2009-2011 жылдары ЕДБ-нің заңды тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді төлеу үшін берген қолма-қол ақшасының көлемі
Бақылау барысында қолма-қол ақша есеп айырысулары кезінде заңды тұлғалардың заңнамада белгіленген 4000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі шектеулерді сақтамағаны үшін қолданылатын әкімшілік айыппұл санкцияларынан жалтару тәсілін қолданғандары жөнінде көптеген фактілер анықталды.
Мәселен, «Метпром» ЖШС қара және түсті металл сынықтарын жеткізгені үшін «Меркурий-Тараз» ЖШС-ға – 494,8 млн.теңге, «Юг-ВД» ЖШС-ға 387,5 млн.теңге мөлшерінде төрт ай бойы қолма-қол ақшалай төлем жасаған. Есеп айырысулар көптеген шарттар негізінде жүргізілген, олардың әрқайсысы бойынша жасалған мәміленің сомасы 4000 АЕК-ден аспайды, мәмілелердің мөлшерінен басқа сатып алу-сату шарттары – барлығы бойынша бірдей.
«Астана-Бизнес» ЖШС күнбағыс майын сатып алу-сату жөніндегі 24 шарт бойынша «BAUER DIENST» ЖШС-ға 119,6 млн.теңгені 13 күн ішінде қолма-қол ақшамен төлеген. Аталған заңды тұлғалар қолма-қол ақшамен алған кіріс сомаларын салықтық есептілікте көрсетпеген, тиісті салықтарды төлемеген.
«Кайнат» ЖШС – 1 720,2 млн.теңгенің және «КЭСС» ЖШС 1 572 млн.теңгенің өзара төлемдерін қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырған.
Бақылау барысында салық органдарының нөлдік ставка бойынша салық салынатын ҚҚС-ның қайтарылғанын растау үшін ТБЖ-ны қолдану кезінде бірыңғай тәсілді жүзеге асырмай отырғаны анықталды.
Тарату жөніндегі салықтық тексерулердің сапасыз жүргізілу фактілері анықталды, осының салдарынан салықтар мен міндетті төлемдер 336,4 млн.теңгеге кем есептелген.
Салық органдары Алматы қаласындағы 90 салық төлеушіні ҚҚС бойынша есептен уақтылы шығармаған, осы салық төлеушілер шот-фактураларды өздерінің контрагенттеріне жазып беріп отырғанымен, тіркеу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша болмаған, осының салдарынан бюджет 579,9 млн.теңге салығынан айрылып отыр («Best Oil Centre» ЖШС).
Бақылау барысында Индустрия және жаңа технлогиялар министрлігі мен Қаржы министрлігінің Салық комитеті арасында тарихи шығындарды республикалық бюджетке өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушылардың төлеуіне қатысты ақпарат алмасу бойынша тиісті өзара іс-қимылдардың тиісінше жасалмағаны анықталды.
Түрлі себептерге байланысты, жер қойнауын пайдалану жөніндегі 113 келісімшарт бойынша тарихи шығындар өтелмеген, бұл ретте 32 келісімшарт бойынша олардың мөлшері белгіленбеген, 49 келісімшарт бойынша 28,0 млрд.теңге көлеміндегі тарихи шығындар геологиялық ақпаратты сатып алу және құпиялылықты қамтамасыз ету туралы келісімдерде белгіленген, алайда келісімшарттарда көрсетілмеген.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен «Голд Ленд» ЖШС арасында тарихи шығындардың мөлшерін азайту жөнінде қосымша келісім жасаудың нәтижесінде бюджеттің 265,7 млн.теңгеден айрылып қалғаны анықталды [2.12., 210-бет].
Есеп комитетінің тексеру қорытындысы бойынша кедендік әкімшілік етуде халықаралық саудаға байланысты салықтардың бюджетке толық түсуіне ықпал ететін бірқатар проблемалар анықталды.
2011 жылы кедендік әкімшік ету тауарлар декларациясының (бұдан әрі – ТД) электрондық көшірмелерінің мұрағаттық базасы пайдаланылмастан жүзеге асырылған, сол себепті ол тиісті дәрежеде жүргізілмеген.
Мәселен, құны бойынша тәуекелдің белгілері орын алған 25 мың ТД (80%) бойынша кедендік құнды бақылау кезінде аумақтық кеден органдары кеден заңнамасының бұзылмағаны туралы шешімдер қабылдаған, 2011 жылы тексерілген ТД-ның үлесі ресімделгендерімен салыстырғанда бар болғаны 1,7%-ды құрайды.
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден одағы комиссиясының кеден құнын бақылауға қатысты 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 376 шешімін (бұдан әрі – Шешім) іске асыруда жекелеген проблемалар орын алып отыр. Кеден құнын растау үшін жөнелтілетін елден қосымша ақпарат алуға мүмкіндігі болмай тұрып, сыртқы-экономикалық қызметке қатысушылардан сұратылатын құжаттардың тізбесін қосымша тексеру нәтижелерінің объективтілігін қамтамасыз ете алмады.
Мәселен, аумақтық кеден органдары Шешімнің тетіктерін жеткілікті дәрежеде қолданбаған, сол себепті мәлімделген кеден құны бойынша қосымша тексерулер нәтижелерінің үлес салмағы бар болғаны 17%-ды, өндіріп алынған КТмС тек 461,5 млн.теңгені құрады. 2011 жылы «уақытша әкелу» кедендік рәсімімен ресімделген тауарлар бойынша кеден құнын түзету тек 64 ТД бойынша ғана жүргізілген, өндіріп алынған КТмС 20,5 млн.теңге болды.
Кеден органдары кинематографиялық өнімдерді уақытша әкелу және импорттау кезінде кеден құнына бақылауды жүзеге асырмаған. Бақылау барысында кинопрокат ұйымдарының кеден құнын лицензиялық төлемдер есебінен төмендету фактілері анықталды. Алматы қалалық Кедендік бақылау департаменті бойынша жалпы 145,8 млн.теңге мөлшерінде КТмС кем түскен. Біздің бағалауымызша, 2007-2009 жылдары республика бойынша шығындар шамамен 700,0 млн.теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы бажсыз сауданы жүзеге асырып отырған елдердің аумағынан реэкспортты тыю бойынша Үкіметтің қабылдап жатқан шаралары тиімсіз болып отыр. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы экспортының деректерін Қырғызстандағы импорт деректерімен кедендік рәсімдер және тауарлар декларациясы бойынша нақтылап көрсету бөлінісінде салыстырып тексеру жүргізілмеген. Мысалы, ірі қара мал мен ұсақ малдың терісін Қырғызстанға бажсыз әкету кезіндегі жеңілдіктердің көлемі артып келеді, 2011 жылы ол шамамен 290 млн.теңге болды (2011 жылы – 7,5 мың тонна, 2010 жылы - 4,2 мың тонна әкетілген).
«ТМД-да тауарлардың шығу тегі елін анықтау ережесі туралы келісімді ратификациялау кезінде тропикалық майларға және май өнімдеріне қатысты ескертпелерді енгізу туралы» Кеден одағы Комиссиясының шешімінде көрсетілген мәселені Беларусь, Қазақстан және Ресей Федерациясы үкіметтерінің арасында келісудің ұзақ мерзімге созылуы Украинадан кеден бажы салынбайтын тропикалық өсімдік майларының импорты көлемінің айтарлықтай өсуіне алып келді. Мәселен, 2010 жылы – 1,3 мың тонна, 2011 жылы - 3,6 мың тонна импортталған, 2009 жылғы импорттың көлемі 9 есеге асып кеткен. Аталған тауарлар Кеден одағының сыртқы экономикалық қатынастар тауарлары тізімдемесі кодының алғашқы 4 таңбасы өзгертілместен, рафинациялау (химиялық тазалау) жолымен Украина аумағында толығымен жеткілікті өңделген/қайта өңделген деп мәлімделген. Бұл ретте 2010-2011 жылдары импорт бажын төлеу бойынша берілген тарифтік артықшылықтардың жалпы сомасы 214 млн.теңгені құрады.
Кедендік бақылау комитетіне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды өткізу тәртібі туралы келісімді өзгерту жөніндегі, атап айтқанда жеңілдікті режимде тауарларды өткізудің жиілігін шектеуге қатысты Есеп комитетінің ұсынымдарын Кеден одағының уәкілетті органы қабылдамаған. 2011 жылы Қазақстан Республикасына тек бір ғана «Қордай» кедендік бекеті арқылы 5,4 млн. жеке тұлға өткен. Өткен тауарлардың есепті көлемі - 215 мың тоннаны, КТмС-ның төленбеуіне байланысты есепті шығындар 10,8 млрд.теңгені құрады.
Транзитті жүзеге асыру кезінде кеден органдарының іс-қимылдарын регламенттеу бөлігінде заңнаманың жетілдірілмеуі, сондай-ақ аумақтық кеден органдары тарапынан бақылаудың нашар болуы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың КТмС төлеуден жалтаруына жағдай жасайды. Межеленген органда кедендік ресімдеу үшін тауарларды одан әрі жеткізбестен кедендік шекараны өту кезінде қалқалау тауарларын мәлімдеу немесе құнын төмендету жолымен төлемдерді қамтамасыз етуді ең аз мөлшерде енгізу жалтару тәсілдерінің бірі болып табылады.
Бұл тауарлардың жеткізілмеу фактілерінің 2010 жылғы 0,02 %-дан 2011 жылы транзит көлеміне шаққанда 0,11 %-ға дейін өсуіне алып келді.
Мәселен, 2011 жылы Алматы қаласы бойынша КБД Қытай Халық Республикасынан (бұдан әрі – ҚХР) халық тұтынатын тауарлары бар 84 вагонның, 2012 жылғы ақпанда Түркиядан әкелінген 60,4 млн.теңге тауарлардың жеткізілмеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 2012 жылғы сәуірде Ақтөбе облысы бойынша КБД ҚХР-дан әкелінген 12 машинаға салынған керамикалық плитка мен керамограниттің жеткізілмегенін анықтады. Есеп комитетінің бағалауынша, КТмС бойынша бюджет шығындары 131,8 млн.теңгені құрады.
Сипаттамалары бір-біріне ұқсас, бірақ құны бойынша (1,8 Евро/кг брутто) оңай еңсерілетін өлшемі арқылы ажыратылатын жиһаздарға кедендік әкелу баждары ставкаларындағы елеулі айырма сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды кедендік әкелу бажының төмен ставкасын қолдану үшін тауарлардың құнын шамалы көтеруге иетермелейді. Мысалы, Ақтөбе облысында осындай тәсілмен әкелу кеден баждары 104,5 млн.теңгеге азайтылған.
Тауарлардың нашар жіктелуі салдарынан КТмС 59,3 млн.теңгеге, соның ішінде 2011 жылы 27,7 млн.теңгеге кем түскені анықталды (Ақтөбе облысы бойынша КБД - 4,3 млн.теңге, Алматы қаласы бойынша КБД - 23,4 млн.теңге).
Кеден одағының Бірыңғай тариф талаптарын бұза отырып, Алматы қаласы бойынша КБД 149 жүк сүйрегіш бойынша сәйкестік сертификаттарын ұсынбастан, 5% мөлшерінде кедендік әкелу бажы салынатын Евро-4 экологиялық класына сай келетін код қабылдаған. Нәтижесінде импорттық баж ставкасы бойынша 20% мөлшерінде 302,9 млн.теңгеге, ҚҚС бойынша 36,3 млн.теңгеге заңсыз артықшылық берілген. Бақылау барысында техникалық паспорт деректерінің тексерілген үш автосүйрегіштің екеуі бойынша мәлімделген мәліметтермен сәйкессіздігі анықталды, сонымен КТмС 7,6 млн.теңгеге кем түскен.
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және кейіннен пайдалану мәселелері бойынша, соның ішінде декларанттардың тауарлардан бас тарту арқылы оларды мемлекет пайдасы үшін берудің мерзімін регламенттеуге қатысты нормативтік құқықтық базадағы кемшін тұстар уақытша сақтау қоймаларында 17,7 млн теңгелік тауарлардың жиналып қалуына алып келді. Тәркіленген және иесіз тауарлар бойынша да дәл осындай жағдай қалыптасқан, олар кеден органдарынан 37,5 млн.теңгеге, соның ішінде Алматы қаласы мен Ақтөбе облысы бойынша КБД-ден 27,1 млн.теңгеге қабылданбаған.
Алматы қаласында тұрмыстық тоңазытқыштар (155 мың бірлік) импортын ресімдеу кезінде импорттаушылардың мәлімдеген сыйымдылығы ұсынылған техникалық паспорттардың негізінде қабылданған. Алайда, Есеп комитетінің іріктеп өткізген бақылауы барысында тауарлардың ресми өндірушілерінің мәліметі негізінде тұрмыстық тоңазытқыштардың сыйымдылығы мөлшерінің декларацияларда жалған көрсетілгендігі анықталды, нәтижесінде он бірлік тауардың тек екеуі бойынша ғана КТмС 0,5 млн.теңгеге кем түскен.
ҚХР-мен іргелес шекарада орналасқан Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша КБД құқық қорғау жұмысы функцияларын жеткілікті дәрежеде жүзеге асырып отырған жоқ, олар ҚХР-дан әкелінетін тауарларға кедендік ресімдеу жүргізетін негізгі орталықтар болып табылады. Мәселен, 2010-2011 жылдары қытайдың тауарларын контрабандалық жолмен әкелу әрекетіне қатысты тек 1ғана қылмыстық іс қозғалған.
Жамбыл облысы бойынша КБД автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерінің асып кетуіне қатысты бар болғаны 3 кішігірім фактіні анықтаған. Бұл ретте Кеден одағының кедендік шекарасында орналасқан қазақстандық автомобиль өткізу пункттерінен жүк тиелген көліктердің жалпы санының 27%-ы осы КБД арқылы өтеді. Тек қана 2011 жылғы 23-24 қарашада автокөлік құралдарының өткені үшін 36,2 млн.теңге алым кем түскен.
Есеп комитетінің бағалауынша, республикалық бюджеттің кіріс бөлігіндегі шығындардың төмендеуін қамтамасыз ету үшін салықтық және кедендік әкімшілік етудегі жүйелі проблемаларды, атап айтқанда салық, кеден және өзге де заңнамаларды жетілдіру, уәкілетті органдардың өзара іс-қимылдарын күшейту және басқа да мәселелерді шешу қажет.
2.2. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҒАЛАУ
2011 жылғы республикалық бюджет шығыстары оның екі рет нақтыланғанын ескере отырып, 5 444,7 млрд.теңгені құрады, бұл бастапқы жоспарланған көлемнен 525,4 млрд.теңгеге немесе 10,7%-ға көп.
13-диаграмма
2009-2011 жылдардағы республикалық бюджет шығыстары
Іс жүзіндегі шығыстар 2010 жылмен салыстырғанда 18,1%-ға ұлғайып, 5 402,3 млрд.теңге көлемінде атқарылған. Бұл ретте ЖІӨ-дегі шығыстардың үлесі 2010 жылғы 21,1%-дан 2011 жылы 19,1%-ға дейін төмендеген [1.5., 167-бет].
8-кесте
2011 жылғы республикалық бюджет шығыстарының құрылымы
млрд.теңге
Шығыстар құрылымы
|
Бекіт.
бюджет
|
Нақт. бюджет
|
Түзет.
бюджет
|
Кассал. атқарыл.
|
Шығыс-тардағы үлесі
|
Іс жүз. атқарылған бюджеттің бюджет көрсеткіштерінен ауытқуы:
|
нақт.
|
түзет.
|
(+,-)
|
(+,-)
|
%
|
ШЫҒЫСТАР
|
4 919,3
|
5 444,7
|
5 445,5
|
5 402,3
|
100
|
-42,4
|
-43,2
|
-0,8
|
Шығындар
|
4 322,7
|
4 647,4
|
4 647,4
|
4605,1
|
85,2
|
-42,3
|
-42,3
|
-0,9
|
Бюджеттік кредиттер
|
126,6
|
184,5
|
184,5
|
183,9
|
3,4
|
-0,6
|
-0,6
|
-0,3
|
Қаржы активтерін сатып алу
|
194,5
|
338,3
|
338,3
|
338,3
|
6,2
|
0,0
|
0,0
|
0,0
|
Қарыздарды өтеу
|
275,5
|
274,5
|
275,3
|
275,1
|
5,1
|
0,6
|
-0,2
|
-0,1
|
Достарыңызбен бөлісу: |