“Инкюзивті білім беру” Оқытушы: Стамкулова Шолпан Ануаровна Білім алушы: Айтбаева Арайлым 2021-2022
“Инкюзивті білім беру” Оқытушы: Стамкулова Шолпан Ануаровна Білім алушы:Айтбаева Арайлым 2021-2022
Инклюзивті білім беру - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.
Толықтай кіріктірілген оқыту – дамуында бұзылуы бар балалардың нормаға сәйкес дамыған балалармен бірге оқуы (балалардың дамуы жас ерекшелік нормаға жақын және психологиялық жағынан даяр болуы).
Толық емес кіріктірілген оқыту – психикалық дамуы жас ерекшелік нормадан төмен болуынан жүйелі коррекциялық көмекті қажет етуі.
Жекелей кіріктірілген оқыту – қажетті іскерлік пен дағдыларды игеру.
Аралас кіріктірілген оқыту – сыныпта балалардың бірге оқуы, дефектолог, логопед, психолог мамандардан жүйелі көмек алуы.
Жартылай кіріктірілген оқыту – оқу күнінің жартысын арнайы сыныпта, ал жартысын әдеттегі сыныпта өткізуі.
Уақытша кіріктірілген оқыту – айына екі рет балалардың бірлесе мерекелік іс-шараларға, жарыстарға қатысуы.
Толықтай кіріктірілген оқыту – 1-2 баланың әдеттегі сыныпта немесе топта оқи алуы, коррекциялық көмекті де алуы.
Дамуында ауытқушылығы бар адамдарды оқшаулау моделі - мүмкіндігі шектеулі адамдарды «қоғамға зиян», «аяушылық нысаны», «қайырымдылық объектісі» ретінде қабылдау.
Мүгедектіктің моральдік (діни) моделі – христиан дінінде мүгедектік «күнәлары» үшін жазалау, мүгедек адам жазаланушылар деп түсіндірілсе, бұл адамның негативті әлеуметтенуіне және әлеуметтік ортадан оқшаулануына алып келеді.
Классикалық медициналық модель – адамның соматикалық және психикалық өзгешеліктерінің патологиялық ауытқумен, дефект терминдерімен түсіндірілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |