ЖҰмыс бағдарламасы мамандығы 5В110300 «Фармация» Курс 5 (күндізгі бөлім) Семестр X оқу сағатының көлемі



бет1/7
Дата29.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#32695
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7




С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

«ФАРМАЦЕВТ-ТОКСИКОЛОГ» МОДУЛІ

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН




Бекітемін

ОӘЖ жөніндегі проректор,

профессор Тулебаев К.А.

_____________________

«_____» _________ 2013 ж.


«Биологиялық қауіптілік және биологиялық нысандардың

жаппай қырып жою қаруларда қолданысы»

элективті пәні бойынша

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Мамандығы - 5В110300 «Фармация»

Курс 5 (күндізгі бөлім) Семестр – X

Оқу сағатының көлемі:

(кредиттер) - 90 сағат / 2 кредит

Практикалық сабақ - 30 сағат

Оқытушы басқаруымен

студенттердің өзіндік

жұмысы (ОБСӨЖ) - 14 сағат

Студенттердің өзіндік

жұмысы (СӨЖ) - 46 сағат

Бақылау үлгісі: емтихан (тест, ауызша)

Алматы, 2013 ж.

Жұмыс бағдарламасы «Фармацевт-токсиколог» модулінің отырысында талқыланды және 11 маусым 2012 ж., № 11 хаттамамен бекітілді.

«Фармацевт-токсиколог» модулінің жетекшісі, профессор Т.Б.Байзолданов

Жұмыс бағдарламасы «Фармация» білім бағдарламасының комитеті кеңесінде 13 маусым 2012ж., №10 хаттамада талқыланды.

«Фармация» ББК төрайымы, доцент Ғ.М.Саякова

Жұмыс бағдарламасы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әдістемелік кеңес орталығы (ӘКО) отырысында «28» маусым 2012 ж., №5 хаттама қабылданды.

Әдістемелік кеңес төрағасы, профессор К.А.Тулебаев



1. Жалпы мәліметтер

Оқу орнының атауы: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті

Модуль: «Фармацевт-токсиколог»

Пән, пәннің код: «Биологиялық қауіптілік және биологиялық нысандардың жаппай қырып жою қаруларда қолданысы» EBOBS 512

Мамандығы: 051103 «Фармация»

Оқыту сағаттарының

көлемі (кредит): 90 сағат (2 кредит)

Курс Y

Семестр
2 БАҒДАРЛАМА

2.1 Кіріспе.

Биологиялық қауіптілік адам ағзаларына қауіп төндіретін, ауру тарататын микроағзалар, вирустар және оларды таратушылар, әртүрлі басқа да тіршілік йелерінің токсиндерінен туындайды. Осыған байланысты студенттерге адам өміріне биологиялық қауіп тудыратын тіршілік өкілдерін және олардың сипаттарын, адам ағзасында туындайтын патологиялық өзгерістерді туындататын қоздырғыштарды оқып үйрену маңызды. Сонымен қатар, биологиялық қауіп төндіретін агенттер (қоздырғыш факторлары) биологиялық орталарда (үй және тағы жануарлар, әртүрлі кеміргіштер, үй және жабайы құстар, жәндіктер т.б.) жылдам көбейеді және солар арқылы қоршаған ортаға, адамдарға таратылады. Нәтижесінде жұқпалы жедел тарайтын инфекциялармен: оба, туляремия, күйдіргі (түйнеме), бруцеллез, конго-қырым геморрагиялық қызбасы, бүйрек синдромды геморрагиялық қызба, шешек, ботулизм, кенелік энцефалит, тырысқақ және т.б. залалданған аурулар пайда болады. Жұқпалы аурулар диагнозын анықтау үшін аурудың даму анамнезі, эпидемиологиялық анамнезі, мүшелер мен жүйелердің клиникалық зерттеуі, зертханалық зерттеулер қолданылады. Осы бағытта арнаулы медициналық мекемелер ҚР ДСМ № 623 (15 желтоқсан 2006 ж.) бұйрығы бойынша стандартты принциптер қолданылады. Бұл стандарт бойынша эпидемиологиялық анамнез – жұқпалы аурулармен қатынас, тамақтану туралы мәліметтер жиналады. Зертханалық талдауларға – қан, нәжіс, зәр, асқазанның сумен жуындысы, анқаның жағындысы, жаралардың бөліндісі, жұлын сұйықтығы, қақырық және т.б. алынады.

Арнайы әдістерге бактериологиялық, вирусологиялық, микроскопиялық, серологиялық, биологиялық әдістер және терілік-аллергиялық сынамалар жатады.

Жұқпалы жедел тарайтын инфекциялар анықталған жағдайда ДСМ және ТЖМ арнайы карантиндік іс-қимылдар ұйымдастырады. Сонымен қатар жедел тарайтын жұқпалы аурулар инфекциясы биологиялық қарумен де қолданылу мүмкіндігі бар. Биологиялық қару қолданғанда ДМС мен ТЖМ арнаулы – халықты қорғау бағытында арнаулы іс-қимылдары бар. Жоғарыда келтірілген жағдайларды білу тек мамандар үшін емес, барлық ересек адамдарға, халықтың денсаулығын сақтауда өзекті мәселе.


2. 2. Пәнді оқытудың мақсаты:

1. Жедел және жылдам тарайтын аурулар туындайтын агенттер, инфекциялар көздерін, олардан сақтану жолдары туралы теориялық білімділікті игеру және қалыптастыру;

2. Эпидемиялық жағдайға душар ететін факторларды тәжірибе жүзінде ажырату және оларды анықтау принциптерімен, эпидемиологиялық көрсеткіштермен, сақтану жолдарымен және т.б. дағдыларды қалыптастыру;

3. Коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатында топтармен жұмыс істегенде корпоративтік тиімді шешімдер қабылдау ұстанымдарын қалыптастыру;

4. Құқықтық компетенция қалыптастыру бағытында заңды іс-қимылдарға шақыратын құжаттар талаптарын игеру (2006 ж 15 желтоқсандағы ДСМ № 623 бұйрығы);

5. Студенттерге кәсіптік біліктілікті үнемі көтеріп отыру дағдысы қажеттілігін қалыптастыру.



2. 3. Пәнді оқытудың міндеттері:

  • Пәннің негізгі түсініктерін және методологиясының теориялық негіздерін игеру құзыры;

  • Биологиялық қауіптілк тудыратын агенттерді, оларды таратушыларды тәжірибе жүзінде білу;

  • Биологиялық жедел тарайтын инфекциялар қоздырғыштарын жаппай қырып-жою қаруларда қолдану принципін білу;


2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері: студенттің фармацевт-токсиколог кәсіптік қызметі аймағынан ақпарат алуы.

Студенттің теориялық құзыры:



  • Жедел тарайтын, жұқпалы аурулар саласындағы түсініктерді, терминдерді;

  • Жедел тарайтын, жұқпалы аурулар қоздырғыштарының йелерін, олардың көбею ортасын, таратушыларын;

  • Эпидемиялық жағдайларда сақтық шараларын қолдануды ;

  • Биологиялық қару қолданғанда мемлекеттік дәрежеде ұйымдастырылған шараларды білу және орындауды.


Операциондық дағдыларды қалыптастыру:

  • Тұрмыстық жағдайда биологиялық қауіптілік тудыратын факторларды ажырата білуді;

  • Эпидемиологиялық жағдайда үй тұрмысында, қызметте, көпшілік ортасында сақтық шараларын ұйымдастыруды және сақтауды;

  • Жаппай қырып-жою қарулары колданғанда қауіпті ескерту белгілерін білу және арнаулы жиналу орындарына дайындықпен баруды, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды.

  • Ауру тудыратын микробиологиялық нысандарды және олар көбейетін ортаны, инфекция таратушыларды ажырату;

  • Адам ағзасына қауіп тудыратын токсиндерді және олардан сақтануды;

  • Төтенше жағдай туындағанда арнаулы қауіпсіздік ережелерді, шараларды орындауды.


Аксиологиялық (коммуникативті) құзіреттілік

  • Ауру туғызатын микробиологиялық объекттерді, олардың инфекцияларды тарататын және тудыратын орталарын ажырата білу:

  • Ағзаға қауіп тудыратын улардың шегімен ескертуін білу қажет:

  • Қауіпсіздіктің арнайы ережелерін білумен қатар төтенше жағдайда орындау қажет.

Құқықтық компетенция:

  • Қазақстан Республикасының Кодексі «О здоровье народа и системе здравоохранения»

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуальды Кодексі

  • Денсаулық сақтау Министрінің бұйрықтарымен нұсқаулықтары, ГО, МО.

  • ҚР ДМ әдістемелік нұсқаулықтарымен әдістемелік хаттары.


Үздіксіз білім берумен өзін өзі жетілдірудің құзіреттіліктері:

  • Әдебиет көздерімен, интернет-ресурстарымен, электрондық нұсқадағы оқуға арналған және ғылыми материалдармен жұмыс жасай білу керек.

  • Тақырыпқа арналған презентациялар рефераттар, докладтар, таратылатын материалдар және т.б. дайындау қажет.


2.5. Пәннің пререквизиттері: микробиология, инфекциялық аурулар.

2.6. Пәннің постреквизиттері: қызметтік тәжірибе
2.7 Тақырыптық жоспар: тақырыптар, (практикалық сабақтар, оқытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмысы студенттердің өзіндік жұмысы) бойынша әр бір сабақтың өткізілу ұзақтығы және өткізілу үлгісі

2.7.1. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

п/п

Тақырыптар

Сабақтың

ұзақтығы




Кредит 1







Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары




1

Пәнге кіріспе. Адам өміріне қауіп тудыратын биологиялық агенттер. Микроағзалар және кейбір тіршілік йелерінен бөлінетін токсиндер. Жұқпалы аурулар аймағында қолданылатын терминдер және түсініктер.

1

2-3

Аса қауіпті, есепке алуға және тіркеуге жататын жұпалы аурулардың тізбесі, оларды емдеуді ұйымдастыру принциптері.

2

4-5

Табиғи уыттар: көздері, жіктелінуі, уыттық және фармакологиялық әсері, анықтау тәсілдері (улы саңырауқұлақтар, өсімдіктер).

2

6

Тағамдық токсикоинфекциялар. Тырысқақ, Ботулизм. Олардың анықтамасы, этиологиясы және эпидемиологиясы

1

7-8

Ауа тамшылы инфекциялар. Грипп түрлері. Этиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері.

2

9-11

Менингококты және герпесті инфекциялар. Олардың анықтамасы, этиологиясы және эпидемиологиясы.

3

12-14

Балалардың ауа тамшылы инфекциялары: Күл ауруы (дифтерия), жәншеу (скарлатина), қызылша (корь), қызамық (краснуха). Клиникасы, емдеу тәсілдері.

3

15

Зоонозды инфекция. Оба, қоздырғышын тасымалдаушылар, таралуы. Оба түрлерінің жіктелуі. Туляремия, этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы.

1




Барлығы:

15 сағат

Кредит 2




Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары




1-2

Түйнеме (Сібір жарасы). Анықтамасы, өзектілігі, эпидемиологиясы, клиникасы. Инфекция қоздырғышын террорлық немесе қару ретінде пайдалану жолдары.

2

3-4

Бруцеллез (Сарып), анықтамасы, этиологиясы және эпидемиологиясы, реинфекция, зертханалық диагностикасы. Туберкулез, анықтамасы, этиологиясы және эпидемиологиясы, зертханалық диагностикасы.

2

5-7

Трансмиссивті және гемоконтакты инфекциялар. Эпидемиялық бөртпе сүзегі, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникалық көріністері.

3

8 -9

Кенелік энцефалит, түрлері, таралуы, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникалық көріністері. Геморрагиялық қызбалар, қырымдық геморрагиялық қызба.

2

10-12

Биологиялық және химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

3

13-14

Биологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенция. Химиялық қаруға тыйым салатын конвенция және осы аймақтағы басқа заңдылық актілері.

2

15

Жедел ауру қоздырғыштарын биологиялық қару ретінде қолдану мүмкіншіліктері. Биологиялық қаруды қолданғанда, олардан қорғану шараларын ұйымдастыру; залалданған аймақтарда инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары, сақтану.

1




Барлығы:

15 сағат




Барлық сағаттары:

30 сағат

2.7. 2. Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (ОБСӨЖ)

п/п

Тақырыптар

Сабақтың

ұзақтығы




Кредит 1




Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (ОБСӨЖ) тақырыптары

1

Инфекция туралы ілім. Инфекциялық процесс және жұқпалы ауру. Инфекциялық процесс қооздырғыштары – микрооағзалардың қасиеттері. Пандемия; эпидемия түсініктері және тарихта балған оқиғалар.

2

2-3

Инфекциялардың таралу көздері. Ауа, су, топырақ, өсімдіктер, дала тағылары (хайуанаттар, жануарлар, жәндіктер, құстар т.б.)

2

4-5

Санитарлы-гигиеналық сақтану ережелерін сақтамағанда өрбитін инфекциялар. Сальмонелез. Этиологиясы, эпидемиологиясы және инфекция көздері. Инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары.

2

6

Аралық бақылау

1




Барлығы:

7 сағат




Кредит 2




Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (ОБСӨЖ) тақырыптары

1-2

Тіршілік йелерінің тістеуінен пайда болатын инфекциялар. Оларды таратушылар – рептилилер, ара тұқымдылар, басқа қан сорғыштар. Вич – инфекция тарихы, таралуы. Социалды ортаның рөлі. Инфекция ошақтары немесе инфекция көздері.

3

3-4

Нормативті құжаттар – ҚР ДСМ № 623 (15 желтоқсан 2006 ж.) «Есепке алу және тіркеу кезінде адамның аса қауіпті, жұқпалы аурулары жағдайларын анықтау жөніндегі медициналық қызмет саласындағы стандарттарды бекіту туралы» және ҚР заңы № 19 (5 шілде 1996 ж.) «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар».

3

5

Аралық бақылау

1




Барлығы:

7 сағат




Барлық сағаттары:

14 сағат


2.7.3. Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (СӨЖ)

п/п

Тақырыптар

Сабақтың

ұзақтығы




Кредит 1




Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (СӨЖ) тақырыптары

1-5

Адам өмір сүру ортасындағы өмірге (табиғаты әртүрлі – химиялық, биологиялық, радиационды т.б.) қауіпті факторлар. Оларды өндіру, сақтау, қолдануларын бақылайтын Халықаралық ережелер және басқа құжаттар.

8

6-10

Жаппай қырып-жою құралдары. Оларды қолдану туралы Халықаралық келісімдер. ҚР ядролық құралдарды қолданбау және таратпау бастамасы «Семей-Невада» қозғалысы.

8

11-15

Үй жануарлары тарататын эпидемиялық маңызы бар жедел залалдандыратын инфекциялар. Олардан қорғану шаралары (Карантин) ветеринариялық әрекеттер және үрдістер.

7




Барлығы:

23 сағат




Кредит 2




Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (СӨЖ) тақырыптары

1-5

Эпидемиялар туындайтын, залалды факторларды бактериологиялық анықтау принциптері және мекемелері.

8

6-10

Аса қауіпті тұмау инфекцияларының түрлері. Құс, шошқа және басқа тұмаулар. Медициналық алдын-алу шаралары.

8

11-15

Вич инфекциясы. Тарихы және таралуы. Аурудың алдын алу және емдеу мүмкіншіліктері.

7





Барлығы:

23 сағат




Барлық сағаттары:

46 сағат


2.8. Оқытудың және білім берудің әдістері:

  • Практикалық сабақты жүргізу: оқуға арналған ақпараттық материалдармен, жеке және топтық түрде теоретикалық материалды талдау, жазбаша және ауызша сұрақ жауап, тесттік бақылау жұмыстары;

  • ОБСӨЖ ұйымдастыру түрі: пән бойынша оқытушының белсенді түрде кеңес берумен қатар студенттер әр түрлі тақырыптарды өз бетінше оқулары, көрнекілік кестелерін пайдалана отырып топтық талдау, презентациялық материалдар, жеке докладтар;

  • СӨЖ ұйымдастыру түрі: әдебиеттермен, кітапханаларда, ғаламтор-желілерімен, оқуға арналған ғылыми материалдармен жұмыс жасай білу, сұрақтарды іздестіру барысында жаңа заманауи халықаралық жетістіктер туралы, тақырыптық презентациялармен рефераттарды дайындауда өз бетінше дайындалуды қарастыру, глоссарилермен кроссвордтарды құрастыру, ғылыми рефераттарды дайындау, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

2.9 Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

Білімдерін бағалаудың әдістеріне төмендегідей өзгерістер енгізілді:



ҚазҰМУ студенттерінің құзіреттілік деңгейлерін бағалау барысында силлабустарда және ЖОБда тапсырмалар бойынша көрсету қажет

Студенттерінің құзіреттілік деңгейлерін мына бағалар бойынша бағалау ұсынылады:

  • Студенттерінің құзіреттілік деңгейлерін бағалау негізгі 5-кілттік құзіреттілік бойынша барлық пәндер бойынша бағаланумен қатар, оқу журналында 100-балдық шкала бойынша тіркеліп отырады.

  • Оқу журналы негізгі құрылымдық «білім», «практикалық дағдылар», «коммуникативті дағдылар», «құқықтық құзіреттілік», «студенттің өзіндік жұмысы» бөлімдер бойынша ретпен жазылуы тиіс. Әр бір бөлімде, әр бір студенттің құзіреттілік деңгейлерін қамти отыра, қол жеткізген бағаларын, бағалау нәтижелері бойынша алға қойылған негізгі мақсаттар бойынша бағаланып толтырылуы тиіс.

Ағымдағы практикалық дағдыларды бағалау:

  • Модулдің отырысының шешімімен, ББК және практикалық дағдылар орталығымен келісе отырып практикалық дағдылардың бағалану саны әр бір модуль бойынша бағаланады.

  • Студенттердің деңгейлер бойынша қол жеткізген нәтижелері, барлық өткізілген практикалық сабақтар бойынша оқу журналына тіркеліп, ал бағалардың суммасы студенттердің жалпы рейтингтік бағаларына қосылуы тиіс.

Ағымдағы коммуникативтік дағдыларды бағалау:

  • Бағалау әдісі ББК келісімімен және модулдің отырысының шешімімен сәйкестендіріп, бағаланады.

  • Коммуникативті дағдылардың деңгейін тексеру аралық бақылаумен және бағалау парағының көмегімен, коммуникативті дағдылар орталығының дайындаған 100-баллдық шкаласы бойынша бағаланады.

Өзін өзі жетілдіру:

  • Пәннің типтік және жұмыс бағдарламасына сәйкес, силлабуста студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) тақырыптарымен үлгілері көрсетіледі.

  • ББК келісілгеннен кейін және модулдің отырысының талқыланған шешімінен кейін, СӨЖ үлгісі, қорғаудың нәтижелері (оқытушыға тексеруге берілетін реферат, ауызша қорғау, тақырып бойынша сұрақтармен жауаптары, презентацияны ұсыну үлгісі, тапсырманы орындау барысында ғылыми әдебиеттерді және т.б. материалдарды қарастыруда).

  • СӨЖ, жоғары деңгейде орындалуы қажет, оқытушымен және курстастарымен бағаланған, оң нәтижеге ие (жазбаша түрдегі) пікір немесе рецензия, студенттің толықтай бағалануын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет