Жалпы білім беру бағдарламасы мен психологияны оқыту: жалпы мәдениет пен дүниетанудың құрамды бөлігі ретіндегі психологиялық білімді оқыту; психологиялық танымның және психологиялық тәжірибенің әдістерімен танысу



бет1/3
Дата19.11.2022
өлшемі17.38 Kb.
#465264
түріСеминар
  1   2   3
13апта


​ 13 семинар
Жалпы білім беру бағдарламасы мен психологияны оқыту: жалпы мәдениет пен дүниетанудың құрамды бөлігі ретіндегі психологиялық білімді оқыту; психологиялық танымның және психологиялық тәжірибенің әдістерімен танысу; басқа адамдарды тану амалы ретінде психологияны оқыту; өзін-өзі тану құралы ретінде психологияны оқыту; өзін-өзі дамыту құралы ретінде психологияны оқыту; кәсіби бағытталу.
Психологияны оқыту мен орта кәсіби білім берудің білім беру бағдарламалары: психологиялық білімнің негіздерін оқыту; психологияның әдістерімен танысу; білім алушылардың кәсіби мамандануына сәйкес келетін,қолданбалы психологиялық білімдерді оқыту; психологиялық білімдерді болашақ кәсіби іс-әрекет шеңберіндегі тәжірибелік міндеттерді шешу үшін қолдануды үйрету; білім алушылардың жалпы психологиялық мәдениетін қалыптасуы. Оқу жоспары және психологияны оқыту бағдарламасы.
Психологияны оқыту принциптері: ғылымилық; жүйелілік; эмоционалдық пен рационалдықтың бірлігі; психологияны оқытудағы жеке тұлғаға бағытталуға және пәндік – бағыттаушылық тұрғысындағы бірлігі; теориялық және эмпирикалық білімнің бірлігі; қолжетімділік; көрнекілік; білім берудегі белсенділік; психологияны оқытудың тәжірибемен байланысы; психологияны оқыту дамытушы сипатқа ие болуы тиіс.
Психологияны оқыту әдістемесі кез-келген педагогикалық пән ретінде педагогикалық пәндер қатарына жатады және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарына сүйенеді. Нақты психологияны оқыту болғандықтан ғана оқыту психологиясы, психологияны оқыту әдістемесінің негізі болып саналмайды, себебі оқыту әдістемесі мәннің мазмұнына қатысы жоқ. Педагогикалық психология тұрғысынан алғанда оқушы мен оқытушының әрекеттерін ажырата білу қажет. Студенттің оқу әрекеті оны жоғары дәрежелі маман етеді, ал оқытушының әрекеті студентті маманға айналдырудың тиімді жолдарын қамтамассыз ету болып табылады. Осы себептен ғылыми негізделген оқыту әдістемесі үшін студенттің оқу әрекетінің психологиялық шарттарын, нақтырақ айтсақ, білімді игерудің (психологиялық механиздерін) дайындалып жүрген болашақ мамандығының кәсіби әрекетінің дағдылары мен іскерліктерін игеруінің психологиялық механизмдерінашуды қарастыру қажет. Психологияны оқыту әдістемесі ықпал ету обьектісінің ерекшеліктерін яғни студенттің ерекшеліктерін ескеруі қажет. Психология мен көптеген студенттер қызығады, олар оны оқи отырып өздерін таниды, кейін олар психологиялық білімді өзінің болашақ адамдармен жұмыс барысында қолданатынын түсінеді. Психология оқытушының алдында тұрған негізгі міндет – оқушының оқу әрекетін қалыптастыру немесе психологияны оқуға үйрету. Оқу әрекетін қалыптастыру бұл – психологияны дұрыс оқуға үйрету. Психологиялық тұрғыда бұл мәселе былай тұжырымдалады: оқушының санасынан тыс белгісіз игеріліп қалай белгілі болады, обьективтіліктен субьективтілікке қалай айналады? Осы сұраққа жауап дұрыс оқуға жол көрсетеді. Осы мәселемен кеңестік психологияда 50 – жылдары айналысқан Г.Я.Гальперин және оның ізбасарлары болды. Адам санасынан тыс нәрселер қалай ішкі ақыл-ойға яғни сананың жетістігіне, оның ақыл-ой жемісіне айналады? Деген сұраққа жауап іздеу П.Я.Гальпериннің жоспарлы кезеңмен ақыл-ой әрекетін қалыптастыру концепсиясына әкелді. Бұл концепцияның жалпы психологиялық мәні өте кең, себебі ол қойылған сұраққа жауап беріп ғана қоймайды сонымен қатар бұл бағдарлаушы әрекет ретіндегі психология пәні туралы ілім, жануарлар психикасы дамуынан айырмашылығы бар адам психикасы эвалюциясы тұралы білім, психикалық әрекеттің түрлері мен формалары (қабылдау зейін, ойлау) және олардың қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым, психикалық әрекеттің негізгі элементтері, яғни мұраттағы әрекеттер мен образдардың қалыптасу заңдылықтары, яғни ақыл-ой амалдары мен ұғымдарының (қалыптасуы туралы) педагогика тілінде «білім – іскерлік – дағды» деп белгіленетін ұғымдарының қалыптасуы туралы ғылым. Осы теорияға сәйкес (ғылым) оқу саналы әрекетті қалыптастыратын іс-әрекет ретінде құрастырылыды. Қазіргі қоғам білім беру жүйесіне қоғамның өзгермелі жағдайына жеңіл бейімделетін болашақ мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін жаңа талаптар қояды. Мұндай дайындық әртүрлі ғылыми саладағы білімдердің тек жиынтығына ғана тәуелді болмауы тиіс. Оқылатын пәндердің мазмұны мен әдістемесі, нәтижесінде бітіруші студент психологиялық ойлаудың қызметтік мүмкіндіктерін меңгеріп шығатындай, нәтижелі әрі ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарланған болуы қажет. ЖОО оқу нақты студент үшін болашақта өзінің кәсіби іс-әрекетінде сәтті қолдануға мүмкіндік беретін негізгі теориялық және практикалық білім алу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет