2 тарау. Кәсіби бағдар беру барысында оқушылардың жекелік қаситтерін диагностикалау.
2.1. Оқушылардың темпераментін зерттеу.
Дипломдық зерттеу барысында кәсіби бағдар беру жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін оқушылардың жекелік ерекшеліктерін зерттедік. Эксперименталдық зерттеу жұмыстары Сарығаш аудынының А.Байтұрсынов атындағы мектеп -гимназиясының жоғары сынып оқушылары арасында жүргізілді. Бұл параграфта балалардың темпераментін анықтауға Айзенк және Стреляу тестерін қолданып жүргізілген жұмыстың нәтижелері көрсетілген. Зерттеуге қатысқан балалар саны 36. Төменде Айзенк және Стреляу тестері келтіріліп, солардың көмегімен анықтаған балалардың көрсеткіштеріне сипаттама бердік.
Темпераментті Айзенк тестімен зерттеу.
Бұл тесті орта сынып оқушыларынан бастап ересек адамдарға дейін қолдануға болады.
Мақсаты: баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын (невротизмнің көрінісін) анықтау.
Орындау ережесі: «сізге 57 сұрағы бар бланкі мен жауап парақ берілді. Сұрақтардың әрқайсысына «ия» немесе «жоқ» деген жауап беріп оны жауап параққа жазыңыз. Дұрыс жауапты табу үшін көп ойланудың ешқандай қажеті жоқ. Өйткені бұл тапсырмалар арқылы білімді немесе ақыл-ойдың даму деңгейі бағаланбайды, берілген сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамың өз ойы өзіне дұрыс. Сондықтан ең бірінші ойға келген жауапты сұрақ номерінің тұсына жазыңыз».
Сауалнама.
1. Тынығу үшін, немесе ерекше сезімге бөлену үшін жаңалық іздеуге құмарлыққа жиі бөленесіз бе?
2. Сізді түсінетін, жұбататын және көңліңізді көтеретін достарға қажеттілікті жиі сезінесіз бе?
3. Өзіңізді уайымсыз адаммын деп есептейсіз бе?
4. Алдыңызға қойған мақсаттан бас тарту сізге қиын ба?
5. Іс-әрекеттерді бастамай тұрып, алдын-ала, асықпай ойланып аласыз ба?
6. Берген сөзіңізді барлық уақытта орындайсыз ба?
7. Сіздің көңіл- күйіңіз құбылмалы ма?
8. Жылдам сөйлеп, тез қимылдайсыз ба?
9. Ешқандай себепсіз өзіңізді бақытсыз адаммын деп есептеген уақытыңыз болды ма?
10. Дауласу барысында неге де болса бел байлауға даярсыз ба?
11. Сізге ұнайтын адаммен танысуға ұяласыз ба?
12. Қатты ашуланғанда не істегеніңізді білмей қалатын жағадай болады ма?
13. Жағдайға байланысты ойланбай әрекет жасауыңыз жиі болады ма?
14. Өзіңіздің айтқаныңыз немесе істегеніңіз туралы ойлар сізді жиі мазалайды ма?
15. Адамдар мен кездескеннен кітап оқығанды көбірек ұнатасыз ба?
16. Сіздің намысыңызға тиу оңай ма?
17. Компанияда жиі болғанды ұнатасыз ба?
18. Басқаларға айтқыңыз келмейтін ойларыңыз бар ма?
19. Кейде күшіңіз тасып, тауды қопаруға дайын болып, ал енді бірде әлсіреп қалатыныңыз рас па?
20. Өзіңіздің қарым-қатынас жасайтын ортаңызды ең жақын достармен шектеуге тырысасыз ба?
21. Арманға жиі бөленесіз бе?
22. Сізге дауыс көтергендерге солайша жауап бересіз бе?
23. Өз әдеттеріңіздің барлығын жақсы деп есептейсіз бе?
24. Сіз өзіңізді кінәлы деп сезінуіңіз жиі болады ма?
25. Сіз өз сезіміңізді жүгендеместен, көңілді компанияда жақсы тынығуға кабілеттісіз бе?
26. Керенау жағдайында жиі боласыз ба?
27. Басқалар сізді көңілді және еті тірі адам деп есептейді ме?
28. Бір істі бітіргеннен соң, ол тірлікті «одан да жақсы орындауға болар еді» - деген ойға бөленесіз бе?
29. Үлкен жиындарда өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?
30. Сіз өсек айтатын кездер болады ма?
31. Әртүрлі ойларға бөленіп, ұйқыңыз қашып кететін кез болады ма?
32. Бір нәрсені білгіңіз келсе сіз оны кітаптан іздейсіз бе?
33. Кейде жүрегіңіз қатты соғады ма?
34. Барлық көңілді шоғырландыруды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
35. Кейде қалтырап-дірілдеп кетесіз бе?
36. Сіз барлық уақытта шыныңызды айтасыз ба?
37. Бір-бірін әзілдеп отыратын компанияны ұнатпайсыз ба?
38. Сіз ашушаңсыз ба?
39. Тез шешім қабылдауды талап ететін жұмыс сізге ұнайды ма?
40. Сізді, еш уақытта болмаған неше түрлі сұмдықтар және қайғылы оқиғалар болып қалса не болар еді, деген ой жиі мазалайды ма?
41. Сіз асықпай, жай қимылдайтыныңыз рас па?
42. Жұмысқа, біреумен кездесуге жиі кешігесіз бе?
43. Жағымсыз түстерді жиі көресіз бе?
44. Сіз өте сөзшең болғандықтан әр кездескен адаммен әңгімелесіп қалуға тырысатыныңыз рас па?
45. Бір жеріңіз ауырады ма?
46. Достарыңызбен ұзақ уақыт жолыға алмасаңыз мазасызданасыз ба?
47. Сіз шыдамсыз адамсыз ба?
48. Таныстарыңыздың ішінде сізге ұнамайтын адам бар ма?
49. Өзіңізге сеніміңіз күшті ме?
50. Сіздің кемістіктеріңізді немесе жұмысыңызды сынаған сіздің намысыңызға тиеді ме?
51. Көптеген адам қатынасатын іс-шаралардан ләзаттанасыз ба?
52. Сіз өзіңізді басқалардан кем деп санайсыз ба?
53. Қызықсыз ортаны жандандырып жібере аласыз ба?
54. Өзіңіз білмейтін нәрсеңізді білетіндей болып көрсеткіңіз келеді ме?
55. Өзіңіздің ден саулығыңыз туралы қам жейсіз бе?
56. Басқаларды әзілдеуге құмарсыз ба?
57. Сізді ұйқысыздық мазалайды ма?
Нәтижесін бағалау кілті.
Экстраверсияны бағалау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп есептелінеді: Ия - 1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 46, 49, 53, 56; Жоқ-5, 15,20,29,32,37,41,51. 0-10 балл жинасаңыз сіз интровертсіз; 15-24 балл жинасаңыз сіз экстравертсіз; 11 - 14 балл - амбиверт көрсеткіші болып табылады.
Невротизмді анықтау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады: Ия-2,4,7,9, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 26, 28, 31, 33, 38, 40, 43,45,47,50,52,57;
0-10 эмоционалдық жағынан тұрақтылықтың көрсеткіші;
11-16 сезімталдық белгісі;
17-22 жүйке жүйесі күйзелгенінің белгісі бар; 23-24
невротизм патологияға жақындаған.
Өтірікшілік көрсеткішін анықтау:
Келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады.
Ия - 6, 24, 36; жоқ - 12, 18, 30, 42, 48, 54.
0-3 балл жинасаңыз сізге барлық уақытта сенуге болады.
4 - 5 - жалғандығыңыз көрініп тұр;
6 - 9 - жауаптарыңыз ақиқатқа сай емес, оларды өңдемей- ақ қойса да болады.
Бағалау шкаласы бойынша анықталған жиналған баллдарды жоғарыда берілген графиктің горизонталдық бағанына экстраверсия түсіріп, ал невротизм көрсеткішін вертикалдық бағанға орналастыру керек. Сол нүктелерден түсірген перпендикулярлардың қиылысқан жері зерттелушінің темпераментіндегі жетекші типті көрсетеді. Осы көрсеткіш бағандардың қилысқан жеріне жақын орналасса ол адамда барлық темпераменттің көрсеткіштері анық байқалатынының белгісі.
Көрсеткіштер бойынша мінездеме.
Сангвиник-экстраверт: тұрақты адам, әлеуметтендірілген, сыртқы дүниеге бағытталған, ашық-жарқын, қарым-қатынасқа құмар, кейде көп сөйлейтін, уайымсыз, көңілді, басшылыққа құмар, жолдас-жоралары көп, өмірсүйгіш.
Холерик-экстраверт: айнымалы адам, ашушаң, қозғыш, ұстамды емес, агрессиясы анық байқалатын, оптимист, белсенді, жұмысқа қабілетті және көңіл- күйі тұрақсыз, стресс жағдайында -психопат.
Флегматик-интроверт: тұрақты адам, байсалды, ашулануы қиын, ойшыл, іскер, ұстамды, сенімді, сыйысымды, қарым-қатынасқа жайлы, интеллектуал, жай қимылдайды, ұзақ уақытқа созылған қолайсыз жағдайда көңіл-күйін, ден- саулығын бір қалыпты сақтайды.
Меланхолик-интроверт: тұрақсыз адам, мазасыздануы күшті, пессимист, сыртқы көрінісі бойынша сабырлы, бірақ эмоциясы терең, оған ұзақ уақыт бөленіп жүреді, ойшыл, интеллектуал, стресс жағдайында ішкі кернеуі күшейеді, депрессияға ұшырап, денсаулығы, жұмысқа қабілеті төмендейді.
Зерттеу нәтижелері.
Зерттелінген 36 оқушының басым көпшілігі холерик-экстраверт көрсеткіштеріне жақын болды. Сондықтан олармен әңгімелесу жүргізгенде холерик температінің ерекшеліктерін жан-жақты түсіндіріп, өзін-өзі тәрбиелеу барысында шалағайлықты, көп жұмысты үстіртін істейтіндігі, ұрысқақтығы оларға табиғи жақын қасиет екенін атап өтіп, олар өздерін тәрбиелеу барысында осы теріс көрсеткіштердің әсерін төмендетіп, холериктің батылдығын, жаңалыққа құмарлығын, кешірімділігін нығайту керек екндігін де көрсеттік.
Айзенк тесті бойынша зерттелінушілердің
Темпераментін бағалау кестесі.
Бағаланатын көрсеткіштер
|
Зерттелінушілер саны
|
1. Экстраверттер
|
21
|
2. Интроверттер
|
8
|
3. Амбиверттер
|
7
|
4. Невротиктер
|
21
|
5. Эмоционалдық тұрақтылар
|
15
|
6. Өтірікшілер
|
31
|
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей зерттелінген 36 баланың 21 невротиктер, 31 өтірікшілер, басым көпшілігі холерик-экстраверттер болып шықты. Олардың мінез-құлық ерекшеліктерін балалардың өздеріне түсіндіру үшін талдауды тереңірек жүргізіп, темпераменттер көрсеткіштері бойынша әр зерттелінушшің мінездемесін жасадық. Сонымен қатар қосымша Я.Стреляу тестін қолданып темперамент ерекшеліктерін тереңірек анықтауға кірістік.
Темпераментті Я.Стреляу тестімен анықтау.
Мақсаты: темперамент типін және жүйке процестерінің тепе-теңдігін анықтау.
Орындау ережесі: Тесте берілген 134 сұрақтарға жауапты талдау арқылы темперамент көрсеткіштері мен жүйке процестерінің жүру ерекшеліктерін анықтауға болады. Сұрақтарға жауапты ия, жоқ, білмеймін деп беру керек. Жауап дұрыс немесе қате болуы мүмкін емес. Әр адамның өз жауабы өзіне дұрыс және сол адамның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан, қойылған сұрақтардың ретін бүзбастан, онша көп ойланбастан, үш вариант жауаптың біреуін жауап параққа жазыңыз. Білмеймін деген жауапты сирек қолданған жөн.
Сауалнама.
1. Сіз өзіңізді басқалармен тез танысатын адамдарға жатқызасыз ба?
2. Іс-әрекетке кірісу үшін басқалардан нұсқау күтесіз бе?
3. Жұмыстан шаршағаныңыз басылу үшін қысқа уақыт ішінде дем алғаныңыз жеткілікті ме?
4. Ыңғайсыз жағдайда жұмысты орындай аласыз ба?
5. Пікірталас болғанда тақырыпқа байланысы жоқ аргументтерді пайдаланасыз ба?
6. Ұзақ үзілістен соң жұмысқа қайтып оралуыңыз оңай ма (демалыс, каникул)?
7. Жұмысқа беріліп кеткенде шаршағаныңызды ұмытып кетесіз бе?
8. Біреуге берілген тапсырманың орындалуын шыдамдылық пен күтесіз бе?
9. Әр түрлі уақытта төсекке жататын болсаңыз, ұйықтауыңыз барлық уақытта бірдей жеңіл болады ма?
10. Сізге сеніп ашқан сырды құпияда сақтай аласыз ба?
11. Бірнеше апта немесе айлар бойы айналыспаған жұмысқа жеңіл ораласыз ба?
12. Шыдамдылықпен, ерінбей түсіндіресіз бе?
13. Терең ойланып істейтін істі жақсы көресіз бе?
14. Қызық емес жұмысты орындау барысында жалығып, ұйқы басып кетеді ме?
15. Күшті тебіренуден кейін жеңіл ұйықтайсыз ба?
16. Өзіңіздің күшті жағыңызды көрсетуге құмарсыз ба?
17. Бейтаныс адамдардың алдында өзіңізді еркін ұстайсыз ба?
18. Ашуыңызды басқаларға көрсетпеу сізге оңай ма?
19. Сәтсіздікте сабырлылық сақтайсыз ба?
20. Қажет болғанда, өз мәнерлеріңізді басқа адамдардың мінезіне икемдейсіз бе?
21. Ерекше жауапкершілікті талап ететін функцияны орындауға құмарсыз ба?
22. Басқалардың әсерінен көңіл-күйіңіз өзгереді ме?
23. Қиын-қыспақта өзіңізге сеніміңіз сақталады ма?
24. Пікірімен санасатын адамның алдында өзіңізді емін-еркін сезінесіз бе?
25. Күтпеген жерде күн тәртібі өзгерсе, сіз сасып қалмайсыз ба?
26. Қажетті жауапты тез табасыз ба?
27. Сіз үшін өте маңызды шешімді күту барысында байсалдылық көрсете аласыз ба?
28. Демалыс, каникулдың бірінші күндері сіз үшін жеңіл өтеді ме?
29. Тапқырсың ба?
30. Жүрісіңізді, тамақтануыңызды жай басарларға теңестіруіңіз оңай ма?
31. Дем алуға жатқанда тез ұйықтайсыз ба?
32. Сабақта, жиналыстарда сөз алуға құмарсыз ба?
33. Ашулануыңыз оңай ма?
34. Жұмысқа кірісіп кеткеннен соң оны тоқтатуыңыз оңай ма?
35. Басқаларға кедергі келтірмеу үшін үндемей отыруға қиналмайсыз ба?
36. Шағыстырушыларға ермей қаласыз ба?
37. Басқалармен тіл табысып жұмыс істеуіңіз оңай ма?
38. Шешім қабылдау үшін, барлық жағдайларды салыстырып көресіз бе?
39. Кітап оқығанда, автордың ойын басынан аяғына дейін қадағалап отырасыз ба?
40. Жолаушылармен әңгімелесіп отырасыз ба?
41. Егер, пікірталас нәтижесі жемісті болмайтынын білсеңіз, сол әңгімеге қатысудан өзіңізді ұстап қаласыз ба?
42. Нақты қимыл әрекетті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
43. Басқалардың пікірімен санаса отырып өзіңіздің шешіміңізді өзгерте аласыз ба?
44. Жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәртібіне тез үйренесіз бе?
45. Күндіз қызмет атқарған болсаңыз, түнде жұмыс істеуге шамаңыз келеді ме?
46. Әдеби кітаптарды тез оқисыз ба?
47. Кедергі кездескенде жоспарлаған нәрседен тез бас тартасыз ба?
48. Ұстамдылық көрсете аласыз ба?
49. Тез оянасыз ба?
50. Жылдам жауап бермей, ұстамдылық көрсете аласыз ба?
51. Шуға көңіл бөлмей жұмысты орындай аласыз ба?
52. Шындықты бетіне баспай, шыдамдылық көрсете аласыз ба?
53. Емтихан алдында, бастықпен сөйлесерде ұстамдылық көрсетесіз бе?
54. Жаңа ортаға тез үйренесіз бе?
55. Жаңалыққа құмарсыз ба?
56. Күндіз ауыр жұмыс істегеннен соң толық демалуға түнгі ұйқы жеткілікті ме?
57. Қысқа мерзім ішінде түрлі-түрлі әрекет жасауды талап ететін жұмыстан бас тартасыз ба?
58. Өмірде кездесетін қиындықтың басым көбін өзіңіз дербес шешесіз бе?
59. Өзіңіз сөйлеуден бұрын басқалардың пікірін тыңдап аласыз ба?
60. Жүзе білетін болсаңыз, суға кетіп бара жатқан адамды құтқаруға әрекет жасайсыз ба?
61. Қажырлы еңбек етуге қабілеттісіз бе?
62. Ескерту жасау артық болып түрса, өзіңізді ұстап қала аласыз ба?
63. Жұмыс орныңызға мән бересіз бе?
64. Бір жұмыстан екіншісіне ауысуыңыз оңай ма?
65. Маңызды шешім қабылдау үшін барлық мүмкіндіктерді салыстырып көресіз бе?
66. Басқалардың оқшау мінезіне қатты ашуланасыз ба?
67. Басқа адамның тіршілігіне үңілмеу, қағаздарын оқымау сізге оңай ма?
68. Біркелкі орындалатын жұмыстан жалығасыз ба?
69. Көпшілік ортасында тәртіп сақтау сізге оңай ма?
70. Артық дене қимылын жасамай сөйлеу, жауап беру сізге қиын ба?
71. Көңілді ортаны жақсы көресіз бе?
72. Көп күшті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
73. Ұзақ уақыт жұмысқа беріліп істейсіз бе?
74. Жылдамдықты талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
75. Қиын кезеңде ұстамдылық көрсетесіз бе?
76. Ұйқыдан оянғаннан соң төсектен бірден тұрасыз ба?
77. Өзіңіз тапсырманы орындап болғаннан соң басқалардың бітіргенін сабырмен күтесіз бе?
78. Жағымсыз жағдайды көргеннен соң бұрынғыдай ынтаменен әрекетіңізді жалғастырасыз ба?
79. Күнделікті басылымдарды жылдам қарап шығасыз ба?
80. Басқалар түсінбейтіндей жылдам сөйлейтін кездеріңіз болады ма?
81. Ұйқыңыз қанбаса жұмысты сапалы орындай аласыз ба?
82. Ұзақ уақыт үзіліссіз жұмыс істей аласыз ба?
83. Бас немесе тіс ауруы мазалағанда жұмыс істей аласыз ба?
84. Басқалар сізді күтіп, көңіл көтеріп отырғанын біле тұрып алаңдамай жұмысыңызды аяқтайсыз ба?
85. Төтенше сұрақтарға тез жауап бересіз бе?
86. Тез сөйлейсіз бе?
87. Қонақ келетін болса өз жұмысыңызды саспай орындайсыз ба?
88. Сенімді дәлелдер әсерімен өз пікіріңізді өзгертуіңіз жеңіл ме?
89. Шыдамдысыз ба?
90. Өзіңізден жай қимылдайтындардың жұмыс темпіне икемделе аласыз ба?
91. Өз уақытыңызды ұйымдастырғанда, бірнеше бір-бірімен үйлесімді жұмысты қатар орындауға шамаңыз келеді ме?
92. Көңілді компанияда қобалжығаныңыз басылады ма?
93. Бірнеше істерді қиналмастан бір уақытта орындайсыз ба?
94. Көшеде болған қайғылы оқиғаның куәгері болсаңыз, өмірге деген сеніміңіз сақталады ма?
95. Нақты қимылдарды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
96. Жақын адамдарыңыз істі болғанда салқын қандылық көрсетесіз бе?
97. Қиын жағдайларда өзіңізге сенесіз бе?
98. Бейтаныс адамдар арасында, үлкен топтың ішінде өзіңізді еркін сезінесіз бе?
99. Қажет болса сөзіңізді бірден тоқтата аласыз ба (жиналыс, кино, спектакль басталғанда)?
100. Басқалардың жұмысты атқару ережесіне икемделуіңіз оңай ма?
101. Іс-әрекет түрлерін өзгертуге құмарсыз ба?
102. Төтенше жағдайда басқалардың әрекетін басқаруды мойныңызға аласыз ба?
103. Жағдай көтермейтін кезде күлкіңізді баса аласыз ба?
104. Жұмысқа бірден кірісіп кетесіз бе?
105. Келіспейтін нәрсеңізге қарсы сөз айтасыз ба?
106. Уақытша депрессияға бөленбеуге шамаңыз келеді ме?
107.Ақыл-ой қызметінен қатты шаршағаннан соң күндегідей ұйықтайсыз ба?
108. Ұзақ уақыт, ішкі кернеу қыспай, күте аласыз ба (мысалы, кезекті)?
109. Нәтижесі сәтсіз болатынын білсеңіз, оған араласпай тұрасыз ба?
110. Тартыс-талас кезінде саспастан дәлел іздейсізбе?
111. Күтпеген жерде өзгерістер туғанда дұрыс шешімін таба аласыз ба?
112.Сізге өтініш жасағанда тыныштық сақтайсыз ба?
113. Сізге өтініш жасамай ақ медициналық процедуралардан өтесіз бе?
114. Бар күшіңізді салып жұмыс істеуге даярсыз ба?
115. Демалыс өткізу, көңіл көтеру жайыңызды ауыстырып тұрасыз ба?
116. Жаңа күн тәртібіне үйрену сізге оңай ма?
117. Төтенше жағдайларда басқаларға көмек көрсетуге асығасыз ба?
118. Спорт жарыстарын, цирк өнерін тамашалаған кезде өз әсеріңізді ерекше дыбыстар мен қимыл әрекеттер арқылы білдіресіз бе?
119. Көпшілікпен сөйлесуді талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
120. Өзіңіз бет-әлпетіңіздің көрінісін қадағалайсыз ба?
121. Дене күшін талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
122. Өзіңізді ержүрек адаммын деп есептейсіз бе?
123. Күтпеген жағдайда дауысыңыз өзгереді ме?
124. Сәтсіздікке кездескенде барлығын тастай салмауға шамаңыз келеді ме?
125.Сізге өтініш жасаса ұзақ уақыт тыныш отыра аласыз ба?
126. Егер күлкіңіз біреудің намысына тиетін болса, сіз өзіңізді ұстай аласыз ба?
127. Тұнжыраған көңіл-күйіңіздің жарқын жүзге айналуы оңай ма?
128. Сізді күйгелектендіру оңай ма?
129. Қоршаған ортаның салт-дәстүрін сақтау сізге оңай ма?
130. Көпшіліктің алдына шығуды ұнатасыз ба?
131. Жұмысқа ұзақ даярлықсыз кірісіп кетесіз бе?
132. Өз өміріңізді тәуекелге тігіп, басқаларды құтқаруға барасыз ба?
133. Қимыл әрекеттеріңіз ширақ па?
134. Жауапкершілікті талап ететін жұмысты ынталанып мойныңызға аласыз ба?
Бағалау шкаласы:
Жауап кілтке сай келсе - 2 балл; Жауап сай келмесе - 0 балл; Білмеймін
деген жауап - 1 балл.
Өңдеу кілті:
Қозу күшін анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе шкала бойынша бағаланады:
Ия - 3, 4, 7, 13, 15, 17, 19, 21, 23, 24, 32, 45, 56, 60, 66, 72, 73, 78, 81,82,83,94,97,98, 102, 105, 106, 113, 114, 117, 121, 122, 124, 130, 132,133,134;
Жоқ-47, 51, 107,123,
Тежелу күшін анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе ол шкала бойынша бағаланады:
Ия - 2, 5, 8, 10, 12, 16, 27, 30, 35, 37, 38, 42, 48, 50, 52, 53, 59, 62, 65, 67, 69, 70, 75, 77, 84, 87, 89, 90, 96, 99, 103, 108, 109, 110, 112, 118, 120, 125, 126, 129;
Жоқ- 18,34,36, 128.
Жүйке процестерінің динамикасын анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе ол шкала бойынша бағаланады:
Ия - 1, 6, 9, 11, 14, 20, 22, 26, 28, 29, 31, 33, 40, 41, 43, 44, 46, 49, 54, 55, 64, 68, 71, 74, 76, 79, 80, 85, 86, 88, 91, 92, 93, 95, 100, 101, 104, 111, 115, 119, 131;
Жоқ-25, 57, 63, 116.
Қозу және тежелу процесстерінің көрсеткіштері 42 және одан жоғары болса, өлшенген жүйке процесінің күшті жүретінін көрсетеді.
Қозу және тежелу процестерінің ара қатынасы жүйке процестерінің тепе-теңдігін көрсетеді. Егер ара қатынасы 1-ге жақын немесе тең болса ол көрсеткіштің иесі байсалды болады, қозу көрсеткіші басым болса - ол адамның қозғыштығын, ұстамсыздығын көрсетеді, ал тежелу басым болса - ол адамның тормоздан шығуы қиын, тежелгіш екенінің белгісі болады.
Зерттеулер нәтижесі келесі кестеде көрсетілген.
|
Аты-жөні
|
қозу
|
тежелу
|
Ара қатынасы
|
1
|
Асанбай Е.
|
48
|
42
|
1,1
|
2
|
Абуталип Ж.
|
51
|
43
|
1,2
|
3
|
Абдуллаева Г.
|
60
|
46
|
1,3
|
4
|
Бегалиева М.
|
42
|
42
|
1
|
5
|
Бегман С.
|
44
|
44
|
1
|
6
|
Бурабаев Қ.
|
45
|
42
|
1,1
|
7
|
Дарханбаева С.
|
48
|
46
|
1,1
|
8
|
Дәметкен У.
|
49
|
45
|
1,2
|
9
|
Ешмуратов Ғ.
|
46
|
46
|
1
|
10
|
Елшібай Д.
|
44
|
44
|
1
|
11
|
Қалижанова Б.
|
45
|
42
|
1,1
|
12
|
Камақова Ж.
|
19
|
38
|
0,5
|
13
|
Көлбай Р.
|
46
|
42
|
1,1
|
14
|
Кемелов Б.
|
47
|
39
|
1
|
15
|
Ламашев Ә.
|
44
|
42
|
1
|
16
|
Махамбетова Г.
|
42
|
42
|
1
|
17
|
Макеева Ж.
|
49
|
41
|
1,1
|
18
|
Мақулбек У.
|
51
|
42
|
1,2
|
19
|
Мамбетов К.
|
29
|
48
|
0,6
|
20
|
Нағашыбаева Л.
|
45
|
45
|
1
|
21
|
Ниғмет Ш.
|
48
|
41
|
1,1
|
22
|
Оразбай Д.
|
41
|
49
|
0,9
|
23
|
Омарханулы Д.
|
38
|
49
|
0,9
|
24
|
Оразалиев Б.
|
46
|
41
|
1,1
|
25
|
Пазылбек Ж.
|
47
|
46
|
1,1
|
26
|
Райымжан А.
|
43
|
49
|
0,9
|
27
|
Рахымбекова 0.
|
49
|
43
|
1,2
|
28
|
Райстан К.
|
46
|
42
|
1,1
|
29
|
Садықова Ж.
|
51
|
41
|
1,2
|
30
|
Сарымурат Г.
|
43
|
42
|
1
|
31
|
Сапарбаева Н.
|
49
|
43
|
1,2
|
32
|
Турсынова Н.
|
48
|
40
|
1,2
|
33
|
Тасболат Б.
|
46
|
46
|
1
|
34
|
Темірәлі 0.
|
47
|
41
|
1,2
|
35
|
Шораева М.
|
42
|
42
|
1
|
36
|
Шертай П.
|
44
|
41
|
1,1
|
Барлақ көрсеткіштерді қорытындылап келгенде сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі қозғыш, қозу процесі тежелуден басым екені анықталды. Бұл балаларға өзін ұстамдылыққа тәрбиелеп, байсалдылыққа, басқа адамдарға кешірімді болуға өзін үйретпесе олардың жауабы тітіркендіргіштің күшінен көп басым болуы мүмкін. Ондай адамды халық шыбық тимес, шық етер деп жақтырмаушылықпен атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |