I. Бөлім. Логикалық есептер 1 -сыныпқа арналған логикалық есептер


Жауабы: Әр тиін 1 жаңғақты жеуге 3 минут уақыт жұмсайды. 1.13. Ас үйде тәрелкелер мен ыдыстардың қайсысы көп? Жауабы



бет8/14
Дата18.04.2024
өлшемі3.13 Mb.
#499179
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Логикалық есептер

Жауабы: Әр тиін 1 жаңғақты жеуге 3 минут уақыт жұмсайды.
1.13. Ас үйде тәрелкелер мен ыдыстардың қайсысы көп?
Жауабы: Ыдыстар.
1.14. 4 үйрек 1 үйректің алдында келе жатыр. 1 үйрек 4 үйректің артында келе жатыр. 1 үйрек 4 үйректің ортасында келе жатыр. Барлығы неше үйрек келе жатыр?
Жауабы: 5 үйрек бірінің соңынан бірі келеді.
1.15. Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш.
1.16. Кірпілер алмаға таласып жатыр. Оларға көмектесуге тиін келді. Тиін әр кірпіге бір алмадан берсе, бір алма артылып қалады. Ал әр кірпіге екі алмадан берсе, екі алма жетпей қалады. Неше кірпі бар? Неше алма бар?
Жауабы: 3 кірпі бар. 4 алма бар.
1.17. Түлкі базарда жемістер сатып тұр. Сауда жасауға оған маймыл, кірпі, қоян келді. Түлкі айтты: - 1 алма, 2 алмұрт, 3 банан 200 теңге тұрады. - 3 алма, 2 алмұрт, 1 банан 200 теңге тұрады.
Сонда 1 алма, 1 алмұрт, 1 банан қанша тұрады?
Жауабы: 4 алма+4 алмұрт+4 банан = 400 теңге.
400: 4=100 теңге. 1 алма+1 алмұрт+ 1 банан=100 теңге.
1.18. Бір жәшік алманың салмағы 25 кг. Жарты жәшік алма сатылған соң, жәшікті өлшесе 15 кг көрсетіп тұр. Ал бос жәшіктің салмағы неше кг болғаны?
Жауабы: 25 кг – 15 кг = 10 кг (алма сатылған)
10 кг х 2 = 20 кг (алма болғаны)
25 кг – 20 кг = 5 кг ( бос жәшік салмағы )
1.19. Мектеп - бақшаға 300 кг жемістер әкелінді. Алма мен алмұрт 230 кг, алма мен апельсин 200 кг. Мектеп – бақшаға әрқайсысынан неше кг әкелінді?
Жауабы: 300 кг – 230 кг = 70 кг (апельсин).
200 кг - 70 кг = 130 кг (алма).
300 кг – 200 кг = 100 кг (алмұрт).
1.20. 20 - ның жартысының жартысы артық па, не 80 - нің ширегінің ширегі ме?
Жауабы: 20: 2: 2 = 80: 4: 4 тең.
1.21. Ғабиттің бойы Ароннан биік, Талғаттан аласа. Самалдың бойы Қанаттан биік, Ғабиттен аласа. Ең бойы биігі кім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет