Жалпы білім беру пәндері – 2 кредит


Іскерлігі: Бетон толтырғыштары қасиетін, бетон қасиетіне толтырғыш түрлерінің әсерін, бетон өндірісіне жарамдылығын анықтауды бағалай алады



бет3/3
Дата25.06.2016
өлшемі428.5 Kb.
#158056
1   2   3

Іскерлігі: Бетон толтырғыштары қасиетін, бетон қасиетіне толтырғыш түрлерінің әсерін, бетон өндірісіне жарамдылығын анықтауды бағалай алады.

Дағдысы: Шикізат материалдарын сынау жүргізуде; дайын өнім сапасын бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс орындауда тәжірибелік дағдысы бар.


Құзіреттілігі: Экологиялық қауіпсіздікті және ресурстарды экономдауды ескере отырып шикізат материалдарын тиімді пайдалану аймағында базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Уркинбаева Ж.И.

15

AMat 0315

Әрлеу материалдары

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны- 5.



Пререквизиттер - 101 кредит.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Қажетті техникалық сипаттамаларымен және олардың зауыттық тиімді технологиялық қабылдауларымен әрлеу материалдары мен бұйымдарын жасау принциптері туралы мағлұмат алу.

Қысқаша мазмұны: Керамикалық әрлеу материалдары. Минералды байланыстырғыш негізіндегі әрлеу материалдары мен бұйымдары. Минералды қорытпалардан алынатын әрлеу материалдары мен бұйымдары. Полимерлік әрлеу материалдары мен бұйымдары. Ағаш негізіндегі әрлеу материалдары мен бұйымдары.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Әрлеу материалдары мен бұйымдарын өндіру және қолдану аймағында ғылыми-техникалық ілгерлену перспективасын біледі.

Іскерлігі: Қажетті техникалық сипаттамаларымен және олардың зауыттық тиімді технологиялық қабылдауларымен әрлеу материалдары мен бұйымдарын жасау бойынша алдына негізделген мәселелер қоя біледі.

Дағдысы: Шикізат материалдарын сынау жүргізуде; дайын өнім сапасын бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс орындауда тәжірибелік дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Әрлеу материалдары мен бұйымдарының қасиеттерін бағалау әдістерін, сандық көрсеткіштерімен және оларды анықтауда әдістемелік принциптерімен жұмыс істеуде базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Уркинбаева Ж.И.

16

GMat 0316

Гидроизоляциялық материалдар

Кредит көлемі- 2 (1+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны– 3.



Пререквизиттер - 65 кредит.

Постреквизиттер – «Бетон технологиясы 1,2», «Жылуизоляциялық және акустикалық материалдары», «Құрылыс керамикасы», «Әрлеу материалдары»

Оқыту мақсаты: Түрлі гидроизоляциялық материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын алудың теориялық негізін терең білетін, құрылыстың дамуы үшін білімін көрсете білетін, капиталды салымдардың тиімділігін көтеру, изоляциялық материалдардың ұзақ уақыт шыдамдылығын жоғарлататын мамандарды даярлау.

Қысқаша мазмұны: «Гидроизоляциялық материалдар» пәні гидроизоляциялық материалдар өндірісінің техникалық мүмкіншілігін, ғимараттар құрылысында және энергетикалық және технологиялық жабдықтарды монтаждауда қолданылатын материалдар мен конструкцияларды таңдау талаптарында кеңінен базаланады. Гидроизоляциялық материалдарды дайындаудың теориялық негізі, гироизоляциялық материалдар өндірісінің жалпы принциптері және арнайы тиімді гидроизоляциялық материалдарды дайындаудағы технологиялық ерекшеліктері көрсетіледі.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Гидроизоляциялық материалдар өндірісі және қолдануы аймағында ғылыми-техникалық ілгерленуі перспективасын, гидроизоляциялық материалдар мен шикізаттардың олардың өндірісі үшін функционалды қасиеттерін оқу, негізгі гидроизоляциялық материалдар, шикізаттардың түрлері, оларға техникалық талаптар туралы мағлұматтарды біледі.


Іскерлігі: Гидроизоляциялық материалдар және бұйымдар қасиетін бағалауды және оларды анықтаудағы әдістемелік принциптерді, сонымен қатар эксплуатация жағдайына едәуір перспективті материалдар мен бұйымдарды таңдауда, гидроизоляциялық материалдар мен бұйымдар алуда технологиясын, өндірістік изоляция конструкцияларын монтаждау және ғимараттарды әрлеуді біледі..

Дағдысы: Гидроизоляциялық материалдарды тиімді пайдалану және дайындау технологиясында, гидроизоляциялық материалдар мен бұйымдарды жасауда негізігі принциптерде тәжірибелік дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Гидроизоляциялық материалдар мен бұйымдардың қасиеттерінің бағалау әдістерінде және әдістемелік принциптерде және оларды анықтауда жақсы жұмыс істеуде базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Уркинбаева Ж.И.

Профилді пәндер – 27 кредит

Жалпыбілімдік траектория – Металл конструкцияларын дайындау

17

KMeh 0317

Құрылыс механикасы

Кредит көлемі 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 5



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – «Құрылыс материалдарын өндіру кәсіпорынын жобалау».

Оқыту мақсаты: Сырық жүйесін есептеу саласында білім беру. Есептеу түсінігі келесі сатылардан тұрады: есепті сұлбаны таңдау, ішкі күштерді табу, эпюраларды салу және ішкі күштердің әсер ету сызығын салу, ішкі күштердің максималды мәндерін табу және үш түрлі есептің біреуін табу.

Есептің бірінші түрінде қиманың көтергіш қабілетін табу керек, екіншіде – конструкцияның көлденең қимасының өлшемін таңдайды және үшіншіде сыртқы күштің максималды шекті мәні табылады.



Қысқаша мазмұны: Ғимараттардың есептік сұлбалары. Жүйелер және элементтері: сырықтар, пластиналар, көлемдер және массивті денелер, элементтердің бір жүйеге қосу шарттары және іргетаспен жалғастыру. Әртүрлі қосылыстардың және тіректердің статикалық және кинематикалық талдау. Өзгермейтін, өзгеретін және бір мезетте өзгеретін жүйелер.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Сырықты жүйелердің элементтерінің ішкі күштерін табу әдістері (көп пролетті арқалықтар, аркалар, фермалар, рамалар); статикалық белгілі және статикалық белгісіз жүйелердің айырмашылықтары; жазық және кеңістікті фермалардың түрлері және күрделі фермалардағы күштерді анықтау.
Іскерлігі: сырықты жүйелердің геометриялық өзгермегіштігін зерттей алады; статикалық және қозғалатын жүктеуден болатын күш сызығын сала алады, сонымен қатар эпюрасын.
Дағдысы: имеет практические навыки определять невыгоднейшее положение нагрузки на сооружении; использовать теорию матриц для расчета статически определимых балок и рам.
Құзіреттілігі: Кинематикалық әдіспен әсер сызығын сала алады; статикалық белгілі және статикалық белгісіз жүйелерде орын ауыстыруды таба алады.
Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Туруспеков С.К

18

Мatt 0318

Материалтану

Кредит көлемі -2 (1+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны -3



Пререквизиттер –31 кредит

Постреквизиттер – «Металлдар технологиясы», «Темірбетон өндірісінің технологиясы».

Оқыту мақсаты: Керекті қасиеттері бар құрылыс материалдарды алудың материалтану негіздерін оқыту.

Қысқаша мазмұны: Құрылыс материалтанудың негіздері: материалдың құрылысы, құрамы және қасиеттерінің байланысы. Алудың технологиялық принциптері, функционалды, эксплуатацилық қасиеттер, металл конструкцияларының қолдану аймағы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Құрылыс материалдардың түрлерін біледі, қасиеттері және құрылымын, әртүрлі құрылыс материалдардың өндіру технологиясын.

Іскерлігі: Құрылыс материалдардың қасиеттерін таба алады. Жобалау жұмыстарында материал таңдағанда тиімдісін таба алады.

Дағдысы: Өндірісті бақылауда іскерлік қабілеті бар, құрылыс материалдардың құрылымын және қасиеттерін таба алады.

Құзіреттілігі: Материалдардың ұзақ мерзімділігі туралы негізігі білімін көрсетеді, жоғарғы эксплуатациялық сапаны қамтамасыз етуде, үнемдеуде және эстетикалық қасиетін сақтауда білімі бар.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Уркинбаева Ж.И.

19

MKK 0319

Металлды коррозиядан қорғау

Кредит көлемі - 3(2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер –101 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: студенттерді металлды коррозиядан қорғау туралы білім беру.

Қысқаша мазмұны: Коррозиялық процесстердің түрлері және жіктелуі. Химиялық коррозия. Электрохимиялық коррозия. Коррозиялық сынақтардың түрлері. Негізгі металлдармен балқымалардың коррозиясы. Коррозияға төзімді материалдар. Коррозиядан қорғау шаралары.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Коррозиялық процесстердің жіктелуі, коррозиялық сынақтардың түрлері, коррозиядан қорғау шаралары.

Іскерлігі: Коррозиялық сынақтарды және бағалауды жүргізе алады, коррозиялық процесстерді ажырата алады және металл конструкцияны қорғау тәсілінің ең тиімдісін таңдай алады.

Дағдысы: Металл конструкцияларын қорғауда іскерлік дағдысы бар.

Құзіреттілігі: антикоррозиялық шараларда негізгі білімін көрсетеді

Бағдарлама жетекшісі: Т.ғ.к., доцент Токаев С.Д.

20

TOT 0320

Темірбетон өндірісінің технологиясы

Кредит көлемі - 3(2+1+0), ECTS бойынша кредит саны– 5.



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – «Цемент өндірісінің технологиясы», «Силикат өндірісінің технологиясы».

Оқыту мақсаты: Қазіргі заманғы құрылыс материалдардың негізгі түрлерін зерттеу, өндіру технологиясының негіздері және тиімді пайдалану.

Қысқаша мазмұны: Жалпы түсінік. Кен шығатын емес материалдар комбинатының машиналары мен жабдықтары: қиыршық тас-құмды, сораптар, ұсақтау-сорттау шаруашылығы, тасымалдау механизмі. Жүк түсіргіш машиналар мен механизмдер. Бетон араластырғыш қондырғылар. Арматура дайындауға арналған машиналар. Пісіру шаруашылығы. Қалыптау жабдықтары. Энергокүштік жабдықтар. Тасымалдағыштар. Булау жабдықтары. Жүк көтеру-тасымалдау машиналары. ТБӨМЖ эксплуатациясының қауіпсіздік шарттары. ТБӨМЖ дамуындағы қазіргі кездегі тенденциялар.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Технико-экономикалық талдаудың әдістерін біледі, қазіргі заманғы темірбетон материалдардың түрлерінің өндіруге тиімдісін ажырата алады

Іскерлігі: Құрылыс техникасының болашақта преспективтілігін ескере отырып экономикалық тұрғыдан тиімді өндіріс түрін таңдай алады. Нормативті құжатқа сәйкес шикі және дайын өнімді дұрыс техникалық бақылау жүргізе алады.

Дағдысы: Берілген құрам бойынша бетон құрамын жобалай алады, армирлеудің сандық және сапалық мөлшерін есептей алады.

Құзіреттілігі: Темірбетон өндірісінің технологиясы және қолдану саласында негізгі білімі бар.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Уркинбаева Ж.И.

21

JMJT 0321

Жеңіл металлоконструкцияларды жасау технологиясы

Кредит көлемі 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны -5



Пререквизиттер – 101 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Студенттердің жеңіл металдардың құрылымы және қасиеті туралы білім беру, металл және металл бұйымдарын жобалауға және қолдануға керекті практикалық біліктілікті үйрету.

Қысқаша мазмұны: Негізгі мәліметтер. МЖТ-да қолданылатын металлдар, түсті (жеңіл және ауыр). МЖТ-да қолданылатын металлдардың физикалық қасиеттері. Прокатты болатты профильдердің негізгі сортаменті: дөңгелек, шаршы, сызықты, шинді, бұрышты, зетті, қоставрлы, бағанды, астаулы, терезелі, шлунтты, швеллер, рельсті. Болатты термиялық өңдеу. Химия термиялық өңдеу. Жеңіл металлоконструкцияларды жасау технологиясы: прокат, ковка, арматура. Өндіру технологиясы. Түсті қоспалар: алюминді, жезді, қорғасынды, магниялы, титан және қоспалары.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Конструкционды материалдардың маркаларын және түрлерін біледі. Таңдау кезінде технико-экономикалық тұрғысынан тиімділігін таба алады.

Іскерлігі: Металл өңдеудің тиімді әдісін және режимін таңдай алады, керекті өнімді алу үшін дұрыс жабдықты таңдай алады.

Дағдысы: Жеңіл металлоконструкция жасауда керекті конструктивті материалды таңдай алады ;

Құзіреттілігі: Жеңіл металлоконструкця өндірісінің технологиясы саласында негізгі білімі бар, және керекті эксплуатационды қасиеттері бар өнімге өңдеу түрін таңдай алады.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Уркинбаева Ж.И.

22

KMOKJ 0322

Құрылыс материалдарын өндіру кәсіпорынын жобалау (курстық жоба)

Кредит көлемі 3 (2+1+0), ЕСТS кредит саны -5



Пререквизиттер –65 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Құрылыс материалдары технологиясы саласында өндірістік технологиялық, жобалық және ғылыми жұмыстарымен айналысу үшін студенттерге керекті білім беру. Бұл пән курстық және дипломдық жобаны орындауға арналған негізгі пән болып саналады.

Қысқаша мазмұны: Өндіріс құрылысының және қайта жаңғыртуының технико-экономикалық тиімділігі. Жоба алдындағы жұмыстар: жобалаудың жалпы принциптері. Жобалы-сметалы құжаттаманы дайындау. Өндіріс комплексті жобалау. Технологиялық аймақтарды есептеу және жобалау. Бас жоспар және көлік. Автоматтандырылған жобалаудың негіздері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Өндірістік кәсіпорынын жобалаудың нормаларын және ережелерін біледі.

Іскерлігі: Курстық және дипломдық жоба деңгейінде құрылыс өндірісі саласының кез келген өндірісін жобалау үшін керекті технологиялық есептеулерді және сызбаларды жасай алады.

Дағдысы: Ғимараттың негізгі конструктивті сұлбаларын зерттей алады, құрылыс материалдары, өндірістік ғимараттардың элементтері, сантехникалық құрылымдардың ғимаратқа қосылу ережесін біледі.

Құзіреттілігі: Құрылыстық жобалаудың теориялық негіздерін біледі, бас жоспар, негізгі конструктивті элементтердің сұлбаларын біледі. Құрылыстың және қайта жаңғыртудың тиімділігін зерттей алады және нақты кәсіпорынның техникалық жаңғыртудың тиімділігін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Садвакасова Г.О.

23

PTeh 0323

Пісіру технологиясы

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны– 5.

Пререквизиттер –101 кредит.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Пісіру технологиясы, жабдықтары, түрлері және пісіру әдістері туралы студенттердге мағлұмат беру.

Қысқаша мазмұны: Пісіру процесіндегі классификация. Доғалық қолмен пісіру үшін жабдықтар. Пісіру кезіндегі металлургиялық процесстер. Доғалық пісіруге арналған электродтар. Пісіру кезінде металлдардың және қорытпалардың қасиеті мен құрылымы. Металлдың пісірімділігі. Автоматтық және жартылай автоматтық пісірулер. Электрлік түйісу пісіру. Пісірудің жаңа әдістері. Пісірудің сапасын бақылау.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пісіру түрлерін және әдістерін, сонымен қатар технологиясын және жабдықтарын біледі.

Іскерлігі: Пісіруде сапаны бақылауды жүргізе алады.

Дағдысы: Арнайы металлды пісіру үшін жабдықтарды таңдауда тәжірибелік дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Пісіру процессі аймағында базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент Токаев С. Д.

24

MKon (1) 0324

Металл конструкциялары I

Кредит көлемі- 2 (1+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны– 3.

Пререквизиттер –65 кредит.

Постреквизиттер – Металл конструкциялары 2, металл конструкцияларын дайындау 1,2

Оқыту мақсаты: Құрылыс конструкцияларында қолданылатын материалдардың жұмыстары мен қасиеттері туралы студенттердің мағлұмат алуы.

Қысқаша мазмұны: Құрылыс конструкцияларында қолданылатын материалдар жұмысы және негізгі қасиеттері. Металл конструкциялардың есептеу негіздері. Металл конструкциялардың шектік жағдайы. Сортамент. Пісіріп және болттық қосылыстар. Арқалықтар және арқалықты конструкциялар. Орталық сығылуға жұмыс жасайтын ұстындар және сырықтар. Фермалар, қима таңдау және тораптарды есептеу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Материалдардың негізгі қасиетін, шектік күйін, пісіріп және болттық қосылыстар туралы біледі.

Іскерлігі: Құрылыс конструкцияларының есептеулерін жүргізе алады.

Дағдысы: Құрылыс конструкцияларының шектік күйін оқуда дағдысы бар.

Құзіретттілігі: Құрылыс конструкцияларында қолданылатын материалдар жұмысы және қасиеті аймағында базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Мухтарханов М.О.

25

MKon (2) 0325

Металл конструкциялары II

Кредит көлемі- 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны– 5

Пререквизиттер –65 кредит.

Постреквизиттер – Металл конструкцияларды монтаждау. Металл конструкцияларды дайындау 1,2

Оқыту мақсаты: Құрылыс конструкцияларында қолданылатын материалдардың жұмыстары мен қасиеттері туралы студенттердің мағлұмат алуы.

Қысқаша мазмұны: Өндірістік ғимараттар конструкцияларын жобалау. Көлденең рама, жамылғы, кран асты конструкцияларды есептеулерінің ерекшеліктері. Үлкенаралықты тегіс көтеруші конструкциялы жамылғы. Ғимарат жамылғысының кеңістікті конструкциялары. Ілінетін жамылғылар. Көп қабатты ғимараттың болат каркастары. Беттік конструкциялар және биік имараттар.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Материалдардың негізгі қасиетін, шектік күйін, пісіріп және болттық қосылыстар туралы біледі.

Іскерлігі: Өндірістік ғимараттардың конструкцияларын жобалай алады..

Дағдысы: Көлденең рама, жамылғы, кранасты конструкцияларды есептеуде тәжірибелік дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Үлкенаралықты тегіс көтеруші конструкциялары бар жамылғыларды есептеу ерекшелігінде базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Мухтарханов М.О.

26

MKD (1) 0326

Металл конструкцияларды дайындау I

Кредит көлемі - 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны – 5.

Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер – Металл конструкцияларды монтаждау, Металл конструкцияларын дайындау 2

Оқыту мақсаты: Құрылыс конструкцияларында қолданылатын материалдардың жұмыстары мен қасиеттері туралы студенттердің мағлұмат алуы

Қысқаша мазмұны: Металл конструкциялары зауыттарының технологиялық және көліктік сұлбалары. Металл конструкцияларын дайындау үшін қолданылатын материалдар. Металл конструкцилары бөлшектерін дайындау бойынша негізгі операциялар. Бөлшектерді дайындау үшін және олардың қондырғыларын дайындау бойынша жабдықтардың негізгі сипаттамалары.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Металл конструкцияларын дайындау үшін қолданылатын негізгі материалдар туралы біледі.

Іскерлігі: Металл конструкцияларының бөлшектерін дайындау бойынша есептеулер жүргізе біледі.

Дағдысы: Металл конструкциялары зауыттарының технологиялық және көліктік сұлбаларын құруда тәжірибелік дағдыс бар.

Құзіреттілігі: Бөлшектер және олардың құрылғыларын дайындау бойынша жабдықтардың негізгі сипаттамасы аймағында базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Мухтарханов М.О.

27

MKD (2) 0327

Металл конструкцияларын дайындау II

Кредит көлемі-3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны– 5.

Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер – Металл конструкцияларды монтаждау.

Оқыту мақсаты: Құрылыс конструкцияларында қолданылатын материалдардың жұмыстары мен қасиеттері туралы студенттердің мағлұмат алуы

Қысқаша мазмұны: Металл конструкциялар элементтерін дайындау технологиясы. Торлы біртұтас қабырғалы конструкцияларды жинау. Беттік конструкцияларды жинау. Болат конструкцияларыд пісіру. Элементтердің жанын фрезерлеу және монтаждық тесіктерді құру. Жалпы және бақылаулық конструкцияларды жинақтау. Металл конструкцияларды коррозиядан сақтау. Өнімнің сапасын бақылау.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Беттік конструкцияларды жинауды, болат конструкцияларды пісіруді біледі.

Іскерлігі: Элементтер жанының және монтаждық тесіктерді құрудың есептерін жүргізе алады.

Дағдысы: Өнім сапасын бақылауда тәжірибелік дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Торлық біртұтас қабырғалы конструкцияларды жинау аймағында базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Мухтарханов М.О.

28

MKM 0328

Металл конструкцияларын монтаждау

Кредит көлемі- 4 (2+2+0), ЕСТS бойынша кредит саны– 6.

Пререквизиттер –101 кредит.

Постреквизиттер –жоқ.

Оқыту мақсаты: Құрылыс ғимараттары мен имараттарында қолданылатын металл конструкцияларын монтаждау бойынша студенттер білім алу.

Қысқаша мазмұны: Металл конструкцияларын монтаждауға дайындау. Металл конструкцияларын іріленген жинақтау. Монтаждық қолданбалар. Болат конструкцияларын монтаждау технологиясы. Монтаждау процессі кезінде конструкцияларға беріктікті қамтамасыз ету. Болат конструкциялардың монтаждық қосылыстары. Жұмыс сапасын қабылдау. Монтаждау жұмыстары өндірісі кезінде металл конструкцияларын есептеудің негізгі жағдайы. Монтаждық жүктемеден және әсерлерден металл конструкцияларының элементтерінде деформацияны және күшті анықтау. Монтаждық қолданбаларды құрылымдау және есептеу. Строповка орынын анықтау. Тасымалдау және монтаждау кезінде сырықтық консрукцияларды есептеу. Сырықтық конструкцияларды беріктендіру.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Монтаждау процесі кезінде конструкцияларды беріктендіруді қамтамасыз етудің әдістерін біледі.

Іскерлігі: Монтаждық қолданбаларды құрылымдау және есептеуді жүргізе алады.

Дағдысы: Строповка орнын және жұмыс сапасын қабылдауды анықтауда тәжірибелік дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Металл конструкцияларын монтаждауға дайындау аймағында базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Мухтарханов М.О.

Шәкәрім атындағы СМУ Ғылыми Кеңесі отырысында бекітілді

«__» ________ 20_ жылғы № __ хаттама


Шәкәрім атындағы СМУ ӨӘК отырысында бекітілді.

«__» ________ 20_ жылғы № __ хаттама






Келісілді:

Декан ________ А.Л.Касенов

(қолы)


Академиялық мәселелер бойынша

департаменттің директоры________ М.Б.Смирнов



(қолы)

Каф.меңгерушісі________Ж.Х.Какимова (қолы)







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет