Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
Органикалық және биоорганикалық химия пәнінен
5В070100 – Биотехнология
мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Павлодар
Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной
Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және типтік бағдарламаның негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/31
|
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
_________ Пфейфер Н.Э.
20__ж. «___»____________
|
Құрастырушы: профессор, х.ғ.д. Әміриев Р.А.
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
Органикалық және биоорганикалық химия пәні бойынша
5В070100 – Биотехнология мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының ҚР МЖМБС 3.08.327 - 2006 және БжҒМ 2005ж. 23 желтоқсанда № 779 бұйрығымен бекітілген «050701- Биотехнология мамандығы пәндерінің типтік бағдарламалары» типтік оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20__ж. «___»____________№_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ________Жапарғазинова К.Х. 20__ж. «____» ________
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20__ж. «_____»____________ №____ хаттама
ОӘК төрағасы ______ Бүркітбаева Ұ.Д. 20__ж. «_____»___________
КЕЛІСІЛДІ
ХТжЖ факультет деканы ______ Ахметов К.К. 20__ж. «_____»________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________ Варакута А.А. 20__ж. «_____»_______
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ж. «___»______________ №____ хаттама
1 Пәннің мақсаты – органикалық химияның негізгі бөлімдері (көмір- сутектер, олардың монофункционалды және гетерофункционалды туындылары, гетероциклді қосылыстар) және биологиялық белсенді қосылылыстардан студенттерге қажетті білімдер беру.
Пәннің міндеті – студенттерді органикалық химия теориясының кәзіргі күйімен, органикалық қосылыстардың негізгі топтарын алудың ең маңызды әдістері және химиялық қасиеттерімен таныстыру, биологиялық белсенді табиғи органикалық заттардың әр түрлі топтарынан студенттердін білім алуы.
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:
- органикалық молекулалардағы химиялық байланыстын табиғаты жөнінде;
- органикалық қосылыстардың құрылысы мен әрекетесуге қабілеттілі-гінің арасындағы тәуелділік туралы;
- органикалық молекулалардың кеңістіктік құрылымы жөнінде түсініктері болуы;
- органикалық қосылыстар мен реакциялардың жіктелуін;
- көмірсутектер және олардың функционалды туындыларының ең маңызды алу әдістері мен химиялық қасиеттерін;
- орынбасу және қосыпалу реакцияларының ең қарапайым механизмдерін;
- ең маңызды биологиялық белсенді органикалық қосылыстардың құрылы-мын, қасиеттерін және қызметтерін білуі;
- теориялық білімдерді нақты мәселелерді шешу үшін қолдануға;
- изомерлік органикалық қосылыстардың құрылымдық формулаларын құрастыруға;
- органикалық реакциялардың сызбанұсқаларын құрастыруға икемді болуы;
- органикалық химия лабораториясында жұмыс жүргізгенде қауіпсіздік техникасының жалпы ерелерін сақтауға;
- лабораториялық жұмысты орындау үшін қарапайым приборларды құрастыруға;
- органикалық қосылыстардың синтездеу әдістері және химиялық айналулары бойынша есептер шығарып, жаттығулар орындауға практикалық машықтарды иемденуі қажет.
2 Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет:
Химия.
3 Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет:
Биохимия.
4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары
№
р\с
|
Тақырыптардың атауы
|
Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны
|
дәрістер
|
практикалық
|
зертханалық
|
СӨЖ
|
1
|
Органикалық және биоорганикалық химияға кіріспе
|
1
|
|
|
2
|
2
|
Алкандар
|
2
|
2
|
4
|
3
|
3
|
Алкендер. Диен көмірсутектері
|
2
|
2
|
4
|
4
|
4
|
Алкиндер
|
1
|
1
|
2
|
3
|
5
|
Циклоалкандар
|
|
|
|
5
|
6
|
Арендер
|
1
|
2
|
4
|
4
|
7
|
Алкандардың галогентуындылары
|
|
|
|
5
|
8
|
Спирттер
|
1
|
2
|
4
|
4
|
9
|
Фенолдар
|
|
|
|
5
|
10
|
Оксоқосылыстар (альдегидтер мен кетондар)
|
1
|
2
|
4
|
5
|
11
|
Карбон қышқылдары
|
1
|
2
|
4
|
5
|
12
|
Ароматты нитроқосылыстар
|
|
|
|
3
|
13
|
Ароматты аминдер
|
1
|
|
|
4
|
14
|
Гидроксиқышқылдары
|
|
|
|
3
|
15
|
Аминоқышқылдары. Белоктар
|
1
|
|
|
4
|
16
|
Көмірсулар. Моносахаридтер
|
1
|
1
|
4
|
4
|
17
|
Гетероциклді қосылыстар
|
1
|
1
|
|
5
|
18
|
Алкалоидтар. Антибиотиктер
|
1
|
|
|
3
|
19
|
Биореттегіштер. Простагландиндер
|
|
|
|
4
|
БАРЛЫҒЫ:
|
15
|
15
|
30
|
75
|
4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны
1 тақырып. Органикалық және биоорганикалық химияға кіріспе
Органикалық және биоорганикалық химия пәні. Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Функционалды топтар. Органикалық реакциялардың жіктелуі. Органикалық молекулалардың кеңістіктік құрылысы. Стереоизомерия.
2 тақырып. Алкандар
Алкандардың гомологтық қатары, изомериясы және аталуы. Алкандарды алу әдістері. Алкандардың химиялық қасиеттері. адикалды орынбасу реакциялары және олардың механизмі.
3 тақырып. Алкендер. Диен көмірсутектері
Алкендердің изомериясы және аталуы.Алкендерді алу әдістері. Алкендердің химиялық қасиеттері.Алкендердің қосыпалу және тотығу реакциялары.Диен көмірсутектерінің үш типі.1,3-Диендердің қосыпалу реакциялары.
4 тақырып. Алкиндер
Алкиндердің изомериясы және аталуы.Алкиндердің химиялық қасиеттері. Қосыпалу реакциялары. Қышқылдық қасиеттері.
6 тақырып. Арендер
Бензол қатары арендерінің изомериясы және аталуы. Бензолдың құрылысы. Бензол ядросының ароматты сипаты. Электрофилді орынбасу реакциялары және олардың механизмі.
8 тақырып. Спирттер
Спирттерді жіктеу. Қаныққан бір атомды спирттер. Изомериясы, аталуы және алу әдістері. Орынбасу, этерификациялау, дегидратациялау және тотығу реакциялары.
10 тақырып. Оксоқосылыстар (альдегидтер мен кетондар)
Альдегидтер мен кетондардың изомериясы және аталуы.Химиялық қасиеттері. Карбонил тобының әрекетесуге қабілеттілігі.Нуклеофилді косыпалу реакциялары.Альдегидтер мен кетондардың тотығу реакциялары.
11 тақырып. Карбон қышқылдары
Қаныққан монокарбон қышқылдары. Химиялық қасиеттері. Дикарбон қышқылдары. Химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері.
13 тақырып. Ароматты аминдер
Аминдерді жіктеу. Алифатты және ароматты аминдердің негіздік қасиеттері. Ароматты аминдерді алкилдеу және ацилдеу. Шифф негіздері.
15 тақырып. Аминоқышқылдары. Белоктар
Аминоқышқылдарын жіктеу. Аминоқышқылдарының химиялық қасиеттері. Аминоқышқылдарының карбоксил тобы және аминотобы бойынша реакциялары. Пептидтер. Пептидтердің құрылысы және синтезі. Белоктар. Белоктардың бірінішілік және екіншілік құрылымдары.
16 тақырып. Көмірсулар. Моносахаридтер
Көмірсуларды жіктеу. Моносахаридтердің құрылысы және стереохимия-сы. Альдозалар және кетозалар. Аномерлер. Гликозидтік гидроксил, оның ерекшеліктері. Моносахаридтердің таутомериясы.
17 тақырып. Гетероциклді қосылыстар
Гетероциклдер жөнінде жалпы түсінік. Бір гетероатомды бес мүшелі гетероциклдер. Фуран. Тиофен. Пиррол. Индол. Олардың құрылысы. Пиридин, оның құрылысы және негіздер ретінде қасиеттері.
18 тақырып. Алкалоидтар. Антибиотиктер
Алкалоидтартың жіктелуі, қасиеттері және қызметтері. Морфин, хинин тобының алкалоидтары. Антибиотиктер тобының өкілдері. Тетрациклиндер, пенициллиндер, стрептомицин. Олардың құрылымы.
4.3 Практикалық және зертханалық сабақтардың тізімі және мазмұны
4.3.1 Практикалық сабақтардың тізімі және мазмұны
-
2-тақырып Алкандар
Алкандардың изомериясы және аталуы. ИЮПАК атаулары, оның негізгі принциптері. Радикалды орынбасу реакциялары және олардың механизмі.
-
3-тақырып Алкендер. Диен көмірсутектер
Алкендердің құрылымдық және кеңістік изомериясы. Алкендердің аталуы. Электрофилді және радикалды қосыпалу реакциялары, олардың механизмі. 1,3-Диендердің қосыпалу реакциялары.
-
4-тақырып Алкиндер
Алкиндердің изомериясы және аталуы. Алкиндердің қосыпалу реакцияла-ры. Орынбасу реакциялары.
-
6-тақырып Арендер
Арендердің изомериясы және аталуы. Вюрц –Фиттиг және Фридель – Крафтс реакциялары бойынша бензолдың гомологтарын алу. Электрофилді қосыпалу реакциялары (галогендеу, нитрлеу, сульфирлеу, алкилдеу және ацилдеу).
-
8-тақырып Спирттер
Қаныққан бір атомды спирттердің изомериясы және аталуы. Спирттердің тотығуы және дегидратациялануы. Жай эфирлердің түзілуі. Минералды және карбон қышқылдарының қүрделі эфирлерін алу.
-
10-тақырып Оксоқосылыстар (альдегидтер және кетондар)
Альдегидтер мен кетондардың изомериясы және аталуы. Альдегидтер мен кетондардың нуклеофилді қосыпалу реакциялары. Кетондардың тотығуы.
-
11-тақырып Карбон қышқылдары
Қаныққан монокарбон қышқылдарының изомериясы және аталуы. Галогенангидридтер, ангидридтер, күрделі эфирлер, амидтер, олардың алынуы және химиялық қасиеттері.
-
16-тақырып Көмірсулар. Моносахаридтер
Моносахаридтер, олигосахаридтер және полисахаридтер. Моносахарид-тердің циклді құрылыстары. Глюкоза мен фруктозаның стереохимиясы. Моносахаридтердің таутомериясы.
-
17-тақырып Гетероциклді қосылыстар
Фуран, тиофен және пирролдың өзара айналулары. Бір гетероатомды бес мүшелі гетероциклдердің электрофилді орынбасу реакциялары. Пиридиннің электрофилді және нуклеофилді орынбасу реакциялары.
4.3.2 Зетрханалық сабақтардың тізімі және мазмұны
1) 2-тақырып Алкандар
Метанды алу және оның қасиеттері. Сұйық алкандарды бромдау. Сұйық алкандардың тотығуы. Сұйық алкандардың жануы.
2) 3-тақырып Алкендер. Диен көмірсутектері
Этиленді алу және оның қасиеттері. Алкендерді бромдау. Алкендердің тотығуы. Алкендердің қойыртылған күкірт қышқылымен реакциясы.
-
4-тақырып Алкиндер
Ацетиленді алу және оның жануы. Ацетиленнің броммен реакциясы. Ацетиленнің калий перманганатымен тотығуы.
-
6-тақырып Арендер
Бензойқышқыл натрийдан бензолды алу. Органикалық еріткіштерде бензолдың ерігіштігі. Бензолдың жануы. Бензолды және толуолды бромдау. Толуолдың тотығуы.
-
8-тақырып Спирттер
Натрий этилатының түзілуі және гидролизі. Этанолды хром қоспасымен тотықтыру. Этанолды калий перманганатымен тотықтыру. Диэтил эфирін алу. Мыс глицератын алу.
-
10-тақырып Оксоқосылыстар (альдегидтер мен кетондар)
Этил спиртін мыс (II) оксидімен тотықтырып сірке альдегидін алу. Формальдегидтің күміс (I) гидроксидінің аммиактағы ерітіндісімен тотығуы. Формальдегидтің мыс (II) гидроксидімен тотығуы. Кальций ацетатынан ацетонды алу.
-
11-тақырып Карбон қышқылдары
Хлороформды гидролиздеп құмырсқа қышқылын алу. Сірке қышқылын алу. Сірке қышқылының магниймен реакциясы. Темір(III) ацетатының түзілуі және гидролизі. Калий бензоатын алу.
-
16-тақырып Көмірсулар. Моносахаридтер
Моносахаридтердің күміс (I) гидроксидінің аммиактағы ерітіндісімен тотығуы. Моносахаридтердің мыс (II) гидроксидімен тотығуы. Глюкозаның Фелинг реактивімен тотығуы. Глюкозаны сірке ангидридімен ацилдеу.
4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру түрі
|
Бақылау түрі
|
Сағатқа шаққандағы көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарына дайындалу
|
|
Сабаққа қатысу
|
10
|
2
|
Практикалық сабақтарға дайындалу (сабақтың тақырыбы бойынша материалды меңгеру, есептер шығару және жаттығулар орындау)
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
12
|
3
|
Зертханалық сабақтарға дайындалу (сабақтың тақырыбы бойынша материалды меңгеру)
|
Жұмыстарды баяндау, реакциялардың сызбанұсқаларын құрастыру
|
Зертханалық жұмыстарды орындауға рұқсат ету
|
10
|
4
|
Есепті әзірлеу және зертханалық жұмыстарды қорғау
|
Зертханалық журнал
|
Зертханалық жұмыстарды қорғау
|
14
|
5
|
Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалдарды меңгеру
|
Конспект
|
Коллоквиум, бақылау жұмысы, ауызша сұрау
|
16
|
6
|
СӨЖ орындау және қорғау
|
Жұмыс дәптері
|
Ауызша және жазбаша сұрау, коллоквиум
|
20
|
7
|
Бақылау шараларына дайындалу
|
|
1 МБ, 2 МБ, коллоквиум, бақылау жұмысы, жазбаша сұрау, тестілеу
|
8
|
БАРЛЫҒЫ:
|
90
|
4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
1) Органикалық және биоорганикалық химияға кіріспе
Органикалық молекулалардағы химиялық байланыстардың типтері. Ковалентті, ионды, донор-акцепторлы және семиполярлы байланыстар. Молекуладағы атомдардың өзара ықпалы. Органикалық қосылыстардың қышқылдылығы және негізділігі.
-
Алкандар
Тізбекті радикалды механизмнің жалпы заңдылықтары. Радикалды реакцияларды инициирлеу. Органикалық бос радикалдар. Алкандардың тотығуы.
-
Алкендер. Диен көмірсутектері
Алкендердің қосыпалу реакциялары. Сутек, галогендер, галогенсутектер және суды қосып алуы. Марковников ережесі. Алкендердің радикалды қосыпалу реакциялары. Алкендердің геометриялық (цис- транс-) изомериясы. 1,3-Диендердің химиялық қасиеттері. Диендік синтез (Дильс – Альдер реакциясы). 1,3-Бутадиеннің полимерленуі.
-
Алкиндер
Алкиндердің қосыпалу реакциялары. Сутек, галогендер, галогенсутектер және суды қосып алуы. Күміс, мыс және натрий ацетиленидтерінің түзілуі.
-
Циклоалкандар
Циклопропан, циклобутан, циклопентан және циклогексан. Олардың құрылысы. Циклдердің стереохимиясы. Аллициклдердегі цис- транс- изомерия.
-
Арендер
Бензолдың гамологтық қатары. Бензол қатары арендері изомериясының ерекшеліктері. Ароматты сипат жөніндегі қазіргі түсініктер. Ароматтылық критерийлері. Электрофилді реагенттердің типтері.
-
Алкандардың галогентуындылары
Алкандардың моногалоген туындылары. Химиялық қасиеттері. Нуклеофилді орынбасу реакциялары. SN1 және SN2 реакциялары және олардың механизмі.
-
Спирттер
Жай эфирлер. Алу әдістері. Екіатомды және үшатомды спирттер (гликолдар және глицериндер). Олардың химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері. Ароматты спирттер. Бензил спирті және оның қасиеттері.
-
Фенолдар
Фенол гидроксилінің қасиеттері. Феноляттардың түзілуі. Фенолдарды алкилдеу және ацилдеу. Фенолдың электрофилді орынбасу реакциялары (галогендеу, нитрлеу, сульфирлеу).
-
Оксоқосылыстар (альдегидтер және кетондар)
Карбонил тобының поляризациялануы және әрекеттесуге қабілеттілігі. Карбонил тобы бойынша орынбасу реакциялары. Фосфор пентахлориді, гидроксиламин және гидразинмен реакциялары.
11) Карбон қышқылдары
Қышқыл-негіздік катализ жөнінде жалпы ұғымдар. Майлар және олардың құрамына кіретін жоғары карбон қышқылдары. Синтетикалық жуғыш заттар. Карбон қышқылдарының функционалды туындылары. Галогенангидридтер, ангидридтер, күрделі эфирлер, амидтер және нитрилдер. Ароматты карбон қышқылдары. Бензой қышқылы және оның химиялық қасиеттері.
12) Ароматты нитроқосылыстар
Бензолдың ядросында және бүйірлік тізбегіндегі нитрлеу реакциялары. Нитротобына қарағанда галогеннің орто-, мета- және пара- орындарда нуклеофилді орынбасу реакциялары және галогеннің жылжығыштығының себептері.
13) Ароматты аминдер
Нитробензолды тотықсыздандырып анилинді алу. Алифатты және ароматты аминдердің негіздік қасиеттерін салыстыру. Аминдердің электрофилді орынбасу реакциялары.
14) Гидроксиқышқылдары
Гидроксиқышқылдарының химиялық қасиеттері. Табиғи гидроксиқыш-қылдар: гликол, сүт, алма, шарап, лимон қышқылдары. Гидроксиқышқыл-дарының стереохимиясы. Энантиомерлер, рацематтар, диостереомерлер, мезоформалары.
15) Аминоқышқылдары. Белоктар
Аминоқышқылдарының қасиеттері. Амино және карбоксил топтарының өзара ықпалына байланысты аминоқышқылдарының реакциялары. Белоктар. Полипептидтерді синтездеу. Аминотобын қорғау әдістері. Карбоксил тобын белсенділендіру әдістері.
16) Көмірсулар. Моносахаридтер
Пентозалар және гексозалар. Альдозалар және кетозалар. Альдозалар мен кетозалардың бір-біріне айналуы. Моносахаридтердің стереохимиясы. Гликозидтер. Пиранозидтер және фуранозидтер.
17) Гетероциклді қосылыстар
Бір гетероатомды алты мүшелі гетероциклдер. Пиридиннің негіздік қасиеттері. Пиридиннің электрофилді орынбасу реакциялары. Пиридиннің нуклеофилді орынбасу реакциялары. Пиримидин және пурин негіздері: урацил, тимин, цитозин, аденин, гуанин. Нуклеин қышқылдары, нуклеотидтер және нуклеозидтер туралы түсінік.
18) Алкалоидтар. Антибиотиктер
Алкалоидтардың фармакологиялық препараттар ретіндегі маңызы. Антибиотиктер (тетрациклиндер, пенициллиндер, стрептомицин және грамицидин) тобының қасиеттері және биологиялық белсенділігі.
19) Биореттегіштер. Простагландиндер
Стероидтық гармондар. Пептидтік гармондар. Фито-гармондар. Олардың құрылымы, қасиеттері және биологиялық белсенділігі. Простагландиндердің өкілдері. Е, F тобының простагландиндері, тромбоксандар. Олардың құрылымы, қасиеттері және организмдегі биологиялық рөлі.
5 Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1) Грандберг И.И. Органическая химия. – М.: Дрофа, 2007.
2) Сейтжанов Е.Ф. Органикалық химия. – Алматы: Print –S, 2005.
3) Березин Б.Д., Березин Д.Б. Курс современной органической химии.–М.: Высшая школа, 2003.
4)Тюкавкина Н. А., Бауков Ю. И. Биоорганическая химия. – М.: Дрофа, 2008.
5) Артеменко А.И. Органическая химия.- М.: Высшая школа, 2007.
Қосымша
6) Иванов В.Г., Гева О.Н., Гаверова Ю.Г. Практикум по органической химии.– М.: Академия, 2002.
7)Дроздов А. А. Органическая химия: конспект лекций. – М.: ЭКСМО, 2007
Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан көшірме
|
|
ПМУ ҰС Н 7.18.3/32
|
5В070100 – Биотехнология
мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Пән атауы Органикалық және биоорганикалық химия
Оқу нысаны
|
Пәннің еңбек сыйымдылығы
|
Семестр бойынша бақылау түрлері
|
Семестр
|
Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі
|
кре-дит-тер
|
академиялық сағат
|
кредит
-тер
|
аудиториялық сабақ
(ак. сағат)
|
СӨЖ
(ак. сағат)
|
бар-лығы
|
ауд
|
СӨЖ
|
емт
|
сын
|
КЖ-а
|
КЖ-с
|
бар-
лығы
|
дәр
|
пр.
|
зертх
|
75
|
ЖОБ негі-зіндегі күндізгі
2011 түскен
|
3
|
135
|
60
|
75
|
1
|
|
|
|
I
|
3
|
60
|
15
|
15
|
30
|
Кафедра меңгерушісі ___ Жапарғазинова К.Х. 20__ж. «___» ________
Жұмыс оқу бағдарламасымен келісу парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/35
|
2011- 2012 оқу жылына арналған
Органикалық және биоорганикалық химия
пәнінің жұмыс оқу бағдарламасымен келісу парағы
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ |
Мамандар дайындаушы
кафедра
|
Кафедра меңгерушісінің аты-жөні
|
Қолы
|
Келісу күні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Биотехнология
|
Омаров М.С.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер және зертханалар тізімі
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/43
|
Органикалық және биоорганикалық химия пәні бойынша
5В070100- Биотехнология мамандығының
студенттеріне арналған мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер және зертханалар тізімі
Аудитория №
|
Мамандандырылған аудиториялар/ кабинеттер/зертханалар атауы
|
Кафедра атауы
|
1
|
2
|
3
|
А-518
|
Органикалық химия және химиялық технологиялар зертханасы
|
Х және ХТ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кафедра меңгерушісі __________ Жапаргазинова К.Х. 20__ж. «____» ________
Достарыңызбен бөлісу: |