Жоба
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты
Облыстық мәслихаттың бесінші шақырылымындағы
отыз алтыншы сессиясында қаралатын мәселелер жөніндегі
ІС ҚАҒАЗДАРЫ
Сессияның қосымша материалдары келіп түсуіне қарай интернетте облыстық
мәслихаттың сайтына орналастырылатын болады, мекен-жайы:
http://www.maslihat_uko.shym.kz
Мәслихаттың шешімі/Шешім жобалары бөлімінде
Шымкент қ.
19 наурыз 2015 ж.
жоба
Бесінші шақырылған Оңтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының отыз алтыншы
сессиясының күн тәртібі туралы
Облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Бесінші шақырылған Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының отыз алтыншы сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіліп, бекітілсін.
1. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі мен олардың қызметі туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының есебі.
2. 2014 жылы облыстық мәслихаттың сессияларында депутаттармен айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
3. Оңтүстік Қазақстан облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидасын бекіту туралы.
4. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 25/204-V «Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №14/125-V «Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
6. Оңтүстік Қазақстан облысында энергия үнемдеудің 2015-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы.
7. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 24 маусымдағы №18/222-ІV «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
8. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 23 ақпандағы №37/384-ІV «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
9. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 қыркүйектегі №18/150-V «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
10. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №25/203-V «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
11. Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы.
12. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясына төраға сайлау туралы.
ЖОБА
Жергілікті маңызы бар ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың
жай-күйі мен олардың қызметі
туралы облыстық табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының есебі
Облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі мен олардың қызметі туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының есебі назарға алынсын.
2.Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бекітілген даму жоспарына сәйкес облыстық басқармамен осы бағытта нақты жұмыстар жүргізілуде екендігі атап өтілсін.
Бұл мақсаттарға 2014 жылы облыстық бюджеттен 346,7 млн. теңге қаржы бөлініп және толығымен игерілген. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүргізілген абаттандыру жұмыстарының нәтижесінде ақылы қызмет көрсету түрлері ұлғайып, соның есебінен облыстық бюджетке 45,9 млн. теңге түсті.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орманды қалпына келтіру шаралары аясында 2014 жылы 73 га жерге мәдени орман дақылдары отырғызылып, 1,8 млн. ағаш-бұта көшеттері өсірілген, 158 шақырылымда өртке қарсы жолақтар жасалып және жөнделген.
2014 жылы 240 рейдтер жүргізіліп, 121 әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасы тіркеліп, 1,1 млн. теңге айыппұл өндірілген.
Сонымен бірге осы мәселені зерттеулері жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының кейбір нысандарында міндетті, белгіленген тәртіпте тіркелген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспортының жоқ екендігін көрсетті. Табиғат қорғау ұйымдарының бес жылдық басқару жоспарларын жасауға, күзет аймағын белгілеуге, ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлуге жеткілікті көңіл бөлінбеген.
3.Облыс әкімдігіне, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жақсарту және ары қарай дамыту жұмыстарын жалғастырып, келесі мәселелерге көңіл бөлу ұсынылсын:
барлық жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын белгіленген тәртіпте әзірлеу және тіркеу;
табиғат қорғау ұйымдарының бес жылдық басқару жоспарларын белгіленген тәртіпте әзірлеу және бекіту;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғау аймақтарын, көлемін, шекараларын, тәртіп түрлерін және қорғау аймақтарының аумағында табиғат пайдалану тәртібін орнату;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрылу мақсатына орай олардың қорғау режимдеріне және нысандардың жай-күйіне теріс әсер ететін қызмет түрлеріне мониторинг жүргізу;
демалушылар мен туристерге көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту.
4.Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың ауыл аймақтардың дамуы және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы Қ.Қамбаров
Облыстық мәслихат
хатшысы Қ.Ержан
Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
жай-күйі мен қызметі туралы ЕСЕБІ
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында жергілікті маңызы бар 20 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар. Оның ішінде, басқармаға қарастысы – Қаратау, Боралдай жоталары мен Сырдария-Арыс өзендерінің жағалауында орналасқан «Cырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі және «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық мекемесі.
Облыс әкімі А.Мырзахметовтың тікелей тапсырмасымен “Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі” 05.09.2012 жылғы облыс әкімдігінің № 264 қаулысымен Боралдай, Арыс, Түркістан орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің қосылу жолымен құрылды. ҚР Үкіметі (20.03.2014 жылғы №247) мен облыс әкімдігінің (2014 жылғы 25 шілдедегі №251) қаулыларымен парктің 119 978,418 га жер учаскесі орман қоры жерлері санатынан «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері» санатына ауыстырылды.
Сондай-ақ, “Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы” Шымкент облыстық атқару Комитетінің 11.12.1979 жылғы №616 қаулысы негізінде құрылған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2002 жылы 28 маусымындағы №244 қауылысымен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілген.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 24 наурыздағы №83 қаулысымен «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылып, облыс әкімі А.Мырзахметовтың тікелей басшылығымен қайта жандандырылды.
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» жалпы аумағы 119 978,4га жерді құрайды. Аумақ 3 филиалдан тұрады: оның ішінде Боралдай филиалы – 36 255 га, Сырдария филиалы – 59 901 га, Түркістан филиалы – 23 822 га тұрады.
Бұл аумақтар 4 функционалдық аймаққа бөлінген:
- қорықтық аймағы – 8 922,2 га (7,4 %);
- экологиялық тұрақтандыру аймағы – 15 819,84 га;
- туристік және рекреациялық қызмет аймағы – 6 927,5 га;
- шектеулі шаруашылық қызмет аймағы – 88 308,8.
«Дендрологиялық саябақтың» жалпы аумағы 129,33 га құрайды. Оның ішінде саябақ аумағы 117,04 га, «Қошқар-ата» учаскесі 12,29 га.
Дендросаябақ 4 функционалдық аймақтарға бөлінген:
-Экспозициялық -45,04 га;
-Ғылыми -27,0 га;
-Қоғамдық -32,29 га;
-Әкімшілік және өндірістік шаруашылық -25,0 га.
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі»
Негізгі мақсаты – Сырдария, Арыс өзендерінің жайылмалары мен Боралдай тау жотасының ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының бірегей табиғи кешендері мен объектілерінің билогиялық және ландшафтық саналуандылығын сақтау, қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалану.
Сонымен қатар, орман қоры жерін арнайы аумаққа айналдыру арқылы өңірдегі табиғи кешендерді, тоғай ормандарды, Қаратау арқары мен бұқар бұғысының популяциясын сақтауға және қалпына келтіруге қол жеткізіледі.
Рәміздері- парктің рәміздері (эмблемасы мен туы) әзірленіп, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 14.07.2014 жылғы № 221 бұйрығымен «Сырдария -Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» рәміздері бекітілді. (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 22.01.2007 жылғы №21 санды бұйрығымен бекітілген "Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесі") (слайд 4)
(Өңірлік парктің штатында 226 қызметкер. Боралдай филиалыында – 41, Сырдария филиалында – 92, Түркістан филиалында – 67, бас мекемеде – 26 қызметкер жұмыс атқарып келеді.)
2014 жылы облыстық бюджеттен 292 264,0 мың теңге қаржы бөлініп, айлық жалақы мен әлеуметтік төлемдерге-163 962,0 мың теңге; жанар-жағар май сатып алуға - 14709,0 мың теңге; жолдарды жөндеуге, аншлагтар мен панноларды жаңартуға, бұқар бұғыларын күтіп-баптауға және де басқа да шаруашылық жұмыстарға-42027,0 мың теңге; негізгі қорларды сатып алуға-45 207,0 мың теңге және өзге шығындарға-26359,0 мың теңге жұмсалды.
Ақылы қызмет есебінен 9 731,0 мың теңге қаржы түсіп, оны уақытша қызметкерлердің айлық-жалақысы мен әлеуметтік төлемдеріне-2143,6 мың теңге, бюджетке төленетін салықтар-1737,0 мың теңге, туризмді дамыту мақсатында негізгі қорлар мен шаруашылық заттарды сатып алуға - 3232,0 мың теңге және басқа да шығындарға-2618,4 мың теңге жұмсалды. (слайд 5-6)
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және жануарлар дүниесін қорғау.
Табиғат заңнамасын бұзушылықпен күрес жүргізу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық сан-алуандығын сақтаудың 2015 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары ОҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және ОҚО ішкі істер департаментімен келісіліп, бекітілген.
Бірлескен іс-шара аясында 240 рейдтік тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде 118 заң бұзушылықтар анықталды.
Аң аулау ережесін бұзу 21, заңсыз ағаш кесу 5 және 92 басқа да заң бұзушылықтар оқиғалары тіркелді. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша салынған 1024,2 мың теңгенің 747,1 мың теңгесі өндірілді. Табиғатқа заң бұзушылықтардан 3275,1 мың теңге залал келтіріліп, оның 409,1 мың теңгесі өндірілді. Заң бұзушылықтардың ішінде, 1 факті бойынша Боралдай филиалында ҚР Қызыл Кітабына енгізілген 1 бас Қаратау арқарын заңсыз аулаған қылмыскер (Бәйдібек ауданының тұрғыны) сот шешімімен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айырылды және табиғатқа келген 2778,0 мың теңге залалды өндіруге шешім шықты. (слайд 7-8)
Бұқар бұғылары.
2013 жылғы 65 басқа жетіп, ішкі қоршауда 6, сырқы қоршауда 5 төлге көбейді. 2014 жылы бұқар бұғыларынан 16 төлге көбейіп, 81 басқа жетті. Оның 44 басы ішкі қоршауда, 37 басы сыртқы қоршауда күтіп-бапталуда. (слайд 9)
Өңірлік паркті мекен ететін аң-құстардың күтіп-баптауы мен сақталуына жағдай туғызу үшін, олардың басқа аумақтарға ауып кетуінің алдын-алу үшін жыл сайын биотехникалық іс-шаралар жүргізіледі. Бөлінген қаржы 2013 жылы 900,0 мың теңгені құраса, 2014 жылғы қаржы 788,6 мың теңгені құрады. (слайд 10).
Өңірлік паркте мекендейтін жабайы аң-құстарға 2013-2014 жылдары жүргізілген санақ қорытындылары бойынша арқар-26, елік-21, қабан-19, бұғы-16, қырғауыл-900, кекілік-140 және т.б. артқаны байқалды. (слайд 11).
Ғылым, ақпарат және мониторинг.
Өңірлік парктің 2014-2018 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарына cәйкес, табиғи кешендердегі құбылыстар мен процестерді «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша зерттеу, өсімдік жабындысы мен флорасын зерттеу мен түгендеу, омыртқасыз жануарлар топтарына ғылыми мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Жылнамаға қажетті материалдар жинақтау үшін арнайы құралдар мен жабдықтар сатып алынды. (Боралдай -6, Сырдария - 4, Түркістан- 4 дана фенологиялық алаңдар жасалып, өлшем құралдары: топырақ температурасы - 14 термометр, ауа ылғалдылығы- 14 психометриялық гигрометр, жауын-шашын мөлшерін өлшейтін ыдыс,желдің жылдамдығын анықтайтын анемометр,қардың биіктігін өлшейтін сырықтар).
Ғылыми қызметкерлер 15 рет далалық зерттеулер жүргізіп, нәтижесімен жинақталған гербарийлер арқылы Боралдай өңірінде 61 тұқымдасқа, 205 туысқа жататын 367 өсімдік түрлері анықталды. Оның ішінде сирек кездесетін өсімдіктердің 49 түрі, эндемдердің 38 түрі, бірнеше ғасырдан бері өсіп келе жатқан эндемикалық 31 өсімдіктің тізбесі жасалды. Ал эндемикалық өсімдіктердің ішінде 12 түрі тек Қаратау өңірінде ғана кездесетіндігі белгілі болып отыр. (Мысалыға: биік жуа- Allium oreprasiodes V., Кірпі Риндеррасы- Rindera echinata R., Қаратау жалған бозкілейі- Pseudosedum Karatavicum A., Қаратау ырғайы- Cotoneaster Karatavica P., Қаратау көкбасы- Eryngium Karatavicum I., Қаратау жебірі- Thymus Karatavicus A., Қаратау қандыгүлі- Pedicularis Karatavica P., Қаратау үшқаты- Lonicera Karataviensis P., Қаратау лепидолофасы- Lepidolopha Karatavica P., Қаратау жусаны- Artemisia Karatavica K., Қаратау Рапонтикумы- Rhaponticum Karatavicum Rg.). Зерттеу нәтижелері бойынша Боралдай өңірінде кездесетін өсімдіктердің шаруашылық маңызы бойынша олардың қорлары 22 топқа бөлініп талданды. Олардың пайдалы-бағалы қасиеттері бар: азықтық, дәрілік, тағамдық, сәндік, жаңа сорттарды алуға генетикалық материалдар болып табылады. (слайд 12)
Сонымен қатар Боралдай өңірінің өсімдіктер дүниесін зерттеу үшін Ресейдің Кемерово қаласындағы ботаникалық бақтың директоры, профессор б.ғ.д А.Н.Куприянов, Томск университетінің оқытушысы профессор, б.ғ.д А.Л. Эбельмен, Орталық Сібір ботаникалық бағының ғылыми қызметкері профессор, б.ғ.д Н.Н. Лащинскиймен, Кемерово қаласындағы адам экологиясы институтының ғылыми қызметкері И.А. Хрусталевамен өңірлік парктің Боралдай шатқалы мен Аяқ Сүңгі учаскелерінде 2014 жылдың мамыр айында қысқа экспедициялық жұмыстар жүргізілді. (слайд 13)
Профессор б.ғ.д А.Н.Куприянов бастаған Ресей ғалымдарымен бірге жүргізілген зерттеу нәтижесімен Боралдай өңірінде бұрын Қаратау флорасының тізімінде келтірілмеген кәдімгі жылантіл папоротник (Ophioglossum vulgatum.L) пен қанатты сабынкөк (Scrophularia umbosa G.) өсімдіктерінің екі түрі анықталды.
Сонымен қатар, парк аумағында Түркістан филиалының Қызылшаруа орманшылығында, бұрын Қазақстанда кездеспеген жыртқыш қандаланың екі түрі тіркелді. (Жыртқыш қандала- Holotrichius apterus Jakovlev, Holotrichius rotundatus Stål.) (слайд 14)
Жалпы ғылыми-зерттеу жұмыстары 2013 жылы 3 рет жарық көрген болса, 2014 жылы 6 ғылыми мақала Қазақстанның табиғи қорықтары мен ұлттық парктерінде, университеттерде, шетелде өткен ғылыми конференциялардың жинақтарында жарияланды.
Англияда жарияланған мақалалары үшін авторлар Е.Х.Төлеміс пен А.Д.Тажиеваға халықаралық ғылыми конференцияның сертификаттар берілді.
Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша көмекші құрал ретінде «Сырдария – Түркістан өңірлік табиғи паркінің Сырдария жайылмасы мен Боралдай тауларында кездесетін өсімдіктер мен омыртқасыздардың түрлерінің қысқаша анықтамалықтары» шығарылды.
Туризм, рекреация және экологиялық ағарту
Парктегі 7 туристік бағыттың паспорттары ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 28.02.2014 жылғы №67 бұйрығымен бекітілген.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңының 46 бабына сәйкес, 2014 жылғы 25-қыркүйекте ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм комитетінің № ТО-2206 санды өңірлік парктің атына мемлекеттік туристік туроператор қызметіне лицензия алынды. (слайд 15)
Облыс әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Сарқылмас саяхат» 8-ші қазақстандық туристік жәрмеңкесіне парк стендттерін ұсынып, жүлделі орындарға ие болды. (слайд 16)
Іле-Алатау, Шарын және Жоңғар Алатау, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркілері мен Ақсу-Жабағлы, Қаратау, Наурызым, Барсакелмес қорықтарымен тығыз байланыс орнатып, тәжірибие алмасу жұмыстары жүргізілуде.
Облыстағы экотуризмді дамыту мақсатында, Экологиялық орталықпен, Шымкент Зоологиялық саябағымен, Жас туристер станциясымен бірлескен экологиялық іс-шаралар, табиғат қорғау акциялары мен экспедициялар ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 25-02-01/114 санды бұйрығымен бекітілген «Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасы» ережесіне сай өңірлік табиғи паркінің филиалдарындағы орман қоры жерімен шектесетін елді мекендерде 55 мектепте мектеп орманшылығын ұйымдастырылды. Оның ішінде Арыс (25) және Түркістан (14) қалалары мен Бәйдібек (10) және Отырар аудандарында (6). (слайд 17)
V. Орман және өсімдіктер дүниесін қорғау мен өсімін молайту:
2014 жылы 73 га жерге ағаш көшеттерін отырғызылды, тұқымбақтарда жаңа көшеттер өндіру үшін 2400 кг тұқым жиналды. Жалпы орман өсіру, молайту шараларына 7122,0 мың теңге жұмсалды. (слайд 18)
Сонымен қатар, 2013 жылы парк тұқымбағында 1553,6 мың түп көшет өсірілсе, 2014 жылы көшет саны 2464,5 мың түпке көбейді. (слайд 19)
Өрт қауіпсіздігі
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ОҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен ОҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бірлескен өзара іс-қимыл әрекетінің іс-шара жоспары бекітілген. Өртке қарсы 60 шақырым жаңадан минералды жолақтар жасалып, 1465 шақырымға жаңарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үгіт-насихат жүргізу мақсатында 64 аншлаг пен 17 панно, 14 өрт қарауылдау мұнарасы орнатылды. (слайд 20)
Өңірлік саябақта жабайы жануарларды сақтау және қорғау мақсатында Қаратау тау жүйелерінде миграциялық экологиялық дәліз құру қажеттігі туындап отыр.
Бұл - жабайы жануарларды табиғи ортада қорғауға бағытталған кешенді іс-шара. Тянь-Шанның Қаратау тау жүйелеріне жататын парктің Боралдай филиалы, Ақсу-Жабағылы қорығы, Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі мен Қаратау қорығы арасында Қаратау арқарының миграциялық жолдары орналасқан. ЕҚТА-дан тыс жолдарда Қаратау арқарының миграция (төлдеуі, қыстауы, күйлеуі) кезеңінде қорғауға алынбай отыр. Осы экологиялық коридорды құру мақсатында парк мамандары Қаратау табиғи қорығымен бірлескен 2 рет экспедиция жасап, тиісті мағлұматтар жинақтады.
Осыған байланысты, ЕҚТА туралы ҚР Заңының 81-бабына сәйкес, жалпы көлемі 201561 га, оның ішінде Созақ ауданында 17528 га, Түркістан қаласында 52584 га, Бәйдібек ауданында 105168 га, Түлкібас ауданында 26281 га жерде меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынбастан, барлық санаттағы жер учаскелерінде “экологиялық дәліз” құруды ұсынамыз.
Бұл іс-шара іске асқан жағдайда, ЕҚТА-тан тыс орналасқан миграциялық жолдар қыстау мен төлдеу кезінде, күйге түсу мерзімінде қорғауға алынады, жер пайдаланудың реттемелі тәртібі енгізіледі, табиғаттың экологиялық жағдайын жақсартуға кешенді іс-шаралар жүргізіледі, нәтижесінде Қаратау арқарларының бас саны сақталып, молаюына қолайлы жағдай жасалады. (слайд 21)
«Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы»
Облыс әкімінің бастамасымен 2009 жылы Дендросаябақты қалпына келтіру жұмыстары басталып, облыстық бюджеттен 550,9 млн.теңге бөлінді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде дендросаябақ қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналды.
Саябақты күтіп-баптап ұстауға 2013 жылы 43 593,0 мың теңге қаржы бөлінсе, 2014 жылы 53 757,9 мың теңге қарастырылды. Аталған қаржы айлық-жалақыға, өтемақы мен әлеуметтік салықтарға, күзету және қорғау қызметкерлерін ұстауға және коммуналдық қызметтер мен өзге де ағымдағы шығындарға жұмсалды. (слайд 22)
Сонымен қатар, саябақта көрсетілетін қызмет түрлері үшін түскен қаржы 2013 жылы 33 363,0 мың теңгені, 2014 жылы 36 212,0 мың теңгені құраған. Түскен қаржы негізінен саябақты абаттандыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және штаттан тыс қызметкерлердің айлық-жалақысы мен, әлеуметтік төлемдеріне жұмсалды. (слайд 23-24)
Дендросаябақта 2009-2010 жылдары жүргізілген абаттандыру жұмыстары төмендегідей:
-
Келушілер үшін турникет орнатылды;
-
Саябақ аумағында 20,0 мың шаршы метрге көк майса егіліп, күтіліп бапталды;
-
130 дана су бұрқақтары орнатылды;
-
Кіре беріс арканы, көл жағалауы мен көпірге, сарқырамаға түрлі-тусті жарықтандыру (светодиоты) жүйелері орнатылды;
-
1 дана фонтан орнатылды;
-
Аумақта 6 нүкте радиохабарлағыш, 12 нүкте бейне бақылау камералары орнатылды.
-
Қар барысы, дала бүркіті, теңбіл бұғы, арқар мен еліктің мүсіндері орнатылды;
-
Демалушылар үшін спорттық-сауықтыру аяқ жолдары жасалды;
-
Орындықтарға, көл жағалауындағы тірек қабырғаға, сыртқы темір шарбақтарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;
-
Жастар аллеясында гүлдер отырғызылды. (слайд 25-26)
Дендросаябақтың Қошқар ата өзені бойындағы учаскесінде облыс әкімі А.Мырзахметовтың тапсырмасымен 2013-2014 жылдары аралығында өзен жағалауында демалыс аймағының құрылысы бойынша 587060,6 мың теңгеге келесідей жұмыстар атқарылды:
-
Өзен арнасын туралау, өзен табаның тазалау, тастан габьен жасау, жөндеу;
-
Суғару жүйелерін жүргізу және сыртқы су жүйелерін орнату, су бұрқақтарын орнату, қолданыстағы көпірлерді жөндеу және жаңадан салу
-
Жарықтандыру, беседка орнату, қоқыс жәшіктері, орындықтар және әжетханалар орнату
-
Өзен жиегінде аяқ жолдар салу
-
«Қошқар-ата» учаскесін толық қоршау жұмыстарын жүргізу
-
Су тарту станциясын салу
-
Көгалдандыру жұмыстары
-
Киім ауыстыру кабиналары, бақылау мұнаралары
-
Электр трансформаторларын қою, радио хабарлағыш және тағы басқалары
-
Әкімшілік ғимарат салу. (слайд 27)
Басқарма тарапынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту, қорғау, күзету бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Бірақ та, алдағы уақытта осы табиғи аумақтарда Сібір елігі мен Сырдария қырғауылдарының популяциясын ұлғайту мақсатында тұқымбақтар ұйымдастыру және Қаратау арқарының миграциясының экологиялық дәлізін құру жоспарланып отыр. Жаңадан құрылған ерекше қорғалатын аумақтың техникалық экономикалық-негіздемесінде аумақта визит орталығы, әкімшілік ғимараты, маусымдық демалыс орындары, этнографиялық ауылдар, әуесқой балықшылар демалыс аймағы қарастырылған. Ал, қала аумағындағы дендросаябақты дамыту үшін ашық жерлерде өсімдіктердің гендік қорын ұлғайтуға, жазғы демалыс және балалар алаңшалар жасау, спорттық сауықтыру аяқ жолдарын жасау, қосымша беседкалар мен су бұрқақтар жасау жоспарлануда.
Басқарма басшысы М.Отаршиев
ЖОБА
2014 жылы облыстық мәслихат
Достарыңызбен бөлісу: |