ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
БИОХИМИЯ, БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
''БЕКІТЕМІН''
ОӘжТЖ проректоры,
м.ғ.д. М.У. Анартаева
___________________
«____» _______2013 ж.
Ж Ұ М Ы С Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы
Пән: Микробиология
Пән коды: Мiс 2207
Мамандық: 051101»Мейірбике ісі»
Оқу сағатының көлемі (кредит) 90 сағат(2 кредит)
Курсы және оқу семестрі: 2, IІІ
Шымкент 2013 ж.
Жұмыс бағдарламасы 2008 жылғы № 3а 22 ақпан 051101 «Мейірбике ісі» мамандығына арналған микробиология бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалды.
Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедра мәжілісінде талқыланды
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. _____________ Есіркепов М.М.
хаттама №______ «____» ________ 2013ж.
Жұмыс бағдарламасы химия фармацевтикалық пәндер жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды.
Төрағасы, х.ғ.д.,проф. ______________ Патсаев А.К.
Хаттама №______ «_____» __________ 2013 ж.
ОҚМФА-ның Әдістемелік Кеңесінде талқыланды
«____»__________ 2013 ж. хаттама№________
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе.
Микробиология базалық пән ретінде білуі әрбір дәрігерге, әрбір медицина қызметкеріне қажет. Микробиология ғылым жағынан клиникалық және теориялық медицинаның маңызды мәселелерін шешеді.
Медициналық микробиологияның зерттейтін нысанасы – микроооганизмдердің жүйелеуін, морфологиясын, физиологиясын, генетикасын, экологиясын зерттейді; адамға патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерін, аурулар қоздырғыштарының патогенді факторларын, олардың клеткалық және молекулярлы-генетикалық деңгейде әсер ету механизмдерін, оларды бөліп алуы мен идентификациясын, спецификалық терапиясы мен алдын алуы.
Микробиологияны оқымай медицинаның аса маңызды мәселелерін шешуі мүмкін емес, мысалы адамдардың жұқпалы ауруларын төмендету және жою, шартты-патогенді микроорганизмдер тудырған ауруханаішілік инфекциялардытөмендету және жою, олардың арнайы сақтандыруы мен терапиясы.
2.2 Пәннің мақсаты:
Студенттерге инфекциялық және инфекциялық емес паталогиясында микроорганизмдердің ролі туралы заманауи білімін және клиникалық диагнозды дәлелдеу, антимикробты терапия принциптері мен арнайы сақтандыру шараларын қарастыру үшін микробиологиялық әдістердің мүмкіншіліктерін жеткізу.
2.3 Міндеттері:
-
патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің жіктелуі мен қасиеттерінің жалпы сипаттамасына түсініктеме беру;
-
тексерілетін материалдан микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін, идентификация принциптерін, микробтарға қарсы препараттарға микроорганизмдердің сезімталдығын –т өзімділігін анықтау туралы түсініктеме беру;
-
макро және микроорганизмдердің қарым-қатынасының молекулалық механизмдері туралы түсінік қалыптастыру;
-
инфекциялық агенттерден макроорганизмнің негізгі қорғаныс механизмдеріне және иммунологиялық реакциялар типтеріне сипаттама беру;
-
микробтар тудырған ауруларының патогенезі, инфекциялық иммунитет қалыптасу негізіне, арнайы сақтандыруы мен терапиясына принциптеріне түсініктеме беру;
-
кең таралған инфекциялық және микробтық этиологиясы бар инфекциялық емес аурулардың заманауи микробиологиялық диагностика әдістерімен таныстыру;
-
микробиологиялық зерттеулерге биологиялық материалдар алу ережелері туралы түсініктеме беру.
-
Оқытудың соңғы нәтижесі
Студент
білуі тиісті:
-
инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ретінде микроорганизмдердің негізгі қасиеттерін(морфологиялық, физиологиялық, антигенді, патогенді факторлары) және олардың экологиясын;
-
адам организмінің қалыпты микрофлора өкілдерін;
-
организмнің спецификалық және бейспецификалық антимикробты қорғаныс факторын;
-
инфекциялық иммунология мен аллергологияның негіздерін;
-
адамдарда кең таралған жұқпалы ауруларының патогенезін, микробиологиялық диагностика принциптері мен әдістерін;
-
микробты ауруларының рациональді антибиотикатерапия және арнайы сақтандыру принциптерін;
-
асептика мен антисептика, дезинфекция мен стерилизацияның микробиологиялық негіздерін;
істей білуі тиісті:
-
бактериологиялық зертханада эпидемияға қарсы талаптар мен қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;
-
емдеу мекемелерінде медицина қызметкерлері инфекциялық қауіпсіздік ережелерін сақтау;
-
микробиологиялық зерттеулерге пациенттерден материал алу;
-
патологиялық материалдан( ірің,нәжіс және т.б.) микроскопиялық препараттар дайындау және оларды сәулелі микроскопта иммерсиялық жүйе көмегімен қарау;
-
морфологиялық және тинкториальдық қасиеттері бойынша микроорганизмдердің дифференциациясын жасау;
-
бөліп алған дақылдың антибиотиктерге сезімталдығын және биологиялық сұйықтықтарда антибиотиктер деңгейін анықтау;
-
ластанған материалды зарарсыздандыру, микроорганизмдер дақылымен, жұқпалы материалмен ластанған қолды антисептиктермен тазартуын;
-
дезинфекция және стерилдеу сапасына бактериологиялық қадағалау қорытындысын бағалау;
микробиологиялық зерттеулер қортындыларына интерпретация жасау.
дағдыларын игеруге тиісті :
-
тексеу материалдарын алу және бактериологиялық зертханаға жеткізу;
-
микроскопиялық зерттеу әдісін жүргізу.
2.5 Реквизитке дейінгі: экология және тұрақты даму, медициналық биология генетикамен, физиология, патологиялық физиология.
2.6 Реквизиттен кейінгі: жалпы гигиена,эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі, акушерлік ісінде және гинекологиядағы мейірбике ісі.
2.7 Сабақтың тақырыптық жоспары
Дәрістердің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізу түрі
|
Сабақтың ұзақтығы
(сағат)
|
1
|
Микробиологияның мақсаты мен міндеттері. Бактериялар мен вирустардың морфологиясы, ультрақұрылымы, қызметтері және химиялық құрамы. Бактерияларды жүйелеу принциптері.
|
Шолу
|
1
|
2
|
Бактериялар мен вирустардың физиологиясы және биохимиясы. Бактериофагтар.
|
Ақпараттық
|
1
|
3
|
Химиотерапияның микробиологиялық және молекулярлы- биологиялық негіздері. Антибиотиктер. Бактериялардың дәрілерге тұрақтылық механизмдері.
|
Ақпараттық
|
1
|
4
|
Микроорганизмдердің экологиясы. Адам организмінің микрофлорасы. Дисбактериоз. Инфекция туралы түсініктер. Инфекциялық процестің сипаттамасы.
|
Мәселелік
|
1
|
5
|
Иммунитет. Иммунитет түрлері мен формалары. Бейспецификалық қорғаныс факторлары. Антигендер. Антиденелер. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактика және иммунотерапия негіздері.
|
Ақпараттық
|
1
|
6
|
Патогенді және шартты патогенді коктар (стафилококктар, стрептококктар, менингококктар, гонококктар).
|
Презентация
|
1
|
7
|
Патогенді және шартты-патогенді энтеробактериялар.
|
Презентация
|
1
|
8
|
Тырысқақ вибрионы. Кампилобактерлер. Хеликобактерлер.
|
Презентация
|
1
|
9
|
Зоонозды инфекциялар қоздырғыштары: оба, бруцеллез, туляремия, сібір күйдіргісі. Патогенді микобактериялар.
|
Презентация
|
1
|
10
|
Вирустар-респираторлы аурулардың қоздырғыштары. АИВ-адам иммунитет тапшылығы вирусы. Онковирустар.
|
Презентация
|
1
|
|
Жалпы сағаты:
|
|
10
|
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізу түрі
|
Сабақтың ұзақтығы
(сағат)
|
|
№1 кредит
|
|
|
1
|
Бактериологиялық зертхананың ұйымдастыруы. Онда жұмыс істеу ережелері. Микроорганизмдердің жіктелуі мен жүйелеуі. Прокариоттар. Бактериялардың морфологиясы. Микроскопиялық әдіс.
|
Пікірталас
|
2
|
2
|
Микроорганизмдердің қоректенуі, тыныс алуы, өсуі және көбеюі. Аэробты және анаэробтардың таза дақылын бөліп алудың бірінші, екінші және үшінші әдістері. Қоректік орталар. Микробтардың биохимиялық қасиеттері.
|
Пікірталас
|
2
|
3
|
Вирусологиялық зерттеу әдістері. Вирустарды дақылдандыру. Вирустардың индикациясы мен идентификациясы. Микроорганизмдердің генетикасы. Тұқымқуалайтын хромосомадан тыс факторлары. Модификация, рекомбинация. Плазмидалар.
|
Презента
ция
|
2
|
4
|
Антибиотиктер. Антибиотиктерге микробтардың сезімталдылығын анықтау әдістері. Асептика, антисептика, дезинфекция және стерилизацияның микробиологиялық қадағалауы. Адам организмінің қалыпты микрофлорасы.
|
Пікірталас
|
2
|
5
|
Инфекция. Биологиялық зерттеу әдістері. Патогенді факторлар. Микроорганизмдердің инфективті және инвазивті қасиеттері. Вирустық инфекциялардың ерекшеліктері. Фагоцитоз. Опсониндік индекс. Комплементті лизоцимді титрлеу. Иммунобиологиялық препараттар. Иммунды статусты бағалау.
|
Пікірталас
|
2
|
Жалпы сағаты: 10
|
№2 кредит
|
1
|
Микробиологиялық зерттеулерге материал алу және зертханаға жеткізу. Грам оң коктар (стафилококктар және стрептококктар). Грам теріс коктар (менингококктар және гонококктар). Микробиологиялық диагностика принциптері. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар, кампилобактериялар, хеликобактериялар, патогенді вибриондар тудырған бактериялық ішек инфекциялары. Жалпы сипаттама. Патогенді факторлары.
|
Жұптасып жұмыс істеу
|
2
|
2
|
Зоонозды инфекциялардың қоздырғыштары (оба, бруцеллез, сібір күйдіргісі, туляремия). Жалпы сипаттама. Патогенді факторы. Микробиологиялық диагностика принциптері.
|
Пікірталас
|
2
|
3
|
Патогенді анаэробтар (клостридиялар ботулизм, сіреспе, газды гангрена). Жалпы сипаттама. Патогенді факторлары. Микробиологиялық диагностика принциптері. Риккетсиялар, коксиеллалар, трепонемалар, боррелиялар, лептоспиралардың жалпы сипаттамасы. Патогенді факторлары.
|
Пікірталас
|
2
|
4
|
Респираторлы вирус инфекция қоздырғыштары. Ортомиксовирустар. Парамиксовирустар. Аденовирустар. Пикорновирустар– полиомиелит, Коксаки, ЕСНО вирусы. Гепатит А, В, С, D, E, G, F, TTV вирустары. Патогенді факторы. Зертханалық диагностика принциптері.
|
Пікірталас
|
2
|
5
|
Адам иммунитет тапшылығы вирусы. Герпесвирустар. Рабдовирустар. Зертханалық диагностика принциптері. Су, топырақ, ауа, тағам өнімдері, жихаз заттарының санитарлы-микробиологиялық зерттеу әдістері. Ауруханаішілік инфекциялар. Емдеу-профилактикалық мекемелердің бактериологиялық бақылауы.
|
Презентация
|
2
|
Жалпы сағат: 10
|
Барлығы: 20 сағат
|
Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Өткізу түрі
|
Сағат саны
|
|
№1 кредит
|
|
|
1
|
Микробиологияның тарихи даму этаптары. Атақты микробиолог ғалымдар. Микроскопия түрлері. Жұғындыны дайындау техникасы және микроскоптау. Қарапайым және күрделі бояу әдістері: Грам, Гисс, Бурри, Нейссер, Ожешко бойынша.Бактерияларды тірі күйінде зерттеу Микроскопиялық әдіс. Бактериялардың риккетсиялардың, хламидиялардың, микоплазмалардың, қарапайымдылардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың морфологиясы.
|
Рефераттар,
тақырып бойынша, глоссарий, Презентация,
тапсырма бойынша тест дайындау,
жағдайлық есептер,
кроссвордтар,
тақырып бойыншы эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу. Тақырып бойынша көрнекілік құралдар.
|
4
|
2
|
Микроорганизмдердің физиологиясы (өсіп-көбеюі). Өсу факторлары. Микробиологиялық (бактериологиялық, вирусологиялық, микологиялық, протозоологиялық зерттеу әдістері. Бактериофагтар. Фаготиптеу.
|
4
|
3
|
Микроорганизмдердің экологиясы. Санитарлық микробиология негіздері. Емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі дезинфекция, асептика, антисептиканың қолданылуы.Дезинфекция, стерилизация, асептика, антисептика. Дисбактериоз. Дисбактериоз. Даму себептері, диагностикасы, алдын-алу, коррекциясы. Қоршаған ортадағы бактериялардың санитар-көрсеткішін бағалау.
|
4
|
4
|
Микроорганизмдердің патогенді деңгейі бойынша (1-IV топтары) жалпы сипаттамасы.Вирустар мен бактериялардың патогенділігі мен вируленттілігі. Патогенділік факторы (адгезия, колонизация, инвазия, токсиндер). Бактериялар мен вирустардың персистенциясы. Жұқпалы аурулардың этиологиясы. Жұқпалы аурулардың жіктелуі. Ауруханаішілік инфекциялар және емдеу профилактикалық мекемелердегі инфекциялық бақылау.
|
4
|
5
|
Микроорганизмдердің генетикалық картасын жасау. Плазмидалардың медициналық маңыздылығы. Гендік инженерия. Биотехнология. Гендік инженерияның өндірісте антибиотик, вакцина дайындауда қолдануы. Антибиотиктердің маңызды топтары және антимикробты әсер ету механизмдері Бактериялардың дәрілерге тұрақтылығы және оны алдын-алу жолдары. Рациональді антибиотикотерапия принциптері.
|
4
|
6
|
Иммунитет. Антигендер мен антиденелердің жалпы сипаттамасы. Иммуноглабулиндер класстары. Иммунды жауаптың түрлері. Келешектегі вакциналар. Анатоксиндер, олардың биологиялық ролі, дайындау және егу әдістері. Эпидемиялық және эпидемиялық емес арулардың заманауи жедел –диагностикалау әдістері.
|
4
|
7
|
Аралық бақылау:
|
Коллоквиум: ауызша-жазбаша сұрау, тестілеу.
|
4
|
Жалпы сағат: 28
|
№2 кредит
|
1
|
Іріңді-қабыну ауруларының микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу кезеңдері. Патогенді және шартты патогенді кокктар.
Дизентерия, іш сүзегі және паратифтердің микробиологиялық диагностикасы. Арнайы алдын-алуы және емдеуі. Тырысқақтың, иерсиниялардың, кампилобактериялар, хеликобактериялардың микробиологиялық диагностикасы.
|
Рефераттар,
тақырып бойынша, глоссарий, Презентация,
тапсырма бойынша тест дайындау,
жағдайлық есептер,
кроссвордтар,
тақырып бойыншы эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу. Тақырып бойынша көрнекілік құралдар.
|
4
|
2
|
Туберкулез, күл, көкжөтелдің микробиологиялық диагностикасы. Иммунитеті. Арнайы алдын-алуы және емдеуі.
|
4
|
3
|
Бруцеллез, сібір күйдіргісі, оба, туляремияның микробиологиялық диагностикасы. Бруцеллалар. Қазақстандағы эпидемиологиялық маңыздылығы. Қазақстандағы туберкулездің таралуы, диагностикасындағы ерекшеліктері.
|
4
|
4
|
Бөртпе және қайтымды сүзек, мерез, лептоспироз, хламидоздардың микробиологиялық диагностикасы.
|
4
|
5
|
Көкіріңді таяқша. Клебсиеллалар. Протейалар. Көкіріңді таяқша. Гемофильді инфлюэнца. Гарднереллалар. Листериялар. Патогенділігі. Этиологиялық және патогенетикалық орны. Экологиясы. Аурухана ішілік инфекциядағы орны. Зертханалық диагностикасы. Алдын-алу және емдеу. Адамға патогенділігі және науқас организмінде орналасуы. Зертханалық диагностикасы. Алдын-алуы және емдеуі.
|
4
|
6
|
Құс тұмауы. Грипп вирусының биологиялық қасиеті. Вирусологиялық зерттеу әдістері. Қызылша мен қызамықтың дифференциялық диагностикасы. Вакцина егу мен алдын-алуы. ЖРВИ-нің, паромиксовирустар, аденовирустардың вирусологиялық зерттеу әдістері
|
4
|
7
|
Энтеровирус инфекциясының вирусологиялық зерттеу әдісі. Гепатит вирусы. Геморрогиялық Кырым-Конго қызбасы вирусы. АИВ/ЖИТС – ғасыр дерті мәселесі. АИВ инфекция және оппортунистік инфекцияның зертханалық диагностика ерекшеліктері. Ауруханаішілік инфекцияның алдын-алуы. Герпесвирус, құтыру инфекциясының лабораториялық зерттеу әдістері
|
4
|
8
|
Аралық бақылау:
|
Коллоквиум: ауызша-жазбаша сұрау, тестілеу.
|
4
|
Жалпы сағат: 32
|
Барлығы 60 сағат
|
2.8 Сабақ беру және оқыту әдістері:
Дәрістер: шолу, ақпараттық, мәселелік.
Тәжірибелік сабақтар: жағдайлық есептер, презентация түрінде, шағын топтар, пікірталас, жұптасып жұмыс істеу.
Зертханалық сабақтар: микробиологиялық зерттеулерге материал алу. Қоректік орталарға зерттелген материалды егу. Микроскопия әдсі және микропрепараттарды дайындау техникасы, қарапайым және күрделі бояу әдістерімен фиксацияланған препараттарды бояу.
Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысы (СӨЖ): әдебиеттермен жұмыс, мәліметтердің электрондық қоры мен компьютер бағдарламаларымен жұмыс, тақырыпты рефераттар,тақырып бойынша глоссарий, презентация, тапсырма бойынша тест дайындау, жағдайлық есептер, кроссворттар, тақырып бойынша эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу, тақырып бойынша көрнекілік құралдар түрінде дайындау, оны қорғау.
2.9 Білімді бағалау:
Ағымдық бақылау: тест, ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстың орындалуы, жағдайлық есептер, хаттманы толтыруын тексеру.
Аралық бақылау: коллоквиум: ауызша-жазбаша сұрау, тестілеу. Қорытынды бақылау: емтихан (тест түрінде), тәжірибелік дағдыларын қабылдау (ОҚТЕ).
Құралдар мен жабдықтар:
Достарыңызбен бөлісу: |