4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе
5. Әдебиет.
Негізгі :
1. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.
2. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.
3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002.
4. Микробиология: учебник / под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2012.
5. Сейтханова Б.Т. Учебное пособие к лабораторным занятиям по частной микробиологии (кишечные инфекции): учеб. пособие. – Шымкент: Б.и., 2012.
6. Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология: учебное пособие. - М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007.
7. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учеб.п. – 4-е изд., испр. – М., 2007.
8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.
9. Мальцев В.Н. Основы микробиологии и иммунологии: курс лекций: учеб. пособие.. – М., 2005.
10. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.
11. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.
12. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002.
Қосымша:
1. Воробьев А.А. Медицинская и санитарная микробиология: учеб. пособие -3-е изд., стер. –М., 2008.
2. Подколзина В.А. Медицинская микробиология: пос. Для подготовки к экзаменам. – М., 2007.
3. Прозоркина Н.В. Основы микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие для мед. уч-щ и колледж.- 3-е изд. – Ростов н/Д., 2007.
4. Сбойчаков В.Б. Микробиология с основами эпидемиологии и методами микробиологических исследований: учеб. для сред. учеб. завед. – СПб., 2007.
5. Ткаченко К.В. Микробиология: конспект лекций / К.В. Ткаченко. – М., 2007.
Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6.Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):
1. Стафилококтардың патогенділік қасиеті немен айқындалады?
2. Менингиттен кейінгі иммунитеттің түрі?
3. Стрептококтардың патогенділік қасиеті немен айқындалады?
№ 7 Дәріс
1. Тақырыбы: Патогенді және шартты патогенді энтеробактериялар.
2. Мақсаты: Студенттерге ІЖА-ның – таралу жолдарын, инфекция ошағын, инфекция көзін анықтау, науқастан тексеру мақсатта алынатын материалды таңдауды, микробиологиялық диагноз қою әдістерін талдап түсіндіру.
3. Дәріс тезистері.
Морфологиясы -Энтеробактерия тұқымдасы Гр- таяқша, көлемі 1,5-0,8 мкм, қозғалмалы перетрих, кейбір түрлері капсула түзеді. Спора түзбейді. Микрокапсула полисахаридтерден тұрады (экзополисахаридтер). Капсула гидрофильді –құрамында көп мөлшерде су бар, ол бактерияның фагоцитозына кедергі жасайды, капсула бактерияны құрғап кетуден бактериофагтардың әсер етуіне кедергі жасайды.
Дақылдылық қасиеті- жәй қоректік орталарда 37С жақсы өседі, Yersinia түрінен басқасы. Факультатив анаэроб. Оксидаза теріс, каталаза оң. Энтеробактериялар кең спектірдегі б/х белсенділікке ие. Энтеробактерияларды идентификация жасағанда Фогес- Проскауэр реакциясына қарай анықтаймыз, индолды өндіреді, мочевинаны ыдыратады эндотоксин яғни микроорганизм бұзылғаннан кейін бөлініп шығатын токсин түрін бөледі. Тұқымдастың кейбір түрлері ақуызды токсин өндіреді, цитотоксигендік және энтеротоксигенді қасиетке ие, кейбір жағдайда гемолизин бөледі. Белгілі бір түрлері антифагоцитар белсенділікке ие, яғни оған капсула, суперкапсид мутаза және аденилатциклаза, беткейлік ақуыздар және спецификалық антигендер кіреді.
Антиген құрылымы: Бактериялар соматикалық О-антиген, жіпшелі Н-антиген, капсулалы К-антиген түзеді.
Эшерихиялар-Echerichia. Ең маңызды түрі Е.coli 1885ж Т.Эшерих бірінші болып қоздырғышты тапты .
Морфологиясы. Ішек таяқшасы ГР-, таяқша, перетрих, кейбір түрлерінің микрокапсуласы бар.
Дақылдылық қасиеті. Қатты қоректік ортада S- R колониялар түзеді .
S-коллониялары тегіс, жалтыр, жартылай мөлдір. Сұйық қоректік ортада лайланып көбейеді.
Б/Х –қасиеті өте жоғары белсенді.
Антиген құрылымы. E.coli күрделі антигендік қасиетке ие.
А) соматикалық О-антиген -171 түрі анықталған.
Б) беткейлік К-антиген (а, в,е,)антигендерге бөлінеді. 97-түрі бар.
В) типке тән Н-антиген 57-түрі анықталған.
Эпидемиологиясы. Инфекция тасушы ірі қара мал, ауру алиментарлық жолмен жұғады, ет арқылы, жақсы қайнатылмаған ет арқылы жұғады.
Клиникасы. ЭПТ –бір жастағы балдарда дияреяны шақырады, көп жағдайларда аурухана ішілік инфекция түрінде дамиды, көкірек жастағы балаларда жасанды тағаммен тамақтанатын балдарда кездеседі. ЭПТ-жіңішке ішектің эпителия беткейінде көбейеді, микроворсинкаларды бұзады эпителидің апикальді беткейін зақымдайды.
Иммунитет -қалыптаспайды
М.б.д. Бактериологиялық, бактериоскопиялық, серологиялық әдістер қолданылады.
2.Шигеллалар– (Shigella)1898жылы К.Шига микробты толықтап зерттеп 4 түрге бөледі.
S .disenteriae-12серовары бар.
S.fleхneri.-9 серовар.
S.boydiі-18 серовар.
S. sonnei-1 серовар.
Морфологиясы- қозғалмайды, таяқша, спора капсула түзбейді.
Дакылдылық қасиеті –жәй қоректік ортада жақсы өседі. Қатты қоректік ортада майда тегіс, жалтырақ, жартылай мөлдір колониялар түзеді, сұйық қоректік ортада диффузды лайлануды шақырады. S.sonnei қатты қоректік ортада S-R коллониялар түзеді.
Б/х –қасиет белсенділігі төмен.
Антиген құрылымы. Барлық шигеллаларда О- антиген, олар сероварларға, ал S.fleхneri серовар ішінде және сероварларға бөлінеді.
Токсигендік фактор-Григорьева-Шига түрі экзотоксин, ал қалған түрлері тек эндотоксин бөледі.
М.б.д. Негізгі диагностикалық әдіс бактериологиялық әдіс. Серологиялық әдісті антидененің кеш пайда болуына байланысты сирек қолданады. Нәжісті тексеру күрделі себебі бактерия сыртқы ортаға тұрақсыз. Нәтижелі әдіс 1) аурудан бірінші күні қоздырғышты тез анықтаймыз. 2)жаңадан алынған нәжісте қоздырғыш тез табылады. Ең нәтижелісі аурудың төсегінде алынған тексерілетін материалды 30% глицерин +70% физиологиялық ертіндіге салу керек. Иерсиниялар 11 түрге бөлінеді соның ішінде 3 түрі адамдар үшін қауіпті. 1.Y.pestis. 2.Y.enterocolitica. 3.Y.pseudotuberculosis. Энтеропатоген иерсиниялар –Иерсиния псевдотуберкулез полиморфты клиникалық көріністермен, созылған организмнің аллергиялық өзгерістерімен өтетін жұқпалы ауру. Қоздырғышты 1883 жылы Л.Маляссе және В.Виньямен тапқан.
Морфологиясы –таяқша размері 0,8-2,0, - 0,4-0,6 мкм, қозғалады, жіпшелері бар, 37С капсула түзеді.
Дақылдылық қасиеті–кәдімгі қоректік орталарда 22-28 С жақсы өседі, психирофиль. 37С –төменде қатты қоректік орталарда S-формалы коллониялар түзеді, 37С- R-формалы коллониялар түзеді.
Б/Х қасиеті- уреазаны өндіреді, рамнозаны ферментациялайды, сахарозаны ыдыратпайды, индол өндірмейді. Фогесс –Проскауэр реакциясы теріс.
Антиген құрылымы. О-антиген, Н-антиген түзеді.
Иммунитет. Стерильді емес иммунитет пайда болады. Организмде жоғарғы сезімталдық пайда болады.
М.Б.Д.Тексерілетін материал қан, өт, буын сұйықтығы, бронх сұйықтығы. Қолданылатын әдістер бактериологиялық, серологиялық.. Тексерілетін материалды фосфатты буферге салып 4 С 21 күн көлемінде көбейтеміз, кейін қатты қоректік ортаға (Эндо, Сероварға) енгіземіз. Серологиялық тексеру 2-3-5 аптада ТГАР және ИФА әдістерімен анықтаймыз.
Ішек иерсиниозы. Жуан және жіңішке ішектердің зақымдалуымен мезентериальды
Морфологиясы. ГР- таяқша, қозғалады, капсула түзбейді.
Дақылдылық қасиеті. Кәдімгі жәй қоректік ортада жақсы өседі лимфадениттің дамуымен өтетін жұқпалы ауру.
Б/Х қасиеті–активтілігі белсенді. Мочевинаны ыдыратады, сахарозаны ыдыратады, рамнозаны ыдыратпайды.
Антиген құрылымы. О-Н антигендері бар. Адамдарда 03,05,09,08 сероварлары ауру қоздырады.
Патогендік фактор –термотұрақты энтеротоксинмен айқындалады.
Эпидемиологиясы. Ішек иерсиниозы барлық елде, топтық, туыстастық, аурухана ішілік инфекция түрінде кездеседі.
М.Б.Д. Бактериологиялық, бактериоскопиялық серологиялық әдіс кеңінен қолданылады.
4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе
Әдебиет.
Негізгі:
1. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.
2. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.
3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002.
4. Микробиология: учебник / под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2012.
5. Сейтханова Б.Т. Учебное пособие к лабораторным занятиям по частной микробиологии (кишечные инфекции): учеб. пособие. – Шымкент: Б.и., 2012.
6. Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология: учебное пособие. - М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007.
7. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учеб.п. – 4-е изд., испр. – М., 2007.
8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.
9. Мальцев В.Н. Основы микробиологии и иммунологии: курс лекций: учеб. пособие.. – М., 2005.
10. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.
11. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.
12. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002.
Қосымша:
1. Воробьев А.А. Медицинская и санитарная микробиология: учеб. пособие -3-е изд., стер. –М., 2008.
2. Подколзина В.А. Медицинская микробиология: пос. Для подготовки к экзаменам. – М., 2007.
3. Прозоркина Н.В. Основы микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие для мед. уч-щ и колледж.- 3-е изд. – Ростов н/Д., 2007.
4. Сбойчаков В.Б. Микробиология с основами эпидемиологии и методами микробиологических исследований: учеб. для сред. учеб. завед. – СПб., 2007.
5. Ткаченко К.В. Микробиология: конспект лекций / К.В. Ткаченко. – М., 2007.
Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қортынды сұрақтары (кері байланысы):
-
Шигеллалардың патогендік факторын атаңыз ?
-
Энтеропатогенді иерсинияларға тән қасиет?
№ 8 Дәріс
1. Тақырыбы: Тырысқақ вибрионы. Кампилобактериялар. Хеликобактерлиялар.
2. Мақсаты: Студенттерге бізді қоршаған ортадағы клостридиялар тобына жататын жарақат –инфекция қоздырғыштарының таралуын, жұғу жолдарын науқасқа микробиологиялық диагноз қою әдістерін талдап түсіндіру.
3. Дәріс тезистері.
1.Clostridium - түріне қозғалмалы таяқша спора түзетін жасушаға веретено (ұршық) тәрізді пішін беретін (kloster – веретено ) микроорганизм кіреді .
Дақылдау сатысының басында Гр+ хемоорганотрофты –кейбір түрлері сахаролиттік, ал кейбір түрлері протеолиттік белсенділігін көрсетеді. Көп түрлері клостридиялардың қатаң анаэроб. Клостридия-(сіреспе) tetanus – ауыр кешенді жарақат инфекциясы, жоғарғы жүйке жүйесінің зақымдалуымен, тоникалық және клоникалық тырысулармен байқалады.
Сіреспе қоздырғышын бір мезгілде Н. Д. Моностырский (1883 ж) және А. Николаев (1884ж) ашқан.
2. Морфологиясы. Грам + (оң) таяқша ұшы домалақ ұзындығы 4-8 мкм және қалыңдығ 0,3-0,8 мкм жас дақылдарда кей кездерде жіп тәрізді жасушаларды түзеді, біреуден болмаса моншақ тәрізді орналасады. 20- жуық жіпшелері бар перетрих, ескі дақылдарда 30 тәуліктен асқан дақылдарда қозғалмайтын түрге айналады. Споралары домалақ таяқшаның ұшында орналасады (терминальды) диаметрі 2-3есе қалыңдығынан үлкен, пішіні барабан таяқшасын еске түсіреді.
Дақылдылық қасиеті: Қатаң анаэроб, яғни оттегіне өте сезімтал. ЕПА және желатинде өте жай өседі, жұқа мөлдір шеттері тегіс немесе кедір – бұдыр коллониялар түзеді. Қоректік ортада S-R коллониялар түзеді. Жартылай сұйық агарда 24-48С R – форма коллониялар түзеді болмаса ортасы қоңыр қатты ұлпабас S – форма колониялар түзеді. Спора түзу 2-3 тәулікте басталады, сұйық ортада вегетативті жасушалар жойылады , ал ортада біркелкі споралар қалады.
Б/Х–белсенділігі төмен, цитохром, цитохром оксидаза, переоксидаза және каталаза белсенділігі жоқ. Өсуіне аргинин, гистидин, терозин, валин, изолейцин, лейцин және триптофан қажет.
Антиген структурасы. Ожәне Н антигені бар, жіпшелі антигені 10 серовар бөледі.
Патогенділік факторы. Патогенділік қабілеттілігінің себебі экзотоксин өндірілуінде – тетаноспазмин және тетанализин.
Тетаноспазмин - Бұл полипептид, токсин жүйке жасушаларының өсінділеріне жабысып, тіке жасуша ішіне еніп және аксондармен тасымалданып орталық жүйке жүйесіне түседі. Әсер ету механизмі тежелуші нейромедиаторлардың босалуына қысым жасайды. Бірінші токсин перифериядағы нервтерге әсер етеді, бұлшық еттердің тетаникалық жиырылуын шақырады. Қоректік ортада 2-тәулікте қоздырғыштың токсині пайда болады, 5-7 тәулікте токсигенділік қасиеті ең жоғарғы дәрежеге жетеді.Ұзақ уақыт термостатта сақталғанда, оттегі және күн сәулесі әсерінен жойылады:
Тетанолизин. (тетоногемолизин) гемолитикалық ,кардиотоксигендік және өлімге алып келетін нәтижелерімен сипатталады.
Патогенезі. Инфекция қақпасы тұрмыстық өндірістік жарақаттар, көп жағдайларда аурулар жарақаттарымен медициналық көмекке қаралмағанда болады.
Сіреспе – токсинемиялық инфекция, негізгі патогенетикалық фактор сіреспе токсині болып табылады. Қоздырғыш кірген қақпадағы ұлпада болады, экзотоксин өндіреді, адам организмінде қанға түсіп, ағзаға қан және лимфа тамырлары арқылы таралып, және жүйке өсінділері арқылы жұлынға және сопақша миға жетеді.
Клиникасы. Инкубациялық кезең 6-14 күн. Жеңіл формасы (жергілікті сіреспе) мезгілімен зақымдалған аймақта бұлшық еттердің жиырылуына алып келеді. Аймақтық сіреспе - өте көп кездесетін түрі, бұлшық еттердің жиырылуымен, тахикардия, аритмия, менингит, гипокальцемия белгілері байқалады.
Иммунитет. Табиғи иммунитет жоқ. Инфекциядан кейін иммунитет пайда болмайды, себебі сіреспе токсинінің токсигендік дозасы, иммуногендік дозадан аз, сондықтан қайтадан кездеседі.
М.Б.Д -Тексерілетін материал қоздырғыш кірген жерден жарақаттан алынады, сондықтан жарақат байланған байлау материалдарынан алынады, егер жарақат жазылып кеткен болса, біткен жарақат орнына, терідегі жырылған жерлерге көңіл бөлу керек. Бактериоскопиялық, бактериологиялық, биологиялық әдістерімен анықтауға болады. Қоректік орталардан: Китта – Тароции + ет сорпасы + бауыр бөлігі қоректік ортасына егіледі. Вильсон – Блер қоректік ортасына егіледі. Мәйіттерден 10 мл қан, бауыр, қара бауыр бөлігі (20-30г) алынады. Бактериоскопиялық әдіс нәтижесін қарай қортынды диагноз қою мүмкін емес, себебі басқа клостридия түріне кіретін микроорганизмімен шатасуымыз мүмкін.Тексерілген материал Китта-Тароцци қоректік ортасына 3-4 тәуліктен кейін қатты қоректік ортаға енгіземіз. Ажыратып алған дақылдың токсигендік қасиетін тексеру үшін тексерілетін материалдарды ақ тышқандарға енгізіп анықтаймыз.
Емдеу әдісі. Сіреспеге қарсы ат сарысуын 50-100 тыс (ленң) МЕ (курсқа – 2 инъекция, ал ауыр жағдайларда 3 инъекция бөліп енгізіледі, сіреспеге қарсы донорлық иммуно
глобулинды 900 МЕ енгіземіз.
Алдын - алу. Жарақат алғанда хирургиялық жәрдем көрсету керек. Арнайы алдын-алу жұмыстарында егу календары бойынша енгізіледі.
4.Иллюстрациялы материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе
5. Әдебиет.
Негізгі:
1. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.
2. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.
3. Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 2002.
4. Микробиология: учебник / под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2012.
5. Сейтханова Б.Т. Учебное пособие к лабораторным занятиям по частной микробиологии (кишечные инфекции): учеб. пособие. – Шымкент: Б.и., 2012.
6. Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология: учебное пособие. - М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007.
7. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учеб.п. – 4-е изд., испр. – М., 2007.
8. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.
9. Мальцев В.Н. Основы микробиологии и иммунологии: курс лекций: учеб. пособие.. – М., 2005.
10. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. - 4-е изд., доп. И перераб.-М.,2005.
11. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология: учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003.
12. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002.
Қосымша:
1. Воробьев А.А. Медицинская и санитарная микробиология: учеб. пособие -3-е изд., стер. –М., 2008.
2. Подколзина В.А. Медицинская микробиология: пос. Для подготовки к экзаменам. – М., 2007.
3. Прозоркина Н.В. Основы микробиологии, вирусологии и иммунологии: учеб. Пособие для мед. уч-щ и колледж.- 3-е изд. – Ростов н/Д., 2007.
4. Сбойчаков В.Б. Микробиология с основами эпидемиологии и методами микробиологических исследований: учеб. для сред. учеб. завед. – СПб., 2007.
5. Ткаченко К.В. Микробиология: конспект лекций / К.В. Ткаченко. – М., 2007.
Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6.Қортынды сұрақтары (кері байланыс):
1.Сіреспе қоздырғышының патогендік факторы?
2.Күл қоздырғышына тән қасиет?
№ 9 Дәріс
1. Тақырыбы: Зоонозды инфекциялар қоздырғыштары: оба, бруцеллез, туляремия, сібір күйдргісі. Патогенді микобактериялар.
2. Мақсаты: Студенттерге зоонозды инфекция қоздырғыштарының таралуын, жұғу жолдарын науқасқа микробиологиялық диагноз қою әдістерін талдап түсіндіру.
3. Дәріс тезистері.
Зоонозды инфекция қоздырғыштары оба антропозоонозды, дене қызуының көтерілуімен өте айқын улану белгілерімен, терінің лимфа түйіндерінің өкпе және басқа да мүшелер мен жүйелердің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Франциселлалар –туляремия қоздырғышы болып жедел және созылмалы адамдарда және жануарларда ағзада қабыну процесін, интоксикациямен, лимфа түйіндерінің зақымдалуымен өтеді. Бацилалар –адам және жануарларда кездесетін өте айқын улану белгілерімен өтетін, терімен лимфатикалық аппараттың зақымдалуы мен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
1.Y.pestis-оба қоздырғышы.
Морфологиясы. Қоздырғыш спора түзбейді, Грам әдісімен боялмайды капсула түзеді.
Дақылдылық қасиеті. Факультативті анаэроб. Қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Қалыпты өсу температурасы 28 С, бірақ 2 ден 40С арасында да өсуі мүмкін. Қоректік орталарда өсуін жылдамдату үшін ортаға сульфит натриді, гемолизденген қан қосылады.Тығыз қоректік ортада 8-12 сағ. сынған әйнек тәрізді колония түзеді,18-20 сағ соң R-формалы колония түзеді.
Ферменттік қасиеті. Плазмокоагулазаны,фибринолизин, гемолизин, лецитиназаны, РНК -азаны синтездейді, рамнозаны ж/е сахарозаны ферменттемейді, декстринді ферменттейді.
Антиген құрылымы.Термостабильді О-антиген ж/е термолабильді капсулалы К-антигені бар. Адамның бұл ауруды жұқтыруы әбден мүмкін. Адам бүргенің шаққанынан кейін обаның бубонды түрімен ауырады, ауа арқылы өкпе түрімен ауырады.
Иммунитет.Аурудан кейін өмір бойлық иммунитет қалыптасады.
Патогенезі мен клиникасы. Аурудың айқын клиникалық белгілері микробтық токсикалық ж/е септикалық әсеріне байланысты. Егер қоздырғыш тері арқылы организмге енген болса, онда енген жерде пустула, карбункул сияқты қабынулар пайда болады, яғни обаның терілік түрі байқалады. Обаның өкпелік түрінде жиі қабыну процесіне плевраның да қосылуы мен өтеді. Өкпеде серозды гемморагиялы, сосын некротикалық қабыну процесі пайда болады. Инкубациялық кезең 1-3 күнге дейін созылады. Обаның бубонды, өкпелі, септикалық түрлері болады.
М.б.д.
Бактериологиялық әдіс. Ол үшін алынады.
-бубоннан пунктант.
-ауыз жұтқыншақ шырышы.
-қақырық.
-қан.
-пустула қоймалжыңынан.
-ликвор.
-секционды материал.
-тірі кеміргіш,кеміргіштің мәйіті.
-бүргелер.
-су.
-ауа.
Алдын-алу емдеу әдістері –этиотропты терапия, стрептомицин тетрациклин, левомицитин, аминогликозидтер тағайындалады. Ауыр түрлерінде стрептомицин мен левомицетин бірге тағайындалады. Бактериологиялық зерттеу бубонды түрінде дене қызуы қалыптасқаннан кейін 4 аптадан кейін, өкпелік түрінде дене қызуы қалыптасқаннан кейін 6 аптадан соң алынады.
Реконвалесценттер 3 ай бойы диспансерлік бақылауда болады.
Обаның эпидемиялық аймақтарында тұратын халықтар егілуі қажет, тірі обалық вакцина қолданылады, ол тері үстіне 1 рет егіледі, 7 жасқа дейін -1 тамшы, 10-60 жастағыларға 3-тамшы немесе тері астына 1 рет 0,5 мл. Осы әдіс бойынша 1 жылдан соң ревакцинация жасалынады.
2. Francisella tularensis –туляремия қоздырғышы болып жедел және созылмалы адамдарда және жануарларда ағзада қабыну процесін дене қызуының көтерілуімен, интоксикациямен, лимфа түйіндерінің зақымдалуымен өтеді.
Морфологиясы. Туляремия қоздырғышы өте майда /0,3-0,5 мкм/ полиморфты, ГР- таяқша, спора түзбейді, қозғалмайды, капсула түзуі мүмкін.
Дақылдылық қасиеті. Факультативт анаэроб. Әдеттегі қоректік ортада өспейді. Сарыуыз қосылған қоректік ортада қан+цистеин қосылған Франсис ортасында жақсы өседі. Оптимальды температура 37-38 С,РН-6,8-7,4. Тауық эмбрионында, сарыуыз қапшығында жақсы өседі. Жасанды қоректік ортада бактерия аттенуациясы байқалады S – формадан R – формаға өтеді.
Б/Х- қасиеті өте төмен, мальтоза глюкозаны қышқылға дейін ыдыратады.
Антиген құрылымы –О антиген, беткейлі VI-антиген түзеді. Бруцелламен антигендік туыстығы бар. R – формалы түрі VI – антигенді, вируленттілік ж/е иммуногендік қасиетін жоғалтады .
Патогендік факторы. S- формалы коллониясы вирулентті. Патогендік қасиеті қабықты антигендік комплекспен және эндотоксинмен байланысты. Лабораториялық жануарлардың ішінде теңіз шошқасы ,ақ тышқандар өте жоғары сезімтал.Аурудың патогенезінде қоздырғыштың лимфа жолымен таралуының маңызы өте жоғары. Микроб және оның токсині қанға өтіп бактеремияға алып келеді.
Иммунитет. Аурудан кейін ұзақ уақытқа, кейде организмнің антигенге аллергизациясы байқалады.
Клиникасы. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 3 аптаға дейін, 3-7 күн. Ауру жедел басталады кенеттен 38-39 С, қалтырау, бас ауру, организмнің улануы байқалады. Бубонды, жарақат-бубонды, көз-бубонды, абдоминальды, өкпелі, септикалы түрдегі клиникалық түрлері бар. 6% өлімге алып келеді.
М.Б.Д. Тексерілетін материал; қан, бубон пунктанты, жарақаттан жұғынды, көз коньюктивасынан бөлінген сұйықтық, қақырық.. Бактериологиялық, биологиялық, бактериоскопиялық әдістерді қолданамыз. Романовский –Гимзе әдісімен бояалады. Серологиялық әдіс ТГАР, КБР, РИФ.
Аллергиялық әдіс. Тері ішіне, тері үстіне, екі енгізу түрінде де аллерген концентрациясы әр түрлі. Нәтижесі 24-36-48 сағ кейін тексеріледі. Оң нәтиже бергенде инфильтрат диаметрі 5 мм дейін болуы мүмкін.
Емдеу әдісі. Антибиотиктер, стрептомицин, тетрациклинді қолданамыз.
3.Бруцеллалар -3 типке бөлінеді.
1.Brusella melitensis –адамға патогенді, үй жануарларынан (қой, ешкі)
2.Brusella abortus-ірі қара малдарда сиырда ауру шақырады, адамға патогенді.
3.Brusella suis- шошқада ауру шақырады, адамдарға патогенді.
Морфологиясы. Бруцеллалар майда коккабактериялар көлемі 0,5-0,2 мкм, қозғалмайды, спора түзбейді. Капсуласы белгілі бір жағдайда ғана түзеді, анилин бояулардың барлығымен боялады, Гр-.Дақылда тұрақтылығы төмен
Антиген құрылымы. Бірдей антиген түзеді О-антиген, капсулалы К-антиген.
Ферменттік қасиет. Индол түзбейді, сүтті ірітпейді, желатинаны ыдыратпайды, бірде-бір көмірсутекті ыдыратпайды, экзотоксин түзбейді.
Патогендік фактор. Негізгі патогендік фактор бұл эндотоксин және капсула. Қоздырғыш жоғарғы инвазивті қасиетке ие, агрессиялық фермент гиалуронидазаның белсенділігі.
Патогенезі. Бруцелла организмге тері ж/е кілегей шырышты қабат арқылы кіріп лимфа арқылы таралады.
Клиникасы. Инкубациялық кезең 1-3 апта. Ауру қалтыраумен, терлеумен, буындарда аурудың байқалуымен өтеді.
М.Б.Д. Қоздырғышты анықтау үшін қан алынады ,антиденені анықтау үшін қан сарысуын ,бруцелланы анықтау үшін сүт ж/е сүт тағамдарын аламыз.
Бактериологиялық әдіс бірінші күннен оң нәтиже береді 75-80 % де .10 мл венадан алынған қанды 100-200мл қантты, бауыр ж/е асцит сұйықтығына енгіземіз. Колбаны термостатқа қоямыз, 2-3 аптадан соң коллония пайда болады.
Алдын-алу әдісі тірі бруцеллезді вакцинаны қолданамыз .
Емдеу әдістері. Жедел және созылмалы түрінде күшті антибиотикотерапия.
Кең спектірдегі антибиотиктер беріледі. Бруцеллезді иммуноглобулин қолданылады.
4.Бациллалар. Түйнеме- адам және жануарларда кездесетін өте айқын улану белгілерімен өтетін, терімен лимфатикалық аппараттың зақымдалуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Морфологиясы. Түйнемелі бацилла (B.anthracis) өте ірі таяқша, мөлдір капсула мен қоршалған. Қоздырғыштың вегетативті ж/е спора тәрізді түрлерін ажыратады. Вегетативті түрлері тірі организмде кездеседі. Споралары қоршаған ортада көп кездеседі және өте тұрақты.Гр-, қозғалмайды, капсула түзеді. Спорасы ортасында орналасқан, оваль тәрізді.Тірі организмде, жарылмаған мәйітте спора түзбейді.
Дақылдылық қасиет. Аэроб. Әдеттегі қоректік ортада жақсы өседі. Пісірілген, шикі картопта бактерияны өсіруге болады.Сұйық қоректік ортада мақта тәрізді үйінді түзеді, лайлануды шақырмайды, қатты қоректік ортада ірі, шеттері тегіс емес R-формалы колониялар түзеді.
Б/Х –белсенділігі жоғары, глюкоза, сахароза, фруктоза, мальтоза, крахмал, инулинді қышқылға дейін ыдыратады.Сүтті 3-5 тәулікте ыдыратады.
Антиген құрылымы. Түрлік полисахаридті және текті белокты капсулалы антиген түзеді.
Патогендік фактор. Вирулентті штамдары көп мөлшерде капсулалы затты синтездейді, антифагоцитар белсенділікке ие күрделі экзотоксин түзеді, белокты комплекс ісінуді шақырады.
М.Б.Д.Тексерілетін материал –карбункул, қақырық, нәжіс, қан, зәр.
Серодиагностикасында ТГАР,РИФ, КБР, ТЕГАР, реакция термопреципитация реакциясы асколи.
Алдын-алу және емдеу әдістері.
Арнайы алдын-алу әдістері сібір күйдіргісіне қарсы тірі вакцина СТИ (санитар техникалық институт). Иммунизация эпид. көрсеткішке қарай риск группасына жүргізіледі
-
Ауруды және күдіктілерді бөлектеу
-
Мәйітті және өлген жануар мәйітін зақымдалған аймақты жағу .
-
Ауру жануарлар тұрған жерді залалсыздау .
-
Суды тазалау .
-
Залалданған аймақты хлорлау.
Достарыңызбен бөлісу: |