Химияны оќытудыњ жања технологиялары


Тақырыбы: Электролиттік диссоциация



бет20/52
Дата29.04.2023
өлшемі1.6 Mb.
#473004
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52
Курманалиев оқыту технолгиясы

Тақырыбы: Электролиттік диссоциация

2-кесте. Мұғалім парағы








Ұғымдар

Тапсырмалар

Жаттығулар

Карточкалар

1.
2.



Электролит
Бейэлектролит

I.«Электролит» және «бейэлектролит» ұғымдарының анықтамасын жаттаңыз (оқулық 4 б. , 1-сызбанұсқа)

1.Электролит пен бейэлек-тролиттерге үш-үштен мысал келтіріп, оларды атаңыз.
2.Төменде көрсетілген заттар-дағы байланыс түрін көрсетіңіз және қайсысы электролит немесе бейэлектролитке жататынын анықтаңыз:
а) H2SO4; б) O2; в) KCl; г) NaOH; д) C (алмаз);

1. I тапсырма, 1,2- жатты-ғулар

3.

Гидратация

II.Гидратация реакциясына анықтама беріңіз.

3.Гидратация реакциясына қай реакция жатады:
а)CuSO4+5H2OD CuSO4 5H2O ;
б) C2H4 +H2O D C2H5OH;
в) CaO + H2O DCa(OH)2;
г) H+ +H2O D H3O+;
д) 2Al + 3S = Al2S3;

2. II тапсырма, 3-жаттығу.

4.
5.
6.

Ион
Катион
Анион

III.Қандай бөлшектер:
а) Иондар
б) Катиондар
в) Аниондар
деп аталады?(7 б.)

4. Бөлшектерді атаңыз:
а) H; H2; H—
б) Cl2 ; Cl ; Cl-.

3.III тапсырма, 4,5-жаттығулар

7.
8.

Анод
Катод

IV. Анод және катодқа анықтама беріңіз. (8 б. , 6-сурет)

5. Ерітінді (балқыма) арқылы электр тогын өткізгенде катодқа және анодқа қандай иондар жылжиды? Неге?




Мұғалім парағының бірінші бағанасында игеруге арналған ұғымдар жазылады. Екінші бағанада белгілі ұғымдарды меңгеретін нақты тапсырмалар келтіріледі. Егер оқулықта қажетті анықтама болса, онда оқулық және оның беті көрсетіледі. Егер оқулықта қажетті анықтамалар болмаса, басқа әдебиеттер толық мағлұматымен келтіріледі.
Үшінші бағанада нақты ұғымдарға қатысты жаттығулар жазылады. Барлық жаттығулар ауызша орындауға арналған. Оқушы ауызша бірнеше рет анықтамаларды қайталағаны жөн.
Төртінші бағанада оқушыларға арналған карточкалар жазылады. Сондай карточкалардың бірі төменде келтірілген:



№ 1 карточка


« Электролит » және « бейэлектролит » ұғымдарының анықтамасын жаттаңыз.
Фельдман Ф.Г., Рудзитис Г.Е. Химия-9.4 б., 1 сызбанұсқа.



1.Электролиттер мен бейэлектролиттерге үш-үштен мысал келтіріп, оларды атаңыз.


2.Төменде келтірілген заттардағы байланыс түрін көрсетіңіз және олардың қайсысы
электролит немесе бейэлектролитке жататынын анықтаңыз:
а) H2SO4 ; б) O2 ; в) KCl ; г) NaOH ; д) С

Карточкалар жоғарғы және төменгі бөліктерге бөлінген. Жоғарғы жағында тапсырма, ал төменгі жағында жаттығулар көрсетілген. Карточкалар әр түспен белгіленеді, себебі оқушы тапсырманы орындаған соң, басқа оқушымен тапсырма алмасады. Мұндағы басты мақсат оқушылар барлық тапсырмаларды орындаулары қажет.
Оқушылардың тапсырмаларды орындауы үш форма түрінде есепке алынады:

  1. жеке (оқушы дәптері).

  2. жеке-топтың (топтың есеп парағында )

  3. жеке-сынып түрінде ( үлгерім парағы ).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет