Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың



бет9/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.59 Mb.
#7738
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Ішкі саясат

Азаматтық қоғам, этносаралық және конфессияаралық қатынастар

Облыста қоғамдық-саяси жағдай тұрақты сипатта және облыстың серпінді экономикалық дамуына, жоғары деңгейдегі толеранттылық пен келісімге, экономикалық және қоғамдық - саяси аясында туындаған проблемалық мәселелерге өкімет органдары және қоғамдық ұйымдардың жедел назар аударатынына негізденген.

Облыста 8 саяси партияның филиалдары, 33 этно-мәдени орталықтары, 71 діни бірлестіктер, 643-тен астам ҮЕҰ, 50 кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді.

Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу тең құқықтық серіктестік негізінде қарым-қатынастың нығаюы мен кеңеюіне бағытталған.

ҮЕҰ қоғамның әлеуметтік тұрақтануында халық топтарының айрықша мүдделерін іске асыруға белсенді қатысады. Тіркелген ҮЕҰ-ның ішінде экологиялық, жастар мен әйелдер секторлары әлдеқайда белсенді болып табылады. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның ынтымақтастығын әрі қарай жалғастыру, әлеуметтік серіктестіктерін дамыту үшін 2009 жылы үкіметтік емес ұйымдардың бастамашылығы бойынша Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы құрылды. БҚОАА құрамына 20-дан астам БҚО ҮЕҰ-ның ең белсенділері кіреді.

2012 жылы сомасы 63,7 млн. теңгеге 75 әлеуметтік жоба, 2013 жылы сомасы 162,5 млн. теңгеге 140 әлеуметтік жоба ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылды.

2013 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша сұралған респонденттердің 80,2% азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің қарым-қатынастарын оң бағалайды.

Батысқазақстандықтардың басқа ұлттардың өкілдеріне (респонденттердің 93,5% оң бағалайды) және діни сенімдері басқа адамдарға (респонденттердің 84,7% оң бағалады) толеранттылығы жоғары, бұл ұлтаралық және діниаралық қатынастардың тұрақтықты сипаттағы екенін дәлелдейді.

Облыстың қоғамдық-саяси жағдайына үнемі мониторинг жүргізіледі.

Қазақстандық үлгідегі қоғамдық толеранттылыққа және ұлтаралық келісімге насихат жүргізу бойынша облыстың аудандарында және ауылдық округтерде 27,8 мың адам ауқымымен 214 дәріс-кездесулер өткізілді, 150-ден астам түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.

Этносаралық және конфессияаралық келісімді насихаттау мақсатында ұлттық-мәдени орталықтар, мемлекеттік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан-Орал» облыстық телеарнасының телебағдарламаларында 60 телесюжет көрсетілді, 2 бейнеролик жасалды, облыстық мерзімді басылым беттерінде 150-ден астам материалдар жарияланды және 1250 әдістемелік материалдар мен кітапшалар басылды.

Облыста 79 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет атқарады, оның 62% - мемлекеттік емес БАҚ. 33 мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары жұмыс жасайды.



Жастар саясаты

Облыстағы 15-29 жас арасындағы жастар саны 157,6 адамды құрап отыр, бұл облыстағы жалпы халық санының 25,5%, соның ішінде қалада тұратындар 76,6 мың адам, ауылдық жерде тұратындар саны – 81 мың адам.

Жастар бастамаларын қолдау және дамытуда маңызды рөлді жастар бірлестігі атқарады. Қазіргі уақытта облыста жастар мәселелерімен айналысатын 87 жастар ұйымы тіркелген болатын ( 2012 жылы – 84, 2013 жылы - 86), соның ішінде 62-і облыс көлемінде, ал 25-і аудан деңгейінде қызмет атқарады.

Жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар саясатын қаржыландыру өсуде. Осы мақсатта 2014 жылы 89,1 млн теңге бөлінді, 2013 – 77,8 млн теңге, 2012 жылы - 76,2 млн теңге.

Бұл шара негізінде жастар бірлестіктерінің қызметі өз кезегінде жастар ұйымдарының белсенділігінің өсуін қамтамасыз етеді, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызды жобаларды жарыстарға қатысатын жастар ұйымдарының санының өсуін қолдайтын болады.

2013 жылы коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жастар ресурстық орталығы» құрылып, мынадай негізгі мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етеді:

облыстық және аудандық орталықтарында, сондай-ақ әрбір ауылдық округінде, жастар саясатын жүзеге асыру шеңберінде, соның ішінде жастар саясатын іске асыру аясында өткізілген іс-шараларға қатысатын жастардың санын көбейту;

мақсатты іс-шараларға жастардың барлық санаттарын, оның ішінде жұмыссыз жастар, білім алып жүрген, жұмыс жасайтын, шығармашылық, бейресми және өзге де санаттағыларды қамту.

жастарға арналған іс-шаралар ұйымдастыру және оларды мемлекеттік органдар мен мекемелердің арасында үйлестіру, соның ішінде спорт, туризм, білім беру, салауатты өмір салтын, бизнесті дамыту, қылмыстың алдын алу және т.б.

жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың өзекті мәселелерін анықтау және мемлекеттік органдарға оларды жеткізу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жастарға құқықтық, психологиялық, экономикалық кеңес беру.

жұмыссыздар мен оқымайтын жастарға әлеуметтік көмек көрсету, психологиялық, құқықтық және өзге де кеңес беру арқылы қиын жағдайдағы жастарға көмек көрсету керек.

Жыл басынан ресурстық орталыққа жолыққан 421 жасқа жұмыспен қамту мәселесі бойынша кеңес беріліп, 106 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, облысымыздың Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Теректі, Тасқала, Казталов және Сырым аудандарында «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері құрылды. Ресурстық орталықтармен жыл басынан 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, 20 мың жас қамтылды.

Оқу орындары мен жұмыс орындарында жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған 45 жастар ісі жөніндегі комитеттер (ЖОО, АОО және өндірістік мекемелерде) қызмет атқарады.

Жастар арасындағы әлеуметтік шиеленіс ошақтарының бірі – жұмыспен қамту мәселесі. Ағымдағы жылы жастар арасында жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі сайты мен zhastar-bko.kz облыстық жастар сайтын синхронизациялау жұмыстары жүргізілді.

Бұл шара «облыс жастары үшін еңбек биржаларын құру» жобасы бойынша басқа аймақтарға жастарды қолдау мақсатында қаражат жіберуге, интернет-ресурс арқылы ақпарат беруге неғұрлым тиімді болып табылады. Сондай-ақ, жоғарыда аталған сайтта онлайн режимінде резюмені ұсынуға арналған арнайы модулі әзірленді.

2013 жылы облыстың жоғарғы оқу орындарын 5008 түлек бітірді, оның 4159 жұмыспен қамтылды, яғни 83 %.

Арнаулы оқу орындарын 8 263 түлек бітірсе, оның 4 232 түлегі жұмысқа орналасты, яғни 51,2%. Оның 811 түлегі жоғары оқу орындарында білім жалғастыруда.

Астана және Алматы қалаларында оқыған батыс қазақстандықтарды жұмыспен қамту жөнінде мониторинг жүргізілді. Астана мен Алматыда оқыған 509 түлектің 285-і жұмыспен қамтылды. Жұмысқа мұқтаж түлектерге мәліметтер базасы құрылды, сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларындағы жоғары оқу орындарымен жұмыспен қамту жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ауылдық жерлерге 2011-2013 жылдары 1737 жас маманды жіберілді, соның ішінде 2011 жылы - 684 адам, 2012 жылы – 525, 2013 жылы - 528 жас маман жіберілді. 2011-2013 жылдары бағдарлама бойынша 305,6 млн. тенге көтерме жәрдемақы, 699 жас маманға тұрғын үй алуға жеңілдетілген 1622,1 млн.тенге несие берілді.



2011-2013 маусымдық «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша және студенттік құрылыс жасағы 1986 жастармен қамтылды. .Бұл бағытта жастар қала және ауыл аймақтарды абаттандыру жұмыстарымен айналысуда.

Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектерін, кейінгі орта және жоғары оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне - 6318 адам («Жол картасы Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында - 4726 адам) соның ішінде, 2011 жылы - 1109 адам, 2012 жылы - 2851 адам, 2013 жылы – 2358 адам жіберілді.

Жас отбасыларды тұрғын үймен қамту бойынша «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. 2013-2014 жылдары жас отбасыларға 450 пәтер берілді.



Облыста «Тұрғын үй - жастарға» («Жас Отау») жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаның негізгі басымдығы болып, пәтер құының нарық бағасынан төмен болуы, сонымен қатар, жас отбасыларға пәтерлер сатып алу құқығымен жалға беріледі. Сонымен қатар, тұрғын үй заемдары жылына 5% сыйақы мөлшерлемесімен беріледі.

2013 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады және 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 1,3 пайыздық пунктте (2012 - 6,1%), 2011 жылы - 0,4 пайыздық пунткке төмендеді (2011 - 5,2%) .

15-28 жас аралығындағы жастардың NEET саны (жалпы жастар санынан оқу орындарында оқымайтын, жұмыспен қамтылмаған жастар саны) 2011 жылы 7,4% - дан 2013 жылы 4,5% -ға дейін төмендеген (2012 – 5,8%).

Жастарды толғандыратын негізігі проблемалардың бірі - жұмыссыздық мәселесі болып отыр. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың субъективті факторлары ретінде жастардың психологиялық тұрғыда дайын емес болуы, еңбек ету мотивациясының төмендігі, білім алуға деген талпынысының төмендігі, болашақ жұмыс орнына жоғары талаптарды қоюын көрсетуге болады. Ал, объективті факторға жоғары оқу орындарының білім сапасының төмендігі мен еңбекпен қамту органдарының әрекетсіздігін атап көрсеткен жөн.

Сонымен қатар, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар туралы ақпаратттың жетіспеуі, ауылдан қалаға жаппай көшіп- қонуы, мамандықтар бойынша бос орындардың болмауы аталған мәселені күрделендіре түседі.

Қазіргі уақыттағы қолданыстағы «Жастар кадрлық резерві», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Жасыл Ел» бағдарламалары Жастардың әлеуметтік бейімделуі үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Дегенмен де, көптеген жастарды мемлекеттік бағдарламалар қызықтырмай отыр. Негізгі себеп – еңбек ақының төмен болуы және жұмыспен қамтылу мерзімінің аздығы.
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп

Азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың туындау қаупін неғұрлым азайту, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау, олардың салдарынан болатын зардаптар мен материалдық шығындардың көлемін азайту мақсатында облыс тұрғындары мен аумағын төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.

Су тасқыны, өрт қаупі және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жыл сайынғы жоспарлар құрылады, бұл күштер мен құралдарды дайындауға, жанар-жағармай материалдарының, материалдық-техникалық және қаржы құралдарының резервтік қорын құруға, төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарының басым бағыттарын анықтауға, қажет болған жағдайда оларды жоюға кірісіп кетуге мүмкіндік береді.

Дала және орман өрттеріне ғарыштан мониторинг жүргізу, су тасу қаупі бар аудандарды паспорттау, тікұшақ техникасы мен жару жұмыстарын жүргізетін бригадаларды тарту, жабдықтар мен құрал-жарақтарды сатып алу, төтенше оқиғаларға әкеліп соғатын жағдайларға мониторинг жасау, облыс аудандарында ерікті өртке қарсы құрамалар құру – бұл облысымызда төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретін іс-шаралар.

2011 жылы облыста 94 ТЖ тіркеліп, 62 адам қаза болды, 2012 жылы - 84 ТЖ (54 адам), 2013 жылы - 60 ТЖ (50 адам).

Су тасқынының келеңсіз салдары 97 елді мекенде су басу қаупін тудырады, бұл аймақта 8,7 мыңға жуық адам тұрады, тұрғын үй қорының және әлеуметтік-мәдени бағыттағы 2000 объектісі орналасқан. Су тасқынына қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету мақсатында су тасу қаупі бар өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізетін жару бригадаларын тарту, жанар-жағармай материалдарының, құм қапшықтарының резервін алдын-ала дайындау, гидрологиялық посттар бойынша мониторинг жүргізу, қорғаныс бөгеттері мен плотиналарды нығайту қажет.

Жайық, Қараөзен мен Сарыөзендердегі тасыған суды апатсыз өткізу, Ирикли және Варфоломеев су қоймаларын қауіпсіз әрі өзара тиімді пайдалану, Орынбор, Саратов және Батыс Қазақстан облыстарының шекаралас аудандарындағы су тасқынынына қатысты жедел жағдай мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасу жүргізіледі.

РФ ТЖМ Орынбор және Саратов облыстары бойынша Дағдарыс жағдайларын басқару орталықтарынан су қоймаларының жұмыс режимі туралы деректерді жүйелі түрде алып тұру жолға қойылды, бұл қауіпті гидрологиялық құбылыстармен байланысты жағдайларға мониторинг жасалуына ықпалын тигізеді.

Облыс үшін өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік-мәдени бағыттағы қоғамдық мекемелерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты төтенше жағдайлар болып табылады.

713 білім объектісінің 520-сы (73%) өрт автоматикасы жүйесімен жабдықталған. Сонымен бірге, 411 жалпы орта білім беретін мектептердің 263-сі (64%) жабдықталған. Өрт автоматикасы жүйесі 193 обьектіде (27%) орнатылмаған, соның ішінде 148-і мектептер (36%).

428 денсаулық сақтау обектісінің 303 мекемесі өрт автоматикасы жүйісімен жабдықталуы тиіс, жабдықталғаны 245 (80%), жабдықталмағыны 58 (20%).

Әлеуметтік бағыттағы обектілер өрт автоматикасы жүйесімен 100% жабдықталған.

Елді мекендердің 80%-дан астамы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері қызмет көрсететін радиустан тыс орналасқан, жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімдеріне дейінгі қашықтық 30 км-ден 200 км-ге дейін. Бөлімшелердің мұндай алшақ орналасуы тұрмыстық өрттерге жедел ден қоюға кері әсерін тигізеді. Облыстың елді мекендерін өрттен қорғау үшін кем дегенде 6 өрт сөндіру депосы мен 7 жеке өрт сөндіру постын салу қажет.

2010-2013 жылдар аралығында облыста 2641 өрт оқиғасы тіркелді, материалдық шығын 1 095,4 млн. теңгені құрады. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі осы кезеңде 157 адамды құтқарды.

200 мың гектардан астам мемлекеттік орман қорында орман өрті туындау қаупі бар, дала және ауылшаруашылық алқаптарында да өрт орын алу қаупі жоғары. 2010-2013 жылдар аралығында жалпы 219,8 га аумақта 29 орман өрті тіркелді. 2014 жылы 7 табиғи өрт тіркелді.

2011-2014 жылдардағы табиғи өрттер мен жану оқиғаларын талдау, оларды сөндіруге ерікті өртке қарсы құрамалардың күштері мен құралдарының қатысатын оң үрдісі байқалатынын көрсетеді. Егер 2011 жылы ерікті өртке қарсы құрамалардың қатысуы 8,8%-ды құраса, 2012 жылы – 23,1%-ды, 2013 жылы – 30,2%-ды құрап отыр.

Табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу және сөндіру үшін елді мекендерді қорғайтын 2539 адам санымен 203 ерікті өртке қарсы құрама құрылды. Елді мекендерді қорғайтын ерікті өртке қарсы құрамалардың жарағында: 1 өрт сөндіру автокөлігі, 75 су тасығыш көлік, 448 трактор, 232 бірлік басқа лайықталған техника, 885 аспалы өрт сөндіргіш, 19 бензин арасы, 105 мотопомпа және 3794 басқа бастапқы құралдар бар.

Өртке қарсы қызмет бөлімшелері құрылмаған елді мекендердің өрттен қорғалу деңгейі төмендігі, білім, денсаулық сақтау обьектілерінің өрт сөндіру автоматикасы құрылғыларымен толықтай жабдықталмауы өзекті мәселе болып табылады. Облыстық аумақтық азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің шағын жүйесі күштерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою дәрежесі маусымдық су тасқындарына, су басулары мен өрттерге қарсы тұру инфрақұрылымын салудың аяқталмауына, оның ішінде хабар беру жүйесінің, ақпараттық қамтамасыз ету мен байланыстың, авариялық -құтқару қызметтері құрамаларының толықтай техникалық жарақталмауына байланысты төмендейді.



Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қабылдап жатқан ішкі істер органдарының шаралары облыстағы криминогендік жағдайды тиісті бақылауды жүзеге асыруды, әлеуметтік-құптауға лайық деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Есептеу-тіркеу тәртібінің критерийлары өзгеруіне байланысты жалпы қылмыстар саны өсіп, жедел жағдайдың қиындау жағдайларына әкелмеуіне қарамастан, соңғы үш жылда облыс аумағында аса ауыр қылмыстардың саны азайды 2011 жылы 148-ден 2013 жылы 91 фактіге дейін немесе 38,5%-ға.

27 кесте


Батыс Қазақстан облысы бойынша

тіркелген қылмыстар саны

Көрсеткіштер

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2013 жыл 2011 жылға, %-бен

Тіркелген қылмыстар барлығы, оқиғалар

6161

9378

11150

181,0

соның ішінде













аса ауыр

148

175

91

61,5

ауыр

734

923

863

117,6

10 мың. халыққа қылмыс деңгейі, %

99,7

154

181

181,5

Ерекше ауыр қылмыстар үлесі 2011 жылы - 2,4%, 2012 ж. – 1,9%, 2013 ж. – 0,8% құрады, ал ауыр қылмыстар бойынша 2011 жылы - 11,9%, 2012 ж. - 9,8%, 2013 ж. - 7,7% тиісінше.

Сонымен, облыс бойынша кішігірім, орташа ауырлықтағы қылмыстардың өсу аясында, ауыр және аса ауыр қылмыстарының азайғаны байқалады.

Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы үш жылда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың ( 2011ж. – 8,8%, 2012 ж. – 5,4%, 2013 ж. – 4,7%), бұрын сотталған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың ( 2011 ж. – 20,0%, 2012 ж. – 21,2%, 2013 ж. – 16,4%), отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалған қылмыстардың (2011ж. – 0,6%, 2012ж. – 0,4%, 2013ж. – 0,3%) үлес салмағының төмендеуіне қол жеткізілді. Жалпы қылмыстарды ашу деңгейі тұрақталып, іздестіру жұмыстарының көрсеткіштері жақсартылды.

Сонымен қатар, криминогендік жағдайдағы оң өзгерістер әлі де болса тұрақты сипатқа ие бола қойған жоқ. Қабылданған шараларға қарамастан соңғы үш жылда көше және қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар (2011 ж. – 1734, 2013 ж. – 3095, 2013 ж. – 3360) және мас күйде жасалған қылмыстар санының (2011 ж. – 588, 2013 ж. – 828, 2013 ж. – 1029) өсуі орын алып отыр.

Жалпы қылмыстардың басым бөлігі бөтеннің мүлкін ұрлау болып отыр. Атап айтсақ, 2011 жылы облыс бойынша 3880 ұрлық фактісі тіркеліп, жалпы тіркелген қылмыстар санының 63% пайызын құраған болатын (6161), 2012 жылы 6374 (68 %) және 2013 жылы 7399 (66,4%).

Пәтер ұрлығының жыл санап өсуі де алаңдаушылық тудыруда, соңғы үш жылда 2 есеге өскен (2011 ж. - 703, 2012 ж. – 1161, 2013 ж. - 1316).

Ауылдық жерлерде тұрғындардың басым бөлігінің күн көріс көзі болып табылатындықтан мал ұрлығы әлі де болса өте өзекті мәселе болып отыр. Мал ұрлығына басты себеп болып отырған, бұл ауылдық жерлерде күзетілетін мал жайылымының ұйымдастырылмауы.

Соңғы үш жылда облыстағы жолдарда жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) тұрақты өсуі байқалып отыр (2011 ж. - 302, 2012 ж. – 499, 2013 ж. – 574), соның ішінде қаза тапқандар 2011 жылы 80 адам және әртүрлі жарақат алғандар 317, 2012 жылы - 95 адам (612), 2013 жылы – 100 адам (689).

28 кесте


Батыс Қазақстан облысы бойынша

жол-көлік оқиғаларының көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2013 жыл 2011 жылға, %-бен

Тіркелген ЖКО барлығы, оқиғалар

302

499

574

190,1

соның ішінде













қайтыс болғандар саны

80

95

100

125,0

жарақат алғандар саны

317

612

689

2,2 есе

Автокөліктер саны

144298

150463

183004

126,8

Жол-көлік оқиғаларының 10 мың автокөлікке шаққандағы деңгейі, %

20,9

33,1

31,4

х

Бұл жағдайда жергілікті маңызы бар жолдардың қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы, көшелердің тиісті деңгейде жарықтандырылмауы, жасанды тегіс емес жолдар, жаяу жүргіншілер жолдарының қоршаулары, тротуарларлардың жеткіліксіздігі салдарынан екендігін атап өткен жөн.

Республикалық маңызы бар жолдар ұзындығының елеулі бөлігі де, тосқауыл қоршаулары және жол белгілерімен қайта жаңартуды талап етеді.

Автомобиль паркінің өсу қарқыны көше-жол желілерінің даму қарқынынан жоғары. Жол қозғалысына қатысушылардың, ең бастысы көлік құралдары жүргізушілерінің көлік тәртібінің төмендігі орын алып отыр. Жүргізуші кадрларды даярлау жүйесін елеулі түрде жақсарту қажет болып отыр.

Есепке алу-тіркеу тәртібін реформалау бойынша ішкі істер органдары тарапынан қабылданған шаралар, сонымен қатар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алудың тиімді жүйесін қалыптастыру, олардың деңгейін төмендетуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің мүлтіксіз қорғалуын қамтамасыз ету, олардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет