Жылдарға арналған өнеркіәсіп және кәсіпкерлік басқармасының Стратегиялық жоспары 1 бөлім. Миссиясы және пайымдауы



бет1/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#173745
  1   2   3   4   5





2011-2015 жылдарға арналған өнеркіәсіп және кәсіпкерлік басқармасының Стратегиялық жоспары
1 бөлім. Миссиясы және пайымдауы
Облыс экономикасының шикізат емес секторының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, отандық тұтынушыны сапасыз өнімнен қорғау және адамның толық өмір сүру ортасын қалыптастыру, елді-мекендерді және аумақтарды тұрақты дамыту;

Жоғарытехнологиялық, экспортқа бағытталған өндірістерді құра отырып үдемелі индустриялық-инновациялық даму жолымен экономиканы жаңғырту негізінде өнеркәсіпте құрылымдық өзгерту;

өңірлік даму институттарын белсендетіру (Әлеуметтік - Кәсіпкерлік Корпорациясы, арнайы экономикалық аймақтар, индустриялық аймақтар);

Пайымдауы:

Шикізатқа жатпайтын қазақстандық өнімнің отандық және шетелдік тұтынушылар талап еткен көлемін анағұрлым ұлғайтумен сипатталатын облыс экономикасын әртараптандыру, Алматы облысының экономикасына инвестицияларды құю, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сауда және көрсетілетін қызметті дамыту;

Әртараптандыру және бәсекеге қабілеттігін арттыру жолымен экономиканың тұрақтандырылған және теңгерілген өсімін қамтамасыз ету;

Экономиканың әртараптандыруы мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін экономиканың басымды секторларын дамыту;

Индустрияландыру үшін жағымды ортаны құру;

Экономикалық әлеуетті аумақтық тиімді ұйымдастыру негізінде экономикалық даму орталықтарын қалыптастыру;

Экономиканың басымды секторларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің тиімді өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету;

Бизнес-бастамаларға бағыт;

Шикізат емес секторында «басымды» жобаларды және кластерлік бастамаларды қолдау. Жаңа перспективалық бағыттарды дамытуға инвестицияларды тарту үшін жағымды инвестициялық климатты және жағдайларды құру;

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін өсірудің маңызды жағдайы ретінде өндіріс факторының өнімділігін арттыру;

Жоғары технологиялық жаңа өндірістерді құру үшін экспортқа бағытталған инвестицияны, көбінесе тікелей шетел инвестициясын тартуға акцент қою;

Ұлттық инновациялық жүйені дамыту және нығайту;

Экономиканы шоғырландыру деңгейін төмендету және индустрияландыру процесінде шағын және орта бизнестің рөлін күшейту;

Экономикалық әлеуетті тиімді түрде кеңінен ұйымдастыру.


2.Бөлім. Ағымдағы жағдайға талдау және қызметтің сәйкес салаларын дамыту тенденциясы


  1. Стратегиялық бағыт. Индустриялық-инновациялық даму




    1. Реттелетін сала немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері.

Облыстың өнеркәсіп саясатын 7 аудан және 3 қала құрайды, онда негізгі өндірістік қуаттылығы бар 34 ірі және 91 орта өнеркәсіп орындары орналасқан, олардың үлесі жалпы шығарылатын өнеркәсіп өнімдерінің 70%-нан артық.

Жалпы республикалық тауар өндірісінде облыс жүзім шараптарын, темекі өнімдерін, уыт, крахмал, аккумуляторларды шығару бойынша алдыңғы орындардың бірін алады.

2009 жылдың қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп өндірісінің көлемі 303,2 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 млрд.теңгеге артық. Нақты көлем индексі 97,9%-ды құрады.

Республикалық тауар өндірісінде облыстың үлес салмағы 3,3% .

Тау-кен өнеркәсібі өндірісінің көлемі 5,9 млрд.теңгеге жетті. Жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі 1,95%-ды құрады.

2009 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 250,4 млрд.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,7 млрд.теңгеге кем. Облыстың жалпы өндіріс көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 82,6%-ды құрады.

Облыс кәсіпорындарында ИСО сериялы сапа менеджмент стандарттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ИСО 9001,14001,ХАССП халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент жүйесін 131 кәсіпорын және ұйым, соның ішінде 86 өнеркәсіп енгізді.

Облыста қазақстандық қамтуды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2009 жылы қазақстандық қамту мониторингі бойынша облыс кәсіпорындары 97 млрд.теңгеге, соның ішінде ұлттық компаниялармен, жер қойнауын пайдаланушылармен, министрліктермен 15,7млрд.теңгеге келісімдерді жасады.

Облыстың тігін кәсіпорындары арнайы киіммен және басқа да тігін бұйымдарымен Қорғаныс министрлігінің, ІІМ және ҰҚК бөлімшелерін, басқа да күштік құрылымдарды, Ұлттық компанияларды қамтамасыз етеді. «Бент» АҚ Фоссло шпалдарын және темірбетон шпалдарын «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ-на жеткізеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы осы көлемді толығымен орындауға мүмкіндік береді. Республика бойынша облыста жұмыс істеп тұрған екі жалғыз аккумулятор зауыты Ұлттық компаниялар, республикадағы ірі кәсіпорындар, министрліктер мен ведомстволардың қажеттілігін өз өнімімен қамтамасыз етеді.

«АСПМК-519» ЖШС-нда электромонтаж жұмыстарының зор әлеуеті бар, ол «КЕГОК» АҚ-мен кез-келген кернеулік торабында 0,4 Кв-тан 500 Кв-дейінгі электрмен қамтамасыз ету объектілерін салу бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.

«Медиатекс» бас киімдер фабрикасы өз өнімдерімен республикалық күштік құрылымдарын қамтамасыз етеді, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы осы өніммен жылына 40 мың дана бас киім шығаруға мүмкіндік береді, кәсіпорынды бұдан ары кеңейту жоспарлануда.

2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2148 жұмыс орнымен 60 жаңа объекті іске қосылды. Қосымша 361 жұмыс орындарын құра отырып 16 өндіріс кеңейтілді.

Облыстың өнеркәсіп құрылымында өңдеу өнеркәсібі 82,6%-ды құрайды, соның ішінде 47,6%-тамақ өнімдері және темекі өнімдерін шығару.

Облыстағы қазақстандық қамтуды дамыту бойынша мониторингіне негізінен өнеркәсіптік-техникалық сипаттағы өнімдерді шығаратын кәсіпорындар кірген.

2010 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша қазақстандық қамту мониторингі бойынша облыс кәсіпорындары 59,7 млрд.теңгеге келісім жасады, соның ішінде:

- 29,5 млрд.т.-Ұлттық компаниялармен;

- 12 млрд.т.-облыстық бюджеттің мемлекеттік сатып алуы;

- 18,2 млрд.т.-басқа да келісімдер;

2010 жылдың ақпан айында Тараз қ. Қазақстандық қамту мәселесі жөнінде ҚР Премьер-Министрі Ө.Шүкеевтің қатысуымен өткен жиналысқа облысымыздың 8 кәсіпорынның өкілдері қатысты, олар көрмеде өз өнімдерін көрсетіп, стендтер мен тұсаукесер материалдарын ұсынды.

Жиналыс барысында облыстың тауарөндірушілері «ҚТЖ «ҰҚ» АҚ-мен («Zhersu Power», «Қайнар АКБ», «Завод Электрокабель», «Талдыкорганский кабельный завод») өзара ынтымақтастық туралы 4 меморандумға және «КЕГОК» АҚ-мен («АСПМК 519», «Жерсу Металл» ЖШС) 2 меморандумға қол қойды.

Астана қаласында 2010 жылы 31 наурыз-1 сәуірде «Қазақстандық қамту 2010» республикалық жиналыс-көрмесінде облыстан 13 кәсіпорын қатысты.

Көрмеге қатысқан барлық кәсіпорын-қатысушыларға Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің дипломы берілді.

Осы шараның шеңберінде қазақстандық қамту бойынша заңнаманы, СТ-KZ сертификатын алу процедуралары бойынша, электрондық мемлекетті сатып алулар, ЕКО-ға кіру жағдайында отандық тауарөндірушілерді қорғау шараларын түсіндіру бойынша семинарлар өткізілді.

Үлестіру материалдары ретінде Алматы облысының тауарөндірушілер каталогының электрондық нұсқасы, Құрылыс индустриясы кәсіпорындарының тізілімі (буклеттер) пайдаланылды.

Қазақстандық қамтуды дамытудың проблемалық мәселелері

1. Алматы облысында құрылыс индустриясын дамыту, оның ішінде құрылыс материалдарын өндіру үшін үлкен мүмкіншілік бар (облыс кәсіпорындары негізгі құрылыс материалдары мен құрылымдардың 50 түрін шығарады және қажетті көлемде кірпіш, құрама темірбетон, гипсокартон, темірбетон шпалдарын, керамзит, полиэтилен құбырлары, электртехникалық бағыттағы өнімдерді, электр тасымалдау желілеріне арналған тіреулер және өнімдерді жеткізе алады).

Алайда, құрылыс индустриясының кәсіпорындары тендерлерге қатыса алмайды, себебі тендер құрылыс-монтаждық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге өткізіледі.

Мердігер ұйымдар-жеңімпаздар құрылыс материалдарын жеткізетін кәсіпорындарды өз беттерінше таңдайды.

Алматы облысы кәсіпорындарының өнімдерін алға тарту үшін, ұлттық компаниялар, министрліктер, мемлекеттік органдардың сатып алу кезінде қазақстандық қамту үлесін арттыру үшін 2010 жылдың басында ынтымақтастықты жалғастыру туралы хат, облыс тауарөндірушілері каталогының электрондық нұсқасы, құрылыс индусриясы кәсіпорындарының тізілімі «Самұрық-Қазына» АҚ тобының ұлттық компанияларына, облыстардың әкімдіктеріне жіберілді.

Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде ҚР ИжСМ «Қазақстандық қамту» Интернет-порталы, тауарлар, жұмыс және көрсетілетін қызмет реестріне қатысты, мемлекеттік сатып алу процедуралары туралы, облыс кәсіпорындарын «Самұрық-Қазына» Қорының тобына кіретін ұйымдардың тауарлар, жұмыс және көрсетілетін қызметті әлеуетті жеткізушілердің Бірыңғай реестріне қосу туралы аудандар мен қалалар әкімдерімен бірлесіп кәсіпкерлерге түсіндірмен жұмыстары жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табуда.

2. Ұлттық компаниялардың жылдық сатып алу жоспарында ірі республикалық жобаларды іске асыру, жаңа даму үшін қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтің көлемі көрсетілмеген (мысалы «Жетіген-Қорғас» темір жолы құрылысы).

Бұл жағдайда тауарлады, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды мердігер ұйымдар өздері жүзеге асырады, тендерсіз. Сондықтан, осындай сатып алулар қазақстандық қамту мониторингінде есепке алынбайды және отандық кәсіпорындардың жоғары деңгейде қатысуын қамтамасыз ете алмайды.

Мемлекет Елбасы Н.Назарбаевтың отандық құрылыс материалдарын кеңінен пайдалану жөніндегі тапсырмасын орындау үшін мердігер ұйымдар-тендер жеңімпаздары әсіресе ірі жобаларды іске асыру кезінде, отандық тауарөндірушілерге құрылыс материалдарына қажеттілік туралы ақпарат қолжетімді болу керек деп есептейміз.

3. Өз уақытында өткізілмейтін тендерлер-2009 жылы «Бент» АҚ-ның басшысы (темір-бетон шпалдарын өндіру) Өскемен қаласында республикалық Өнеркәсіпшілер форумында «ҚТЖ«ҰК»АҚ тендерлерді өз уақытында өткізілмегендігі туралы сөз сөйлейді (шпалдарды сатып алуға тендер 2008 жылдың аяғында өткізілу керек болатын, келісім тек 2009 жылдың аяғында ғана жасалды. 2009 жылғы желтоқсанның басында тендер жарияланып, ол 2010 жылғы ақпан айында өткізілді).

4. Лоттар бойынша сатып алынатын тауарлар құрамын қалыптастыру кезінде бөлінбейтін бір лотқа отандық тауарөндірушілер шығаратын тауарлар және импорт тауарлары кіреді (кәсіпорын-өндіруші толық көлемде өнімді жеткізуді қамтамасыз ету үшін өзінің айналым қаражатын шығару керек). Кәсіпорын-тауарөндірушінің айналым қаражатының жоқ болуына байланысты тендерлерге қатыса алмайды, ал тауарды сауда-жеткізуші ұйымдар-делдалдар жеткізеді, бұл тендерге қатыса алмау себептерінің бірі.

5. Қазақстандық қамтуды Бірыңғай әдістемелік есептеу кезінде жеткізушілер СТ-КZ сертификаттарын беруге байланысты проблемалар туындайды.

Сертификатты белгілі бір өнім көлеміне жеке-дара және әр түріне алуға байланысты кәсіпорынның қаржылай және уақыт шығындарына байланысты болады.

2010-2014 жылдарға арналған ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында республикалық және өңірлік Индустрияландыру карталары әзірленді. 2010-2015 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде облыста жалпы құны 1 248,9 млрд.теңгеге 33 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Индустрияландыру картасының аясында Алматы облысы әкімдігіне жалпы құны 72,6 млрд.теңгеге 25 инвестициялық жобаны жүзеге асыру бекітілген.

Оның ішінде республикалық Индустрияландыру картасына жалпы құны 8,5млрд.теңгеге бес жоба, өңірлік картаға-64,1 млрд.теңгеге 20 инвестициялық енгізілген.

2010 жылы іске қосылатын жобалардың тізіміне жалпы құны 18,3 млрд.теңгеге он жоба кірді. Оның ішінде сомасы 7,3 млрд.теңгеге алты жоба 2010 жылғы 1 жартыжылдықта іске қосылды.

2010 жылғы екінші жартыжылдығында 10,9 млрд.теңгеге төрт жоба іске қосу көзделген (Талғар ауданында «Юско логистик интернешнл» АҚ, «Амиран «Қазақ тамақтану академиясының зауыты» ЖШС-АМТ-12 сүт зауытының құрылысы және оны іске қосу, Еңбекшіқазақ ауданы Қайнар ауд.-«Есік жеміс-көкөніс консерві» ЖШС және «Достық» жүк тиетін теміржол мұнай базасын қайта жөндеу. Мұнайды қайта өңдеу бойынша қондырғының құрылысы).

Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2009 жылғы 28 қыркүйекте облыс әкімдігінің № 169 қаулысымен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өңірлік басқару орталығы-Үйлестіру кеңесі құрылды, ол өз отырысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша шешімдерді қарастырады және қабылдайды.

Атқарылған жұмыс кезінде Үйлестіру кеңесі 90-нан астам жобаны қарастырды, оның ішінде республикалық Картаға қосу үшін жалпы сомасы 1 183,6 млрд.теңгеге 13 облыстық, ал өңірлік Картаға-жалпы сомасы 64,1 млрд.теңгеге 20 жоба ұсынылды. Қалған жобалар базалық болып табылады және оларды іске қосу бойынша күнделікті жұмыс жүргізілуде.


    1. Негізгі проблемаларға талдау.

Индустриялық-инновациялық даму саласындағы проблемалар.

-өңдеу саласындағы өнімдердің бәсекеге төмен қабілеттігі;

-негізгі қорлардың тозуы және ескірген технологияларды қолдану;

-айналым қаражатының жетіспеушілігі және пайыздық мөлшерлемесі төмен несиелерге қол жетіспеушілік;

-кең таралған пайдалы қазбалар (КТПҚ) және қатты пайдалы қазбалар (ҚПҚ) арасындағы заңнамада нақты шектеудің болмауы;

Шешу жоладры:

-жаңадан ашылған және істеп тұрған өнеркәсіп өндірістерін кеңейтуге байланысты жобаларды іске асыруға жәрдемдесу.

-сапа менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындардың санын көбейту.

- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы және басқа да бағдарламалар шеңберінде

отандық тауарөндірушілерге, соның ішінде экспортқа бағытталған өндірістерге қаржылай қолдау көрсету.

- ішкі н,арықта өз өнімдерін алға тарту үшін отандық тауарөндірушілерге жәрдемдесу және ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың сатып алуларда қазақстандық қамту үлесін арттыру бойынша жұмысты белсендетіру;

2001-2010 жылдары негізгі капиталға инвестицияның көлемі тұрақты түрде өсті. Мәселен, осы жылдары инвестиция көлемі 2001 жылы 17,5 млрд.теңге деңгейінен 2009 жылы 309,9 млрд.теңгеге жетті немесе 17,7 есеге өсті.

Инвестициялардың көлемі жылдан жылға артуда 113,0%-дан 175,5%-ға.

Тек аяққы бес жылда инвестиция көлемі 210,4 млрд.теңгеге артты немесе 3 есеге. Негізгі капиталдағы инвестиция көлемінің өсуіне бүтіндей алғанда құрылыстағы инвестициялар көлемінің өсуі және құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің өсуі нәтижесінде қол жеткізілді.

Осындай инвестицияның құйылуының нәтижесінде тек 2009 жылы облыста ірі жобалар іске қосылды, мәселен алкогольсіз сусындар мен снектерді шығару бойынша зауыт («RG Brands» ЖШС), жеміс-көкөніс өнімін қайта өңдеу бойынша зауыт («Kazakh Cool» ЖШС) және Қарасай ауданында сыра шығару бойынша зауыт («Lain Brew Bottlers» ЖШС), балық өнімдерін қайта өңдеу бойынша зауыт («IAG Trade» ЖШС) және Қапшағай қаласындағы жылу оқшаулайтын плиталарды шығару бойынша зауыт («Пеноплекс» ЖШС),

Талғар ауданында геосинтетикалық материалдарды шығару бойынша зауыт, Ескелді ауданындағы 4,4 МВт Қаратал ГЭС және басқа да жобалар.

Инвестиция көлемінің өсуі 2010 жылы да жоспарлануда. Мәселен, 312,9 млрд.теңгеге инвестицияны тарту жоспарлануда немесе 2009 жылмен салыстырғанда 101,0%-ға өседі, соның ішінде 61,2 млрд.теңге республикалық бюджет, 15,1 млрд.теңге-жергілікті бюджет, 111,5 млрд.теңге кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаты, 45,4-шетел инвестициялары, 79,7-заем қаражаты есебінен.

Облыстың әлеуетін ескере отырып инвестицияны тарту бойынша (ірі инвестициялық жобалар, істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту, кәсіпкерлікті дамыту) 2001-2009 жылдары қол жеткізілген негізгі капиталға инвестиция көлемін сақтау және оны арттыру жоспарлануда.

Мәселен, 2015 жылы инвестиция көлемін 337,3 млрд.теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда немесе 2009 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 109%-ды құрайды. Кәсіпорындардың және ұйымдардың өз қаражаты есебінен инвестиция көлемін өсіру жоспарлануда.



Күтілетін нәтижелер

2010 жылы 312,9 млрд.теңгеге инвестицияны тарту жоспарланады (2009 жылға 101%)

2011 жылы 327,1 млрд.теңгені құю жоспарлануда (2010 жылға қарағанда 104,5%)

2012 жылы 332,7 млрд.теңгені құю жоспарлануда (2011 жылға қарағанда 101,7%)

2013 жылы 314,1 млрд.теңгені құю жоспарлануда (2012 жылға қарағанда 94,4%)

2014 жылы 313,7 млрд.теңгені құю жоспарлануда (2013 жылға қарағанда 100,0%)

2015 жылы 337,3 млрд.теңгені құю жоспарлануда (2014 жылға қарағанда 107,5%)

Облыстың 10 аудандары мен қалаларында инвестиция көлемін арттыру жоспарлануда. Бұл Панфилов, Ұйғыр, Талғар, Райымбек, Алакөл, Қарасай, Балхаш, Іле және т.б. аудандарында.

2011-2015 жылдары инвестиция көлемінің өсу нәтижесінде «Мойнақ ГЭС», «Балхаш ЖЭС», «Жетіген-Хоргос» теміржол желісі, «Алматы-Хоргос» автокөлік жолы, Қазақстанның ҰЭС қосылуымен Алма 500 КВ қосалқы станциясының құрылысы және басқа да ірі жобаларды аяқтау көзделуде.

Панфилов ауданындағы «Хоргос» халықаралық ынтымақтастық орталығының құрылыс жұмыстары жалғасады.

Ірі жобаларды іске асырумен қатар өңдеу өнеркәсібі, энергетика (шағын ГЭС), құрылыс материалдарының өндірісі, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы жобаларды іске асыру жоспарлануда.



    1. Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау.

Инвестиция қызметінде тежеуші факторлар:
- Даму институттары мен екінші деңгейлі банктер кредитті алуға қажет өтімді кепілзаттардың болмауы.

- Кепілзаттық қамсыздандыру қабылдаған кезде екінші деңгейлі банктердің, алатын кредит ресурстарының арасалмағына қоятын қатаң талаптар (1-де,2-де).

- Қаржы институтарының («Аграрлық несие корпорациясы» АҚ) кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу мәселесін ұзақ қарастыру (құжаттар пакетін зерделеу, өз тәуекелін артық сақтандыру, кепілдеме мүмкін бағалау мәселесін шешу кезінде нақты шарттардың болмауы және т.б.) болып табылады.

Инвестициялық, іскерлік және тұтынушылық белсенділікті қосымша ынталандыру мақсатында индустриялық-инновациялық даму, өнеркәсіп саласын әртараптандыру және өндеу өнеркәсібіне инвестицияны тарту үшін шаралар қолданылады.

Жоғары технологиялық, экспортқа бағытылғын өндіріс, индустриялдық және арнайы экономикалық аймақтарды, индустриялық-логистикалық орталықтарды құру көзделген.

Шешу жолдары:

Әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы тұрақты және теңдерілімді экономиканың өсуін қамтамасыз етуі;

Индустрияландыру үшін жағымды ортаны құру;

Экономиканың басымды секторларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-әрекетін қамтамасыз ету.

Шикізат емес секторларда «басымды» жобаларды және кластерлік бастамаларды қолдау;

Инвестицияны, оның ішінде тікелей шетел инвестициясын экспортқа бағытталған жоғары технологиялық жаңа өндірістерді құру үшін акцент қою.


2 Стратегиялық бағыт

2.Кәсіпкерлікті дамыту

2.1. Реттелетін сала немесе қызмет саласын дамытудың негізгі өлшемдері.

2010 жылдың қорытындысы бойынша облыста шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырылғанда 0,2%-ға өсіп, 108,2 мың бірлікті құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны өткен жылмен салыстырғанда 0,5 %-ға артып, 278,9 мың адамға жетті.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған өнімдері (тауарлар мен қызметтер) 2010 жылы 472,4 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 100,2% болды.

Шағын кәсіпкерліктен түскен салық төлемдерінің жиынтығы 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 2,4 %-ға артып, 12,7 млрд.теңгені құрады, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке жалпы түскен төлемнің үлес салмағы 8,9%-ды құрады.

Есепті мерзімде облыстың жергілікті бюджетіне түскен салықтар мен алымдар 55,5 млрд.теңгеге жетті, ағымдағы жылы облыстың жергілікті бюджетіне шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен төлемдердің үлес салмағы 22,9%-ды құрады.



2.2) Негізгі проблемаларға талдау.

Бизнесті дамытуда проблемалы мәселелер:

- кәсіпкерлік қызмет үшін әкімшілік кедергілердің бар болуы;

- бизнес және меншікті (кәсіпорынды) жою кезендегі процедуралардың ұзақтығы;

- жер телімін алу, бизнес нысандарын салуға рұқсат алғанда және тұрғын үйлерді бизнес нысандары үшін қайта жоспарлау кезінде проблемалардың болуы;

- кедендік процедураларды өту кезіндегі қиындықтар;

- мемлекеттік санэпидемстанцияларының қадағалау органы мен өртке қарсы қызметтердің жиі тексеруі;

- екінші деңгейлі банктерде шағын және орта бизнестің жобаларын қарастыру кезінде процедуралардың ұзақтығы, өте көп құжаттарды талап етілуі;


  • ауыл кәсіпкерлерінің несиелік ресурстарға төмен қол жетімділік;

  • алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке лицензия алу кезіндегі проблема;

  • құрылыс материалдары рыногындағы дағдарыс.

Облыс кәсіпорындары 50-ден астам негізгі кұрылыс материалдары мен құрылымдарды, «Фоссло» темірбетон шпалдарын, тиекті плоибылау қондырғылары мен бақылау-индекаторлық пломбыларды, аккумулятор батареяларын шығырады, облыста электр-монтаждық жұмыстардың зор әлеуеті бар.

Құрылыс нысандарын тоқтата тұру құрылыс материалдары рыногында дағдарысқаәкеп соқты. Құрылыс компаниялармен өнімдерді жеткізуге бұрындары жасалынған келісімдері бар кәсіпорындар кәзіргі таңда не тоқтап тұр, не толық көлемде жұмыс жасамайды.



Шешу жолдары:

  • бизнесті жою кезінде жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу процедураларын қысқарту;

  • бинес нысандарын салуға рұқсат алу және тұрғын үйлерді бизнес нысандары үшін қайта жоспарлау үшін қайта жоспарлау үшін қайта жоспарлау үшін құжаттарды азайту;

  • бизнеске арналған жер телімдерін беру процедураларын ретке келтіру;

  • өртке қарсы қауіпсіздік жөнінде ведомстволық бақылауды күшейту, кешенді тексерулер жүргізу, кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсету;

  • банктік процедураларды жеңілдету мәселелері жөнінде тыңдаулар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу, Қаржылық бақылау жөніндегі агенттікке және басқа да органдарға ұсыныстар әзірлеу;

  • «КазАгро» ҰБХ еншілес кәсіпорындары арқылы ауыл тұрғындарына шағын несие беру;

  • құжаттар тізілімен МЕМСТ –ды (5000 теңгеге жуық) және нотариалды расталған жарғылық құжаттарды шығарып тастау, себебі бұл қосымша қаржы шығындарына әкеп соғады;

  • ішкі рынокта өз өнімдерін алға тарту үшін отандық тауарөндірушілерге жәрдемдесу бойынша және ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың сатып алу кезінде қазақстандық қамту үлесін арттыру бойынша жұмысты белсендетіру;

  • «Жол картасы»бағдарламасын іске асыру, онда құрылыс материалдарын шығаратын отандық тауарөдірушілердің құрылыс материалдардың міндетті түрде пайдалану көзделген;

  • облыстың тауар өндірушілермен ұлттық компаниялар, министрліктержәне ведомстволармен қол қойылған 66 меморандумды жүзеге асыру және оны орындау.

3 Стратегиялық бағыт

3.1. Реттелетін сала немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметлері.

Сыртқы сауда

2010 жылдың ішінде Алматы облысы әлемнің 120 елімен сыртқы сауда қызметін жүргізді, экспорт тауарлары 39 елге жеткізілді, импорт тауарлары 117 елден түсті.

Сыртқы сауда айналымы 1252,2 млн.АҚШ долларын құрады (экспорт -8,5 ж2не импорт – 1070,7 млн. АҚШ доллары) 2009 жылмен салыстырғанда 3,9 %-ға артты.

Экспорт бойынша негізгі сауда серіктестіктері Ресей, Қырғызстан, Өзбекістан, Ауғаныстан, Тәжікстан елдері, ал импорт бойынша – Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Бразилия елдері болып табылады.



Ішкі сауда

2011 жылдың 1 қаңтарына Алматы облысында 13377 сауда базарлар және қызмет көрсету саласында объектілер жұмыс істейді, 49 мыңнан астам адам қамтылған.

2010 жылы 461 сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету объектілері іске қосылды, 1771 жұмыс орны құрылды.

Облыс бойынша бөлшек тауар айналымы 2010 жылы 109,8 млрд.теңгені құрады, 2009 жылмен салыстырғанда, сәйкес бағада 110,2%-ға орындалды.

2011-2015 жылдары 1440 сауда және қызмет көрсету объектілерін ашу және 13160 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

2010 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында 79 сауда базары жұмыс істейді. 2011 жылдың 1 қаңдардағы облыс бойынша 81 сауда базары жұмыс істеуде, соның ішінде: 56 - әмбебап, 5 азық-түлік, 13 – мамандырылған сауда базарлары (1 коммуналдық базар). Сауда базарларында кәсіпкерлік қызметпен 16677 адам айналасуда.



Шекаралық сауда

Шекаралық сауда тауар айналымының құрылымы шекаралық аудандардың экономикалық мамандырылуына тікелей байланысты, яғни олар шығаратын өнім екінші жақтың сауда ұсынысының құрылымын құрайды.

Қытаймен шектесетін Алматы облысының шекаралық маңындағы аудандарда шекаралық сауданы дамыту мүмкіндіктері өте төмен: бұл елді-мекендердің шекарадан алыс орналасуы, халықтың төмен саны және тығыздылығы, ақша табысының төмен деңгейі. Екінші жаққа ұсыну үшін тауар ассортитментінің толық емес, тек шикізат өнімдерінің жекелей түрлері және дәрі-дәрмектер.

Қытай Халық Республикасына Алматы облысынан экспортқа шығарылатын келесідей басымды шикізат тауарлары қара металл сынықтары мен қалдықтары, қара металл бұйымдары, аккумуляторлар, темекі және темекі өнімдері, тері шикізаты.

Алматы облысына Қытайдан импорт тауарларының ішінде қайта өндеудің терең деңгейлі тауарлары жеткізіледі – телеаппаратура, жиһаз, аяқ киім, киім, аллюминийден жасалған бұйымдар, электротехникалық жабдықтар. Кедендік статистиканың мәліметі бойынша, тоқыма өнімдерінің жекелеген түрі бойынша, алматы облысының жалпы импорт өнімдеріндегі Қытайдың үлесі 85-90% құрайды.

Қазақстан мен Қытай – екі мемлекеттің ұзақ мерзімді, жан-жақты сауда-техникалық ынтымақтастық саласындағы бағдарламаларды іске асыру және инвестициялық қызметті дамыту аясында Алматы облысында «Хоргос» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығын құру жобасы іске асырылуда.

Жаһандастыру жағдайында облыс үшін маңызды мәселе – отандық өнімді сыртқы нарыққа шығару, біздің елдің шетел серіктестерімен сауда-экономикалық байланыстарын арттыру болып табылады.

3.2 Негізгі проблемаларға талдау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет