ЖҰмыс бағдарламасы мамандығы «5В110300» Фармация Оқу сағатының көлемі (кредиттер) 90 сағат / 2 кредит Курс бірінші



бет1/9
Дата16.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#139629
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ



КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ

С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

МОДУЛЬ «ФАРМАЦЕВТ-ФАРМАКОГНОСТ»


Бекітемін

ОӘЖ жөніндегі проректор,

профессор Тулебаев К.А.

_____________________

«_____» _________ 2012 ж.


«Ботаника» пәнінің

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандығы - «5В110300» - Фармация

Оқу сағатының көлемі (кредиттер) - 90 сағат / 2 кредит

Курс – бірінші

Семестр - екінші

Практикалық сабақ - 30 сағат

Оқытушы басқаруымен

студенттердің өзіндік жұмысы (СӨОЖ) - 14 сағат

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) - 46 сағат

Бақылау үлгісі - емтихан (тест, ауызша)

Алматы 2012 ж

Жұмыс бағдарламасы модуль мәжілісінде талқыланды: «11» 05. 2012 ж., хаттама № 13

«Фармацевт-фармакогност» модулінің жетекшісі: _____________ Г.М. Саякова
Жұмыс бағдарламасы фармацевтика факультетінің ОБК мәжілісінде талқыланды:

«13» 06. 2012 ж., хаттама № 10

ОБК төрайымы: _________________ Г.М. Саякова
Жұмыс бағдарламасы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің әдістемелік кеңес мәжілісінде талқыланды: «28» 06. 2012 ж., хаттама № 5.

Әдістемелік кеңес төрағасы: ______________ К.А.Тулебаев



1.ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР:

ЖОО атауы: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті

Модуль: «Фармацевт-фармакогност»

Пән: Ботаника

Мамандығы: «5В110300» – Фармация

Сағат көлемі (кредит) 90 сағат / 2 кредит

Курс – 1, семестр - І

2. Бағдарлама:

2.1.Кіріспе.

Ботаника фармакогнозия пәнінен дағдылар мен іскерлікті игеруге қажетті негізгі бөлімдерді қалыптастыратын жалпы теориялық курс болып табылады. Ботаника - фармацевт мамандарды дайындауға қажетті маңызды пәндердің қатарына кіреді. Дәрілік өсімдіктер, фармакогнозия курсын үйрену үшін негізгі пәндердің бірі болып саналады. Өсімдіктер дәрілік препараттар алынатын шикізат болғандықтан медициналық практикада маңызды орын алады. Пәнді үйрену кезінде студент өсімдіктің құрылысын, анатомиялық морфологиялық маңызын, терапевтикалық әсер көрсететін заттар жиналатын жасушаларының және түрлерінің құрылымын, биологиялық активті заттардың (БАЗ) жиналуы және бөлінуіндегі өсімдік ұлпаларының маңызын, вегетативті және репродуктивті органдарының құрылымының өзіне тән ерекшеліктерін әрі қарай дәрілік заттарды анықтауға және де оларды фитотерапияда қолдануға мүмкіндік беретін медико-биологиялық маңызын үйренеді.



2.2. Пән мақсаттары:

Ботаниканың маңызды саласының бірі - өсімдік әлемінің тіршілік әрекетінің көрінісін үйрену. Уақытша препараттарды дайындау, микроскоп құрылысымен танысу, зертханаларда қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету, бұл болашақ фармацевтердің дәрілік өсімдік шикізатын анықтауға, қолдануға, стандартизациялауға және талдауға өте маңызды. Студенттерге өсімдіктердің фитоценологиясы, географиясы және экологиясы туралы, өсімдік әлемінің дамуындағы биологиялық заңдылықтары, өсімдік организмінің өмір тіршілігінің негізгі үрдістері туралы теориялық білімдерді және өсімдік бөліктерінің морфологиялық-анатомиялық белгілері бойынша тану дағдыларын, өсімдіктерді жинау, гербарий жасау дағдыларын үйрету.



2.3. Оқыту мәселелері.

- Теориялық білімдерін қалыптастыру (когнитивті кешен);

- Микроскопия техникасын өткізу кезіндегі практикалық дағдыларды қалыптастыру;

-Студенттерге өсімдіктердің сыртқы құрылысы мен жұмыс істеу барысында қажетті коммуникативті дағдыларды қалыптастыру;

- Зертханада жұмыс барысында қажетті қауіпсіздік ережелерін меңгеру және қолдану, құқықтық құзырды қалыптастыру.

- Студенттерді фармацевт маманның кәсіби қызметіне қажетті, өзіндік жұмыстармен жұмыс жасауды, тақырыпқа байланысты материялдарды игеру:



2.4. Оқытудың соңғы мақсаттары

Пәнді оқыту процесі келесі дағдыларды қалыптастыруға бағытталған:

Когнитивті (білім) дағдыны қалыптастыру:

  • өсімдік әлемінің дамуының биологиялық заңдылықтарын;

  • өсімдік организмдерінің өміртіршілігінің негізгі үрдістерін;

  • жасуша туралы ілімнің негізгі қағидаларын;

  • өсімдік органдарының морфологиялық және анатомиялық құрылымының алуан түрлілігі;

  • өсімдіктердің негізгі систематикалық топтарын;

  • өсімдік топтарын, оның ішінде фармакогнозия пәнінде оқылатын дәрілік түрлерді;

  • шикізатты анықтағанда қолданылатын өсімдіктердің диагностикалық белгілерін;

  • өсімдіктер экологиясының, фитоценологиясының және географиясының негіздерін;

  • қорғауға жататын және «Қызыл кітапқа» енгізілген сирек және жойылуға жақын өсімдік түрлерін.

Операциональды (практикалық) дағдыны қалыптастыру:

  • микроскоппен және бинокулярмен жұмыс жасау;

  • тиісті химиялық реактивтерді пайдалана отырып, керекті микропрепараттарды дайындау;

  • дәрілік өсімдіктердің ұлпалары мен органдарының морфологиялық-анатомиялық сипаттауды жүргізу бойынша;

  • морфологиялық-диагностикалық белгілер кешені бойынша өсімдіктердің дәрілік түрлерін анықтау бойынша;

  • онтогенез процесі кезінде өсімдіктердің жас ерекшеліктерін ажырата білу;

  • фитоценоздардың геоботаникалық сипаттамасын жүргізу;

  • өсімдіктерді жинау және дұрыс кептіре білу;

  • өсімдіктердің дәрілік құнды түрлерін гербарлау;

  • дәрілік өсімдіктердің сирек және жойылып бара жатқантүрлерін қорғау бойынша шараларды жүргізу;

  • дәрілік өсімдіктерді үнемді пайдалану және қорғау:

Аксиологиялық (коммуникативтік) дағды:

  • ботаника әдебиеттерімен өздігінен жұмыс жасау, оқыған және практикалық жұмысқа қолданған қорытындыларын пайдалана білу;

  • Көпшілік алдында сөйлегенде логикалық және дәлелдеп жауап беруге дайын болуы және қабілеттілігі;

  • пікірталас және пікірсайысқа қабілеттілігі;

  • дәлелдермен түсіндіру және өз көзқарасын дәлелдеу;

  • жанжалды шешуге қабілетті болу;

  • өздігінен және топпен жұмыс жай білу:

Құқықтық дағды:

  • табиғатты қорғауда құқықтық нормаларды қолдана білу;

  • табиғатты қорғауды, адам құқығын және құқықты нақтылы пайдалана білу;

  • нормативтік құқықтық құжаттарды қолдана білу;

  • ботаникадан өздерінің базалық білімдерін қолдану және экологиялық сауаттылығын көрсете білу;

Өзін-өзі дамыту және үздіксіз оқу дағдысы:

  • студенттер оқылытын тақырып бойынша өзін-өзі дамытуын және өзін-өзі дамыту қабілеттілігін және мәліметтерді творчесвалық қабылдауын дамыту;

  • Ғылыми кітаптармен жұмыс жасауы, ақпараттарды талдай білуі, ізденістер жасауы, оқыған мағлұматтарды өзінің мамандығында пайдалана білуі:

2.5.Пререквизиттер: Орта білім беретін мектептердің ботаникасы, жалпы биология, қазақ тілі, зоология, табиғаттану пәндері, география, экология.

2.6.Постреквизиттер: фармакогнозия, дәрілік қалыптар технологиясы, органикалық химия, биохимия, молекулярлы биология, биология және генетика негіздері, биотехнология, қор тану.

2.7. Тақырыптық жоспар: тақырыптар, әр сабақты өткізу және ұзақтығы (дәрістер, семинарлар, практикалық, оқытушының басқаруымен өз бетімен зертханалық*, өзіндік жұмыстар).
Пән сағаттарының үлестірілуі


Сағаттардың

жалпы саны

Аудиториялық сағаттар

СӨЖ

Дәрістер

Тәжірибелік сағаттар

ОСӨЖ

90 сағат

(2 кредит)



15

15

14

46

Кредит 1

(45 сағат)



8

7

7

23

Кредит 2

(45 сағат)



7

8

7

23



2.7.1. Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу түрі

Сағат саны

Кредит 1

Дәріс тақырыптары

1.

Кіріспе. Өсімдік клеткасының құрылысы.

Дәріс-презентация

1

2.

Өсімдіктер жасушасының қасиеттері.

Дәріс-презентация

1

3.

Өсімдік ұлпалары: түзетін, негізгі, жабын.

Дәріс-презентация

1

4.

Өсімдік ұлпалары: механикалық, бөліп шығаратын, өткізетін.

Дәріс-презентация

1

5.

Тамырдың морфологиялық және анатомиялық құрылысы.

Дәріс-презентация

1

6.

Сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы.

Дәріс-презентация

1

7.

Жапырақтың морфологиясы мен анатомиясы.

Дәріс-презентация

1

8.

Балдырлар бөлімі.

Дәріс-презентация

1

Жалпы сағат саны

8

Кредит 2

Дәріс тақырыптары

9.

Төменгі және жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар. Қыналар.

Дәріс-презентация

1

10.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер. Мүк тәрізділер және плаун тәрізділер бөлімдері.

Дәріс-презентация

1

11.

Қырықбуын тәрізділер және папоротник тәрізділер бөлімдері.

Дәріс-презентация

1

12.

Тұқымдық өсімдіктер: жалаң тұқымдылар мен қабықты тұқымдылар.

Дәріс-презентация

1

13.

Жабық тұқымдылар бөлімі. Гүл құрылымының жалпы сипаттамасы.

Дәріс-презентация

1

14.

Гүл шоғырларының жіктелуі.

Дәріс-презентация

1

15.

Ұрықтану. Жемістер мен тұқымдардың жіктелуі. Гүлді өсімдіктердің систематикасының негіздері.

Дәріс-презентация

1

Жалпы сағат саны

7

Барлығы:

15


2.7.2. Практикалық сабақтарының тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу түрі

Сағат саны

Кредит 1

1.Практикалық сабақтың тақырыбы

1.

Ботаникалық объектілердің микроскопиясы.

Зертханалық сабақ

1

2.

Өсімдік жасушасының құрылысы

Зертханалық сабақ

1

3.

Өсімдік ұлпалары: түзетін, негізгі, жабын.

Зертханалық сабақ

1

4.

Өсімдік ұлпалары: механикалық, бөліп шығаратын, өткізетін.

Практикалық сабақ

1

5.

Тамырдың морфологиялық және анатомиялық құрылысы.

Практикалық сабақ

1

6.

Сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы.

Зертханалық сабақ,

1

7.

Жапырақтардың морфологиялық және анатомиялық құрылымы.

Зертханалық сабақ

1

Жалпы сағат саны

7

Кредит 2

2.Практикалық сабақтың тақырыбы

8.

Балдырлардың әр түрлі бөлімдерінің құрылымы, көбеюі.

Зертханалық сабақ

1

9.

Саңырауқұлақтар бөлімі өкілдерінің құрылымы, көбеюі.

Зертханалық сабақ

1

10.

Мүк тәрізділердің және плаун тәрізділер бөлімінің құрылымы, көбеюі.

Практикалық сабақ

1

11.

Қырықбуын тәрізділер бөлімінің және папоротник тәрізділер бөлімінің құрылымы, көбеюі.

Зертханалық сабақ

1

12.

Жабықтұқымдылар бөлімінің және қабыршақты тұқымдылар бөлімінің құрылымы, көбеюі.

Зертханалық сабақ

1

13.

Гүл құрылымының жалпы сипаттамасы.

Зертханалық сабақ

1

14.

Жабық тұқымдылар бөлімі. Біржарнақты класы.

Практикалық сабақ

1

15.

Жабық тұқымдылар бөлімі. Қосжарнақты класы.

Практикалық сабақ

1

Жалпы сағат саны

8

Барлығы:

15


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет