Рефлексия. Әдістер бөлімін меңгерту мақсатында «Мұнара жасау» тапсырмасы беріледі. Әр топ газет беттері мен түрлі-түсті қағаздарды, желім, скотч, флипчартты қолданып, бірлесіп мұнара жасап шығарады. Мұнараның биіктігі не қабырғаларының мықты болуының себебін сабақтың мақсат-міндеттеріне сай әдіс-тәсілдерді тиімді қолданумен сабақтастырып, сыни ойлаулары арқасында байланыстырып, түсіндіріп шығуы тиіс.
Бұдан шығар қорытынды: Сабақты түрлендіріп, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мұғалім шеберлігіне тікелей байланысты. Мұғалімнің қөзқарасы мен деонтологиялық ұстанымы, оның құндылығына қарай өз стилі болады.
Қазіргі заман мұғалімінің келбеті.
«Айналмалы бекет» әдісімен бес топ яғни бес бекетке сұрақ-тапсырмалар беріледі. 2минут бөліне отырып, әр бекетке барып, тапсырманы орындап шығады.
1 бекет: Мұғалім имиджі дегенді қалай түсінесіздер?
2 бекет: Мұғалім жұмысындағы 4қиыншылық
3 бекет: Мұғалім бойында болатын қасиеттер
4 бекет: Мұғалім ісіндегі көрегенділік
5 бекет: Болашақтағы мұғалім
Слайд-шоу. «Мұғалім имиджіне неліктен көңіл бөлу қажет?»
«Бәрі сенің қолыңда» бейнекөрсетілімі.
Қорытынды сөз: Интербелсенді оқыту үдерісін ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі белсенді емес, бірақ кадр артындағы рөлі ерекше зор. Ол сабаққа өте мұқият және шығармашылықпен дайындалуы керек, тәжірибелік тұрғыдан пайдалы тапсырмалар құрастырып, класта қалыптасатын ынтымақтастық орта туралы ойлануы тиіс.
Оқушы тұлғасын қалай жетілдіріп, қалыптастыру да, қай бағытта дамыту да – мұғалім еншісінде. Демек, мұғалім келбеті мен құндылығы қалай болмақ, солай болашақ ұрпақ тәрбиеленіп шығады.
Бекіту сұрақтары:
«Бәсекеге қабілеттілік» ұғымын қалай түсіндірер едің?
«Интербелсенді оқытудың» негізгі сипаттамалары қандай?
Қандай интербелсенді оқыту әдістері бар?
Профессор Леонтьевтің «Педагогикалық технологияны жаттап алып, педагог болуға болмайды» деген сөзіне сіздің пікіріңіз қандай?
Қалайша инновациялық педагогикалық әдістер бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге көмектеседі?
Оқыту пирамидасы бойынша қалай оқытқанда жадымызға жақсы сақтаймыз?
«Мұғалім имиджі» (келбеті) ұғымы нені білдіреді?
Интербелсенді оқыту үдерісін ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |