Жер ќатынастарын мемлекеттік ќўќыќтыќ реттеу механизмі


Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жерлердiң түciнiгi. Осы жерлердi пайдаланудың тәртiбi және жағдайы



бет74/96
Дата13.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#459180
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96
treatise203 (2)

4. Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жерлердiң түciнiгi. Осы жерлердi пайдаланудың тәртiбi және жағдайы
Сауыќтыру маќсатындағы жерлер дегеніміз – табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-аќ аурудың алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн ќолайлы жер учаскелерiнің жүйесі.
Адам ауруының алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн ќолайлы санитарлыќ және экологиялыќ жағдайларды саќтау маќсатында сауыќтыру маќсатындағы аумаќтар жерiнде Ќазаќстан Республикасының заңдарына сәйкес санитарлыќ-ќорғау аймаќтары белгiленедi.
Сауыќтыру маќсатындағы жердiң күзет, санитарлыќ-ќорғау және өзге де ќорғау аймаќтарының шекарасы мен оны пайдалану режимiн жергiлiктi өкiлдi және атќарушы органдар айќындайды.
Белгiленген санитарлыќ режимге сәйкес осы жер учаскелерiн шаруашылыќ айналымынан толығымен алып ќою (санитарлыќ-ќорғау аймағының бiрiншi белдеуi) көзделетiн жағдайларды ќоспағанда, санитарлыќ-ќорғау аймаќтары шегiндегi жер учаскелерi жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алып ќойылмайды. Бұл ретте аталған учаскелер осы Кодексте белгiленген шарттарға сәйкес мемлекеттiк ќажеттiктер үшін алып ќойылады (сатып алынады).
Жер учаскелерiн санитарлыќ-ќорғау аймаќтарының екiншi және үшiншi белдеулерi шекарасында пайдалану осы аймаќтарды күзетудiң белгiленген режимi саќтала отырып жүзеге асырылады.
Рекреациялыќ маќсаттағы жер дегеніміз - халыќтың ұйымдасќан түрдегi жаппай демалысы мен туризмiне арналған және сол үшiн пайдаланылатын жер.
Рекреациялыќ маќсаттағы жер ќұрамына демалыс үйлерi, пансионаттар, кемпингтер, дене шыныќтыру және спорт объектiлерi, туристiк базалар, стационарлыќ және шатырлы туристiк-сауыќтыру лагерьлерi, балыќшы және аңшы үйлерi, орман парктерi, туристiк соќпаќтар, трассалар, балалар және спорт лагерьлерi, осы сияќты басќа да объектiлер орналасќан жер учаскелерi кiруi мүмкiн. Рекреациялыќ маќсаттағы жерге ќала маңындағы жасыл аймаќ жерлерi де жатады.
Рекреациялыќ маќсаттағы жердi пайдалану тәртiбi мен режимiн жергiлiктi өкiлдi және атќарушы органдар белгiлейдi.
Рекреациялыќ маќсаттағы жерде олардың нысаналы маќсатына сәйкес келмейтiн ќызметке тыйым салынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет