Жетписбаев батыр адамович


§ 4. Билікке жататын істер



Pdf көрінісі
бет24/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
235556 (1)

§ 4. Билікке жататын істер 
Билердің алдына немесе ”кеңес”, ”жүгініс” сияқты билердің басы қосылған ортаға түсетін
мəселелердің қатарына: 
а) Адамның жеке басына қарсы; ə) рулы елге қарсы; б) қалыптасқан қоғамдық тəртіпке қарсы; 
в) қабылданған дінге қарсы, құдайға қарсы жасалған қылмыстың түрлерін енгізеді. 
Қылмыс ұғымының орнына-қаскүнемдік, жаманат, жаман іс, күнə т.б. түсініктер жүреді. 
Қылмыстың түрлерін осыған байланысты ” Жарғы”: неке мен отбасы тəртібіне қарсы қылмыс 
(жесір дауы, қалың мал мен жасау т.б.), меншікке қарсы жасалған қылмыс (мал-мүлікті, дүниені 


ұрлау , тонау т.б.), қалыптасқан қоғамдық тəртіпке қарсы жасалған қылмыс /ру құндылықтары, 
тəртібі, қонақасы т.б./ жəне құдай тағала алдында күнəһар болу деп екшеп береді. ” Жарғы” қазақ 
тіршілігіне қатысты даулардың бəріне қалыпты қоғамдық жағдайды, өмір салтты бұлжытпай
ұстап отыру тұрғысынан қарастырады. ”Жарғы” билік дəстүрін іске асыратын адамдарға, осы 
қоғамның ең жауапты, адал қызметкерлері ретінде, шексіз билік береді. 
Осы көрсетілген қылмыс түрлерінен туындайтын ең ауыр оқиға-кісі өлімі, ел тонау, ұрлық, 
зорлау, ойнас деп есептеп, осындай салдарға алып келген даулардың бəрінде де қатал өлім
жазасының қолданылуына рұқсат етеді.Қоғамдағы қылмысты тоқтатудың, туыстықты 
сақтаудың негізгі жолы туысқандық деп білетін “Жарғы” сонымен қатар қандай да оқиғаны 
ушықтырмаудың көзі кінəліні қатаң жазалау екенін ескертеді.”Жарғы” адам өлімінің үш түрін
қарастырады: а/ жол тəртібін ұстап, кек қуып өлтіру; ə/ əдейі қастандықпен өлтіру; б/ 
абайсызда кездейсоқ өлтіру. 
І.Жол тəртібіне жататыны-қожайыны құлын өлтіру, мал иесінің ұрыны, қарақшыны өлтіру, 
үстінен түсіп, күйеуі əйелі мен ойнасын өлтіру т.б. қылмыс үстіндегі өлімдер. 
2.Əдейі қастандықпен өлтіруге ұзыннан өші, қысқадан кегі жоқ адам төбелес үстінде өлтіру, 
жолаушылап келе жатқан адамды өлтіру, ел тонап жүріп адам өлтіру т.б. өлім түрлері.
3.Абайсызда қателікпен өлтіру- аңшылық кезінде жазым болып өліп кетсе, ойын-той, бəйге 
кезінде өлсе немесе күресіп жүріп өліп кетсе, абайсызда ат теуіп өлтіру т.б. 
Осылардың ішінде “қасақана кісі өлтіру” ауыр жазаланады, егер өлген адам денесі табылмаса, 
кісі өлтіруші жақ екі есе құн төлейді жəне елден аласталады.Зəбір крген жақ өлім жазасын 
талап етуге хақылы.Денесіне зақым келген адам кінəлінің дəл сол мушесін зақымдауға ерікті. 
Абайсызда болған күннің өзінде, мысалы, атты адам аяғы ауыр əйелді қағып кетсе, ол өлсе, оның 
ішіндігі баласына да құн төлеуге міндетті. 5 айға дейінгі шарананың əр айына І жылқы, одан əрі 
айына І түйе.
Адам 
өлген 
жағдайда 
оның 
туыстары 
құннан 
бөлек 
“қанжуар” 
деп 
қарсы 
жақтан /қылмыскерлердің өзінен, не руынан/ мал алуы айыпталмайды. Егер “қанжуар” алынбай 
қалса, билер құнның үстіне “қанжуар” қосуға ерікті. 
Меншікке қол сұғудың қандай түрі болса да, /ұрлық, тонау, шабу/ ел “жау шапты” деп ұран 
көтеруге, қарсылық көрсетуге хақылы; урлық жасағандар “үйірімен үш тоғыз” қайтарады, оған 
қосымша “мойнына қосақ, көтіне тіркеу” байлайды, оны көтере алмаса босағаға байланады
бұғалық салып жазалайды. Екі қылмысқа екі жаза, бір қылмысқа бір ғана жаза/ бір қойдан екі 
тері алмайды/ болады. 
Ер қаруы болып табылатын, ердің басын сақтайтын заттар /қылыш, найза, шідер, үзеңгі, жүген 
т.б./ ұрлығы өте ауыр жазаланады. 
“Жеті Жарғы” қазақ қоғамының қалыптасқан саяси, этникалық, шаруашылық, əлеуметтік 
дəстүрлерін сақтау мақсатында қылмыстың ұсақ-түйегі болмайды деп есептеп бəріне жаза 
қолданады.Осы себептен қылмыс туралы даугердің өтініші келіп түспей-ақ кез-келген елге 
абыройлы бидің өз бетімен істі бастауына рұқсат беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет