Жұмыс бағдарламасы 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен методикасы» мамандығы, 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі»



бет1/7
Дата18.05.2022
өлшемі406.5 Kb.
#456917
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Бағдарлама физика Бастауыш 101-104 топ Жумагельдинова





Оқыту нысаны: күндізгі, жалпы орта білім базасында
Жалпы сағат саны: 72 кредиттер 3
Әзірлеуші: Жумагельдинова К.М.


Түсіндірмелі жазба

Пән: Физика
Пән/модуль сипаттамасы: Оқу жұмыс бағдарламасы 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен методикасы» мамандығы, 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігінің жалпы білім беру пәндер модуліне арналып жасалынды. Жалпы пәндер модулінің "Физика" оқу пәні 72 сағат/ 3 кредиттік көрсеткішін қамтиды . Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді №17669 Реестрде тіркелген) және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтары мен Қазақстан Республикасынның 2021 жылғы 23 маусымдағы (№604) 362 техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпы стандартының 1,2,3,4, 5 тараулары, 2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрық және 2021жылғы 26 тамыздағы №415 бұйрықпен бекітілген ҚР үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы қосымшаларына сәйкес стандарттық деңгейдегі ережелер басшылыққа алынып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып және мақұлданған (Хаттама № 1 «15» шілде 2020 жыл) Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. «Білім беру ұйымдарындағы оқу -тәрбие процесіне» «Өзін -өзі тану бағдарламасын біріктіру бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №208 бұйрығын басшылыққа ала отырып,пилоттық жобаны іске асыру мақсатында Өзін-өзі тану пәнінің «Ақиқат, Ішкі тыныштық, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Қиянат жасамау» құндылықтарын білім беру бағдарламаларына кіріктіру іске асырылады. (Негідеме) Әдістемелік кеңес.Хаттама.№1 «26» тамыз 2021 жыл.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы "физика" пәні бойынша оқу бағдарламасы 9 бөлімнен тұрады: «Механика», «Молекулалық физика», «Электр және магнетизм», «Тербелістер», «Толқындар», «Оптика», «Кванттық физика», «Нанотехнология және наноматериалдар», «Космология».
01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен методикасы» мамандығы, 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігінде "Физика" оқу пәнін меңгеруге 72 сағат / 3 кредит қарастырылған. Соның ішінде теориялық оқуы – 44 сағат, зертханалық-практикалық оқу – 28 сағат. Зертханалық-практикалық оқу барысында білім алушылардың бақылау, эксперимент жасау, түсіндіру, зерттеу, талдау, сандық және сапалық есептер шығару қабілеттерін қалыптастырып , дамытуда «Тұтқырлығы әртүрлі сұйықта қозғалатын кішкентай шардың қозғалысын зерттеу», «Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу», «Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау», «Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау», «Жарықтың поляризациясын бақылау», «Шынының сыну көрсеткішін анықтау», «Жартылай ыдырау периодын анықтау» тақырыптарында зертханалық жұмыстар мен практикалық тапсырмалар орындалады. Білім беру ұйымының оқу жұмыс жоспарына сәйкес 1 семестрде бақылау жұмысы, 2 семестрде сынақ қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет