Жылдарға арналған (жоспарлық кезеңі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің


-стратегиялық бағыт. Халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу



бет5/8
Дата25.02.2016
өлшемі0.93 Mb.
#23919
1   2   3   4   5   6   7   8

4-стратегиялық бағыт. Халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу

4.1-мақсат. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру
Аталған мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың кодтары 001, 002, 003, 006, 008, 011, 018, 028, 033


Атауы

Ақпарат көзi

өлшем бiрлiгi

Есептi кезең

Қол жетпестіктің себебі

жоспар

дерек

1

2

3

4

5

6

Нысаналы индикаторлар

1. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халық үлесі

стат

деректер


%

5,1

3,1

(2013 жылғы 3-тоқсан.)

Көрсеткіш орындалды, алдын-ала деректер


2. Жиынтық зейнетақы төлемiнiң кiрiстi алмастыру коэффициентi, оның ішінде:

ресми деректер

%










  • ЖЗ қоспағанда







41,2




Көрсеткіш орындалды


  • ЖЗ қосқанда







44,5




4.1.1-міндет. Жалақының өсуіне ықпал ету

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

  1. Жалақының ең төменгі мөлшерінің өсімі (өткен жылмен салыстырғанда)

ресми деректер

%

7

7

Көрсеткіш орындалды

  1. Еңбекақы төлеудің ең төменгі стандартын (ЕТЕС) енгізген салалардың саны

ресми деректер

бірлік

8

8

Көрсеткіш орындалды

  1. Азаматтық қызметшілердің орташа айлық жалақысының жалпы экономикадағы орташа айлық жалақыға арақатынасы

статдеректер

%

74,0

69,2 %

(2013 жылғы қантар-желтоқсан

айларының мәліметтері)



Алдын-ала деректер, (жылдық мәндер 2014 жылдың мамыр айында жарияланады).


4. Азаматтық қызметшілер жалақысының орташа мөлшерінің серпіні (алдыңғы жылмен салыстырғанда)

ресми деректер

%

100

-

Ақпарат жоқ, ресми деректер 2014 жылдың мамыр айында жарияланады.

5. Мыналардың:

– ең төменгі зейнетақы мөлшерінің;

– МӘЖ орташа мөлшерінің ең төменгі күнкөріс деңгейіне арақатынасы


ресми деректер

%

102,2

98,4




Көрсеткіш орындалды

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

  1. Еңбекақы төлеудің ең төменгі стандартын әзірлеу

-

2013 жылы наурызда Қазақстан Республикасында ең төмен жалақы мөлшерінің стандартын әзірлеу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысты сайыс өткізілді, нәтижесінде «Юпитер» зерттеу орталығы» жеңімпаз деп танылды.

Техникалық тапсырмаға сәйкес өнім беруші ай сайын аралық есеп берді, ол бойынша Департамент ескертулер мен ұсыныстар жіберді.

ҚР Ең төмен жалақы мөлшерін белгілеу әдістемесі бойынша ұсынымдарды (4 модел) қамтитын зерттеу бойынша соңғы есепті 2013 жылы 25 қарашада «Юпитер» ЗО» ЖШС ұсынды.

ҚР мүдделі мемлекеттік органдары және Кәсіподақтар федерациясы өкілдерінің қатысуымен аталған жұмыс таныстырылды, сондай-ақ ол жерде зерттеу қорытындылары талқыланды.



  1. Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа үлгісін әзірлеу




Министрлік қажетті зерттеулердің негізінде азаматтық қызметшілерге еңбек ақы төлеу жүйесінің жаңа моделінің жобасын әзірледі.

Бюджеттік сала қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу ұйымдарының халықаралық тәжірибесін ескере отырып, азаматтық қызметшілерге еңбек ақы төлеу жүйесінің жаңа моделі жобасының негізгі компаненттері:

1) орындалатын жұмыстың күрделілігіне, көлеміне және ерекшелігіне, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен білім деңгейіне байланысты азаматтық қызметшілер лауазымдарының функционалдық блогтарға жатқызылуының нақты критерилері бар лауазымдардың жаңа тізілімі.

2) азаматтық қызметшілердің қызмет бабында өсуі мен кәсіби жоғарылауын ынталандыратын салалар бөлінісіндегі әрбір функционалдық блогтың жеке алғанда, коэффициенттердің жаңа торы;

3) қосымша ақылар мен үстемеақылар жүйесін оңтайландыру. Қосымша ақылар мен үстемеақылардың қолданыстағы жүйесі өтемақылық және ынталандырушы төлемдерге бөлінеді. Олар қызметкерлердің еңбек жағдайларына (өтемақылық төлемдер) және/немесе жұмыстағы жоғары жетістігіне (ынталандырушы төлемдер) байланысты белгілеу үшін қолданылатын болды.

Сондай-ақ, азаматтық қызметшілерге еңбек ақы төлеу жүйесінің ұсынылып отырған моделінде, әрбір қызметкердің нәтижелеріне байланысты болғандай, тұтастай ұйымның соңғы нәтижелеріне байланысты болады.

2014 жылғы 17 қаңтардағы Мемлекет Басшысының жолдауына сәйкес жаңа модельді енгізу 2015 жылдың 1 шілдесіне көзделген, осыған байланысты есептерді өзектендіру жүргізілуде.


  1. Нормативтік құқықтық актілерге азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу және еңбекақы төлеудің ең төменгі стандарты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

2013 жылы іс-шаранын іске-асырулуы қарастырылмаған

  1. Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа үлгісін енгізу нәтижесін талдау

-

2013 жылы іс-шаранын іске-асырулуы қарастырылмаған

4.1.2-міндет. Әлеуметтік қамсыздандырудың барабарлығын қамтамасыз ету

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

1. Жиынтық зейнетақының ара салмағы:
- базалық зейнетақы төлемiмен (Орталықтан)

ресми деректер

%


20,7

20,7

Көрсеткіш орындалды

- ынтымақты зейнетақымен (Орталықтан)

71,8

71,8

- жинақтаушы зейнетақымен (ЖЗҚ-дан)

7,5


7,5

2. МӘЖ орташа мөлшерінің өсу қарқыны (% алдыңғы жылмен салыстырғанда)

ресми деректер

%

107

107

Көрсеткіш орындалды

3. МӘСҚ-тан төленетiн әлеуметтiк төлемдермен кiрiстi алмастыру коэффициентi

- еңбек ету қабiлетiнен айрылғанда



ресми деректер

%

107

117,2

Көрсеткіш орындалды

- асыраушысынан айрылғанда (% алдыңғы жылмен салыстырғанда)

107

116,2

Көрсеткіш орындалды

4. Экономикалық белсенді адамдардың үлесі,

- ЖЗЖ-мен



ресми деректер



%

66,4

65,6

Көрсеткіш на 98,80 пайызға орындалды, алдын-ала деректер

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-ның алдын-ала мәліметі бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылар саны 5 905,7 мың, сонымен бірге экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 2013 жылғы қортынды бойынша – 9004,8 мың адамды құрады.

Жоспарлы мәннен азын-аулақ ауытқу Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының құрылуымен және жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің тоқтатылуымен байланысты, сондықтан зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа келісімдердің жасалуында қиындықтар туғызды.


- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған

70,5

72

Көрсеткіш орындалды

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру:

- базалық зейнетақы тағайындаудың бірыңғай өлшемдерін әзірлеу және енгiзу;


- ынтымақты зейнетақы жүйесiне параметрлiк өзгерiстер енгiзу;
- жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру шараларын әзiрлеу және iске асыру.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша шараларды өңдеу және іске асыру
2013 жылғы 7 маусымдағы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арналған зейнетақы реформасы мәселелері жөніндегі үндеуінде жарияланған тапсырмаларын орындау шеңберінде 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін алдағы уақытта жаңғырту тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) әзірледі.

Тұжырымдама зейнетақымен қамсыздандырудың базалық деңгейін жетілдіру; масылдықтың алдын алу және еңбек етуге қабілетті жастағы адамдарды еңбек етуге ынталандыруды арттыру мақсатында қызметкерлер үшін жұмыс берушілердің 5% міндетті жарналарын енгізу; азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысуын кеңейту, сондай-ақ ұзақ мерзімді кезеңде өзін ақтап шығатын жобаларды инвестициялауға зейнетақы активтерін, оның ішінде мемлекеттік жеке әріптестік механизмдерін енгізу есебінен пайдалануды көздейді.

Бұған қоса, еңбек жағдайы зиянды (өте зиянды) жағдайда жұмыс істейтін адамдардың міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру, әлеуеттік құрылымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды қайта ұйымдастыру, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін беру механизмдерін өзгерту мәселелері енгізілген.

Тұжырымдаманың жобасы 2014 ж. 30 қарашада № 06-2-24/165-Ддсп,2 Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауына енгізілді.

2013 жылғы 23 желтоқсанда зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғыртудың негізгі тәсілдері Экономикалық саясат жөніндегі Кеңес отырысына ұсынылды.


2. «МӘСҚ» АҚ мен «МАК» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын арттыру

ӘҚжСД 2013 жылдың маусым айында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Жауапты хатшысының атына «МӘСҚ» АҚ және «МАҚ» АҚ қаржылық тұрақтылығы жайлы аналитикалық хат жолданды

3. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн әкiмшiлендiрудi жетiлдiру

2013 жылғы 17 ақпаннан «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен қате есептелген немесе артық төленген әлеуметтік аударымдар сомасы және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қаражатты қайтаруды жүзеге асыруды көздеуге, енгізілген өзгерiс пен толықтырулар қолданыста.

4. ЖЗЖ және әлеуметтiк сақтандыру мәселелерiнде халықтың хабардарлығын арттыру

Азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуын кеңейту және ақпараттандырылуларын арттыру, сонымен бірге олармен үнемі зейнетақы аударымдарын іске асыруды реттеу мақсатында келесі іс-шаралар қабылдануда:

- қолы бос емес халықтың еңбек қызметін әрі қарай заңдастыру (оның ішінде жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020 шеңберінде жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеу шартымен шағын несиелер алып беру, болашақта тұрақты жұмыс орнына орналастырумен бірге оқуға жіберу);

- жұмыс берушілермен міндетті зейнетақы жарналарын өз уақытында аударуға бақылау жасауды күшейту (қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы және әділет Министрліктері және Бас прокуратура арасында төртжақты бұйрықтың жобасы дайындалды, бұл жоба зейнетақылық жарналар бойынша қарыздардың қалыптасуын болдырмау бойынша бақылауды күшейтуге және жедел шаралар қабылдауға арналған);

- әр түрлі санаттағы халық арасында түсіндірме жұмыстарын кеңейту.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігімен зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша Медиа-жоспар (әрі қарай – Медиа-жоспар) дайындалып бекітілді.

Аталған Медиа-жоспарды іске асыруда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрлігінің мекен-жайына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметіне Қазақстаннның зейнетақы жүйесін жаңғырту жұмыстарын түсіндіру бойынша Министрліктің ақпараттық-анықтамалық материалы жіберілді.

2013 жылдың 16-20 қыркүйегінде «Solux Hotel Astana» қонақ үйінің ғимаратында «Қазақстан бас редакторлары Клубының» мүшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың гендерлік аспектілері» атты тақырыбына республикалық семинар-кеңес өткізілді.

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жаңғырту сұрақтары бойынша сатып алынатын ақпараттық-түсіндіру қызметі шеңберінде келесі жұмыстар жүргізілді:

- еліміздің барлық аймақтары бойынша жалпы саны 75 мың дана болатын әдістемелік құралдар, буклеттер мен плакаттар дайындалып таратылды;

- бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде (баспа және электрондық БАҚ) зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері бойынша 6 мақала жарияланды;

- республикалық телеарналарға сериялы роликтер (3 бірлік) және деректі фильмдер (1 бірлік) дайындалып шығарылды.

Осыған байланысты, қабылданған шаралар азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру аумағындағы мемлекеттік саясат сұрақтары бойынша, сонымен бірге халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өз қол бос болмаушылық санаттарына жататын барлық тұлғаларды қатыстыру сұрақтары бойынша халықтың (жұртшылықтың) ақпараттандырылу, сенімдеріні арттыру және оң пікірлерін қалыптастыру деңгейін арттыруға бағытталған.

2013 жыл үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейтуге және ақпараттандыруға бағытталған мынадай шаралар жүзеге асырылды:

14 облыста және Алматы, Астана қалаларында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы ҚР Заңына» енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ҚР Заңы» тақырыбына ақпараттық-түсіндіру семинарлары өткізілді;



5. Ең төменгі зейнетақы мөлшерін белгілеу әдістемесін әзірлеу

2013 жылы «Зейнетақымен қамсыздандыру аумағындағы минималды әлеуметтік стандарттарды дайындау, олардың негізділігі және қалыптасу механизмі» атты тақырыбына «Юпитер» ЖШС-не зерттеу жүргізілді. Осы зерттеудің нәтижесі бойынша жеткізушілерге толық еңбек өтілі үстінен әр жыл сайын жұмысыны көтермелі пайызды қолдану бойынша ұсыныстар берілді, сонымен бірге толық еңбек өтілін асыратын өтілді ескеру, мемлекеттік базалық зейнетақылық төлемді және минималды зейнетақыны бірыңғай минималды кепілдендірілген зейнетақыға ауыстыру. Зерттеудің нәтижесі бойынша зейнетақы жүйесін жаңғыртудың екінші кезеңінде осы ұсыныстарды қолдану туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі күні, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып Министрлікпен 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғырту жөніндегі негізгі тәсілдемелер дайындалды. Осы тәсілдемелерге ынтымақты зейнетақы жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізу, сонымен бірге зейнетақымен қамсыздандырудың базалық деңгейі есебінен минималды зейнетақы мөлшерін анықтау тәртібін өзгерту сұрақтары енгізілді.

2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғырту Тұжырымдамасы ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне талқылау үшін жіберілді (2013 жылғы 30 қарашадағы шығыс №06-2-24/165қбпү,2).

2013 жылдың 23 желтоқсанында зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғыртудың негізгі тәсілдемелері экономикалық саясат бойынша Кеңес отырысына ұсынылды.



4.1.3-мiндет. Әлеуметтiк көмек көрсетудiң атаулығын күшейту

Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi

1. ЕТКД төмен тұратын жалпы отбасылар санынан мемлекеттiк балалар жәрдемақысын (МБЖ) алатын отбасылардың үлесi

ресми деректер

%

88,4

85,1

(2013 жылғы 3-тоқсан.)

Көрсеткіш орындалды

2. ЕТКД төмен тұратын жалпы отбасы санынан АӘЖ алатын отбасылардың үлесi

ресми деректер

%

13,4

5,6

(2013 жылғы 3-тоқсан.)

Көрсеткіш орындалды

3. АӘЖ алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті адамдардың ара салмағы

ресми деректер

%

32,0

31,4

Көрсеткіш орындалды

4. ЕТКД төмен деңгейде өмір сүретін отбасылар қатарындағы шартты ақшалай төлемдермен қамтылған отбасылардың үлесі

ресми деректер

%

-

-




Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар

1. Әлеуметтiк көмек көрсету стандарттарын бiрiздендiру




2013 жылы Министрлікте ЕТК жетілдіру жөнінде ұсыныстарды құрау бойынша жұмыс тобы құрылды. ЕТК есептеу әдістемесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар дайындау үшін конкурстық негізде ПРООН жағынан ұлттық және халықаралық мамандар шақырылды, сондай-ақ ЕТК құрылымын өзгертуге көп нұсқалы актуарды есепті жүргізу үшін актуарды есептеу бойынша маман шақырылды.

2013 жылы 29 қазанда жұмыс тобының отырысы болды, онда ПРООН мамандарының бастапқы есептемесі таныстырылды. Сонымен бірге, «кедейлікті азайту жолы – өмір сапасының жалпы стандарттарын әзірлеу және енгізу» сессия шеңберінде G-Global ақпаратты-коммуникативті алаңда жергілікті атқарушы органдар және мамандардың қатысуымен «Ең төмен күнкөріс көлемін анықтау әдістемесін жетілдіру» тақырыбында он-лайн бейнеконференция өтті.

2030 жылға дейін Қазақстан Республикасы әлеуметтік даму Тұжырымдама жобасымен 2017 жылға қарастырылған ЕТК анықтау әдістемесін жетілдіру болашақта негізіне жататын жұмыс тобының актуарды есептемесінің нәтижелері негізінде 2014 жылы ұсыныс өндіріледі.


2. Жергілікті бюджеттен берілетін әлеуметтік төлем түрлерін оңтайландыру




«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Үкіметтің қаулысы әзірленді және қабылданды. Республикалық маңызы бар қалалардың, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихатының шешімі бойынша мұқтаж азаматтар бөлек санатына жергілікті бюджет қаражатынан әлеуметтік көмек ұсынуды тәртіпке келтіру мақсатында Қағидалар жасалынды, сондай-ақ олардың өмір деңгейін қолдау мақсатында әлеуметтік көмек алуға құқықтық, экономикалық, әлеуметтік кепілдіктер, бюджет қаражатын атаулы және оңтайлы қолдану.

Сонымен бірге «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізілді, жергілікті атқарушы органдармен келісілген арнаулы комиссиялар туралы Үлгілі қағида әзірленді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте тіркелді.



3. Табысы аз отбасыларға арналған әлеуметтік көмекті енгізу жөнінде ұсыныстар даярлау

-

«Әлеуметтік қолдау және көмек көрсету жүйесін жетілдіру» атты зерттеудің нәтижесі бойынша 2013 жылдың екінші жартыжылдығында РБК отырысына үш пилотты аумақта шартты ақшалай көмекті енгізуге нысаналы трансферттерді пайдалану бойынша ұсыныстар енгізілді. 2013 жылғы 22 шілдедегі № 17 РБК хаттамасының үзінді көшірмесіне сәйкес ұсыныстар қолданды. Қаулының жобасы әзірленді және тиісті мемлекеттік органдармен 2013 жылғы 13 қыркүектегі №07-2-30/3025-И және 2013 жылғы 5 желтоқсандағы №07-2-30/3853-И хаттарымен және МОИП арқылы келісуге жіберілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет