Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет12/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69
Бір кем дүние

Босқа қоразданба
Айғыр кісінегенмен, байтал буаз болмайды.
Бір кем дүние.
Жалғыз
Атадан алтау тусаң да – бір жалғыздық.
Бұ да кемшілік.
Неге алдайды
Ұлытау орталығына барар жолда, жартаста шамамен:
«Бұл жерде қасиетті Ұлытау бауырында халық бірлігі мен мемлекет
тұтастығын айғақтайтын ескерткіш орнатылады», – деп жазылғалы талай
таң атып, талай күн батты. Жылжып жылдар өтті. Жазу өше бастады.
Уəде орындалмайтын ретте тасқа қашап жазбау керек еді ғой.
Бір кем дүние.


Сорлы
Өзгенің көлеңкесінде тұрғанның өз көлеңкесі болмайды.
Өз көлеңкесі болмаса – өлгені.
Күн-құдірет
Егер адамның жүрегіне мұз қатып қалса, көркем кітап соны жібітуге
тиіс. Егер еріте алмаса, ол осал шығарма.
Бір кем дүние.
Əулие құс
Тұмаудан құлантаза айыға алмасам да, бүгін далаға шығып... О,
жарықтық! Жақсылықтың жаршысындай болып көзге оттай басылған
көгілдір Наурызкөкті көрдім. Ол жылда мені көктемнен көктемге дейін
жетектеп келе жатқан əулие құс. Көрісер көктеміміз көп болсын, əулие
Наурызкөк!
Сен көрінбей қалсаң – сол қиын.
Нағыз кем дүние сол болар.
Көреген көсем
Мен енді Астанада, Əлихан Бөкейхан көшесінде тұрамын. Үйдің
бірінші қабатындағы магазин «Алтын Орда» аталады. Іргемізде – Конгресс-
холл, алдымызда – түрік шайханасы.
Түстікте бір үйден кейін – Есіл-өзен. Оған төніп тұрған – Кенесары
ескерткіші.
Əлихан Бөкейхан – Алашорда көсемі. Соның атындағы көше – айбын.
Сонау 1910 жылдың өзінде Петроградта басылып шыққан «Қазақтар»
деген еңбегінде Əлихан Бөкейхан былай дейді:
«Крестьяндарды қазақ даласына үйіп-төгіп қоныстандыра берсе, тың
жердің түгел жыртылары хақ. Ал қазақ даласы тыңынан айрылған соң,


тұлдырсыз бедеу қалады да, егін өспейтін болады... Қазақ даласының
тамаша шүйгін жайылымдарының топырағы көкке ұшқан соң, дала шөлге
айналады, сөйтіп, крестьян айтақырға отырып қалады, ал жайылымнан
айрылған қазақ əбден азып-тозып, ақыры жаңа тұрмыстың жағдайымен
пролетариат қамытын киіп, тау-кен заводтарына, қалаға кетеді».
Арада елу жыл өткеннен кейін орыс жазушысы Чивилихин «Земля в
беде» деген шығармасында Əлихан Бөкейханның көріпкелдігін растап
берді.
Сөйткен көсем Əлихан Бөкейханды Сталин жауыздары атып тастады.
Имансыз жауыз заман, залым дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет