Нәтижені талқылау: М.Жұмабаевтың «Әже» өлеңі халқымызға, болашақ жастар үшін үлкен тәрбие, үлгі-өнеге, ұрпақтар жалғасы.
Жоспары:
І Кіріспе: Мағжан атамыз армандаған ұлттық тәрбие.
ІІ Негізгі бөлім: 1. М.Жұмабаевтың «Әже» өлеңіндегі әже образы; 2. «Әже» өлеңінің халық ауыз әдебиеті түрлерімен ұштастығы;
3. «Әже» өлеңінің құрылысы және көркемдік ерекшелігі;
4. «Әже» өлеңінің қазіргі әлеуметтік мәселемен байланысы. Нағыз әже қайда? ІІІ Қорытынды:
Қарты бар үйдің - қазынасы бар
Мағжан атамыз армандаған ұлттық тәрбие.
«Сөз өнерінің құйма құлақ, ерекше талант иесі, қазақ поэзиясының ірі суреткері, аса дарынды ақиық ақын,сөнбес жанартау, сөз шебері - Мағжан Жұмабаев»,-деп З.Қабдолов атамыз айтқан айшықты сөздер ақын атамызға әбден лайық деп есептеймін. Өйткені, Мағжан армандаған жаңашылдық мен ұлттық тәрбие мәселелері бүгінгі күні өзекті сипатқа ие болып отыр. Мектебіміз түгіл, отбасылық тәрбиемізге де кіріп алған өзге жұрттың тәрбиесі ұрпағының келешегіне кесірін тигізерін Мағжан күні бұрын білді.
Ұлттық тәрбие мақсаты - ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу
Ана тілі
Тарихы
Мәдение-ті мен ділі
Салт-дәстүрі
Діні
Жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқы
Білімділік
Рухани сауаттылық
Жоғары интеллектілік
Кәсіби сауаттылық
Қойылатын талаптар
М.Жұмабаевтың «Әже» өлеңіндегі әже образы
Сығырайған көзі көрінбей
Томар-томар былшықтан,
Отырса, бойы аспайды
Қолындағы ұршықтан.
Алдындағы көженің
Көрінбес беті қылшықтан.
Көжесін татпай әженің,
Жан болмайды құр шыққан.
Көжесін қойшы, кеңесін
Тыңдамай үйден кім шыққан?!
Сендер де тыңда, тентектер,
Тыйылып біраз шолжақтан.
Ертегі айтса, ұршығын
Ұмытып әжең кетеді.
Жерде жатқан жүнді алып,
Қайта-қайта түтеді.
Су сепкендей сап болып,
Тоқтайды сонда жөтелі.
Былшықтан көзі жылтырап,
Ту арқаңнан өтеді.
Ал кіріссе ертекке,
Басы қалт-қалт етеді:
«Ертек-ертек, ерте екен…» –
Аузы балп-балп етеді.
«Ерте, ерте, ерте екен…
Тыңда енді ал, шырақ!
…Сұр мергенде болыпты
Сүліктей бедеу бір сұр ат…»
Қоя қойды Кенжетай
Жылаған жаңа нан сұрап.
Тыңдап отыр тентектер
Алма беті албырап,
Ауыздары аңқиып,
Сілекейі салбырап.
Қалғып бірақ барады
Кенжетай тентек маужырап.
«Әже» өлеңінің халық ауыз әдебиеті түрлерімен ұштастығы
Тұрмыс-салт жырлары
Ертегі
Аңыз әңгімелер
Шешендік сөздер
«Әже» өлеңінің құрылысы және көркемдік ерекшелігі
Достарыңызбен бөлісу: |