Тақырып: Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау.
Жоспар:
1. Атмосфералық ауаның қазіргі жағдайы.
2.”Атмосфералық ауаны қорғау туралы” Қазақстан Республикасының заңы және атмосфералық ауаны қорғау саласындағы басқа да заңдар.
3. Атмосфералық ауаның сапасын және оған зиянды физикалық әсер етуді экологиялық нормалау.
Лекцияның мақсаты: Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап алға басуы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше назар аударуды алға тартуда.
Лекцияның мәтіні:
1. Атмосфералық ауаның қазіргі жағдайы.
Бұл жәйтті Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде атап өткені мәлім. Онда экологиялық апаттарды болдырмау мәселелерін алдағы уақытта нығайта беру алға тартылды.
Біз қазақ жерінің кеңдігін, оның орасан зор байлығын, әсем табиғаты мен жағымды ауа райын мақтан етеміз. Ал, оның ішінде Алматы облысы орналасқан, ежелден жер жәннаты – Жетісу атанған өлкенің орны өз алдына бір төбе.
Жетісудың табиғатын аялап, оның байлықтарын қаз-қалпында сақтап, қолдан келсе, көркейтіп отыру – баршаға ортақ парыз екені анық. Бұған тікелей жауап беретін мемлекеттік деңгейдегі құзырлы мекемелер жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі – Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Басқарманың басты міндеті – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі біртұтас мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу және салалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бұл бағыттағы қызметін үйлестіріп, табиғатты тиімді пайдаланудың бірқатар түрлеріне лицензиялар беру. Сонымен бірге, жердің, судың, ауаның ластануына жол бермеу шараларын қарастырады. Аймақтарда экологиялық сараптама жүргізеді және экологиялық аудит жасауға құқылы.
Үстіміздегі жылғы белгіленген жұмыстарды басқарма қызметкерлері биыл қабылданған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің баптары негізінде жүргізуде. Басқармадағы инспекциялық жұмыстардың барлығы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғат қорғауды бақылау комитетімен келісілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Өткен мерзім ішінде қоршаған ортаны қорғау нысандарына 688 тексеру жасалып, 10 миллион 213 мың теңгенің айыппұлы салынды. Басқарманың мемлекеттік экологиялық сараптама бөліміне 865 құжат түсіп, оның 796-ы қаралды.
Сонымен бірге, облыс көлемінде қоршаған орта туралы халық арасында экологиялық білім беру, насихаттық жұмыстарды жүргізу, тұрғындардың экология жөніндегі танымын кеңейту, бұл бағытта үкіметтік емес, қоғамдық саяси, жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мүмкіндігін пайдалануға баса назар аударылып отыр. Мәселен, Текелі және Талдықорған қалаларында үкіметтік емес, жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен үш мәрте экологиялық сенбілік өткізілді. Бүкілдүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты дәстүрлі облыстық экологиялық форум болып, оған 600 адам қатысты.
2.”Атмосфералық ауаны қорғау туралы” Қазақстан Республикасының заңы және атмосфералық ауаны қорғау саласындағы басқа да заңдар.
Қоршаған ортаны қорғау жөнінде 7 дөңгелек үстел өткізіліп, 38 лекция оқылды, 13 семинар ұйымдастырылды. Санитарлық тазалық айлығы қураған ағаштарды кесу, орнына ағаш егу және басқа да науқандық жұмыстар кезінде басқарма қызметкерлері 25 экологиялық рейдке қатысты. Экологияға байланысты тұрғындардан 112 өтініш түсті. Оның 111-і қаралып, қанағаттанарлық жауап берілді. Басқарманың қызметіне және өткізілген шаралар жөнінде газеттерге 80 мақала жарияланып, телеарналардан 19 телебейне көрсетілді. Сол секілді, дәстүрлі “Іле – Балқаш” регатасына арналған шаралар да өз нәтижесін беріп келеді.
Тікелей министрліктің ұсынысымен аймақтардағы басқарма басшыларының экологиялық мәселелер жөніндегі есебін тыңдау дәстүрге айналды. Осы кездесулердің пәрменділігі қандай? Енді осыған тоқталғанды жөн көріп отырмын. Басқосуларда жергілікті тұрғындар, табиғат пайдаланушылар, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар және саяси партиялар өкілдері аймақтардағы экологиялық проблемалар жөнінде нақты мағлұмат алды және олардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ой-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік жасалды. Табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қолданыстағы заң талаптары бойынша түсініктемелер берілді. Қазіргі кезде облыстың аудандары мен қалаларында басқарманың 18 мемлекеттік өкілетті инспекторы жұмыс істейді. Инспекторлардың халықпен байланысын нығайту, экология жөніндегі жергілікті проблемаларды талқылау және нақты шараларды айқындау мақсатында олардың аудандар мен қалалардағы есебі тыңдалды.
Алайда, мемлекет тарапынан қоршаған ортаны қорғауға осындай заңдық негізде бақылау жұмыстары жүргізілгенмен, табиғатты пайдалануда қамқорлық емес, қорқаулық көзқарастың жойыла қоймағанын мойындауымыз керек. Мәселен, Қапшағай қаласындағы бұрынғы “Вимпекс” арақ зауытының қалдықтары ауаны ластап, қала тұрғындары мен демалушыларға қиындық келтіруде. Сондай-ақ, Іле ауданындағы “Филипп Морис Қазақстан” серіктестігі де өндіріс қалдықтарын жасырын сақтап, қоршаған ортаға мол зиян келтіргені анықталды. Алматы қаласына таяу орналасқан Қарасай, Іле және Талғар аудандарының экологиялық жағдайы баса назар аударуды қажет етеді. Тау аймақтарының бірқатар көрікті жері аталған аудандарға қарайды. Аудандар территориясындағы шатқалдардың орманы оталып, беткейі түзетіліп, шағын тау өзендері бойына зәулім үйлер салынып, оның айналасы дуалдармен қоршалып жатқаны жасырын емес. Кез келген тексерушіні жолата қоймайды. Олардың қарулы күзетшісі және бар. Сән салтанатты сауналар мен моншалардан шыққан лас су тау өзендеріне құйылып жатыр. Осындай нысандарға уақтылы экологиялық сараптама жасап, заңдық тексеру жүргізу мүмкін болмай отыр.
Қазіргі кезде ірі елді мекендерде тұрмыстық қалдықтарды сақтау жөніндегі мәселелер күн тәртібіне қойыла бастады. Мәселен, Талдықорған қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтауға арналған полигон әлі күнге шешілмей келеді. Бір таңқаларлығы сол, оған жыл сайын жергілікті бюджеттен мол қаржы бөлініп игерілгенімен, ешқандай нәтиже жоқ. Полигонның қазіргі жағдайы экологиялық-санитарлық талаптарға сай келмейді. Ол Қаратал өзені ғана емес, Балқаш көліне де қауіп төндіруде. Сонымен бірге, облыс орталығының маңайындағы елді мекендерде қалдықтарды сақтау жайы да сын көтермейді.
3. Атмосфералық ауаның сапасын және оған зиянды физикалық әсер етуді экологиялық нормалау.
Басқармаға қарасты арнайы жабдықталған топырақ, су және атмосфералық ауаға сараптама жасау жөніндегі зертханалардың қорытындысына сүйенсек, облыстың экологиялық жағдайы тұрақты деп баға беруге болатындай.
Алайда, облыстың бүгінгі өсу, өркендеу және даму қарқыны қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, елді мекендерді көркейту, көріктендіру бағыттарында бірқатар мәселелерге назар аударуды қажет етуде.
Мысалы, Талдықорған қаласынан жылына 100 мың тонна, Қапшағай қаласынан 30 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Соны өңдейтін зауыт салудың уақыты келген сияқты. Алакөл, Балқаш көлдерінің тазалығын сақтауға мемлекеттік қолдау көрсетілуі керек. Оған Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының да ортақ көзқарасы, көмегі болуы тиіс.
Облыс территориясындағы Достық, Қорғас, Қалжат және Қарқара кедендері арқылы Қытай және қырғыз елдерінен өтетін көліктерден экологиялық төлемдер алынбайды. Бұл елдер бізден баратын көліктерден нақты төлемдер алады. Аталған кедендерге арнаулы пункттер орнатып, халықаралық стандарттарға сәйкес төлемдер алуды жүзеге асыратын уақыт жетті деп ойлаймын. Бұл қаржы еліміздегі экологиялық мәселелерді шешуге, тұрақтандыруға, жақсартуға жұмсалар еді.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 292-бабы бойынша жергілікті атқарушы органдарға қалдықтарды сақтау, оны өңдеу, тиісті орындарға тасымалдау, оларды полигондарға орналастыру, қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, жауапты кәсіпорындар құру және басқа да міндеттер жүктелген. Сондықтан да аудандық және ауылдық әкімдіктер қоршаған ортаны қорғауға арналған заң талаптарына сәйкес өз аймақтарындағы жер, су ресурстарын сақтауға, оны заң талаптарына сәйкес пайдалануға қатаң бақылау орнатуы керек.
Әсіресе, табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын құндылықтарға ерекше көңіл аудару қажет. Оның ішінде аң, құстың жөні бөлек. Асқар таулар әлеміндегі бұғы, маралға, арқар, елікке, қырғауылға, далалы жерлердегі қарақұйрыққа, ақбөкенге қаруын ала жүгіретіндер, қызық үшін қызықтаушылар жоқ деп айта алмасақ керек. Олардың жолын кесу кейде бізге оңай соқпайды. Табиғат аясына шығып демалушылардың барған жерін жаудай жапырып, қалдықтарды шашып кететіні, өрт қауіпсіздігін сақтамайтыны және бар. Жалпы, табиғатты қорғау жағынан мәдениетіміздің кемшіндігі әр жерде көрініп қала беретіні өкінішті.
Қорыта айтқанда, қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлығын сақтау – болашаққа деген қамқорлық, ұрпаққа қалдырар мұра. Сондықтан да Елбасы Жолдауларын қоршаған ортаны қорғаудағы, табиғи ресурстарды пайдаланудағы сындарлы ұсыныстары бізге жаңа міндеттер мен мол жауапкершілік жүктейді. Бұл ең бірінші қоршаған ортаны қорғаудың да бәсекеге барынша қабілетті болуына жағдай жасайды деген сөз. Демек, біз табиғи байлығымызды аялы алақанда сақтауға мүдделіміз, әрі міндеттіміз.
Атмосфераның негiзгi ластануы түстi металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен көлiк шығарындыларымен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануынан қатердiң нақтылығы халық денсаулығының нашарлауына да және қоршаған ортаның тозуына әсер етедi.
Атмосфералық ауаның ластану проблемасы негiзiнен республика халқының жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға тән.
Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейiнiң себебi - өндiрiстiң ескiрген технологиялары, тиiмсiз тазартқыш құрылыстар, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуы болып табылады. Кәсiпорындардың 20%-тен астамының нормативтiк санитарлық-қорғау аймағының болмауы себептi өндiрiс орталықтары халқының басым бөлiгi зиянды шығарындылардың әсерi жоғары аймақта тұрып жатыр.
Автомобиль санының күрт көбеюi iрi қалаларда (Алматы, Өскемен, Шымкент) көмiртегi оксидi мен азот диоксидi жиналуын ұлғайтады, мұндай заттардың орташа жылдық шоғырлануы бұл қалаларда шектi мөлшерден асып түседi.
Ауа бассейнiнiң ластануы, сондай-ақ көмiрсутегi шикiзатының бұрынғы кен орындарын дамытумен және жаңа кен орындарын игерумен де байланысты, бұл атмосфераның күкiртсутегiмен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседi. Алауларда iлеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкiрт пен азот оксидтердiң едәуiр көлемiн атмосфераға шығарумен қатар жүредi, кен орындарының төңiрегiнде жоғары жылу аясы қалыптасады.
1993 жылдан 2000 жылға дейiн зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негiзiнен өндiрiс құлдырауының есебiнен 5,1 млн. тоннадан 3,2 млн. тоннаға дейiн кемiдi. Соңғы жылдары экономиканың өрлеу жағдайларының өзiнде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3,2 - 3,4 млн. тонна деңгейiнде тұрақтандыруға мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жаппай енгiзудiң және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау жүргiзудiң нәтижесiнде қол жеткiзiлдi. Мұндай тетiктердi одан әрi жетiлдiру 2010 жылдан кейiн қоршаған ортаны мөлшерден тыс ластайтын кәсiпорындарға қойылатын экологиялық талаптарды күшейту арқылы шығарындыларды жоспарлы түрде төмендетуге кiрiсуге мүмкiндiк бередi.
Aуa бассейнi ластануының жоғарылау қаупiн болдырмау жөнiндегi қажеттi шаралар қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қысқа мерзiмдi бағдарламаларда көзделетiн болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Атмосфералық ауаны қорғау туралы дауларды шешу тәртібі.
2. ҚР-ның атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік.
3. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
4. Атмосфералық ауаға зиянды әсер ету көздерінің мемлекеттік есебі.
Достарыңызбен бөлісу: |