Источник: справочная правовая система ЮРИСТ, 10.06.2008 13:50:36
Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің
нормативтік маңызы, олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулықты
бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының
кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 222 Қаулысы
(2007.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етедi:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік маңызы, олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық кесімдер күшін жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2006 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Агенттік Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 412 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3995 тіркелген), Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 132 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4299 тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қосымшадағы:
5-тармақ алып тасталсын.
5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, «Активтерді басқарушылар қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметтер көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.
6. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 27 қазандағы
№ 222 қаулысына 1-қосымша
Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған
пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні,
олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулық
Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 41-бабының 4-тармағына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - Қор) сақтауы міндетті пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні мен есеп айырысу әдістемесін белгілейді.
1-тарау.
Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақшалай эквиваленттер - алдын-ала белгілі ақша сомасына жеңіл айналатын және олардың құнының елеусіз ғана өзгеріс тәуекеліне душар болатын қысқа мерзімді жоғары өтімді салымдар. Ақшалай эквиваленттер қатарына екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға инвестициялар және қысқа мерзімді өтеу мерзімі бар басқа инвестициялар (сатып алғаннан бастап үш айдан артық емес) жатады. Ақшалай эквиваленттер түріндегі инвестицияларды жіктеу «Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептер» халықаралық қаржылық есеп берудің 7-ші стандартына сәйкес жасалады;
2) валюталық тәуекел - зейнетақы активтерін басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қор немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - ұйым) өз қызметінде шетел валюталарының өзгеруіне байланысты шығыстардың (зиянның) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (зиянның) пайда болу қаупі валютаның құнын көрсету бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;
3) кредиттік тәуекел - заемшының (эмитенттің} бағалы қағаздар шығарылымының (облигациялар, мемлекеттік міндеттемелер және басқалар) талаптарында белгіленген мерзімде кредиторға (инвесторға) тиесілі негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлемеу негізінде пайда болған шығыстардың (зияндардың) пайда болу тәуекелі. Кредиттік тәуекелге сондай-ақ әріптестің своптар, опциондар және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды реттеу кезеңіндегі міндеттемелерді орындамауына байланысты пайда болған жоғалтулар тәуекелі кіреді;
4) қордың тәуекелі - акциялардың рыноктық құнына ықпал ететін қаржы рыноктарының талаптары өзгерген жағдайда пайда болатын акциялар құнындағы өзгерістер негізінде пайда болатын тәуекел;
5) меншікті капиталдың жеткіліктілігінің жиынтық коэффициенті - осы Нұсқаулыққа сәйкес есептелген Қордың меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің жиынтығы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 27-қазандағы № 223 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4480 тіркелген) сәйкес есептелген Қордың меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің жиынтығы;
6) пайыздық тәуекел - мыналарды қосқандағы сыйақы мөлшерлемесінің тиімсіз өзгеруі салдарынан шығыстардың (зияндардың) пайда болу тәуекелі:
орналастырылған активтердің (белгіленген сыйақы мөлшерлемесі кезінде) өтеу мерзімдерін сақтамауға байланысты жалпы пайыздық тәуекел;
басқа тең талап жағдайында ұқсас бағалау сипаты бар бірқатар құралдар арқылы сыйақы алынатын және төленетін есептеу мен түзетудің әртүрлі әдістемелерін қолдануға байланысты ерекше пайыздық тәуекел;
7) рыноктық тәуекел - қаржы рыноктарының тиімсіз қозғалысына байланысты шығыстардың (зияндардың) пайда болу тәуекелі. Рыноктық тәуекелдің макроэкономикалық тәуекелі бар, рыноктық тәуекелдердің негізгі көзі қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. Рыноктық тәуекел пайыздық, валюталық және қор тәуекелдерінің жиынтығын береді;
8) уәкілетті орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін уәкілетті орган Standard & Poor's агенттігінің рейтинг бағасынан басқа сондай-ақ Moody's Investors Service және Fitch рейтинг агенттігінің бағасын және басқа еншілес рейтинг ұйымдарының рейтинг бағасын таниды.
2-тарау.
Меншікті капиталдың жеткіліктілік жиынтық коэффициентi
3. Осы Нұсқаулықтың 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің мәні күн сайын мынадай болу тиіс:
1) 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап - 0,01 кем емес;
2) 2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап - 0,04 кем емес;
3) 2009 жылдың 1-қаңтарынан бастап - 0,06 кем емес.
4. Осы Нұсқаулықтың 3-тармағының талаптарын орындау мақсатында активтері аталған ұйымдағы инвестициялық басқаруда болған Ұйым мен Қордың арасында меншікті капиталдың жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентін сақтау туралы шарт жасалуы мүмкін. Шарт жазбаша нысанда жасалады және оның құрамында мынадай мәліметтер болуы тиіс:
ұйымның К1 коэффициентінің мәнінің меншікті капиталдың жеткіліктілік жиынтық коэффициентіне ара-қатынасы;
Активтері аталған ұйымның инвестициялық басқаруында тұрған ұйымның К1 коэффициентінің мәнінің меншікті капиталдың жеткіліктілік жиынтық коэффициентіне ара-қатынасы;
Активтері аталған ұйымның инвестициялық басқаруында тұрған ұйымның және Қордың К1 коэффициенттерінің мәнінің меншікті капиталдың жеткіліктілік жиынтық коэффициентіне ара-қатынасын анықтау бөлігінде Шартқа өзгерістер енгізу, осындай өзгерістерді қолданысқа енгізу күнін көрсету, оның кезеңділігі.
Қор уәкілетті органға осы Шарт жасалған күннен бастап бір күн ішінде осы Шарттың көшірмесін жібереді.
Ұйым мен Қордың арасында меншікті капиталдың жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентін сақтау туралы шарт жасалмаған жағдайда Қордың К1 коэффициентінің мәні меншікті капиталдың жеткіліктілігінің жиынтық коэффициентінің жетпіс пайызынан кем болмауы тиіс.
К1 коэффициентінің мәнін Қор күн сайын жұмыс күнінің аяғында анықтап отырады.
5. Қордың меншікті капиталының жеткіліктілігі К1 коэффициентімен сипатталады.
К1 коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К1 = (ӨА-М)/ MЗA, мұнда
ӨА - осы Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген өтімді және басқа активтер;
M - міндеттемелер (»репо» операциясын ашық сауда әдісімен өткізгенде, міндеттемелерге тек «репо» ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес анықталған «репо» объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы кіреді);
МЗА - мына формула бойынша есептелетін тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген Қордың инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдарының құны:
MЗA = Е(К * Кт)+((Жпт+Епт)+Е Ак * 0,08 + Вт)) + IIБ, мұнда Е(К * Кт) - кредиттік тәуекел, мұнда
К - қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес өтелгенге дейін ұсталатын санатқа енгізілген борыштық бағалы қағаздардың, сондай-ақ үш жылдан астам портфельде болатын борыштық бағалы қағаздардың, депозиттердің, тазартылған қымбат металдардың ағымдағы құны;
Кт - осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген қаржы құралдарының тәуекел деңгейі;
(Жпт+Епт)+ЕАк*0,08+Вт - рыноктық тәуекел, мұнда
(Жпт+Епт) - осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген ерекше пайыздық тәуекелдің және осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес есептелген жалпы пайыздық тәуекелдің кредиттік тәуекел есебіне қабылданбаған борыштық бағалы қағаздар бойынша сомасын көрсететін пайыздық тәуекел.
ЕАк*0,08 - қор тәуекелі, мұнда
Ак - акциялардың, пайлардың ағымдағы құны,
Вт - В*0,08 ретінде анықталатын валюталық тәуекел, мұнда
В - шығару шарты бағалы қағаздардың айналымының барлық кезеңіне ұлттық валютаның белгіленген бағамы бойынша осы қаржы құралы бойынша ақша ағындарын белгілеуді көздейтін қаржы құралдарын қоспағанда, шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарының, сондай-ақ, олар бойынша шетел валюталарының бағамдары өзгеруіне индекстелген номинал және/немесе купондық сыйақы, және бағалы металдардың ағымдағы құны, шетелдік қолма-қол валютасындағы;
ОЖК - формула бойынша есептелетін орташа алынған жалпы кіріс:
Е соңғы үш қаржы жылында алынған жалпы кіріс
ОЖК = ------------------------------------------------.
З
ОЖК мөлшері қаржылық есеп беруге сәйкес есепті жылдың бірінші айының бірінші күнгі жағдай бойынша жыл сайын есептеледі және қажет болғанда жыл сайынғы аудиттен кейін түзетіледі.
6. Қордың мынадай активтері өтімді активтер ретінде танылады:
1) ақша және ақша эквиваленттері, оның ішінде:
кассадағы ақша;
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттарындағы ақша;
Standard & Poor's агенттігінің немесе осыған ұқсас деңгейдегі басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді рейтингі бар резидент емес банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар;
3) акциялары листингтің аса жоғары санаты бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген немесе резидент емес еншілес банктер болып табылатын «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-дан кем емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ-» кем емес халықаралық шәкіл бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzBBB» кем емес рейтинг бағасы, немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескеріп) бар, болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар;
4) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-дан кем емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескеріп), болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі резидент емес банктердегі салымдар;
5) болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарын қосқанда) (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескеріп);
6) болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескеріп) листингтің аса жоғары санаты бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ облигацияларынан басқа), Қорға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
7) болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескеріп) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының ипотекалық облигациялары;
8) болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі ұйымдасқан рыноктағы айналыстағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының инфрақұрылымдық облигациялары;
9) болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі «Қазақстан Даму Банкі» АҚ облигациялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескеріп);
10) болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескеріп) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-дан кем емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;
11) болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескеріп) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-дан кем емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
12) болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-дан кем емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің акциялары;
13) болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескеріп) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;
14) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-дан кем емес рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе шет мемлекеттің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарында айналысқа түскен "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі "kzBBB" кем емес рейтинг бағасы бар Қорға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары, және Қорға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын, болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескеріп) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-дан кем емес рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе шет мемлекеттің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарында айналысқа түскен "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі "kzBBB" кем емес рейтинг бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары;
15) тазартылған қымбат металдар;
16) болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескеріп) (қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигациялардан басқа) листингтің аса жоғарыдан кейінгі санаты бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қорға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
17) болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескеріп) Алматы қаласындағы Өңірлік Қаржы Орталығының арнайы сауда алаңында листинг рәсімінен өткен борыштық бағалы қағаздар;
18) болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегергендегі (елу пайызға кемітілген) ашық және/немесе аралық пай инвестициялық қорларының пайлары;
19) Қорға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын, қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешектерін шегергендегі заңды тұлғалардың дебиторлық берешегі (болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегеріп), оның ішінде:
Қорға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын, қызметкерлердің және басқа тұлғалардың шарт талаптары бойынша үш күннен аспайтын мерзімге ұзартылған дебиторлық берешектерін шегергендегі заңды тұлғалардың дебиторлық берешегі (болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегеріп);
Қорға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын, қызметкерлердің және басқа тұлғалардың шарт талаптары бойынша тоқсан күннен аспайтын мерзімге ұзартылған дебиторлық берешектерін шегергендегі заңды тұлғалардың дебиторлық берешегі (болуы мүмкін жоғалтулар резервін шегеріп).
Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар мынадай жағдайларда өтімді активтер есебіне қосылмайды:
Қор оларды қайта сатып алу шартымен сатқан немесе кепілге берген, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жолмен ауыртпалық салған жағдайда;
Қор автоматтандырылған «репо» нарығында қайта сату шартымен бағалы қағаздарды сатып алған жағдайда.
7. Қордың мынадай активтері басқа активтер ретінде танылады:
1) Қордың баланстық құн бойынша негізгі қаражаты, оның ішінде:
Меншік иелігінде болған немесе тұрақты жер пайдалану құқығы бар жерлер;
Меншік иелігінде болған үйлер мен ғимараттар;
Меншік иелігінде болған машиналар және жабдықтар;
2) баланстық құн бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету.
8. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша Қор оның номиналдық кірістік көрсеткіші мен кірістіліктің барынша төмен мәні арасындағы айырма есебін зейнетақы активтері бойынша барынша төмен деңгейден кем емес кіріс алуды қамтамасыз ету мақсатында дербес жасайды.
9. Қордың номиналды кірістілік көрсеткіші Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 27-қазандағы № 223 қаулысына сәйкес (бұдан әрі - № 223 қаулы) есептелген К2 номиналды коэффициентімен сипатталады.
10. Тиісті кезеңдегі барынша төмен кірістіліктің барынша төмен мәні барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін осы кезеңдегі орташа алынған номиналды кірістің түзетілген коэффициентінен № 223 қаулының 18-тармағымен белгіленген кірістіліктің ауытқуының төменгі шегіне тең жалпы шекті көрсетеді.
11. Күнтізбелік жыл соңында Қорда оның номиналды құнының көрсеткіші мен кірістіліктің барынша төмен мәнінің арасындағы теріс айырма бар болса, Қор осы айырманы кастодиан банктегі Қордың инвестициялық шотына тиісті ақша сомасы түрінде аударым жасау жолымен өтейді.
12. Қор кірістіліктің барынша төмен мәні мен К2 коэффициенті арасындағы теріс айырманы алып тастау мақсатында кастодиан банктегі Қордың инвестициялық шотына аударым жасаған сомасы № 223 қаулының 19-тармағына сәйкес есептеледі.
Қор кірістіліктің барынша төмен мәні мен К2 коэффициенті арасындағы теріс айырманы алып тастау үшін өтейтін сомасын кастодиан банктегі инвестициялық шотына есеп айырысу жасалатын жылдан кейінгі жылдың 1-ақпанына дейінгі мерзімде аударым жасауы тиіс.
13. Қор кірістіліктің барынша төмен мәні мен К2 коэффициенті арасындағы теріс айырманы алып тастайтын соманы өтегеннен кейінгі күн ішінде уәкілетті органға осы соманың аударым жасалғандығы жөніндегі кастодиан банктің растамасымен бірге жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |