Тақырып №3
1) Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің қартаю ерекшеліктері: кеуде қуысының сүйектері мен бұлшық еттерінің, бронхтардың, өкпе тінінің және газ алмасу ерекшеліктерінің жасқа байланысты өзгеруі.
2) Мақсаты:
Тыныс алу жүйесінің қартаю ереклешіктеріне байланысты пайда болатын патологиясына медициналық көмек көрсетудің білімін және тәжірибесін жетілдіруге ықпал жасау.
3) Оқыту мақсаты:
Егде және қарт жастағы науқастарда тыныс алу жүйесі ауруларының ерекшеліктерін үйренуде терең жүйелі білімдерін жетілдіру;
Тыныс алу жүйесінің аурулары бар қарт науқастарға теориялық және практикалық негізде күтім жасау және медициналық көмек көрсетуді үйрету;
Қарттарға үй жағдайында және емханада көмек көрсету принциптерін үйрету.
Сыртқы тыныс алу функциясы бұзылған егде және қарт жастағы науқастарға кәсіптік этика және деонтологияны студенттерге үйрету..
4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Тыныс алу жүйесінің жасқа байланысты өзгерістері.
Кеуде сарайы сүйектері және бұлшықеттерінің өзгерістері.
Бронх және өкпе тінінің жасқа байланысты өзгерістері.
Газ алмасу өзгерістері.
Қарттарда тыныс алу жүйесі ауруларымен ауыратын науқастардың күту принциптері.
Тыныс алу жүйесі ауруларымен ауыратын қарт науқастардың реабилитациясының ерекшеліктері.
5) Білім берудің және оқытудың әдістері:
Ауызша сұрастыру;
тесттік тапсырмаларды шешу;
Тыныс алу жүйесі ағзалары аурулары бар егде және қарт науқастардың медициналық тексеру нәтижелерін демонстрациялау, мейірбике мен науқас арасындағы жүргізілген жұмыстың әр түрлі мәселелерін анализдеу және бағалау (мысалы науқастқа тексеру жүргізудің дұрыс немесе дұрыс еместігі);
Шағын топпен жұмыс, рольдік ойындар, модельдік консультациялар: бір- бірімен коммуникативті қарым қатынас (студент- студент), симуляцияланған науқаспен және оқытушының бақылауында нағыз науқаспен жұмыс жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |