Жүнісова Д. К., Дербісалина Г.Ә



Pdf көрінісі
бет21/76
Дата04.05.2024
өлшемі1.55 Mb.
#500541
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76
Пациенттерді оқыту

~
 
29 ~
10. Оқуға деген ынта (мотивация)
 
 
Мотивация дегеніміз – адамның білімге деген құштарлығы, ол 
адамның мінез-құлқына әсер етеді (Pender, Murdaugh, & Parson, 2015). 
Егер адам оқуды қаламаса, оқу процесінің болуы екіталай. Ынтаны 
жігерлендіру үшін әртүрлі, әлеуметтік, физикалық немесе шеберлік 
мотивтері болуы мүмкін. Әлеуметтік мотивтер өзін-өзі бағалау және 
әлеуметтік қолдауды қажет етуімен байланысты (Stevinson, Wiltshire, 
& Hickson, 2015). Шеберлікке деген ұмтылыс қол жеткізуге деген 
ұмтылыспен анықталады. Мысалы, қант диабеті бар орта мектеп 
оқушысы үйден кетіп, тәуелсіз болудан бұрын қан глюкозасы мен 
инсулин мөлшерін анықтауға үйренеді. Өз бетінше өмір сүруге және 
ауруды басқаруға деген ұмтылыс тапсырманы немесе шеберлікті 
орындауға түрткі болады. Жетістіктен кейін адам әдетте көп нәрсеге 
жетуге ынтасы пайда болады. Физикалық мотивтер денсаулықты 
сақтау және жақсарту ниетінен туындайды. Жай ғана денсаулығын 
жақсартқысы келетіндерге қарағанда, өмір сүру үшін күрескен немесе 
қиындықтарды жеңуге тура келген пациенттер көбірек ынталы 
болады (Pender et al., 2015). Мысалы, аяғын ампутация жасаған 
пациент көмекші құралдарды қолдануды үйренуге өте ынталы болуы 
мүмкін, ал артық салмағы бар, бірақ дені сау пациент жаттығуға 
ынталанбауы мүмкін [1].


~
 
30 ~
11. Жүрек-қан тамыры аурулары бар пациенттерді оқыту 
 
Жүрек-қан тамыр аурулары (ЖҚА) жүрек пен қан тамырларына 
әсер етеді және көптеген клиникалық жағдайларды, соның ішінде 
артериялық гипертензияны (АГ), жүректің ишемиялық ауруын 
(ЖИА), аритмияны, жүрек қақпақшасы ауруларын, жүрек 
жеткіліксіздігін, инсультты және туа біткен жүрек-қан тамырлары 
ақауларын қамтиды.
• ЖҚА бар пациенттің және оның отбасын оқыту дегеніміз не?
ЖҚА бар пациенттерді және олардың отбасыларын оқыту – бұл 
пациентке және оның отбасына білімді жетілдіру, өзін-өзі бақылау 
дағдыларын үйрету және созылмалы аурумен күресу қабілетін 
арттыру мақсатында ауру және емдеу туралы ақпарат беру процесі. 
Оқу процесі алдын-алу стратегиялары, ауруды ерте анықтау және 
диагностика, емдеудің мақсаттары мен стратегиялары, өзін-өзі 
басқару дағдылары және асқынуларды басқару әдістерін оқытуды 
қамтиды. 
- Бастапқы оқыту ауруханада өтеді және әдетте адамның қазіргі 
жағдайы, анализі және емі туралы негізгі мәселелерге назар 
аударылады.
- Ауруханада және амбулаториялық жағдайда ЖҚА бойынша 
кейінгі көмек симптомдарды басқаруға, дәрі-дәрмектерді қабылдауға, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет