4.6. Әлемдік экономика мен ұлттық шаруашылықтағы қызмет көрсетудің ролі
оның қызметі жөнінде түсінік беру
Дамытушылық: Студенттердің әлемдік экономика, туризм жөнінде
түсініктерін дамыту
Тәрбиелік: Студенттерді адамкершілікке, эстетикаға, топпен жұмыс
жасауға, логикалық ойлауға тәрбиелеу
Сабақ жүрісінің үлгісі
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оқу-құралдарын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
СӨЖ тапсырмалары (Кендірлі, Бурабай, Экспо-2017 жобалары)
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту кезеңі
Іскерлік ойын
(Кендірлі демалыс орнына жұмысқа қабылдау)
IV Жаңа материалды белсенді және сапалы қабылдауға, меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі
ҚР президентінің жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты бейне-баян
V Жаңа білімді меңгеру кезеңі
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір — біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А. Смит , Д. Рикардо , К. Маркс , Ф. Энгельс , В. Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты.
Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден тұрады:
— ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және
— халықаралық экономикалық байланыстардан
Қазіргі жағдайда кез – келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан – жақты дами алады. Әлемнің біртұтастығы алуан түрлі , 160-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін субъектілерді қамтиды. Әр ел өзінің тарихи – географиялық , ұлттық , әлеуметтік – саяси құрылымы бойынша , бір – бірінен ерекшеленеді. Ұлттық экномикалық жүйелердің әлемдік щаруашылыққа бірте – бірте кіруі қажеттіліктен туындап отыр , сондай – ақ оған XX ғасырдың соңындағы ғаламдық заңдылықтардың бірі деп қажет. Бұл заңдылықтар көптеген елдерде болып жатқан экономикалық және саяси реформаларға, әр елдің ішкі күрделі шешімдеріне байланысты сол елдердің экономикасын дүниежүзілік еңбек бөлінісіне итермелейді.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі болса, дүниежүзілік сауда – экономикалық, қаржылық және ғылыми –техникалық байланыстарды біртұтас мақсатқа біріктіреді. Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы- оның экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде. Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік –экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |