Жоспары:
1.12-жылдық білім беруге көшудің әлеуметтік-материалдық мәселелері.
2.12-жылдық білім беруге көшудің негізгі әдіс-тәсілдері.
3.12-жылдық білім беруге көшу жұмыстарының қазіргі деңгейі.
Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстармен таныстыру
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.12-жылдық білім беруге көшудің әлеуметтік-материалдық мәселелері.
Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің міндеті - оқушылардың білім алып қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сініріп, тәрбиелі, әдепті, бір сөзбен айтқанда, интеллектуалды-үйлесімді болуын қамтамасыз ету. Жаңа көзқарас ұлтты ойлануға, ойлауға үйрету арқылы қалыптан тыс көкжиекке көз жіберуге тәрбиелеу, білімді өз бетінше зерделеу, технологиялар мен инновациялардағы жаналықтарды жүзеге асыра білу бейімділігімен бағанады. Міне бүгінгі интеллектуалдық мектептерге қойылатын талаптар осыларға негізделген.Еліміздің тәуелсіздіктің туын көтергелі білім стандартының оңтайлы жолдары іздестіріліп, дүниежүзілік білім кеңістігіндегі интеграциялау қажеттілігінен табылатындай деңгейге көтерілу мақсатында білім саласында жан-жақты жұмыстар жасалуда. Қазіргі жаңару кезеңінде қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның өзекті мәселелерін күрделендіріп отыр.
2.12-жылдық білім беруге көшудің негізгі әдіс-тәсілдері.
Мұғалімдердің бүгінгі күні окьпу үрдісінде болып жатқан жаналыктар мен өзгерістерден
дер кезінде хабардар болып отыруы - сапалы білім берудің кепілі. Сондықтан да мұғалімдердің
біліктілігін жетілдіру курстарынан уақтылы өтіп отыруы қажет.
Пән апталығында оқушылардың пәнге деген ықыласын артып, қызығушылықтары анықтала бастаса онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылар білімін дамытып қана коймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Оқушы бойындағы бейімділік пен икемдікті дамыту мақсатында I жарты жылдықта химия, биология, география пәндері апталығы және информатика, физика, математика пәндері апталығы, тарих, казақ тілі пәндері апталығында сыныптан тыс пәндік сайыстар, интеллектуалды ойындар, конференциялар мен акциялар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, сахналық қойылымдар көрсетілді.
12-жылдық білім беруге көшу мәселелерімен ата-аналар арасында түсінік жұмыстары, жиналыстарда мектепалды даярлық тобындағы ата-аналарға сауалнамалар жүргізу, т.б. әдістер арқылы тусіндірілуде.
Танымдық (оқу және оқудан тыс) іс-әрекет оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүииені танудың маңызды кұралдарының бірі - білім алуға, өздігінен білім алуға ынталандырып, ақыл-ойдың дамуына, ғылыми білімдерді жүйелі меңгеруге көмектеседі.
Еңбек іс-әрекеті материалдық заттар жасауға, оларды сақтауға, көбейтуге бағытталған. Түрлері: өзіне-өзі қызмет көрсету, қоғамдық пайдалы және өнімді енбек.
3.12-жылдық білім беруге көшу жұмыстарының қазіргі деңгейі.
12-жылдық білім беруге көшу жұмыстары сабақтан тыс уақытта да жүріп отырады. Мәселен, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескесі жыл сайын оқушылардын көмегімен түрлі өнімдер өсіруде. Мектеп жанындағы учаскіде тәжірибе жүргізу және оны бақылау, кейбір еңбек кұралдарымен жұмыс істей білу - политехникалык білімді терендетеді. Политехникалық білімнің зерделенуіне мұғалімнің қазіргі өндіріс туралы білімдері көмектеседі. Кәсіптік білім сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға нақты мамандық туралы білімдер, іскерлік дағдылар көмегімен, жалпы және политехникалык білім негізінде беріледі. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Мектебіміздегі 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жеке тұлғанын өз ісіне деген жауапкершілігін арттырып, берік сенімге негіздеп игі нәтижесін береді деп сенеміз.
Бақылау сұрақтары:
1.12-жылдық білім беруге көшудің әлеуметтік-материалдық мәселелері.
2.12-жылдық білім беруге көшудің негізгі әдіс-тәсілдері.
3.12-жылдық білім беруге көшу жұмыстарының қазіргі деңгейі.
Лекция №14
Тақырыбы: 12-жылдық білім беру жағдайындағы педагог құзіреттілігі: қалыптастыру, дамыту бағыттары
Жоспары:
1.12-жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығы.
2.Субъектаралық қатынастар шарттары.
3.Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары.
Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім беру жағдайындағы педагог құзіреттілік түрлері жайлы мәлімет беру
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.12-жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығы.
12-жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығын ғалымдар Н.Коперниктің ашқан жаңалығына теңейді. Ал ол жаңалық бәрімізге мәлім: «Күн - астрономиялық орталық. Басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады». Олай болса, білім алушы тұлғасы да күн іспеттес орталыққа айналып, педагогикалық әрекеттер сол тұлғаға бағдарланып, оның айналасына шоғырландырыла жүргізілуі тиіс. Міне, осы тұста педагог алдында оның кұзыреттілігіне сын боларлық «қалай?» деген сұрақтың шешімін табу проблемасы тұрады. Ол педагогтің тұлғаға бағдарланған оқыту жүйесінің ерекшеліктерін білу деңгеніне байланысты болмақ.
Тұлғаға бағдарланған оқытуда 12-жылдық педагог қызметінің тиімділігі «субъектаралық қатынастар», «ұжымдық-диалогтық қатынастар», «тұлғалық-рефлексиялық қатынастар» деп аталатын педагогикалық шарттардың орындалуына тікелей байланысты.
2.Субъектаралық қатынастар шарттары.
Субъектаралық қатынастар шарттары - білім берудегі оқушы мен мұғалімнің арақатынасына қажетті үдеріс. Педагогикалық үдерісте субъектаралық қатынастар шарттарының орындалуы негізінде тұлға өз дамуының, білімінің субъектісі болып қалыптасады. Оның мәні: тұлғаның өзін құндылық ретінде қабылдауға негіз болатын субъектаралық қарым-қатынас орнату; тұлғалық ерекшеліктерін түсіну, оның ой-пікірімен, арман-мақсатымен, проблемаларымен санасу; оқушыны жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін тани отырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттау.
3.Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары.
Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары қандай ұжым болса да ол құрамындағы субъектілердің арақатынасына - интерсубъектілікке негізделеді. Сондықтан белгілі бір әлеуметтік топтағы диалогтық қатынасқа түсу арқылы тұлғаның адамгершілік, рухани
дамытудың интеграциялық моделіне айналды. Авторлық бағдарлама қазірде де мектептерде ана тілін вариативтік жоспар бойынша тереңдете оқыту үшін пайдаланылуда.
«Интеграциялық ұстанымға негізделген оқулық: мазмұны мен құрылымы» атты монография болашақ мұғалімдерді, магистрларды 12-жылдық білім беру жүйесіне дайындауда тұлғаға бағдарланған оқытуға қажетті интеграция мен оқулық теорияларынан, дамыта оқытудың ғылыми негіздерінен, бастауышта оқытудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінен мағлұматтар беру арқылы шығармашылықтарын дамытуда зор үлесі болуда. Студенттердің интеграция тақырыптарына дипломдық жұмыстар жазуына негіз болды.
Міне, осындай көп жылғы ғылыми-әдістемелік тәжірибеміз негізінде педагогикалық әрекеттерді өзіміз дайыңдап жатқан болашақ мұғалімдерге бағдарлай, теорияларды практикамен тығыз ұштастыра, олардың айналасына шоғырландыра білсек, ұстаз педагогтың өзінің субъектілік тәжірибесі арқылы құзыреттілігі дамуымен қатар өз шәкірттерінің де құзыреттілігін дамыта алады.
Бақылау сұрақтары:
1.12-жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығы.
2.Субъектаралық қатынастар шарттары.
3.Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары.
Лекция №15
Достарыңызбен бөлісу: |