Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 29 шілдедегі №387 бұйрығымен бекітілген 6М110300 -«Мейірбике ісі»


Бағдарлама Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет2/7
Дата09.06.2024
өлшемі127.42 Kb.
#502473
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
РП Этика каз

Бағдарлама



  1. Пәннің қысқаша сипаттамасы: Науқастың өмірге деген құрметі, құндылығы және құқығы мейірбике ісінің негізгі этикалық принципі болып табылады.

Науқаспен жұмыс процесінде мейірбикенің этикалық міндеттері – бұл орындауға арналған нақты іс – әрекет аясы (мысалы, науқасты құрметтеу және оның өзін – өзі билеуге деген құқығы, яғни бір нәрсеге қатысты өз еркіндігін білдіру; зиянын тигізбеу; сөзінде тұру, науқаспен жұмыс істеу).
Науқас – бұл мейірбикелік (медициналық) күтімді қажет ететін және оны алатын адам. «Мейірбикелік қызметкер – науқас» арақатынастық жүйеде екеуі бірдей маңызды роль атқарады. Науқастар әр түрлі жынысты, жас мөлшерінде, ұлтты, мамандықты, әлеуметтік дәрежеде, денсаулық жағдайында болуы мүмкін. Екеуі де бірдей мейірбикенің құрметке лайықты жеке тұлға ретінде назарына, аяушылығына құқықты. емделу процесінде өзінің денсаулық жағдайы жөнінде ақпарат алғаннан кейін емделуге келісімін беру арқылы науқастың қорғалуыөзін – өзі билеу (дербестік, автономдық) мағынасына ерекше назарды иемденеді.
Науқаспен бірлесу оның денсаулығына байланысты мәселелерді шешу үшін бірлесе жұмыс жасауды білдіреді. Медициналық қызметкер және науқас арасындағы арақатынас әріптестік болуы қажет. Заманауи медицинада әріптестің сенімді болуы көп жағдайларда емделудің, операцияның, диагностикалық неемсе профилактикалық процедуралардың табысты болуын анықтайды. Мейірбике емдеу процесіне қатысып қана қоймай, сонымен қатар өте маңызды бөлігін, өз еңбегін, я хирург, я терапевт оның көмегінсіз ешқандай жұмысты атқара алмайды. Бұндай арақатынас процесінде ұжым пайда болады. Ұжым (команда) – ортақ тұрақты жұмыспен немесе қызметпен байланықан адамдардың бірігуі.
Этика негіздері-әрбір медицина қызметкері бойынан табылуы тиіс мораль мен адамгершілік.Бұл қасиеттер дәрігер жұмысын жеңілдетуге, әсерлі етуге үлкен септігін тигізеді.
Адамгершілік пен мейірімділік мейірбикенің негізгі этикалық кәсіби іскерлігі болып табылады. Мейірбике іскерлігінің маңызды мәселелері: науқасқа барынша жан-жақты күтім жасау және олардың жағдайын жақсартуға көмек беру; денсаулығын қалпына келтіру және оңалту; денсаулығының жақсаруына әсер ету және ауруды ескерту.
«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша магистрлерді дайындаудың маңызды мәселелерінің бірі мейірбикелік тәжірибе бойынша меңгерген терең теориялық және практикалық білімі арқылы жоғары сапалы, тұрақты, маңызды білімді игеріп, әлемнің ғылыми көрінісін бүтіндей қабылдау. Магистранттар бойында этика негіздерін өту барысында қажетті зерттеудің этикалық нормалары қалыптасады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет