. Дәрістер конспектісі 11

3. Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқаулар 67

4. Студенттердің оқытушымен орындайтын

жұмыстардың (СОӨЖ) әдістемелік нұсқаулары 73

5. Студенттердің өздік жұмыстардың әдістемелік

нұсқаулары 81

6. Емтихан сұрақтары 86

2. Глоссарий





Халықаралық құқық

осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.

Мемлекеттер арасындағы әр түрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі.

Қағидалар


Қандай да бір жүйенің негізін қалайтын идеялар, нақты жүйенің барлық нормалары бағынатын, әрекеті көлемді нормалар.

Халықаралық құқықтық нормалар

Бұл халықаралық жария құқық субъектілері тәртіптерінің белгілі бір ережелері

Халықаралық құқықтың қайнар көздері

Халықаралық құқық субъектілерінің келісілген еркінбілдіретін халықаралық құқық нормаларына айналған нысандар.

Индивид

Бұл жекеадам, жеке өмір сүретін тірі тіршілік

De-jure

Бұл толық көлемдегі заңдық салдар туындағанда, құқық бойынша, тұтастай ресми тану.

De-facto


Тануы көпжылдық қатынастар орнатуға, экономикалық және әкімшілік сипаттағы шарттар жасасуға міндеттейтін тану.

Ad hoc

Субъектінің танылуы жоқ, мемлекетке туындаған мәселелерді реттеу үшін белгілі бір қатынастарға түсу, яғни фактілік сипаттағы мойындау.

Құқықмирасқорлық

Бұл бір субъектінің құқықтары мен міндеттерінің белгілі оқиғалар мен жағдайлардың туындауы нәтижесінде екінші біреуге өтуі.

Халықаралық шарттар ұғымы


Шарттық-құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын, халықаралық шарттардың жасалу тәртібін, жарамдылық шарттарын, әрекет етуі мен тоқтатылуын айқындайтын халықаралық жария құқықтың бір саласы.

Халықаралық шарт

Бұл халықаралық құқық субъектілерінің, ең алдымен және негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің келісілген көрінісі, ол тараптардың өзара мүдделі мәселелері бойынша жасалады және қатынастарды халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сай, өзара құқықтар мен міндеттерді жасау жолымен реттейтін шарттық ережелер

Pacta sunt servanda

“шарттар орындалуы тиіс” деген рим құқығынан алынған шарттар құқығының негізгі ережесі.

Халықаралық шарттарды жасау дегеніміз

Бірнеше жүйелі сатылардан құрылатын күрделі процесс.

Парафирлеу

Шарттың түпнұсқасын жасау.

Депоненттеу

Бекіту грамоталарымен алмасу.

Промульгациялау

Шартты жариялау.

Шарт мәтінін қабылдау

Дауыс берудің қажетті рәсімі, оның көмегімен мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың өкілетті тұлғалары мәтінімен келісілетіндіктерін білдіру.

Мәтәннің түпнұсқалығын бекіту

Шарттың қабылданған мәтіні түпкілікті деп танылатын рәсім (грек сөзі authentikos–түпнұсқа, алғашқы қайнар көзден шығады деген мағынаны білдіреді).

Ad referendum

Мемлекеттің шарттың өзіне міндетті екндігімен келісу әдісі.

Ескерту дегеніміз

Мемлекеттің кез келген нысанда және кез келген атауда жасайтын бір тарпты жариялауы.

Ратификациялау

Бекітушарт процессінің маңызды сатыларының бірі, ол мемлекеттік биліктің жоғары органының халықаралық шартты бекітуін көрсетеді.

Халықаралық жариялаудан басқа ішкі мемлекеттік промульгация

Ол қатысушы мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарында халықаралық шартты ресми жариялау.


Депозитарий


бір немесе бірнеше мемлекеттер, халықаралық ұйымдар немесе осындай ұйымның бас атқарушы лауазымды адамы.

Депозитке беру деп

Депозитарийге халықаралық шарттың, бекіту грамоталарының, халықаралық шарттқа қосылу туралы құжаттардың немесе шарттың бұзылғаны туралы құжаттардың түпнұсқасымен сақтауға беруді айтамыз.

Халықаралық шарттардың өз күшіне енуі дегеніміз

Шарт тараптарының қатысушылар ретінде заңды құқықтар мен міндеттерге ие болуы.


Шарттың әрекет етуінің тоқтатылуы дегеніміз

Халықаралық құқыққа сәйкес барлық құқықтық қатынастардың тоқтауы.


Консенсус

Шешімдерді дайындау мен қабылдау рәсімі, оған мүше мемлекеттердің позициясын дауыс бермей-ақ уйлестіру және қабылданатын шешімдерге толықтай алғанда қарсылықтардың болмауы.

Халықаралық ұйым

Бұл белгілі бір міндеттерді орындау үшін халықаралық шарт негізінде құрылған, тұрақты әрекет ететін органдар жүйесі бар, халықаралық құқық субъектілігіне және халықаралық құқық номалары мен қағидалары негізінде құрылған мемлекеттердің тұрақты бірлестігі.

БҰҰ Бас Ассамблеясы

Оның барлық мүшелерінен тұратын Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органы.

Хатшылық

БҰҰ-ның әкәмшілік органы

Халықаралық құқықтағы жауапкершілік

Бұл халықаралық құқықтық міндеттемелерді бұзған жағдайда халықаралық құқық субъектілері үшін туындайтын заңдық салдар.

Зиян (залал)

Мемлекеттің құқыққа қайшы тәртібінің салдары.

Реституция

Бір мемлекеттің аумағынан тартып алынып, келесі бір мемлекетке шығарылғанмүлікті қайтару.

Субституция


Егер заттарды қайтара алмаған жағдайда келісім бойынша соған тең бағалы немесе жақын келетін затпен қайтару.

Репрессалий

Басқа мемлекеттің бұзған өзінің құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттердің мәжбүрлеу әрекеттері.

Абсолюттік жауапкершілік


Бұл мемлекеттің жауапкершілігі.Мемлекет өзінің органдары арқылы халықаралық аренаға шығады, яғни мемлекет өзінің атқарушы, заң шығарушы, сот органдарының барлығының әрекеті үшін жауап береді.

Реторсия

Бұл мемлекеттің басқа мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларын кемсітетін актісіне жауап беруге жасалған құқыққа сай мәжбүрлеу әрекеті.

Ресторация


Құқық бұзушы мемлекеттің бұрынғы жағдайда қалпына келтіруі мен соған байланысты барлық жағымсыз салдарды көтеруі.

Қандық құқық

Тууына байланысты азаматтық алу (jus sanguninis).

Топырақ құқығы

Туған жеріне байланысты азаматтық алу (jus soli).

Азаматтыққа алу

Мүдделі адамның өтініші бойынша белгілі бір мемлекеттің азаматтыққа қабылдауы.

Оптация


Бір мемлекеттен екінші мемлекеттің қарамағына көшкен жердің халқының қай мемлекеттің азаматтығын өзі таңдап алуы.

Трансферт


Бірмемлекеттен екіші бір мемлекетке өтетін аумақтың халқын беру, соған орай бір азаматтықтан екінші азаматтыққа өту.

Дипломатиялық құқық


Бұл халықаралық қатынасқа қатысушы халықаралық құқық субъектілерінң еркін білдіретін қағидалар мен номалардың халықаралық құқық субъектілерінңкелісім және қамтамасыз ету нәтижелерінде бекітетін жиынтығы.Бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүруді қолдау және нығайту мақсатындағы ресми органдарының жағдайы мен қызметін реттейді.

Дискриминация


Біреулердің басқа біреудің құқықтарына қысым жасауын білдіретін жалпы құқықтық термин.негізінде ішкі құқықта да, халықаралық құқықта да кемсітушілікке тыйым салынған.

Дипломатия

Бұл мемлекеттің сыртқы саясатының, халықаралық қызметінің құрамдас бір бөлігі.

Агреман

Бір елдің дипломатиялық өкілі ретінде белгілі бір адамды тағайындауға екінші бір елдің алдын-ала келісім беруі.

Арнайы миссиялар


Сыртқы қатынастардың шетелдегі уақытша органдарының бір түрі, ол араларында айқындалатын нақты міндеттерді орындауы үшін бір мемлекеттің екінші мемлекетке жіберетін өкілдерінен тұратын миссиялар.

Консулдық құқық


Бұл консулдық мекеменің құқықтық жағдайын, консулдықтың лауазымды адамдарын тағайындауды, қызметтерін, артықшылықтары мен иммунитеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығы.

Консул


Бұл басқа бір мемлекеттің белгілі бір аумағына келісіммен тағайындалатын мемлекеттің лауазымды адамы, ол осы ауданда өз мемлекетінің, заңды және жеке тұлғаларының мүдделерін қорғайды, саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени және басқа да байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі.

Бас консул

Бас консулдықтың басшысы, оның құқықтық жағдайы консул жағдайымен ұқсас.

Штаттан тыс консул


өз міндеттерін орындаған кездерінде ғана берілетін жеке басына қол сұғылмаушылықты қоспағанда, штаттағы консулдар сияқты артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланушы консул.

Жеке консул

Дипломатиялық өкілдіктен дербес консулдық мекемені басқаратын адам.

Консулдық экзекватура


Консулдық орналасқан мемлекеттің консулдық мекеме басшысының өз міндеттерін атқару үшін нақты консулдық округке баруына рұқсат беретін құжат. Консулдық экзекватура беру тәртібі консулдық орналасқан елдің ұлттық заңдарымен айқындалады.

Ұжымдық қауіпсіздік

Бұл БҰҰ-ның Жарғысында бекітілген халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мақсатында және осы әмбебап ұйым мен басқа ацмақтық ұйымдар аясында бейбітшілікке қауіп төндіретін және басқыншылық актілерінің немесе бейбітшілікті бұзатын басқа қауіп-қатердің алдын алу және жою үшін мемлекеттердің жүзеге асыратын ортақ іс-әрекеттерінің жүйесі.

Ядросыз аймақ


Бұл халықаралық шарт негізінде ядролық қарудан бос болатын аумақ.

Блоктарға қосылмау қозғалысы

Бұл сыртқы саяси бағыт, оған қандай да бір әскери одақтарға немесе топтарға қосылудан бас тарту сипаты.

Ашық теңіз

Бұл Әлемдік мұхиттың кең байтақ кеңістігі, оған қандай да болсын бір мемлекеттің дербестігі таралмайды.

Жанасып жататын аймақ

Бұл аумақтық теңіздің сыртқы шекарасынан тыс жатқан, ені 24 миль болатын, аумақтық теңіздің ені өлшенетін бастапқы сызықтардан есептелетін теңіз кеңістігінің белдеуі.

Когтинеттік қайран


Бұл жағалаудағы мемлекеттің аумақтық теңізінің сыртқы су асты шекарасының шегінен немесе құрлықтың сыртқы су асты шекарасымұндай қашықтыққа таралмайтын аумақтық теңіздің ені өлшенетін бастапқы сызыққа 200 мильдей жетпейтін теңіздің түбі мен оның қойнауы.

Ерекше экономикалық аймақ


Бұл аумақтық теңіздің сыртқы шекарасынан тыс жатқан және оған ені 200 мильдей қабысатын, аумақтық теңіздің ені өлшенетін сызықтан есептелетін теңіз кеңістігінің белдеуі.

Плебисцит

Бұл қандай да бір мәселе бойынша халықтың пікірін білу мақсатында бүкілхалықтық сауал жүргізу.

Халықаралық бұғаздар


Бұлар барлық мемлекеттердің халықаралық кеме қатынасы мен әуе навигациясында барлық тулардың теңдігі негізінде пайдаланылатын әлемдік су жолдарының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын теңіздер мен мұхиттарды қосатын бұғаздар.

Халықаралық каналдар


Бұлар халықаралық қарқынды кеме қатынасы жолында орналасқан және халықаралықкелісімдерге, халықаралық құқықтың көпшілік таныған қағидалары мен нормаларына сәйкес және каналдардың меншік иелері болып табылатын мемлекеттердің ешқандай кемсітушіліксіз пайдаланатын теңіздер мен мұхиттарды қосатын жасанды құрылыстар.

Антарктика

Жер шарының Оңтүстік полюстың айналасына орналасқан ауданы.

Халықаралық ғарыш құқығы


Бұл халықаралық құқық субъектілерінің ғарыш кеңістігін, аспан денелерін қоса алғанда, зерттеу және пайдалану қызметтеріне байланысты олардың арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар мен қағидалар жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.

Ғарыш кеңістігі


Бұл Жер шарының ауа қабаты шегінен тыс орналасқан кеңістік, оның құқықтық режимі халықаралық ғарыш құқығымен айқындалады.

Халықаралық әуе құқығы

Бұл құқықтық нормалар мен институттар жиынтығын көрсететін, әуе кеңістігін пайдалану және әуе қатынастарын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттер арасындағы қатынастарын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.

Халықаралық теңіз құқығы


Бұл сауда саласында, сондай-ақ әскери теңіз жүзулерінде,. әлемдік мұхиттаәлемдік мұхитта минералды ресурстарды өндіру, зерттеу, игеру қатынастарында және басқа да қызмет түрлерінде қалыптасатын құқықтық нормалар мен институттар жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.

Жағалаудағы аймақ


Жағаға жақын мемлекеттің аумағында немесе аумақтық теңіз шегінде тиісті ережелерді бұзудың алдын алу мақсатында бақылау жасау үшін аумақтық судың сыртқы шекарасына жақын белгіленген, ашық теңіз ауданы.

Балық аулайтын аймақ


Жағалық мемлекет судағы, теңіз түбін жабатын, теңіз түбіндегі және оның қойнауындағы тірі қорларды барлау, өңдеу және сақтау, сондай-ақ осы қорларды басқару мақсатында егемендік немесе заңды құқығын жүзеге асыратын аумақтық теңіз сыртындағы және оған жақын жатқан аудан.

Халықаралық есеп айырысу туралы келісімдер

Бұлар төлемдер жүргізу, тәртібі туралы келісімдер: төлемдік, клирингтік және төлемкрилингтік келісімдер

Халықаралық несие шарттары


Бұлар экономикалық әріптестер арасында жасалатын келісім, оған сәйкес бір тарап – несие беруші екінші тарапқа – борышқорға белгілі бір ақша немесе тауар береді, ал борышқор белгілі бір мерзім ішінде қарыз сомасын қайтаруға және несиені пайдаланғаны үшін сыйақы төлеуге міндеттенеді.

ГАТТ келісімі

Бұл халықаралық сауда кодексі.

Халықаралық гуманитарлық құқық

Бұл ізгілік қағидаларына негізделген және қарулы қақтығыстар салдарын шектеуге бағытталған құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығы.


4. ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ
1-тақырып. Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны.

Сабақтың мақсаты мен міндеті: жалпы студенттерге құқық жұйесінде халықаралық құқықтың алатын орны туралы түсініктерін қалыптастыру,

Негізгі сұрақтар:

    1. Халықаралық құқық және халықаралық қатынас, олардың арасындағы байланыс және бір – бірімен қарым – қатынасы туралы мағлұмат беру.

    2. Халықаралық қатынас және халықаралық құқық. Халықаралық құқық және халықаралық қатынас, олардың арасындағы байланыс және бір – бірімен қарым – қатынасы.

    3. Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттеуші заңды нормалардың жиынтығы ретінде.

    4. Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде.

    5. Субъектілердің ерекшеліктері, нормаларды жүзеге асыру және қалыптастыру процессі, сонымен қатар оны қамтамасыз ету тәсілдері. Халықаралық – құқықтың мәжбүрлеу шаралары.

Халықаралық құқық – мемлекеттер арасындағы әр түрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі. Ол құқықтың ерекше жүйесі ғана емес, ішкі мемлекеттік құқықтың барлық өзге салаларынан едәуір айырмашылығы бар. Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттейтін шарттық және нормалар мен қағидалар жүйесін және мемлекеттің салыстырмалы келісілген еркін көрсетеді.

Халықаралық құқықты ұстану халықаралық құқықтың шебері мен нысандарында мемлекеттің жеке, сондай-ақ ұжымдық шаралар арқылы қамтамасыз етіледі.

Құқыққа берілетін анықтама халықаралық құқықты да қамтиды, тек анықтаманың әрбір белгілерінің халықаралық құқықта өзіндік ерекшеліктері болуы керек. Мәселен, халықаралық құқыққа әдеттегі құқықтың белгілері тән болып келеді: мемлекеттік-еріктік сипаттағы құбылыс; белгілі бір қоғамдық қатынастарды заң нормалары реттейді; мәжбүрлеу арқылы; халықаралық құқықтық нормаларды ұстануды қамтамасыз етеді. Сөйте тұра, халықаралық құқықтың өзіне тән ерекшеліктері бар.



Реттеу пәні. Халықаралық құқық өзінің генетикалық және мәні жағынан мемлекетпен байланысты болғанына қарамастан, жеке бір мемлекеттің құқығы болып есептелмейді, сондай-ақ мемлекеттегі жоғары құқық болып та табылмайды. Ол мемлекеттердің өзара қатынасын бекітуші және қамтамасыз етуші мемлекетаралық құқық болып табылады.

Мұндай қатынас белгілі болғанындай, мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды жанап өтеді, олар өздерінің таптық табиғатына, саяси сипатына, ішкі құрылымдарына, аумағының құрамына, халқының санына қарай әр түрлі болады. Халықаралық құқықтың пәнін халықаралық құқықтық қатынастардан айыра білу қажет. Халықаралық-құқықтық қатынастардың объектісі – бұл халықаралық қатынастың жалпыға белгілі қағидалары мен нормаларының негізінде құқық субъектілерінің өзара құқықтық қатынастарға түсуі. Объектілердің 3 түрі бар: аумақ, әрекет және әрекет етуден тартыну. Мәселен, аумақ объект ретінде өте көп қолданылады, әсіресе әскери сипаттағы мәселелерде. Ал әрекет мемлекеттердің арасындағы әр түрлі құқықтық қатынастардың объектісі ретінде көрінеді: бейтараптық мәселелері, соғыс жүргізу заңы мен салттары соңғы объектінің түрлеріне жатады. Халықаралық құқықтың объектісі халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

Халықаралық ынтымақтастық аясы кеңейген сайын объектілер аумағы да кеңейе береді. Мысалы, осы заманғы спутниктік байланыс құқығы атом энергиясын бейбіт мақсаттарды пайдалану, құрлық ішіндегі мемлекеттердің мәртебесі жаңа объектілер жүйесін қалыптастырады.

Халықаралық құқық ішкі мемлекеттік құқықтан құқықтық нормаларды қамтамасыз ету әдістеріне қарай ерекшеленеді. Құқық субъектілерінің еріктерін келістіру мен халықаралық құқықтық мәжбүрлеуді де қолданады. Ол ұжымдық сипатта да, жеке сипатта да болуы мүмкін.

Халықаралық құқық нормасы мемлекеттер арасындағы келісім процесіне орнай бастайды. Басқаша айтқанда, халықаралық құқық құқықтың барлық басқа салалары мен жүйелерінен «келісімді сипатының» болуы арқылы ерекшеленеді. Осындай қысқаша сипаттамамен халықаралық құқықтың негізгі ерекшелігін аз да болса нақтырақ көрсетіп беруге болады.

Егер ішкі мемлекеттік құқықтың барлық салаларында субъектілер ретінде, яғни құқықтар мен міндеттемелерді иемденушілер жеке және заңды тұлғалар болса, халықаралық құқықта субъектілер екі топқа бөлінеді: 1-топ – негізгі субъектілер: а) тәуелсіз мемлекеттер; ә) өз тәуелсіздіктері үшін күресуші ұлттар мен халықтар; 2-топ – қосымша субъектілер: а) халықаралық ұйымдар; ә) мемлекетке ұқсас құрылымдар.

Халықаралық құқықтың соңғы жылдардағы дамуынан индивидтің халықаралық құқықтың субъективтілік теориясы көпшілік алдында таныла бастады.

Халықаралық құқық нормасының құрылу тәсілі оның елеулі ерекшелігі болып табылады. Ішкі мемлекеттік құқықты мемлекеттің арнайы органымен құрады және ол ұлттық құқықтың тікелей субъектілерінен басым тұрады. Ал халықаралық құқықты норманың пайда болу процесі өзгешелеу. Халықаралық құқықтың нормаларын жасау тәсілі мемлекеттердің еріктерінің сәйкесу теориясы – бұл процестің арқауы болады. Осы теория, халықаралық құқықтың көрнекі тұлғасы Г.И.Тункиннің еңбектерінде терең зерттелген және ол теория мен тәжірибенің негізі болып есептеледі.

Осы теорияға сәйкес, шарттық және жай халықаралық норма мемлекеттердің өзара келісуінің негізінде жасалады және олардың мүдделерінің келісілуі нәтижесінде пайда болады. Халықаралық құқықтық норма екі және бірнеше немесе көптеген мемлееттердің еркінің сәйкесу жолымен пайда болады. Мұндай келісім нені көрсетуі мүмкін? Ішкі мемлекеттік құқық нормасының нақты күшінің негізі болып табылатын келісім, екі және бірнеше немесе көптеген мемлекеттердің ерекшеліктері сәйкесуінің нәтижесі. Бұл заңдық аспект болып табылады. Халықаралық қарым-қатынас қатысушыларының маңызды және жалпы ережелері болғандықтан, халықаралық құқыққа негізгі қағидалардың ерекше жүйесі тән.

Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары халықаралық қатынастардың және халықаралық құқықтың осы заманғы жүйесінің маңызды заңдылықтарын көрсетеді. Қағидалар жүйесіне мынадай сипаттар тән: 1) әмбебаптық; 2) көпшілік мойындағандық; 3) жалпыға міндеттілік; 4) тұрақтылық.

Бұл жағдай оларды халықаралық құқық жүйесіндегі орны мен құрылымның ерекшеліктерін айқын көрсетеді. Егер «жалпы халықаралық құқықтың императивтік нормасы норма болып есептелсе, мемлекеттердің халықаралық бірлестігі оны толық қабылдайды және мойындайды. Сөйтіп негізгі қағидалар құқықтық нысан ретінде ресімделеді ...» БҰҰ жарғысының 2-бабында негізгі қағидалар мен оларды қамтамасыз ету шаралары айқындалған. Мұнан басқа, негізгі қағидалар мазмұны 1970ж. халықаралық құқықтардың қағидалары туралы Декларацияда ашып көрсетілген. Ал 1975ж. Хельсинкидегі кеңес негізгі қағидалар мәні Еуропа Одағымен ынтымақтастық және қауіпсіздік жөніндегі кеңестің қорытында актісінде әрі қарай дамытылған. Негізгі қағиданың нақтылығы мемлекеттің шарттық тәжірибесінде бар. Мәселен, 1994ж. 15 сәуірдегі ТМД қатысушы мемлекеттердің тәуелсіздікті сақтау аумақтың тұтастығы және шекараларға қол сұқпау туралы Декларациясын ҚР мен АҚШ арасындағы 1994ж. 14 ақпандағы декларациялық әріптестік туралы Хартия; 1994ж. 23 наурыздағы ҚР мен Испания корольдігі арасындағы өзара қатынастардың негізі туралы Декларацияны айтуға болады.

Қағидалар жүйесінде бейбіт қатар өмір сүру қағидасы біздің көзқарасымыз бойынша жалпылама сипатқа ие. Бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қолдау негіздерін сипаттайтын қағидаларға мыналар жатады: аумақтық тұрақтылық қағидасы; күш қолдану және күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасау тыйым сала отырып, пайда болған халықаралық дауларды бейбіт түрде шешу қағидасы; шекаралардың мызғымастығы қағидасы. Халықаралық ынтымақтастық қағидасы, біріншіден, мемлекеттердің тәуелсіз теңдіктерімен; екіншіден, ішкі істерге қол сұқпаушылық; үшіншіден, мемлекеттердің түрлі салаларды ынтымақтасуымен; төртіншіден, мемлекеттік тәуелсіздікті құрметтеуімен; бесіншіден, өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындаумен сипатталады.

Адам құқықтарын қорғау тетігін анықтау үшін адам құқықтары мен негізгі бстандықтарын құрметтеу қағидасын, халықтар мен ұлттардың өзін-өзі билеу қағидасы сияқты қағиданың маңызы зор.

Халықаралық жалпы құқықтың арнаулы белгілерін анықтай отырып оны қайнар көздерінің жүйесіне халықаралық, жария құқықтың субъектілік құрамына, жауапкершілік институтының еркшелігіне арнайы тоқталып өту қажет.



Бұл мәселелер дәрістер курсының жеке тарауларында қарастырылатын болады. Сөйтіп, халықаралық құқыққа құқықтың барлық негізгі белгілері тән, олар:

  1. Құқық – бұл мемлекеттің еркіне тән құбылыс;

  2. Қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жүйесі;

  3. Тәртіп стандартын ұстану үшін мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану.

Дегенмен, халықаралық құқықтың өзіндік белгілері де бар, сол арқылы халықаралық құқықты құқықтың ерекше жүйесіне жатқызуға мүмкіндік туады. Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады:

  1. Реттеу пәні;

  2. Ерекше субъективтік құрам, атап айтқанда тәуелсіз мемлекеттің болуы;

  3. Қайнар көздерінің ерекше халықаралық құқықтағы норма құру процесінің нәтижесі болып табылады;

  4. Заң шығару, атқарушы және сот органдары жүйесінің болмауы;

  5. Жауапкершілік институты.

Халықаралық жария құқық – бұл құқық субъектілерінің еріктерін үйлестіру жолымен жасалатын, әрі заңдық тұрғыдан міндетті деп танылатын және қажетті жағдайларда мәжбүрлеу жолымен қамтамасыз етілетін заң нормаларының жүйесі.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет