Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет10/35
Дата18.09.2023
өлшемі334.67 Kb.
#477822
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
терминдік сөздік ПФ-1 2

Хемилюминесценция (гр.chemi-химияға қатысты, lumen- жарық) – жасушадағы 
кейбір биохимиялық реакциялармен қабаттасатын әлсіз жарықтану. 
Детергенттер (лат.detergens- тазартатын, жуатын) – беткейлік тартылысты 
әлсірететін заттар. 
Альтерация (лат. altero- өзгерту, басқаша қылу) – жасушалар құрылысының, 
метаболизмінің, функцияларының өзгерістері, зардапталуы. 
Дистрофия (лат. dis- бұзылыс, trophe- қоректендіру) – жасушалардың тіршілігі
бұзылуына әкелетін, олардың функциялары, пластикалық процестері, құрылымы 
бұзылуымен қабаттасатын заттек алмасуларының бұзылыстары. 
Амилоид (гр. amylon- крахмал, eldos- түрі) – ақуыздар алмасуы бұзылуының 
өнімі ретінде саналатын глобулиндер мен полисахаридтердің күрделі кешені.  
Амилоидоз – тіндерде амилоидтың жиналуымен сипатталатын дистрофияның 
түрі. 
Гиалин (гр.hyalos- шыны) – кейбір патологиялық процестерде кездесетін
жартылай мөлдір, шыныға ұқсас, тығыз ақуыздық зат. 


Гиалиноз – аралық тінде гиалиннің жиналуымен сипатталатын ақуыздық 
дистрофияның түрі. 
Дисплазиялар (лат. dis- бұзылыс, plasis- пайда болу, алып келу, өндіру) – 
жасушалардың нақтылануының бұзылуы, ол жасушалардың функциялары
метаболизмі, құрылысының тұрақты өзгерістерімен сипатталады, жасушалардың 
тіршілігі бұзылуына әкеледі.  
Деструкция (лат. destruction- ыдырау) – жасушалардың, тіндердің қалыпты 
құрылысының бұзылуы, ыдырауы. 
Детрит (лат. de- алып тастау, жоққа шығару, detero- ,tritum- қажау) – тіндер 
ыдырауының ботқа тәріздес өнімі. 
Кариолизис (гр.cario- ядроға қатысты, lysis- ыдырау ) – жасушада дистрофиялық 
өзгерістерде ядроның толық ыдырауы. 
Кариорексис (гр.cario- ядроға қатысты, rhexis-ажырау, үзу) – жасушадағы 
дистрофиялық процестер барысында ядроның бөлшектерге дейін ыдырауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет