Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың


Батыс Қазақстан облысының орта, техникалық және



бет8/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.59 Mb.
#7738
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Батыс Қазақстан облысының орта, техникалық және

кәсіптік білім берудамуының көрсеткіштері


Көрсеткіштер



2011/2012 оқу жылы



2012/2013 оқу жылы



2013/2014 оқу жылы

2013/2014 оқу жылы 2012/2013 оқу жылына, %-бен

Күндізгі жалпы білім беретін мектептер - барлығы

419

416

410

98,6

мемлекеттік

416

413

407

98,5

жеке

3

3

3

100

Күндізгі жалпы білім беретін мектептерде оқитындар саны, мың адам

88,8

87,5

87,0

99,4


ҰБТ-ның орташа баллы

87,48

77,39

78,15

х

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны,

оларда:


39

39

38

97,4


оқушылар саны, мың адам

25,9

26,3

24,7

93,9

мамандар шығару, мың адам

8,5

8,5

8,3

97,6

2013 жылы жалпы орта білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту 27 бірлікке артып, 155 мектепті құрады, бұл барлық мектеп санының 38,1% - ын құрайды, жоспарлы индикатор бойынша 35%.

Жалпы орта білім беретін мектептердегі 83 түзете-дамыта оқыту сыныптарында 414 оқушы, бұл былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 23,2%-ға артық. Түзете дамыта оқыту сыныптарының саны 23 бірлікке көбейді (38%)

Жалпы білім беретін мектептерде 136 арнайы педагог (71 дефектолог және 65 логопед) бірлігі енгізілді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 35 бірлікке немесе 34,6% - ға артық

Балаларды инклюзивті біліммен қамту 11,1% -ға көбейіп, мектеп жасындағы барлық мүмкіндігі шектеулі балалардың 53,7% құрады, бұл да жоспарлы индикатордан жоғарғы көрсеткіш (49%).

Техникалық және кәсіптік білім беру

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 38 бірлікті құрайды, соның ішінде 27 мемлекеттік колледж (жалпы саны - 24,7 мың оқушы).

120-дан астам мамандықтар мен жұмысшы кәсіптері бойынша мамандар мен жұмысшы кадрларды даярлау жүзеге асырылуда.

ТжКБ ұйымдарының педагог қызметкерлерінің саны 1979 адамды құрайды, оның ішінде 362-і өндірістік оқыту шеберлері.

Облыстың әр ауданында колледждер қызмет етуде, даярланатын кәсіптер мен мамандықтар тізімі облыс экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес түзетілген.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірген ТжКБ ұйымдарының 4727 түлектерінен 3600-і немесе 76,1% өндіріс базасында тәжірибеден өту орнымен қамтамасыз етілген.

2013 жылғы түлектердің кәсіби даярлық деңгейін тәуелсіз бағалау 54 мамандық және жұмысшы мамандықтары бойынша 4866 адамды қамти отырып, жүзеге асырылды. Сәйкестік сертификаттарын 4708 адам алды немесе қатысушылардың жалпы санынан 96,7% (2012 жылы – 92,0%), бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4,7%-ға артық.

Сонымен қатар, ТжКБ саласында шешілмеген мәселелер бар. 27 техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік оқу орындарының 7-уі бейімделген ғимараттарда орналасқан, 4 оқу орнының жатақханалары жоқ.

Бизнес қауымдастығы мен оқу орындары арасындағы қарым-қатынастың дамуы жеткіліксіз деңгейде болып отыр. Кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілер базасында оқу-өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізуде қиындықтар орын алуда. Жұмыс берушілердің қатысуысыз өндіріске қажетті мамандарды дайындау мүмкін емес. Сондықтан мамандарды дайындау, кәсіптік білім беру үрдісінде жұмыс берушілердің ролін, жауапкершілігі мен құзырын ретке келтіру қажет және жеке сектордың қаржысын білім беруге тартудың заңнамалық негізін құрастыру қажет. Кадрларды дайындау үрдісіне, педагогикалық кадрлардың тәлімнен өтуіне және оқу орындардың материалдық базасын жақсартуға спорсорлық көмекті көбейту.

Колледждерде және кәсіптік лицейлерде оқу үдерісінің сапасын көтерудің кідіртуші факторына оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі, әсіресе арнайы пәндер бойынша қазіргі заманғы оқу әдебиетінің тапшылығы жатады.



Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және сақтандыру шараларын жүргізу

2014 жылдың басында облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1308 бала болды, өткен жылмен салыстырғанда 117 азайды.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері саны өткен жылмен салыстырғанда 8% азайды. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер саны 1 бірлікке азайды.

Қазақстан азаматтарының отбасында жалпы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 825 бала қорғаншылық, қамқоршылықта, 199 патронаттық тәрбиеде және 5 мемлекеттік мекемелерде 284 тәрбиеленуші (білім саласы, денсаулық саласы және әлеуметтік қорғау саласы) тәрбиеленді.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі тәрбиеленушілер санының төмендеуі отбасы тәрбие түрінің дамуына байланысты. 2013 жылы отбасы тәрбие түрімен 73 адам немесе 23,6 % мекемелер тәрбиеленушілері қамтамасыз етілді. Оның 30 асырап алынды, 8 патронаттық тәрбиеге, 6 қорғаншылық, қамқоршылыққа және 29 туған отбасыларына қайтарылған.

Білім беру саласындағы негізгі бағыттар Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағдарланатын болады.

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы саясат мектепке дейінгі балалар ұйымының желілерін кеңейтуге және мектепке дейінгі тәрбие сапасын арттыруға бағытталады.

Жалпы орта білім беру жүйесінде негізгі күш оқыту сапасын арттыруға және ақыл-ойы, дене бітімі мен жан дүниесі дамыған азаматты қалыптастыру үшін барынша жағдайлар жасауға жұмсалатын болады.

Кәсіптік білім беру ұйымдарын қажетті оқу құралдары мен техникамен әрі қарай жабдықтау, инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелері қарастырылуда.
Мәдениет

Соңғы жылдары аймақтың мәдениет саласының қызметі бірқалыпты дамуда.

2011-2013 жылдары облыстағы мәдениет мекемелерінің қызмет етуіне бөлінген қаржының көлемі 10,7 млрд.теңгені құрайды. 2013 жылдың бюджеті 2011 жылмен салыстырғанда 5,7%-ке өсуі байқалады.

2014 жылдың 1-қаңтарына облыс бойынша 769 мемлекеттік мәдениет мекемелері қызмет етеді, олар: 2 облыстық драма театры, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, облыстық камералық оркестрі, 403 көпшілік кітапхана, 274 клуб мекемелері, 5 автоклуб, 5 кинотеатр, 53 киноқондырғы, 16 мұражай, 4 мәдениет және демалыс саябағы, көрме залы, облыстық тарихи және археологиялық орталығы, тарихи-мәдени мұраларды сақтау жөніндегі инспекция, облыстық халық шығармашылығы және жастар шығармашылығы орталықтары.

2013 жылы театрда 460 спектакль қойылған болса, соның ішінде қазақ тілінде - 193 (42%). Облыста театр өнерінің жаңа қойыламдары 3% үлесті құрайды.

Клуб ұйымдары 36645 мәдени–көпшілік шараларын ұйымдастырып, (фестиваль, байқау, форум, акция, айтыс, концерт, шығармашылық есептері және т.б.) 1572 мың көрменді қамтыған. 2011 жылмен салыстырғанда (34380 іс-шара, 1488,4 мың адамға қызмет көрсетілген) өткізілген іс-шаралар саны 2265 (6,6%), келушілер саны 83,6 мың (5,6%) адамға өскен.

Кәсіби концерт ұжымдары 191 концерт қойып (2011ж.-154), 59,2 мың адамға (2011ж. - 66,1 мың адам) қызмет көрсетілді.

Халықаралық, республикалық шығармашылық байқауларында жас қатысушылардың саны 188 адам құрады (2011 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп), оның ішінде халықаралық байқауларға 105 адам, республикалық байқауларға 83 адам қатысқан.

2013 жылда «Халықтық» және «Үлгілі» атағы бар әуесқойлық шығармашылық ұжымдардың саны 64 болып, 2011 жылмен салыстырғанда 10 ұжымға өскен.

Облыстағы музейлер 6067 мәдени-көпшілік шаралар өткізген (2011 жылмен салыстырғанда 8,8%-ке көп), оның ішінде 193 көрме ұйымдастырылған, 503 дәріс және шаралар және 5,3 мыңнан астам экскурсия өткізілген. Музейлерге келушілер саны 77,6 мың адамды құрайды (2011 жылмен салыстырғанда 12,8%-ке көп). Мұражай қорының жаңару үлесі 2,3% құрайды (3,7 мың экспонаттар).

Облыс кітапханаларының кітап қоры 5475,7 млн.дананы (2011 ж. – 5321,0 мың дана) құраса, соның ішінде қазақ тілінде -2007,4 млн. дана. Кітап қорының жаңару үлесі 2,2% құрайды. Кітапхананың оқырман саны 303,4 мың, (2011 ж. – 307,8 мың. адам), келушілер саны – 2654,2 млн. оқырман (2011ж. - 2632,1 млн. адам).

Облыс кітапханаларында 31,2 мың мәдени көпшілік шаралар (семинар, конференция, кәсіби байқаулар, дәріс, дөңгелек үстелдер және т.б.) өткізілген, 2011 жылмен салыстырғанда деңгейі 1,9 есеге көп.

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сирек кездесетін кітап қорынан 446 кітап сандық форматқа аударылды, ол 2011 жылмен салыстырғанда 130 кітапқа көп.

2013 жылы облыс тұрғындарының мәдениет саласының қызметінің сапалылығына 52%-ы қанағаттанарлық деңгейді құрайды. Республикалық бюджеттің трансферттік есебінен «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2013 жылы мәдениет саласының 7 объектісіне 414,5 млн.тг. күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде облыста 6 аудандық мәдениет үйі және М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасына.

Теректі ауданының Аңқаты ауылдық мәдениет үйі жергілікті бюждет есебінен 48,4 млн.тг. кешенді күрделі жөндеу жүргізілді.

Облыс аумағында 6 мың мәдени және археология ескерткіш тіркелсе, оның ішінде 187-сі монументалды өнер, архитектуралық ескерткіштер болып табылады, олардың 14 республикалық және 173 жергілікті маңызға жатады.

Облыста негізгі көрсеткіштер тенденциясының өсуі байқалғанымен облыс тұрғындарының мәдениет мекемелері қызметіне тең қолжетімділігін қамтамасыз етіп отыр, мәдениет мекемелерінің салуынына сұраныс, сонымен қатар облыста өскелең ұрпақ арасында тарихи-мәдени мұраларды насихаттау өз дәрежесінде орындалмай келеді. Облыста 300–ден жоғары тұрғындары бар 56 елді–мекеніндерінде клубтың және сондай-ақ 12 елді-мекендерде кітапхана жоқ.

Жылжымалы мәдениет мекемелердің және видеомобилдің (барлығы 5 автоклуб) тапшылығына байланысты шалғайдағы аймақтарды мәдениет қызметімен қамту қиын болып отыр. Қызметтік сапасы өсуіне және заман талабына сай мәдениет қызметін көрсетуге мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайының төмендігі (музыкалық аспаптардың жоқтығы, замануи жабдықтар, сахналық киімдер) кер әсер беріп отыр.

Облыстық орталық мұржайдың сандық форматқа айналдыратын жабдығы жоқтығына байланысты оның мұражай қорымен танысуға аймақ тұрғындары қол жеткізе алмай отыр.

Облыстың 1000 тұрғынына шаққанда 194 жаңа кітаптан келеді. Компьютердің тапшы болуы, кітапханалар интернет желісіне қосылмағаныны ауылдық кітапханаларға (12 аудандық орталықтандырылған, және 11 ауылдық кітапханалардан басқа) облыстық және ұлттық кітапханалардың ресурстық желісіне кіруге шектеу болып отыр. Мәдениет саласының мекемелерінде жаңа типтегі басқарушы кадрлар, реставратор, бутафор, бағдарламашы мамандары тапшы.

Мәдениет саласының дамуына алдағы уақытта қарастырылатын басты бағыттар:

әлеуметтік бағыттағы ұлттық мәдениет өнімдерінің көбеюіне (кино, кітаптар, театралдық қойылымдар, телебағдарламалар), әлеуметтік бағыттарға, еңбекке ынтасын, кәсіби табыстарға жетуін қалыптастыру;

мәдениет мекемелеріне келушілердің санын арттыру;

аймақтағы тұрғындарды қоғамның дамуына үлес қосуына, әлеуеметтік белсенділік танытуға мәдени-көпшілік шаралар өткізу арқылы тарту.


Тілдерді дамыту

Облыстағы тіл саясаты Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде тілдік ортаны дамытуға және аумақтың лингвистикалық капиталын дамытуға бағытталған. 2011-2013 жылдары тілді дамытуға 208,7 млн. теңге бөлінді.

Еркін және тегін мемлекеттік тілді үйрену үшін жыл сайын тілді оқыту курстары ұйымдастырылады. Курсқа 2013 жылы 855 адам қамтылды (2011 ж. – 850).

Оқу процессі мемлекеттік стандарттарға, мемлекеттік тұжырымдама мен оқу бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырылды. Оқу үдерісінде оқытудың жаңа технологиялары мен инновациялық әдістері қолданылады.

Сонымен қатар, облысымызда ресми түрде қазақ тілімен қатар орыс тілі де қолданылады, ағылшын тілін үйренуге барлық жағдайлар жасалған.

Облысымыздағы мемлекеттік органдарға жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша есепті жылы құжатайналымдағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,8% құрады (2011 ж. – 99,2%).

Білім беру саласында мемлекеттік тілдің қолданылуында да оң тенденция байқалады. 2013 жылы 184 мектепке дейінгі ұйымдардың 146 өз жұмысын мемлекеттік тілде жүргізеді (79,3%), ал 2011 жылы 178-ден – 140 (78,6%).

407 мемлекеттік күндізгі мектептердің 277-інде оқу қазақ тілінде жүргізіледі, бұл көрсеткіш 68,1% құрайды (2011 ж. – 66,6%). 96 мектепте қазақ және орыс тілдерінде оқытатын кластар бар.

Облысымызда тұратын өзге ұлыстардың тілдері мен мәдениетін насихаттау мақсатында тілдер фестивалін өткізу дәстүрге айналды. Фестивалға Орал қаласы мен Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарындағы диаспорлар өкілдері қатысты.

БАҚ-та мемлекеттік тіл саясатын орыс тілінде насихаттау, тіл саясаты жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру, мемлекеттік тілді дамыту және қолданыс аясын кеңейту мақсатында 2013 жылы жергілікті ТДК-42 телеарнасынан «Язык – зеркало нации» айдарымен 50 орыс тіліндегі, «Ана тілі - бала тілі», «Тіл-парасат көрсеткіші» айдарларымен 24 балалар мен жасөспірімдерге арналған танымдық-тағылымдық бағдарламалар жұртшылық назарына ұсынылды.

Облыстық деңгейде мәнерлеп оқу және орыс жастары арасында тіл біліктілігі байқаулары, мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында олимпиадалар, мемлекеттік тілді техника тіліне айналдыру мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі.

БАҚ-та мемлекеттік тіл саясатына қатысты жарияланған мақалалар саны - 2011 жылы 113, 2012 жылы – 97, 2013 жылы – 105-ті құрады .

Облыс деңгейіндегі мемлекеттік тілдегі БАҚ-тың саны 2013 жылы 17 немесе барлық БАҚ-тың 21,5% құрады. (2011 ж. – 14,9%), орыс және қазақ тіліндегі БАҚ-тың саны – 51 немесе 64,6% (2011 ж. – 58,4%), орыс тіліндегісі – 11 немесе 13,9% (2011 ж. – 26,7%).

Жалпы облыс азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі 68% құрайды (2011ж. – 66%).

Алайда, қол жеткен жетістіктермен қатар мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында пайдаланылу деңгейінің төмендігі байқалады. Саланың ағымдағы және болашақтағы өзекті мәселелерінің бірі - мемлекеттік тілдің қаржы, бизнес, ғылым, қызмет көрсету, мемлекеттік қызметті ұсыну саларындағы қолданысының төмендігі және мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің тиісті деңгейде дамымауы.
Спорт

Бұқаралық спортты дамыту және халықтың дене шынықтыру мен спортқа деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында 1524 спорттық ғимараттар жұмыс істейді, соның ішінде: 3 стадион, 1 спорт сарайы, 5 жүзу бассейні, 7 спорт кешені, 269 спорт залы, 1 спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 124 ату тирі, 947 жазықтық ғимараттар, 150 бейімделген спорт залдары, 9 теннис корты.

Спорттық ғимараттардың өткізу қабілеттілігі 48825 адамды құрайды. Облыста еркін күрес, велосипед спорты, садақ ату, бокс, байдарка және каноэ есу, жеңіл атлетика, самбо, дзюдо және т.б. спорт түрлері белсенді дамытылады. Спорт ұйымдарында 40-тан астам спорт түрлері дамытылады, соның ішінде 25-і – олимпиадалық спорт түрлері.

Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі, олимпиада резервтерін даярлау орталығы, жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі және 3 кәсіби клуб (волейбол, футбол, спорттық ойындар) жұмыс істейді.

Дене шынықтыру мен спорт ұйымдарының бюджеті 2013 жылы 3,6 млрд. теңгені құрады, 2011 жылы 2,4 млрд. теңге бөлінген.

Спорттың бұқаралық сипатын арттыру мақсатында өткізілген кешенді спорттық іс-шаралар облыста дәртүрлі сипат алды. Жыл сайын 250 мыңнан астам адамның қатысуымен 2000-ға жуық спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын облыс тұрғындарының санын ұлғайту бағытында атқарылған жұмыстың маңызды нәтижесі студенттер мен жастарға спорт объектілерінде спортпен шұғылдануға жеңілдік жағдайы, ал мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі оқушы жастарға спортпен тегін шұғылдану жағдайы жасалғаны.

2011 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 13%-ға өсіп, 138,2 мың адамды немесе облыс тұрғындарының жалпы санының 22,2% -ын құрады (2011 ж. – 19,2%).

Спортпен жүйелі айналысатын мүмкіндіктері шектеулі адамдардың саны 1453 адамды құрады (2011 ж. – 1100 адам ). Мүмкіндіктері шектеулі спортшылардың қатысуымен облыстық және аудандық деңгейдегі 145 спорттық іс-шара өткізілді. Республикалық және халықаралық жарыстарға 71 мүгедек-спортшы қатысты. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың дене шынықтыру және спортпен қамтылуы 5,7% -ды құрайды (2011 ж. – 2,1%).

2011-2013 жылдары 107 Қазақстан Республикасының спорт шебері және 47 халықаралық дәрежедегі спорт шебері дайындалды. 239 облыс спортшысы Қазақстан Республикасының ұлттық, жастар және жасөспірімдер құрама командаларының мүшелері болып табылады.

2012-2013 жылдары Теректі және Қазталов аудандарының орталықтарында спорт кешендерінің құрылысы аяқталып, облыс орталығында және аудандарда 22 спорт алаңдары қолданысқа берілді, Орал қаласында 2014 жылы қолданысқа тапсырылуы көзделген теннис және дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бұқаралық спортты дамыту мен дене шынықтыруды кеңінен таратуды қамтамасыз ету бағытындағы алынып жатырған шараларға қарамастан, ауылдық жерлердегі спорттық ұйымдар желісін дамыту, спорт мектептері мен клубтарды материалдық-техникалық қамтамасыздандыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарға спортпен шұғылдану үшін жеткілікті жағдай жасау және мүгедек-спортшыларға арнайы спорт клубтарын ашу мәселелері өткір болып отыр. Бұқаралық спортты дамытуда кәсіби мамандар мен спорт кешендерінің тапшылығы біршама қиындықтар туғызып отыр.


Туризм

Облыс экономикасы дамуының келешекті салаларының бірі жоғарғы әлеуеті, бірегей географиялық орналасуы, жайлы табиғи-климаттық жағдайлары (өлке көркі – Шалқар көлі, оның су құрамы теңіз суының стандартына сәйкес келеді), қызмет көрсету мен демалу саласының базалық инфрақұрылымы, мол тарихи-мәдени мұрасы бар туристік сала болып табылады.

Бүгінгі күнге облыста балалар мен жасөспірімдер, танып білу, сауықтыру, экологиялық сияқты туризм түрлері дамыған. Туризмнің белсенді түрлері ерекше танымал болуда: атты, су, велосипед, жаяу, экологиялық маршруттар, аңшылық және балық аулау. Ішкі және танып білу туризмін дамыту мақсатында облыста тарихи жерлер бойынша экологиялық-этнографиялық, ат-су, экскурсиялық маршруттар, Жайық өзені бойынша су маршруттар, бірегей архитектуралық көркі бар облыс орталығы бойынша экскурсиялық маршруттар.

Облыстың тартымды туристік имиджін қалыптастыру және ілгерілету мақсатында жыл сайын ішкі туризм бойынша облыстық имидждік шаралар өткізіледі, туристік көрмелерде, жәрмеңкелерде, биржаларда қатысуда, әр түрлі тілдерде жарнамалық-ақпараттық өнім жариялануда, республикалық бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері мен туроператорлар үшін ақпараттық турлар өткізіледі.


26 кесте

Батыс Қазақстан облысы бойынша

туризм саласының көрсеткіштері





Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.




Туристік фирмалар саны

бірлік

25

30

37




Орналастыру нысандар саны

бірлік

37

44

43




Орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі

млн. теңге

1 484,2

1 711,1

1 317,9




Ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер

адам

41 391

41 958

57 791




Келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер

адам

11 491

7 698

13 241



2011-2013 жылдар аралығында өңірде 25 тен 37-ге дейін (1,5 есе) туристік ұйымдар санының өсу беталысын атап өту қажет.

2013 жылы орналастыру нысандар саны 43 бірлікті құрайды, оның ішінде: 17 кәсіпорын және 26 жеке кәсіпкер.

Орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 2013 жылы 1317,9 млн. теңгені құрады (2012 ж. -1484,2 млн.теңге).

2013 жылы ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны 57,8 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 37,7%-ға артық, келу туризмі бойынша – 13,2 мың адам (72,0%-ға).

Өткізілген талдау бірқатар проблемалық мәселелерді айқындауға мүмкіндік берді, олардың шешілуі белгіленген мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді – облыста туризм индустриясының тұрақты дамуы:

орналастыру объектілердің материалдық базасы, қонақ үйлерді, демалыс базаларын қос алғанда, жоғары дәрежедегі моральді және табиғи тозығымен сипатталады;

бүгінгі күнге туризм масштабтары, түрлері, туристер үшін тұру орындарының сапасы мен ұсыныстары халықаралық талаптарға сай келмейді;

сатысыз туристік нысандар бірігуі орындарында немесе маршруттардың негізгі орындарында туристерді орналастыру жағдайлардың болмауы;

тартымды экскурсиялық нысандарға немесе әдемі ландшафттарға автомобильді жолдардың, жол бойындағы инфрақұрылымның нашар жағдайы немесе болмауы;

экскурсиялық нысандардың нашар жағдайы – ыңғайлы сынақ алаңының, ақпараттық тақталардың, жабдықталған және қауіпсіз соқпақтардың демалу орындарының болмауы;

рекреациялық аймақтардың экологиялық жағдайдың проблемасы (антропогендік жүктеме, жағажай аумағының жиегінің бүлінуі).

Туризм дамуына кедергі келтіретін негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсету саласында мамандандырылған туристік кадрлардың жоқтығы болып табылады. Бұл тек туризм индустриясы нысандарында білікті кадрлардың жоқтығы проблемасына ғана емес, сонымен қатар туристік саласы үшін кадрларды даярлау сапасына да қатысты.

Халықаралық туристік көрмелерден спорттық жарыстар мен фестивальдарға дейін барлық бағыттар мен құралдарды қолданумен Орал қаласының тартымды имиджін құру, сонымен қатар Орал қаласының кең және әр түрлі туристік-экскурсиялық ортаны құру – тематикалық этнографиялық паркінің, архитектуралық сәулетшілік мұражайының, сафари филиалымен қазіргі заманғы зоопаркінің, туристік кемпингтер желісінің құрылысы туристік саланы дамытудың басымдылықтары болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет