54. Потсдам конференциясы (1945.17.07.-2.08.). «Герман мәселесінің» талқылануы.
Потсдам конференциясы КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының қатысуымен 1945жылы 17 шілдеден 2 тамызға дейін Берлин түбінде өтті. Конференцияға КСРО жағынан И. В. Сталин, Ұлыбритания премьері У. Черчилль (оны 28 шілдеден бастап жаңа сайлауда жеңген лейборист үкіметінің басшысы К. Эттли ауыстырды), АҚШ президенті Г. Трумэн, үш елдің Сыртқы Істер министрлері қатысты, штаб басшылары қатысты.
Потсдам конференциясы Европада соғыс қорытындысын, негізінен Германияны толық қарусыздандыру, соғыс құралдарын шығаратын өндіріс орындарын толық жою шараларын белгіледі. Конференцияның қаулылары нацистік мемлекетті жоюға бағытталды.
Көптеген мәселелер алдын ала қойылып, шешіліп келген «үлкен үштіктің» бұған дейінгі екі кездесуінен өзгеше, Потсдам конференциясында соғысты бұдан былайғы жерде жүргізу жөнінде, сондай-ақ дүниенің соғыстан кейінгі құрылымы мәселелері жөнінде де көптеген маңызды, нақты келісімдер бар болатын. Сондықтан да Потсдамдағы кездесуге қатысушылардың бірқатар реттерде бұрыннан бар принципті шешімдерді қуаттауы немесе нақтылай түсуі ғана қалған еді. Алайда мұның өзі сондай бір оп-оңай іс болмай шықты, өйткені Батыстың өкілдері бұрыннан бар кейбір келісімдерді ревизиялауға тырысты, осыған байланысты конференцияда кейде шиеленіскен дипломатиялық күрес өрістейді. Сонымен бірге, әрине, талқылау, шешу керек болатын жаңа проблемалар туды. Жан–жақты талқыланған ең маңызды мәселе, тізе бүккен Германияны қайта құру туралы мәселе болды. Бұл мәселе жөнінде де 1943 жылы Сыртқы Істер министрлерінің Москва конференциясының шешімі бойынша құрылған Европалық консультациялық комиссия талдап жасаған ұсыныстар бар еді. Алайда Европада соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін жаңа жағдай туды. Батыс державаларының билеуші топтары арасында Германияның адам және экономикалық потенциалын КСРО-ға қарсы мүмкін болатын соғыста пайдаланудың Черчилдік идеясы өрістеді, сондықтан Германияны толық демилитандыру және демократияландыру жөнінде бұрын белгіленген жоспарлары Вашингтон мен Лондон саясатшыларына енді ұнамады.
Конференциядағы басты мәселе— Герман (неміс) мәселесі болғандықтан конференция Германияға қатысты барлық экономикалық, саяси жетекшілік істерін қарастырды. Бұл сұраққа қатысты жобаны Америка делегациясы ұсынды. Онда Германия бойынша Европалық консультативті комиссияның келісімімен Қырым конференциясындағы белгілі жағдайлар шешімі қамтылды. Потсдам конференциясы кезінде бұл комиссияда тағы бір құжат болды. Ол — Германияға деген кейбір қосымша талаптар келісімі. Бұл құжат алғашқы кезде Германияға деген Потсдамдағы саяси әрі экономикалық принциптер келісімін сәл жеңілдетті.
Потсдамда басшылар Германияға деген принциптер өте маңызды Германияны демилитаризациялау, демократизациялау және денацификациялау шеңберінде жүзеге асырылуы керек десті. Сондай-ақ, Германияны демилитаризацияға ұшыратып, толықтай талқандау әрі соғысқа қолдана алмайтындай етіп, Герман өндірісін жою, Германияның саяси өмірін демократиялық негізде түбегейлі реконструкциялауға дайындалу және халықаралық өмірде бейбіт ынтымақтастыққа Германияны жетелеу, ұлттық-әлеуметтік апртияны құрту, бақылаудағы ұйымдарын, филиалдарын да іске асырмау, нацистік мекемелерді тарату, қайта бас көтермеу үшін нацистік, милитаристік іс пен пропагандаға қайта айналып кетпеуін қадағалау, Германияның әскери потенциялын жою, монополистік бірлестіктерін талқандау, басты назар ішкі қажеттіліктерін өтеу үшін әлемдік өндіріс пен ауылшаруашылықты дамыту1 сөз болды. “Германия милитаризмі мен нацизмі және одақтастары құртылады. Германия енді қайтіп өз көршілеріне көз алартып қарап, күш көрсетіп, қысым жасай алмайтын болады, әлемде бейбітшілік орнайды, десті конференциядағы басшылар.
Потсдамда Германияны бақылауда ұстау механизміне келісті. Германияның жоғарғы билігі СССР, АҚШ, Англия мен Францияның қарулы күштерімен жүзеге асатын болады. “Әркім бөліп алған өз аймағында Бақылау Кеңесінің мүшелері ретінде өз үкіметтерінің құрылымдарымен Германияға қатысы бар мәселелерде бірігіп жұмыс істейтін болады.
Американдық құжатты талқылау барысында Совет делегациясы Германияның орталық әкімшілік ұйымы жөнінде өз ұсынысын білдірді. Бұл әкімшілік Бақылау Кеңесінің қадағалауымен жұмыс істеу керек болды. Әрі Бақылау Кеңесінің мақсаттарын жүзеге асыратын, жалпы Германияға қатысты қандай да бір мәселе болмасын шешімін жөнге келтіретін болсын, сол мақсатта іс жасасын делінді.4
Талқылаудан кейін конференцияда “Әзірше ешқандай орталық Германия Үкіметі құрылмайтын болды.
“Бақылау Кеңесінің бақылауында Германияның әкімшілік департаменттерінің орталықтарында ерекше маңызға ие мемлекеттік хатшылар басқаратын, әсіресе, қаржы, транспорт, байланыс, сыртқы сауда және өндіріс салаларында бүтіндей мекемелер құрылды.
Конференцияда Германияны бір ғана экономикалық бүтіндік ретінде қарастыру шешілді. Осы мақсатта жалпы саясат құрылуы керек еді, әсіресе, өндіріске, өнімді өңдеуге, ауыл шаруашылыққа Германияның импорты мен экспортына қатысты репарация төлету мәселелері қарастырылды. “Бұл үшін жергілікті жағдайларға баса назар аудару керек болды. Ол Герман экономикасына одақтық бақылау қою қажет болды.
АҚШ пен Англия Совет Одағының қызығушылықтарымен есептескісі келмеді. Олар Германияны өздерінің потенциалды одақтасы ретінде СССР-ге айдап салу деген бұрынғы империалистік ойларынан арыла алмады. Олар Германияның әскери-өндірістік потанциялын жою дегенге қарсы шықты. Совет үкіметі Рур өндірістік облысы әкімшілік қатынаста АҚШ, Ұлыбритания, СССР және Франциямен қатынассын, негізінен облысты басқару аталған төрт держава өкілдерінен құралған Совет үкіметіне берілсін деген ұсыныс тастады. Бірақ бұған яғни Рур облысына төрт жақты бақылау қоюға АҚШ пен Англия келіспеді.
Конференцияда репарация мәселесі де өте қызу талқыланды. Репарацияның жалпы құны 20 млрд долларды құрап, оның 50 пайызы Совет Одағына берілуі керек болды.
Репарация мәселесінде АҚШ пен Англия СССР экономикасының нығаюын қаламады. Бір жағынан Герман милитаризмін қозғау үшін батыстық зоналар шоғырланған Германияның әскери-өндірістік потанциалын құлдыратқысы келмеді.
АҚШ 31 шілде күні мына үш сұрақты көлденең қойды: Репарация мәселесі, Польшаның батыстық шекарасы, БҰҰ-ны құру. Советтер жағы әркім репарацияны өз территориясынан өндіріп алсын деді. И. В. Сталин: “Біз бұл соғыста өте көп мөлшерде құру-жарақ жоғалттық, соның құрығанда жиырмада бірін қайтаруымыз керек қой” деді.
Совет Одағы батыс зонадан транспорт кәсіпкерлігі мен өндірістік акцияға 500 млн. доллар және Германияның шет ел инвестициясынан 30 пайыз герман алтынын талап етті. Нәтижеде репарация жөнінде арнайы келісім қабылданып, СССР Советтік зонадағы көмір мен т.б. өнімге айырбас ретінде өндірістік капитал құрал – жабдықтарының 15 пайызын, сондай-ақ осындай құрал-жабдықтардың 10 пайызын тегін алатын болды. Батыс державалар Англия мен АҚШ өз репарацияларын батыстық зоналардан алуы керек болды.
Конференцияда, сондай-ақ, ағылшын қолындағы герман-әскери теңіз флотын және сауда флотын бөліске салу да қарастырылды. АҚШ пен Англия Герман флотын бөлуге қарсылық білдірмеді. Черчилль: “Су асты қайықтар не батырылып, әйтеуір, құртылуы керек, ал су үсті қайықтар болса, арнайы келісіммен тең бөліске түсуі керек”2 деді. И. В. Сталин “егер орыстардың Германияның әскери-сауда флотының үшеуін алуға құқы бар екені мойындалса, онда біз қанағаттанамыз”3 деді.
Совет делегациясы Черчилльдің су асты қайықтарды батыру ұсынысына келісті. Үш үкімет Үштік әскери-теңіз комиссиясын құруға келісті. Потсдам конференциясы Кенигсберг ауданын (бұрынғы Калининград) СССР-ге беруді, сол арқылы Совет Одағының Европалық қауіпсіздікті нығайтуға ұсыныс жасады.
Конференцияда әскери басты қылмыскерлер мәселесі де қозғалды. Совет делегациясы осы қылмыскерлерді тезірек жазалауға ағылшындар жасаған жобаға дайындықтарын білдірді. Бірақ мына мына ең басты қылмыскерлердің болуын баса ескертті: “Геринг, Гесс, Риббентроп, Розенберг, Кейтель және т.б.” Сталин негізгі , басты жаулардың құтылып, ал ұсақ қылмыскерлердің жазаға тартылатындығынан күмәнданды. Ағылшындар мен Американдықтар Лондонда Халықаралық трибуналда әскери қылмыскерлердің жазаланатындықтарын білдірді.
Совет делегациясы жазалылардың алғашқы тізімі 1945 ж. 1 қыркүйегіне дейін шықсын деп тұрып алды.
Осы шешімде Потсдам конференциясы халық тілеуін бекерге шығармайтын өте әділ, әділетті болды. Өйткені миллиондаған бейбіт халықтың, босқа қырылған жазықсыз адамдардың көз жасы өз қылмыскерлерін тапқан болатын.
Потсдам конференциясында бұл тенденцияға КСРО жағы батыл күрес жүргізе отырып, Европаның қауіпсіздігі жолындағы күрес және Германияның бейбіт болашағы, неміс халқының шынайы ұлттық мүдделерін қорғады. Конференцияда Германияны денацификациялау, демократияландыру және демилитандыру туралы бірлескен шешімдер қабылданды. Соғыс жылдарында АҚШ пен Англияның Германияны негізінен алғанда ауылшаруашылық сипатындағы бірнеше жеке мемлекетке бөлшектеу жоспарын жасауы. Ал 1945 жылы 9 мамырда И. В. Сталин «Германияны» бөлшектемек те, жоймақ та ниеті жоғын»1 мәлімдеген болатын.
Потсдам конференциясында бекітілген келісімде мынадай мақсаттар алға қойылды. Германияны толық қарусыздандыру және демилитандыру, әскери өндіріс үшін пайдалануы мүмкін бүкіл Герман өнеркәсібін жою, национал-социалист партиясын және оның филиалдарын жою, барлық нацистік мекемелерді тарату, нацистік және милитаристік қызмет пен насихаттауға жол бермеу, Герман саяси өмірін демократиялық негізінде қайта құруға әзірлену.
Экономикалық принциптер туралы бөлімде Германия бірыңғай экономикалық тұтастық ретінде қарастырылуы тиіс, әсіресе, «Картель, синдикат, трестер және басқа монополистік келісімдер формасындағы шоғырланған күшті жою» мақсатында Герман экономикасын орталықтандыру қажет деп айқын атап көрсетілген.
Бүкіл Германияны өзінің империялистік мақсаттарына пайдалану мүмкін еместігіне көздері жеткен Батыс державалары Потсдам келісімінде Германияның батыс бөлігін КСРО-ға және Халықаралық демократия елдеріне қарсы әзірленіп жатқан агрессияның плацдармына айналдырмақ болды. Батыс Германияны ремилитандыру және оны НАТО-ның әскери блогына енгізуге бағыт алынды. Осыдан кейін елдің шығыс бөлігінің еңбекшілері өздерінің социалистік мемлекетін – Европадағы бейбітшіліктің және неміс жеріндегі әлеуметтік процестің тірегіне айналған Герман Демократиялық Республикасын құрды.
Германияны бірнеше мемлекетке бөлшектеу туралы американдықтар мен ағылшындар мәселе қойған Тегеран және Ялта /Қырым/ конференцияларында Вашингтон мен Лондонның бұрын Германияның құрамына кіріп келген территориялар есбінен Польшаның батыс шекарасын өзгертуге келіскен болатын.
Конференция соғыстан кейінгі кейбір территориялық мәселелерді де шешті. Совет Одағына Кенисберг қаласы және оның төңірегіндегі аудан берілді. Бұрын фашистік Германия тартып алған Польша жерлері өзіне қайтарылды. Польша мен Германияның жаңа шекарасы белгіленді. Ол шекара Балтық теңізінен Одер және Нейсе өзендерінің бойымен Чехославакаияға дейін жүретін болды.
Потсдам конференциясына қатысушы үш мемлекет: Финляндия, Румыния, Болгария және Венгрия елдерімен дипломатиялық қатынас орнату мәселесімен шұғылдануға келісті. Конференция осы елдер және Италиямен бейбітшілік бітімін дайындау үшін Сыртқы Істер министрлерінің Кеңесін құрды. Оған КСРО, Ұлыбритания, Франция, Қытай, АҚШ өкілдері кірді. Кейін бұл Кеңеске Германиямен бейбітшілік қатынастарды да шешіп отыру міндеті жүктелді. Конференция Италия, Румыния, Венгрия, Болгария және Финляндиямен бітім шартын жасағаннан кейін үш ұлы мемлекет олардың БҰҰ-ға кіру жөніндегі мәселені қуаттайды деп шешті. Сөйтіп, Потсдам конференциясы соғыстан кейінгі халықаралық мәселелерді талқылап, маңызды қарарлар негізінде Германияның соғыстан кейінгі тағдыры шешілді.
Достарыңызбен бөлісу: |