Ырғыз аудандық білім бөлімі м. ТӨлегенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет1/7
Дата22.09.2022
өлшемі148.5 Kb.
#461130
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
КТП Динтану


ЫРҒЫЗ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
М. ТӨЛЕГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА
МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ырғыз аудандық білім бөлімінің


« » ____________ 2018 жылғы


№___ бұйрығымен
Б Е К І Т І Л Д І

«ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ»


БАҒДАРЛАМАСЫ
(9 сыныпқа арналған)

Құрастырған:Ақшыманов Дарын Рыстығұлұлы




Ақши - 2018 ж

1. Бағдарламаның негізі: ҚР Білім және Ғылым Министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша құрылды.

Құрастырған: Ақшыманов Дарын Рыстығұлұлы
М.Төлегенов атындағы орта мектебі ұйымының педагогикалық кеңесі отырысында «Зайырлылық және дінтану негіздері» бағдарламасы талқыланды.
Хаттама № «______» «_____ » «______________» 2018 жыл.

Мектеп директоры: Ғ.Ә.Әжмағанбетов


Аудандық сараптау комиссиясының отырысында «Зайырлылық және дінтану негіздері » бағдарламасы мақұлданды.

Сараптау комиссиясы төрайымы


Ырғыз аудандық білім бөлімінің
әдістеме кабинетінің меңгерушісі: __________А.М.Нарегеева
Хаттама № «______» «_____ » «______________» 2018 жыл.

М.Төлегенов атындағы орта мектебі бойынша


9- сынып білім алушыларына жүргізілетін
«Зайырлылық және дінтану негіздері»
тақырыбындағы таңдау курсы жұмысына
П і к і р
2018-2019 оқу жылында 9-сынып білім алушыларына аптасына бір сағаттан «Зайырлылық және дінтану негіздері»тақырыбындағы таңдау курсы жүргізіледі.
Курстың мақсаты:-оқушыларды «зайырлылық »ұстанымын құндылық,яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға ,дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;
- зайырлылық рухани –адамгершілік құндылықтар,мемлекет тұрақтылығының басты факторы ретінде қабылдау,дінді мәдинет ретінде қабылдауға үйрету,білім жүйесіне және ой –өрісін кеңейтуге ықпал ету;
Курстың міндеттері:-оқушыларға діннің мәні ,тарихы және оның қазіргі қоғамдағы рөлі жөнінде жүйелі мәлімет беру ;
зайырлылық ұстанымдарын мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің негізі ретінде таныта отырып,осы бағыттағы білімін қалыптастыру;
зайырлылық тұрғысынан діни сана ,діни сенім,діни таным және діни тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету ;
Оқушылар көп нәрсені үйренеді: өздігінен ізденуге, кесте толтыру, ғылыми рефераттар жазу, түрлі хабарламалар дайындап мәліметтерді жинастыру, ақпаратпен, картамен жұмыс және де түрлі презентациялар (слайд) жасайды. Оқу барысында дәріс арқылы алған білімдері сарамандық жұмыстар мен сынақ жұмыстар (тест) арқылы толықтырылады.
Дәптерге дәрістер, тезистер құрады, кесте, сызбанұсқа, ақпарат көздерінен жиналған түрлі мәліметтер, диаграммалар, сонымен қатар рефераттар дайындап, слайд жасалып, әрбір жұмысты қорытындылап, талданады.
Таңдау курсының құрылымы мен мазмұнын іріктеу барысында оқу материалы және пәнаралық байланысты жалғастыру тәсілі негізге алынған, сынып ішіндегі білім алушылардың жас ерекшеліктері ескерілген, оқыту үдерісінің тұлғалық-бағдарлану тәсілі қарастырылған.
Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген білім алушылар өмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты мен ерекшеліктері,Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәнін түсінетіндей мағлұматтар мен білім алады
Қоғамдық- гуманитарлық пәндер
бірлестігінің жетекшісі: А.Қ.Қалмағамбетова
М.Төлегенов атындағы орта мектебі бойынша
9- сынып білім алушыларына жүргізілетін
«Зайырлылық және дінтану негіздері»
тақырыбындағы таңдау курсы жұмысына


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет