Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет156/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
төңіректемей-ақ, Шоқанның халық ауыз әдебиетін жинастыру ісін 
алып қарайық. Шоқан жасынан ауыз әдебиетінің үлгілеріне қанық 
болғанымен, қағаз жүзінде ешқандай нұсқалары болмағанына 
қамығады. Бұл кезде Шыңғыс ел ішіндегі домбыра ұстап, хат 
танығандарға арнайы тапсырма беріп үлгереді. Сонда Шоқанның 
ғалым болып қалыптасуына тікелей әкесі Шыңғыс пен әжесі 
Айғанымның үлкен әсері болғанын байқаймыз.
Жоғарыда айтылған деректер қазақ халқында әйел адамның 
ошақ басын күзетуші деп қана емес, оны қоғамдық тұлға ретінде де 
көтере алатындығын айғақтап тұр. Айғаным секілді халық аналары 
халық дүниетанымында пір, қасиетті ана деңгейіне де көтерілген. 
Оған Ұмай ана, Домалақ ана, Бабаджа қатын, Айша-Бибі секілді ерте 
тарихтан белгілі ықпалды әйелдерді жатқызып, бүгінгі қоғамдағы 
әлеуметтік статусынан бажайлай аламыз.
Міне, осындай аналар мен әжелердің тәрбиесі қашанда 
ауыз толтырып айтуға тұрарлық тақырыптар. Бір өкінтерлігі
қазақ әдебиетінде аталмыш әжелерге арналған арнайы тарихи 
шығармалар жоқтың қасы. Оларды біз тек қана өздері тәрбиелеп 
жеткізген атақты тұлғалардың айналасынан көріп қаламыз. Ары 
кеткенде қарапайым кейіпкерлердің тағдырынан ғана ара-тұра 
ұшыратып тұрамыз.
Сонымен, тәрбиенің қайнар көзі – халықтық дәстүрлерден 
бастау алады дедік. Жарық дүниеге адам боп қадам басқан әрбір 
сәбидің болашақ тәрбиесі дәстүрлік рәсімдерден бастау алып
өле-өлгенше сонымен бірге біте қайнасып тіршілік етеді. «Ананың 
кіндігінен ажырай салысымен жалғыздық шектім» деп жырлайтын 
Шәкәрімнің өлеңінде де анаға деген зор құрмет лебізі байқалады. 
Ақындардың мұндай мұңды тіркестері қай кезде де өз маңызын 
жоғалтпаған. Асылы, олар да ана жатырынан жаралып, әже мен 
ата тәрбиесінде ержетіп, әкенің қорғанында сая тауып көргенін 
еш ұмытпаса керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Арғынбаев Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. – Алматы: 
«Қайнар» баспасы, 2005. – 216 б.
http://www.rusnauka.com/3_ANR_2015/Philologia/3_186370.
doc.htm
Қондыбай С. Толық шығармалар жинағы. 11-том. Арғықазақ 
мифологиясы. 3-кітап. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 520 б.
Қазақ отбасы тәрбиесі: Оқу құралы / Ибраимова Л.Н., 
Абдикеримова П.Ж., Алиева П.С. /Тараз: ТарМПИ, 2016. – 160 б.
Жұмабаев М. Шығармалары (әдеби басылым). 2-том: Әңгіме, 
ғылыми еңбек, мақалалар, аудармалар, жарияланбаған өлеңдер / 
Құраст. Сәндібек Жұбаниязов. – Алматы: Жазушы, 2013. – 376 б. 
Абай. Қара сөз / Құнанбаев Абай – Алматы: «Көшпенділер» 
баспасы, 2011. – 184 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет