«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заң»


қойнауын пайдалану туралы заңнамасы



бет2/12
Дата09.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
#123952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

             қойнауын пайдалану туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


      2. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты азаматтық-құқықтық қатынастар, егер олар осы Заңның нормаларымен реттелмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы нормаларымен реттеледi.
      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заң жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
      2. Жердi, суды (жерасты сулары мен емдiк балшықтан басқа), орманды, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн, атмосфералық ауаны пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңнамасымен реттеледi.
      3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, шетелдiктер мен шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қатынастарда Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және мiндеттердi орындайды.

      4-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және


             жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының
             мақсаттары мен мiндеттерi

      1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикалық өрлеуiн және мүдделерi мен табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.


      2. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мiндеттерi:
      1) жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
      2) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiндегi қатынастарды реттеу;
      3) республикалық және өңiрлiк мүдделер үйлесiмiн қамтамасыз ету;
      4) минералдық-шикiзаттық базаны молықтыруды қамтамасыз ету;
      5) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде құқықтық негiздi қамтамасыз ету;
      6) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау.

      5-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және


             жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының
             принциптерi

      Жер қойнауына және жер қойнауын пайдалануға байланысты қатынастарды құқықтық реттеу мынадай принциптерге негiзделедi:


      1) жер қойнауын ұтымды, кешендi және қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету;
      2) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
      3) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзудiң жариялылығы;
      4) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы.

      6-бап. Жер қойнауын ұтымды, кешендi және қауiпсiз


             пайдалануды қамтамасыз ету

      Кен орындарын игерудiң жоғары технологиялары мен оң практикасын пайдалану негiзiнде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерiн экономикалық жағынан тиiмдi игеру, сондай-ақ адамдар өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзудiң мiндеттi шарты болып табылады.

      7-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды
             қамтамасыз ету

      Жер қойнауының ластануын болғызбауды және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн төмендетудi қамтамасыз ету жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асырудың мiндеттi шарты болып табылады.

      8-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
             жүргiзудiң жариялылығы

      Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге және келiсiмшарт талаптарына қатысты ақпарат беру осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.


      Барлық мүдделi тұлғалардың құзыреттi органда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органында:
      1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзудiң талаптарымен және оның нәтижелерi туралы шешiмнiң мазмұнымен;
      2) жасалған келiсiмшарттар бойынша конкурс талаптарының орындалуымен танысуға құқығы бар.
      Тараптар құпия деп таныған ақпаратты мемлекеттiк органдарға, Қазақстан Республикасының Парламентiне және жергiлiктi өкiлдi органдарға беру құпиялылық режимiн бұзу болып табылмайды.

      9-бап. Жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы

      Жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастар, осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, ақылы негiзде құрылады.

      10-бап. Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендiк


              минералдық тiзiлiмдерге және минералдық шикiзатқа
              меншiк құқығы

      1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер қойнауы мен оның құрамындағы пайдалы қазбалар мемлекет меншiгiнде болады.


      Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк егемендiгiн құрайтын негiздердiң бiрi болып табылады. Мемлекет осы Заңда көзделген негiздерде, жағдайлар мен шектерде жер қойнауына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi.
      2. Егер осы Заңда және келiсiмшартта өзгеше көзделмеген болса, минералдық шикiзат жер қойнауын пайдаланушыға меншiк құқығында (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кәсiпорнына – шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында) тиесiлi болады.
      3. Техногендiк минералдық түзiлiмдер жер қойнауын пайдаланушының меншiгi болып табылады. Техногендiк минералдық түзiлiмдердi игеру кезiнде жер қойнауын пайдаланушы не техногендiк минералдық түзiлiмдерге меншiк құқығы бар үшiншi тұлға техногендiк минералдық түзiлiмдер құрамында болатын және оларды алу, пайдалану (өткiзу) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың талаптарында көзделмеген пайдалы қазбалардың қорына қатысты жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасын жүргiзуге және құзыреттi органмен келiсiмшарт жасасуға мiндеттi.
      4. 1992 жылғы 30 мамырға дейiн қоймаға қойылған немесе минералдық ресурстардың мемлекеттiк қорына қосылған техногендiк минералдық түзiлiмдер мемлекет меншiгi болып табылады.
      5. Мемлекет меншiгiндегi техногендiк минералдық түзiлiмдерден алынған пайдалы қазбаларға меншiк құқығы келiсiмшартта айқындалады.
      6. Минералдық шикiзат, техногендiк минералдық түзiлiмдер немесе пайдалы қазбалар өзiне меншiк құқығында тиесiлi жер қойнауын пайдаланушы минералдық шикiзатқа, техногендiк минералдық түзiлiмдерге немесе пайдалы қазбаларға иелiк етуге, оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген азаматтық–құқықтық мәмiлелер жасасуға құқылы.

      11-бап. Геологиялық ақпаратқа меншiк құқығы және


              ақпаратты беру тәртiбi

      1. Геологиялық ақпарат, егер ол Қазақстан Республикасының бюджет қаражаты есебiнен алынса – мемлекет меншiгiнде, ал жер қойнауын пайдаланушының жеке қаражаты есебiнен алынса, жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнде болады.


      2. Қаржыландыру көзiне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпарат жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға сақтау, жүйелеу және жинақтау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiпке сәйкес мiндеттi түрде ақысыз беруге жатады.
      3. Геологиялық ақпарат ақылы немесе ақысыз негiзде берiледi.
      Геологиялық ақпарат мыналарға:
      жер қойнауын геологиялық зерттеуге байланысты жұмыстарды мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүргiзетiн тұлғаларға;
      ғылыми зерттеулер мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын жағдайларда ғылыми мақсаттар үшiн;
      мемлекеттiк, сондай-ақ аккредиттелген жеке оқу орындарына – оқу мақсаттарында; мемлекеттiк органдарға ақысыз негiзде берiледi.
      Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауы туралы ақпарат ақылы негiзде берiледi. Жер қойнауы туралы ақпаратты беру талаптарына қарамастан, оны көшiру жөнiндегi шығыстарды ақпарат алушы бөлек өтейдi.
      Мемлекет меншiгiнде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкету ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      4. Мемлекет меншiгiнде болатын геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бiр бөлiгi ретiнде айқындалады. Геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының бюджетiне төленедi.
      Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      5. Келiсiмшарттың қолданысы тоқтатылған кезде барлық геологиялық ақпарат мемлекет меншiгiне өтедi. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткiзгiштерiн жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға ақысыз тапсыруға мiндеттi.

      12-бап. Мемлекеттiң жер қойнауын пайдалану саласындағы


              артықшылықты және басым құқықтары

      1. Қазақстан Республикасының, көлiктiк шығыстар мен өткiзу шығындары шегерiле отырып, жер қойнауын пайдаланушы тиiстi пайдалы қазбаларға қатысты мәмiлелер жасасу кезiнде қолданатын, мәмiленi жасасу күнiне қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын сатып алуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы бар.


      Жер қойнауын пайдаланушы мәмiлелер жасасу кезiнде қолданатын пайдалы қазбалар бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, әлемдiк нарықта мемлекеттiң пайдалы қазбаларды сатып алуы жөнiндегi мәмiленi жасасу күнiне қалыптасқан бағалардан аспайтын бағалар қолданылады.
      Сатып алынатын пайдалы қазбалардың шектi көлемi және төлем түрi келiсiмшартпен айқындалады.
      Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға артықшылықты құқығын iске асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      2. Жерасты суларын және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келiсiмшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға жаңадан жасалатын, сондай-ақ бұрын жасалған келiсiмшарттарда ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негiзiн сақтау және нығайту үшiн мемлекеттiң келiсiмшарттың басқа тарабы немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның қатысушысы және басқа да тұлғалар алдында ақылы және ақысыз негiздер бойынша иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi сатып алуға басым құқығы бар.
      Осы тармақтың ережелерi осы Заңның 34-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

      13-бап. Мемлекеттiң басым құқығын iске асыру тәртiбi



      1. Жер қойнауын пайдалану құқығына және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiге ие тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi иелiктен шығару ниетi болған жағдайда мемлекет ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық компания немесе уәкiлеттi мемлекеттiк орган арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алудың басым құқығына ие болады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi ұлттық басқарушы холдингтiң немесе ұлттық компанияның сатып алуы туралы шешiмдi құзыреттi орган белгiленген тәртiппен қабылдайды.
      2. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе, өзiне тиесiлi жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi иелiктен шығаруды жүргiзу ниетi бар тұлға құзыреттi органға жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi иелiктен шығару туралы өтiнiш жiбередi.
      Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi иелiктен шығару туралы өтiнiш қазақ және орыс тiлдерiнде жасалуға және осы Заңның 37-бабының 2-тармағында белгiленген мәлiметтердi қамтуға тиiс.
      3. Құзыреттi орган өтiнiш келiп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қарауына иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсыныс әзiрлеуге қажеттi материалдарды енгiзедi.
      4. Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия тиiстi материалдар алынған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, өтiнiштi және өзге де материалдарды қарайды және мемлекеттiң иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы ұсынымдар әзiрлейдi.
      Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алуды жүзеге асыру ниетi туралы мәлiмдеген ұлттық басқарушы холдингтiң немесе ұлттық компанияның осындай сатып алуы туралы ұсынымдар әзiрлеген жағдайда Ведомствоаралық комиссия құзыреттi органға ұлттық басқарушы холдингтi немесе ұлттық компанияны мемлекет атынан осындай сатып алушы ретiнде айқындау ұсынымын жасайды.
      Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия ұлттық басқарушы холдингтiң немесе ұлттық компанияның тарапынан сатып алу туралы ниет болмаған жағдайларда иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алу туралы ұсынымдар әзiрлеген жағдайда мәселе сатып алуға уәкiлеттi мемлекеттiк органды айқындау үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзiледi.
      5. Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия өтiнiш берушiден және басқа да тұлғалардан жер қойнауын пайдаланушылардың, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешiмдерге ықпал ету мүмкiндiгi бар заңды тұлғалардың қаржылық-экономикалық жағдайы туралы құжаттарды қоса алғанда, иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсынымдар әзiрлеуге қажеттi кез келген қосымша материалдарды сұратуға және алуға құқылы.
      6. Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның мемлекеттiң иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы ұсынымдары хаттамамен ресiмделiп, ол құзыреттi органға жiберiледi.
      7. Иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алу туралы шешiм сатып алуға уәкiлеттi ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға не Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған мемлекеттiк органға жiберiледi.
      8. Құзыреттi органның иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алу туралы шешiмiн алғаннан кейiн ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық компания немесе уәкiлеттi мемлекеттiк орган жер қойнауын пайдаланушымен немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi иеленушi тұлғамен келiссөздер процесiн жүргiзуге бастамашы болады.
      Ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық компанияның немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органның иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алуы басқа өтiнiш берушiлер ұсынғандардан нашар болмайтын жағдайларда жүзеге асырылады.
      Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi ақысыз негiз бойынша иелiктен шығарған жағдайда, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi заңды тұлғаның жарғылық капиталына берген жағдайда мұндай объектiлердi сатып алу Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын нарықтық құн бойынша жүзеге асырылады.
      9. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алу мерзiмдерi жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алу туралы шешiм қабылданған күннен бастап алты айдан аспауға тиiс.

      14-бап. Жер қойнауын пайдалануды шектеу және тыйым салу

      1. Ұлттық қауiпсiздiктi, халықтың қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жер қойнауының жекелеген учаскелерiн пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
      2. Елдi мекендердiң, қала маңы аймақтарының, өнеркәсiп, көлiк және байланыс объектiлерiнiң аумақтарында жер қойнауын пайдалануға, егер мұндай пайдалану адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiруi, шаруашылық объектiлерiне немесе қоршаған ортаға нұқсан келтiруi мүмкiн болса, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша iшiнара немесе толық тыйым салынуы мүмкiн.
      3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шектерiнде жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      15-бап. Пайдалы қазбаларды реквизициялау

      1. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қойнауын пайдаланушыға тиесiлi пайдалы қазбалардың бiр бөлiгiн немесе барлығын реквизициялауға құқығы бар. Реквизициялау Қазақстан Республикасының мұқтаждығына қажет мөлшерде төтенше немесе соғыс жағдайының барлық қолданылу мерзiмi iшiнде жүргiзiлуi мүмкiн. Пайдалы қазбаларды реквизициялау меншiк нысанына қарамастан, кез келген жер қойнауын пайдаланушыға қатысты жүргiзiлуi мүмкiн.
      2. Қазақстан Республикасы реквизицияланған пайдалы қазбалар үшiн заттай нысанда немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушыға, олардың құнына еркiн айналымдағы валютамен, ал ұлттық жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдаланушы тиiстi пайдалы қазбаларға қатысты мәмiлелер жасасу кезiнде реквизициялау күнiне қолданатын, көлiктiк шығыстар мен өткiзу шығындары шегерiмiнен қалған бағадан аспайтын бағалар бойынша ұлттық валютамен өтемақы төлеуге кепiлдiк бередi.

2-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      16-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi 



      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) мемлекеттiк меншiк объектiсi ретiнде жер қойнауының мемлекеттiк қорын басқаруды ұйымдастырады;
      2) жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;
      3) пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану жөнiндегi бiрыңғай ережелердi бекiтедi;
      4) минералдық шикiзаттың стратегиялық түрлерiне мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға арналған жер қойнауы учаскелерi мен кен орындарын айқындайды;
      5) ұлттық қауiпсiздiктi, халықтың қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгiлейдi;
      6) болашақ ұрпақ мүддесiнде минералдық шикiзат қорларын сақтау үшiн жер қойнауы учаскелерiн консервациялау тәртiбiн айқындайды;
      7) стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерiнiң, кен орындарының тiзбесiн бекiтедi;
      8) кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесiн айқындайды;
      9) жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртiбiн айқындайды;
      10) кең таралған пайдалы қазбалары бар, конкурсқа шығарылуға тиiстi жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      11) модельдiк келiсiмшарттарды бекiтедi;
      12) Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы және пайдалы қазбалар қоры жөнiндегi өңiраралық комиссиялар туралы ереженi бекiтедi;
      13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерi бойынша жер қойнауын пайдалануға келiсiмшарттарды жасасу және орындау жөнiндегi құзыреттi органды айқындайды;
      14) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шаруашылыққа шектеп пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      15) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн бекiтедi;
      16) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмiн қалыптастыру мен жүргiзудiң тәртiбiн және осы тiзiлiмге енгiзу үшiн оларды бағалау өлшемдерiн қоса алғанда, оларды өндiрушiлердi бекiтедi;
      17) келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг жүргiзу мен бақылау тәртiбiн айқындайды;
      18) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртiбiн айқындайды;
      19) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму және сарқынды суларды ағызу тәртiбiн айқындайды;
      20) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi;
      21) Қазақстан Республикасының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереженi бекiтедi;
      22) мұнай экспортын, оның iшiнде кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық баждарды, мұнай экспортына квоталарды бекiту (өзгерту) жолымен реттейдi;
      23) мұнайды әртүрлi көлiк түрлерiмен тасымалдауға сандық шектеулердi (квоталарды) белгiлейдi;
      24) мұнай өндiрудiң және айналымының бiрыңғай дерекқорын жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
      25) жағалау жиегiнiң нақты орналасқан жерiн айқындау тәртiбiн бекiтедi;
      26) Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамын және ол туралы ереженi бекiтедi;
      27) Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссияның құрамын және ол туралы ереженi бекiтедi;
      28) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға басым құқығын iске асыру тәртiбiн айқындайды;
      29) мемлекет меншiгiнде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тысқары жерге әкету ережелерiн бекiтедi;
      30) жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды, сондай-ақ мұнай операцияларымен байланысты өзге де объектiлердi құру, пайдалануға беру және пайдалану қағидасын бекiтедi;
      31) жер қойнауына мемлекеттiк мониторингтi жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;
      32) ұлттық компанияның үлестiк қатысуы көзделетiн келiсiмшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттiк мүдделердi бiлдiру тәртiбiн айқындайды;
      33) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу туралы есептер беру тәртiбiн бекiтедi;
      34) теңiздi тазарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қажеттi материалдар мен заттарға қойылатын нормативтердi және талаптарды белгiлейдi;
      35) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асыру ережелерiн белгiлейдi;
      36) теңiзде, iшкi су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргiзу тәртiбiн бекiтедi;
      37) жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшарттық аумақта өндiрген мұнайдың көлемi мен салмағын өлшеу ережелерiн бекiтедi;
      38) мұнай операцияларын жүргiзген кезде iлеспе және (немесе) табиғи газ жағудың нормативтерi мен көлемдерiн есептеу әдiстемесiн бекiтедi;
      39) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттiк балансқа қосу және оларды мемлекеттiк баланстан шығару тәртiбiн белгiлейдi;
      40) iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру тәртiбiн бекiтедi;
      41) кен орындарының және пайдалы қазбалар көрiнiс-белгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      42) зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      43) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы бойынша мемлекеттiк органдарға ақпарат беру тәртiбiн бекiтедi;
      44) кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiнiң жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету ережелерiн бекiтедi;
      45) жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындау тәртiбiн белгiлейдi;
      46) тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртiбiн бекiтедi;
      47) барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;
      48) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшартты (шартты) жасасу тәртiбiн белгiлейдi;
      49) теңiздегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
      50) магистральдық құбырлар салу туралы шешiм қабылдайды;
      51) жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау ережелерiн бекiтедi;
      52) жер қойнауының жай-күйi туралы геологиялық есептiлiктi ұсыну нысанын бекiтедi;
      53) техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн бекiтедi;
      54) "Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi" деген мемлекеттiк ақпараттық жүйе арқылы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу ережелерiн бекiтедi;
      55) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiн бекiтедi;
      56) еркiн өткiзу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темiр жол эстакадалары қуаттарын пайдалану тәртiбiн бекiтедi;
      57) электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен қадамдастыру тәртiбiн бекiтедi;
      58) тәулiгiне екi мың текше метр және одан да көп көлемдегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшiн оларды барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезiнде су деңгейiн төмендету мақсатында жерасты суларын өндiруге арналған рұқсатты беру тәртiбiн бекiтедi;
      59) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетiлетiн қызметтердегi ең аз қазақстандық қамтуды есептеу тәртiбiн бекiтедi;
      60) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуының жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептерiн жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртiбiн бекiтедi;
      61) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған қызметкерлердi оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталған шығыстар мөлшерi жөнiндегi мiндеттемелердi орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерiн жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртiбiн бекiтедi;
      62) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау тәртiбiн бекiтедi;
      63) өзiне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      17-бап. Құзыреттi органның өкiлеттiктерi



      Құзыреттi органның өкiлеттiктерiне: .P100454
      1) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссия туралы ереженi бекiту және оның құрамын бекiту;
      2) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi, бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты дайындау және ұйымдастыру;
      3) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi, бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
      4) жер қойнауын пайдаланушымен, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшартты қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың талаптары туралы келiссөздер жүргiзу;
      5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттық құжаттар жобаларын қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттық құжаттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қағидаларға сәйкес, салықтардың бюджетке толық төленуiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында минералдық шикiзатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тiзбесiн айқындау бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
      7) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты ғимараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, келiсiмшарттарды жасасу, мемлекеттiк тiркеу және сақтау;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
      9) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және барлаумен және өндiруге байланысты емес жерасты ғимараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттардың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      10) Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негiзiнде иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы шешiмдер қабылдау;
      11) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссияның ұсыныстары негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) кепiлге беруге рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту), сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын қоспағанда, осы Заңның 36 және 37-баптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру жөнiндегi мәмiленi тiркеу;
      12) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету;
      13) Қазақстан Республикасының Президентiне және Үкiметiне, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша келiсiмшарттық талаптардың орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептi ұсыну;
      14) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын әзiрлеу;
      15) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың қолданылуын жаңғырту туралы шешiм қабылдау;
      16) келiсiмшартты орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргiзу және келiсiмдер жасасу;
      17) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссия туралы ереженi бекiту;
      18) Қазақстан Республикасының аумағында өңделуiн конкурсқа қатысушы қамтамасыз етуге мiндеттенетiн минералдық шикiзаттың ең аз мөлшерiн айқындау;
      19) индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi органға жинақтау және талдау үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуындағы қазақстандық қамту бойынша жалпы ақпаратты беру;
      20) модельдiк келiсiмшарттардың жобаларын әзiрлеу;
      21) тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудағы қазақстандық қамту және кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;
      22) келiсiмшарттар талаптары орындалуының сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн әзiрлеу;
      23) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттiк берген тұлғалар беретiн, жүргiзiлген, жүргiзiлетiн және есептi кезеңнен кейiнгi жылда жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты жинақтау және талдау;
      24) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттiк берген тұлғалар беретiн, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты жинақтау және талдау;
      25) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      26) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен ақпарат сұрату;
      27) пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiту;
      28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi.

      18-бап. Мұнай мен газ саласындағы уәкiлеттi органның



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет