«Индикаторлар жүйесі және диагностика» курсына кіріспе


Білім салалары бойынша индикаторлар жүйесі



бет9/12
Дата29.08.2022
өлшемі59.07 Kb.
#460068
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
«Индикаторлар ж йесі ж не диагностика» курсына кіріспе (1)

Білім салалары бойынша индикаторлар жүйесі

индикатор – бала дамуының көрсеткіші;


2) интеграция – жүйенің сараланған жеке бөліктері мен функцияларын тұтас жүйеге байланысқан жай-күйі, сондай-ақ осы жай-күйге келтіретін процесс;
3) құзыреттілік – мектеп жасына дейінгі баланың тәрбие, даму, білімділік деңгейі, қалыптасқан жеке басының қасиеттері, білім нәтижесінің типі;
4) негізгі құзыреттіліктер – күнделікті, кәсіби немесе әлеуметтік өмірлік жағдайларда қолданылатын, өмірдегі әралуан проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін білім, шеберлік, дағды, қабілет жиынтығы;
5) құзыреттілік тәсіл – стандарт талаптарына сәйкес оқу-тәрбиелеу процесін өз бетімен ұйымдастыру, педагогикалық әдіс-тәсілдерді таңдау;
6) білім беру ортасы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді тұлғалық, эмоционалдық, әлеуметтік және зияткерлік дамуы үшін пайдаланылатын перспективалық міндеттер мен құралдар жиынтығы қисынында құрылған мектепке дейінгі ұйымның ішкі өмірінің тұтас сипаттамасы;
7) білім беру саласы – мектепке дейінгі балалардың физикалық, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін білімді, практикалық дағды мен шеберлік жиынтығын қамтитын білім беру стандартының бір бөлігі;
8) білім беру траекториясы – педагогтің ата-аналармен және басқа мамандармен бірге белгілі мақсатқа қол жеткізу үшін межелеген бала дамуының үздіксіз процесі;
9) ұйымдастырылған оқу қызметі – педагог ұйымдастырған және тәжірибеде қолдануға қажетті білім, шеберлік, дағдыларды меңгеруге бағытталған қызметтің бір түрі;
10) үлгілік оқу жоспары – оқу мекемелерінің (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының) белгілі бір типтері үшін стандарттың бір бөлігі ретінде бекітілген негізгі мемлекеттік нормативтік құжат.
Дәріс 7 Балалар ұжымының тәрбиелік мүмкіндіктерінің диагностикасы
Баланың жеке дамуының тіркелген көрсеткіштері
құпия болып табылады және педагогтар оны ата-аналардың қаперіне қол қойғызу арқылы жеткізеді Талдау жасаудың қорытындылары
бойынша әрбір жас тобының табыстарын, әрбір білім беру саласы бойынша қатарлас жас топтарының нәтижелерін салыстыруға, жекелеген педагогтардың, сондай-ақ тұтастай алғанда бүкіл педагогикалық ұжым жұмысының сапасын қадағалауға болады. Алынған мәліметтер балалардың
жеке ерекшеліктерін және педагогтардың балалармен өзара әрекеттестігінің
сипатын неғұрлым терең зерттеудің аттанар нүктесі болуы мүмкін. Бұдан бөлек, олар білім беру жұмысын оңтайландыру бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін негіз қызметін атқаруы мүмкін. Бала дамуы жеке
траекториясының картасы жасалды. Бұдан кейін балаға психологиялық-педагогикалық демеу жасау қажет, бұл ретте оның жүйелі болғаны маңызды. Педагогтарға демеуге жүйелі кешенді және жіктеушілік сипат беруде Бала портфолиосы көмектеседі. Баланы дамытудың үздіксіздігі
барлық жас кезеңдерінде жүзеге асырылады. Портфолиода бала туралы балалар бақшасына келген сәттен бастап оны аяқтағанға дейінгі мәліметтер болады. Егер бала қандай да бір себеппен басқа топқа ауысса, онда портфолио тәрбиешілерге беріледі. Демеудің кешенділігі МДҰ
мамандарының: психологтың, логопедтің, дене шынықтыру нұсқаушысының, музыкалық жетекшінің және т. б. үйлестірілген жұмысынан көрінеді. Демеудің жіктелушілігі проблемаларды тәрбиеленуші үшін
барынша пайда-лы шешуді, әдістер мен тәсілдерді жеке іріктеп алуды көздейді. Мектепке дейінгі балалардың
жеке-психологиялық дамуының енгізілген индикаторлар жүйесі өзекті және
тәрбиенің заманауи жағдайларында өмірлік қажеттілік, өйткені ол бул жүйедегі бірқатар ақиқат проблемаларды шешеді: оны құзіретті дамуға
бағдарлай отырып, баланың жалпы дамуындағы құрамдас буын ретінде мектепке дейінгі тәрбиенің мәнін бөліп көрсету мүмкіндігін береді; МДҰ-ның әр түрлі үлгілерінде оқыту мен тәрбиелеуде көрсетілетін қызметтердің сапасын салыстыруға мүмкіндік береді; психологиялық құралдар
ретінде индикаторлар - объективті және сенімді, өйткені балалар дамуының орташа (жеткілікті) деңгейіне есептелген және мектепке дейінгі балалық шақтың өз ішіндегі дамудың мектепке дейінгі кезеңдерінің шекараларын айқын белгілейді; индикаторларды пайдаланудың
нәтижесінде алынған мәліметтер тәрбиелеу мақсаттарына түзетулер енгізеді,
балалардың перспективалық мүмкіндіктеріне («жуырдағы даму аймағына») бағдарлана отырып, дамы-тушы ортаны өзгертеді, ерекше қажетсінулері бар балаларға (дарынды және педагогикалық жағынан
қараусыз қалған) арналған дамудың жеке бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді; - индикаторлар жүйесінің көмегімен баланың жеке дамуын, сондай-ақ МДҰ-да білім берудің сапасын
басқарудың бақылау-диагностикалық функциясы бірыңғай нормативтік базасын бағалауға теңдей тәсіл қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет