ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰЖАТТАМАСЫНА КЕЛЕСІЛЕР КІРЕДІ:
Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы.
Нормативтік құжаттама;
Психологиялық қызметтің жұмыс жоспары;
Психодиагностика, психологиялық тренингтердің, дамыту және түзеу жұмыстарының
бағдарламалары;
Психологиялық дәрістердің, тренингтердің және психологиялық жұмыстың басқа да түрлерінің әдістемелік әзірленімдері;
Психодиагностикалық әдістемелер тізімі және мәліметтер қоры;
Оқушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық дамуының дербес карталары, топтық
психологиялық портреттер;
Психологиялық байқау нәтижелері, қорытындылар, ұсынымдар;
Психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін тіркеу журналдары:
топтық жұмыс түрлерін есепке алу журналы
дербес жұмыс түрлерін есепке алу журналы (консультациялар)
өтініштерді тіркеу журналы, т.б.
Белгіленген кезең ішіндегі психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдау есептері.
ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ҚҰЖАТТАМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Құжаттама білім беру мекемесі шеңберінде жұмыс жасайтын психологиялық қызмет үшін бірыңғай болып табылады және екі тілде рәсімделеді.
Құжаттама тізімі оқу мекемесі номенклатурасының «Психологиялық қызмет» тарауына енгізіледі. Әр папкаға номенклатуралық нөмір тағайындалады.
Психологиялық қызметтің құжаттамасы Психологиялық қызмет кабинетінде сақталады.
Құпия сипаттағы құжаттама білім алу барысына қатысатын өзге субъектілерге тек қана
баланың, ата-ананың немесе олардың орнындағы тұлғалардың келісімімен психологтың әдеп
кодексінде жазылған талаптарды ескере отырып қолжетімді болуы мүмкін.
Құжаттаманы жүргізу сапасы үшін педагог-психолог жауапты. Егер мекемеде 2 және одан көп
педагог-психолог болса, олардың әрқайсысы лауазымдық нұсқаулықтарда бекітілген міндеттер шеңберінде құжаттаманы жүргізу және оның бүтіндігін қамтамасыз ету үшін жауапты болады.
Психологиялық қызметте кадрлық ауыс-түйістер болған жағдайда педагог-психолог құжаттаманы басқа педагог-психологқа тапсырады, қабылдау-тапсыру акті жасалады. Әрі қарай құжаттаманың бүтіндігі үшін оны қабылдау-тапсыру актіне сәйкес қабылдап алған педагог-психолог жауапты болады. Мекемеде педагог-психолог жоқ болған жағдайда
құжаттаманың бүтіндігі үшін бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |