Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет33/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Бұл тарауда Ескендірдің Арастудан мақсатқа қай тұстың жолы 
жақын екенін және оған қайтсе қиналмай жетуге болатынын сұрағаны 
айтылады. Арастудың кемелденудің, кәмелетке жетудің жолын көрсетуі 
және оған тек жеке дара барудың қажет екені туралы ақыл айтуы. 
Ескендір Арастудан сұрады енді:
«Уа, дана, таңқалдырған мына әлемді!
Шындыққа төте жолмен жете алам ба,
Адаспай аман-есен өте алам ба?»


210
Ол айтты: «Дәурен сүр деп жеке-дара!
Күйбеңнен аулақ қаш деп екеуара!»
Сұрады: «Қайырым қылу тек қана сол,
Байларға жазылған ба қалтасы мол.
Болса кім жақсылығын аямаған,
Емес пе шындыққа сол таяу адам?»
Дана айтты: «Қайырымды бай – қадірлі бай,
Алдамшы әзір олай, қазір бұлай.
Етпесе қысылғанда жедел көмек,
Артынан жарылқауы неге керек.
Сәтінде істелмесе қолдағы ісі,
Өтеді күнәһар боп онда кісі.
Уағымен біткен іске баға жетпес,
Қайыры, қасиеті ада кетпес.
Тамырдан өркен жаяр әрбір нәрсе,
Жайқалар, жеміс төгер мол нәр берсе.
Керуенді кім тонаса күре жолда,
Ыбылысты, Алланы да біледі онда.
Шыншылдар патшаға да құлақ асар,
Ұрылар қуыстанып тұра қашар.
Бір жүрген қарақшымен арам зәндәм,
Тата ма ақ сарайдан адал зәмзәм.
Түңілген өз ісінен безініп-ақ,
Тақырға отырады өзі бірақ.
Ұшырсын етіп өзін қара түтін,
Қолымен қылған ісі қалар бүтін.
Әйтеуір бір жүректің қалауы бұл,
Үміт пен күдік түбі қалады тұл».
Санайды інжу сатқан өстіп тізіп,
Қарайды алушы үнсіз көзін сүзіп.


211
Ескендірдің салтанат тәжінен бас тартуы, тақтан қашқақтауы 
және Үрім халқының жалбарынып, оның аяғына бас ұруы, тақты жоғары 
көтеріп, тәждің қадыр-қасиетін дәріптеуі; оның әділдігі күн сәулесіне 
шағылысқан айнадай жарқырап, түнекті тілейтін жарқанаттың 
көзін қарықтыруы, қатігез адамдардың жер бетінен зұлымдықпен қоса 
жойылуы.
Бұл жайды жазса, қалам жорғалады,
Ұшқындап, сөз маржаны сорғалады.
Шегерде мәңгі сапар ер Файлақұс
Ұлына патшалығын етті табыс.
Ескендір ғұлама еді асқан дана,
Ақыл-ой шұғыласын шашқан дара.
Мұң басып, бір басына мың ой келіп,
Тартынды тәж бен тақтан үрейленіп.
Қашанда зор биліктің жолы тараң,
Қылп етіп қылдан тайсаң – күнің қараң.
Алды-артын шырмап алды ой шырғалаң – 
Салды әке өсиеті де көңілге алаң.
Күдік пен күпті жүрек жанын қинап,
Өткізді ұлы жиын маңын жинап.
Алдына жиналған соң елі келіп,
Сөйледі таңқалдырып, тебіреніп:
Уа, Сіздер – күн нұрындай Үрім елі,
Теңізсің қоршап тұрған бейне мені!
Демеймін бірің төмен, бірің төрде,
Бәрің де секілдісің мендей пенде.
Патшамын! Сұрқым бірақ сендерден пәс,
Жетіммін сорғалаған көзімнен жас.
Әкемнің қолы жетіп баққа бірден,
Тәңірдің әмірімен таққа мінген.
Ақ жолдан, әділдіктен ауытқымай,
Апатта қорған болған халыққа ұдай.


212
Жазылса жеті атама ел басқару,
Ақылға ұрпағы да болмас зәру.
Айтыңдар ақиқатын, әділ халқым,
Өтті олар таза сақтап атақ-даңқын.
Олардың қасында мен дәрменсізбін,
Ел билеп, ұстай алман әлден тізгін.
Уа, достар, алтын таққа менен гөрі,
Лайық қой адамзатың кемеңгері.
Арыстан құмырсқаға көз алайтпас,
Піл жүгін қозғаймын деп маса да айтпас.
Шах болып, жалғай алман баба салтын,
Не шара, келмей жатса шама-шарқым.
Бермеген Құдай маған ондай қуат,
Бары осы – мейлің жылат, мейлің жұбат!
Сеніңдер, жалқы жанмын көңілі күпті,
Менен Шах шыға қоймас өмірі тіпті.
Іздеңдер, лайық адам қапы қалмай,
Патшалық парасатқа татығандай.
Болсын ол әрі білгір, әрі даңғыл,
Жаңылмас әділеттің жолынан кіл.
Жалпыны пәк жанымен бірдей сүйіп,
Халқына тұрсын нұрын күндей құйып,
Әділетті бөлеп мизам шуағындай,
Жайратсын қиянатты жай оғындай.
Төндіріп жауға қаһар – қара түнін,
Халықты астына алсын қанатының.
Шах сайлап сондай жанды алғыр, мықты,
Қолына ұстатыңдар бар билікті.
Бақыттың дәнін егіп, сыйлап жаппай, 
Өз елін гүлдендірсін Иранбақтай.


213
Дұшпанға болсын өзін сыйлататын, 
Үгітіп жау қамалын қирататын.
Өршітсе жаулар өсек ел нанбастай, 
Су сепсін қиып түсіп ақ алмастай.
Салықшы арсыз болса, арам анық, 
Зар илеп, қанқақсайды қара халық.
Алдынан мүсәпірдің жансын үміт, 
Қарасы қарақшының қалсын ұмыт.
Ұрыға тыйым салсын жолатпасын, 
Ұлыстың қазынасын тонатпасын.
Зұлымдық деген сөзден қалмай белгі,
Жоқ қылсын «зұлымдағы» «Л» мен «М»-ді
28.
Қылышын қолындағы жоғары ұстап, 
Құтқарсын жоқшылықтан әділ нұсқап.
Тағдырдың бұйырығынан айнымасын, 
Халқының тізгінінен айырылмасын.
Зорлықтан дін-аман боп өмір көші, 
Әмәнда бұзылмасын ел іргесі!»
Ескендір осыны айтып түсті тақтан, 
Халайық шулап кетті тұс-тұс жақтан:
«Айнала жау анталап қысқан шақта, 
Тастама біз сорлыны қызған шоққа!
Ақиқат бес саусақтай көрер көзге, 
Біздерді кенелдірдің кемел сөзге.
Айтқаның естігенді қанжылатты, 
Жүрекке қайғы салып, қалжыратты.
Бүйткенше қырсаң нетті қызыл қан ғып, 
Жолыңа емес пе едік біз құрбандық.
Соңыңа өле-өлгенше ере аламыз,
Бізсіз – сен, сенсіз – біздер не боламыз?
28


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет