Жоспар: Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы


ДӘРІС 9 КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІҢ ТҮСІНІГІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ ЖҮЙЕСІ



бет2/5
Дата15.06.2016
өлшемі441 Kb.
#137176
1   2   3   4   5

ДӘРІС 9 КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІҢ ТҮСІНІГІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ ЖҮЙЕСІ
1. Криминалистиканың түсінігі

2. Криминалистік әдістеменің бастаулары, әдістеме жүйесі
1. Криминалистиканың түсінігі

Криминалистикалық әдістеме – дегеніміз ғылыми ережелердің жүйесі және солардың негізінде жасалатын қылмыстық жекеленген түрлерінің алдын алу, тергеу, ашу және ұйымдастыруы бойынша ұсыныстар. Криминалистиканың жалпы теориясы негізінде криминалистік техника және тактиканың нақтыланған және анықталған категориялары қылмыс түрлерін тергеуде қолданылады, яығни криминалистік техника және тактиканың ережелері тергеу және сот органдарының тәжірибесінде дәл осы криминалистік әдістеме арқылы іске асырылады.Криминалистік әдістеме қылмыстың әрбір жекеленген түрінің ерекшелігіне сүйеніп, криминалистік техника мен тактика ұсыныстарды қолданудың нәтижелі тәсілдерін тағайындайды.

Криминалистік әдістеменің негізінде әрбір қылмыс өзіне тән жеке ерекшеліктерімен белгіленетіні туралы ереже жатыр, бірақ бұл жекелік қылмыстың ортақ белгілерін жоққа шығармайды, керісінше бір түрдегі қылмыстардың жалпы белгілерін белгілейді. Криминалистік әдістеме тергеу үшін қылмыстың бір түрлілігін анықтайды.

Криминалдситік әдістеменің мақсаттары:

А) Жалпы мақсаты – құқық қорғау органдарымен қылмыстарды ашу, тергеу және болдырмау үшін әрекеттесу;

ә) Арнайы мақсаттары:

- қылмыстың ерекшелігін оныфң бөлік түрін криминалситикалық аспектіде үйрену;

- әр қылмыстарды жедел тергеу, және алдын алуды жалпылау және үйрену;

Қылмыстың бөлек түрлерін ашу, тергеу және алдын алуды дәлелдеген ғылыми ұсыныстарды дайындау.
2. Криминалистік әдістеменің бастаулары, әдістеме жүйесі

Криминалистік әдістеменің бастаулары:

- Құқық (заң) — Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері (олардың қылмыс кұрамына белгілерін, қылмыстык істер бойынша дәлелдеу пәнін және шегін бекітетін нормалары және т.б.);

- Ғылым – криминалистиканың өзі, қылмыстық құкык, қылмыстық іс жургізу, криминология, сот психологиясы, сот медицинасы ғылымдары және т.б. ғылымдар;

— Жедел тергеу, ашу және алдын алу тәжірибесі. Криминалистік әдістеме кағидалары немесе криминалистиканың осы бөліміне жүктелетін, негізгі жалпы талаптар мынадай:

- қылмыстарды тергеудің зандылығын қамтамасыз ету; әдістемелік ұсыныстардың нақтылығы, жалпылығы және жекелік сипаты;

— жеке криминалистік әдістеме ұрылымында сатылардың болуы (тергеу сатыларына сәйкес);

тергеуді жүргізудің түрлі мән-жайлары туралы арнайы ескертулер әдістемелік нұсқаулар;

— жеке криминалистік әдістемелердің құрылымдык бірлігі (анықталған түрлерге, категорияларға қатысты);

- кылмысты тергеуге қатысты тұлғалардың және басқа түлғалардың қауіпсіздігін камтамасыз ету;

ұқсас кылмыстардың криминалистік сипаттамасы негізінде жеке бір қылмыс түріне криминалистік әдістемелер кұру.



Криминалистік әдістеме жүйесі. Криминалистік әдістеме жүйесінде екі негізгі бөлікті белгілеуге болады:

а) криминалистік әдістеменің жалпы ережелері;

ә) қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемелері (жеке криминалистік әдістеме).

Криминалистік әдістеменің жалпы ережелері — ол осы белімнің теориялық негізі, оның негізін қалаушы бастаулары, яғни криминалистік әдістемелердің теориялық негізі болып табылады.

Олар мынадай элементтерден тұрады:

- криминалистік ғылымының бөлімі ретінде криминалистика әдістемесінің үғымы, мазмұны және жүйесі;

— криминалистік әдістеменің пайда болу тарихы және дамуы, оның бастаулары, мақсаттары мен қағидалары;

— жеке криминалистік әдістеменің түсінігі, классификациясы және құрылымы.



ДӘРІС 10 .КІСІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІ
1. Қылмыстық іс қозғау және кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы

2. Кісі өлтірудін криминалистік сипаттамасы


  1. Қылмыстық іс қозғау және кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы

Адамға қарсы жасалатын қылмыстардың ішінде ең қауіптісі кісі өлтіру кылмысы болып табылады. Бұл қылмыстарды ашу ерекше қиын және жұмыс көлемі үлкен болғандықтан, кісі өлтіру бойынша істерді күрделілігіне қарап, жоғары категорияға жатқызуға болады.

Кісі өлтіру Қазакстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабында қарастырылып, айтылғандай бұл басқа адамға, құқыққа қарсы қасақана келтірілген өлім болып табылады.

Кісі өлтіру туралы қылмыстык. іс қозғау негіздері мыналар:

а) Кісі өлтіру белгілері бар мәйіттің (немесе оның беліктерінің) табылуы;

ә) Өлтірілуі мүмкін екендігі нұсқалған жағдайда адамның жоғалуы;

Мәйіттің (немесе оның бөліктерінің) табылған жағдайында іс козғау туралы мәселені шешу-ерекше қиыншылықтар тудырмайды.

Егер оқиға болған жерде мәйітті қарағанда қасақана кісі өлтірілгенін, өзін-өзі өлтіргенін немесе жазатайым жағдайда өлгенін аныктау қиын болса, осы мәселені тергеу барысында шешу үшін қылмыстык іс козғау қажеттілігі өзінен-өзі туатындығы белгілі.

Дене зақымын келтіру арқылы жәбірленушіні емірінен айыру немесе мұндай мақсатсыз кісі өлтірушілікке қастандык жағдайларында да мәселе оңай шешіледі.

Адам жоғалған жағдайда іс күрделі бола түседі. Өйткені, із-түссіз жоғалушының кай жерде екендігі жайлы мәліметтердің жоқтығы, оның өзінің жақындарына қайда және неліктен жоғалғандығын хабарлау мүмкіндігінің болмауы. Сондықтан адам жоғалуына байланысты іс козғар алдынан тексеру жүрізіледі, -оның мақсаты: жоғалған адам тірі ме, болмаса оның жоғалуы зорлап өлтіруге байланысты ма екенін анықтау.

Егер тексеруде жоғалған адамды белгілі бір мерзімге дейін ешкім көрмесе немесе одан хабар болмаса, ол туыс-туғандарына бармаса және туыстарына өзінің бір жақка кеткендігін хабарламаса, ол өзі тұратын үй басқармасын, жұмыс орнын немесе оқитын жерін және басқа да ұйымдарды хабарландырмаса, ал оның жеке құжаттары және нәрселері үйінде қалса, оның бір жаққа кетуі туралы ойлары белгілі болмаса, онда жоғалған адамның зорлықпен өлтірілуі мүмкіндігі негізді деп есептеліп, оның өлтірілуі туралы қылмыстык іс қозғалады.




  1. Кісі өлтірудін криминалистік сипаттамасы

Кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасын мына элементтер құрайды: қылмысты жасыру; қылмыскердің жеке тұлғасы мен жәбірленуші туралы мәліметтер.

Қылмысты жасалу тәсіліне карай кісі өлтіруді екі негізгі түрге бөліп қарауға болады:

— ашық түрде кісі өлтіру, яғни кісі өлтірушінің жанында оны білетін адамдардың болуы.Егер көрген адам болмаған жағдайдың өзінде де, кісі өлтіруші өзінің істеген ісін және кінәсін жасырмаған жағдайда.

— жасырын түрде кісі өлтіру, яғни қылмыстың ешкім көрмеген жағдайда жасалуы, кылмыскердің өз кінәсін белсенді түрде жасыруға тырысуы, куәгерлер катынасқан жағдайдың өзінде бейтаныс адамның қылмыс жасап, жауапкершіліктен құтылып максатын іске асыруы.

Қылмыстың бұл түрі тергеу үшін күрделі болады. Тергеу әдістемесін жасағанда кісі өлтірудің әдістерін зертгеумен қатар, олардың қылмыстарын жасыру тәсілдерін де зерттеу керек. Кісі өлтірушілер көбінесе бір нәрсені теріс көрсетуге тырысып, түрлі айла жасайды. Әр түрлі жағдайларға сәйкес олар: табиғи болған өлім, өзін-өзі өлтіру, жазатайым жағдайда, абайсызда бол-ған өлім және т. б. көріністер.

Кылмыстының айлаларын анықтау барысында мына негізгі факторларға көңіл бөлінуі кажет: жәбіренушілерге өлтіру уақытында жасалған закымдардың сипаттамасы және өзін ақтайтын дәлелдердің шынайылығы.

Кісі елтірушілер мәйітті немесе оның бөліктерін жәбірленушінің кім екендігін танытпау үшін жасыруға тырысады. Мәйіт басының кесіліп алынуы, бүлдірілуі (құлақ, мұрын, ерін, көз шығарулары мүмкін), бас терісін сыпыруы, өртеуі суға батырылуы, дененің бөлшектелініп тасталуы мүмкін.

Қылмыскер өлім болған жердегі өз ізін және киіміне түскен таңбаларды жоюға тырысады. Іздер мен басқа да заттай айғақтар сәйкес материалдары болуға, кылмыскердін іс-әрекетгері туралы айтуға мүмкіндік береді.

Өлтіру құралдарындағы қол іздер кейде кісі өлтірушінін солакай екендігін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Қылмыс жасау тәсілдері туралы мәліметтерді пайдаланып, негізгі түлағалардың арасынан қылмысты кім жасағанын аныктап, болжауға болады.

Қылмыстар деректі жағдайда жасалынады. Жағдайды зерттеп, қылмыскер мен жәбірленушінің әрекеттеріне әсер еткен объективтік факторларды, окиға тетігін, өлтіру тәсілдерін анықтауға болады.

Мысалы: қаладан алыс емес (ағаш отырғызылған) жерден жас ер адамның мәйіті табылған. Мәйіттің, жанында жатқан қанды еске түсіретін, қызыл қышқыл түсті шаш жабысқан үлкен тас, тергеушінің пікірінше кісі өлтіру құралы деп танылды. Окиға болған жерде алыс-жұлыс іздері болмаған. Өлтірілген адамның жаңа костюмі мен аяқкиімі, қалтасында ақша болған. Осылар-дың бәрі өлтіру қасақана емес, таластан, кек алудан, жәбірленушінің таныстары тарапынан болған деген ойға әкелді.

Қылмыскер мен жәбірленуші туралы мәліметтер криминалистік сипаттаманын, маңызды бөлігін құрайды. Оларды зерттеу, әсіресе тергеудің бастапқы кезеңінде жасалған қылмыстың себебі мен оларға әсер еткен жағдайларды ашуға көмектеседі. Көптеген адамдар қылмыс жасағандарына дейін жүйелі түрде қоғамдық тәртіпті бұзып, күш көрсетумен айналысатындығын байқатқан.

Қылмыскерлер жүйелі түрде спирт ішімдіктерін шамадан тыс ішіп, құқық бүзу әрекеттерін мас күйлерінде жасайды. Өлтіру алдында жағдайлар болады, болашақ жәбірленушілер кей жағ-дайларда өздерін дұрыс ұстамайды. Көбінесе, әйелдер ерлерінің өмірі мен денсаулығына қастандык, жасайды: мастықтан, кол жұмсаудан, қорлық көрсетуден.

Егер өлтіру себептеріне көңіл бөлінбесе, олар: бұзақылық пиғылдар, қызғанушылық, пайдақорлық, баска қылмысты жасыруға тырысуы және т.б. онда қылмыскердің жеке тұлғасы толық зерттелмейді.

Кісі өлтірушілік қылмыстық-құқық классификациясы нормалар негізінің әр түрлі классификациясына жатады, олардың негізі болып субъективтік тараптың (кінә түрі, ниет пен мақ-саттары) моменттері болып табылады, өлтіру алдындағы жағдай, жәбірленушінің тәртібі (жан күйзелісі жағдайында, қажетгі қорғаныстан аскан жағдайда өлтіру), мұнда криминалистік классификация тәсілдері кең колданылады.

Кісі өлтірушілік жасалу тәсілі бойынша олар дайындалып жасалған ба, әлде жок па, дифференциялануы мүмкін. Статистикалык мәліметтердің куәландыруы бойынша көптеген қылмыскерлер кісі өлтірушілікті дайындалмай жасайды, жәбірленуші өміріне қасаканалық кенеттен пайда болып, сол арада жүзеге асырылады.

Болжамдар жасау негіздері:

зорлықшыл өлім сипаты және оның тікелей себептері; жәбірленушінің жеке түлғасы; қылмыс жасалған орын; сезіктінің ену және кету жолы; кылмыскерлердің болжамды саны; жәрбірленушінің жеке байланыстары; қылмыскер өзімен бірге алып кеткен заттар; қылмыскерге жататын заттар; мәйіттің жатқан қалпы; мәйіттегі жараның сипаттамалары; өлтіру құрал-саймандары; жедел мәліметтер мазмұны.

Қылмыс жасауда қылмыскер тандап алған тәсіл, әз кұрбандығымен қатынас жасау кезіндегі оның тәртібі, оның денесіндегі іздер осы адамның психикасындағы ауытқушылық, тетіктер туралы куәландырады және психиатриялык, наркологиялык мекемелерде есепте тұратын, тәртібі ерекше сипатталатын адамдарды іздеп табуға көмектеседі.

Қылмыстың бұл түріне қылмыс іздерін жасыру бойынша шараларды кең тарату тиімді. Бұл екі жағдаймен ескертіледі:

а) ауыр қылмысты жасағандығы үшін жауапкершіліктен бас тарту (зорлаған, құрбандықпен өлтіру);

б) құрбандықпен байланысы бар (туысқандық, таныстық, қарым-қатынастық);

Арасында сезіктілер болатын типтік тұлғалар тобына мыналар жатады:

а) сондай кылмыстармен бұзақылықтар үшін бұрын сотталғандар — 37 пайыз.

ә) жақындары мен таныстары.

б) жүйке ауруымен ауыратындар.

в) қоғамға қарсы тәртіппен көрінген кәмелетке толмағандар топтары.

Мәйітті бөлшектеу арқылы өлтірудің біразын жәбірленушінің туыстары немесе жақын таныстары жасайды, бұлар «тұрмыстық өлтірушілср» деп аталатындар: Әйелдер адам өлтірерде колдарына балға, балта, үтік, асхана пышағы т.б. алады.

Қылмысты жасау тәсілдерінің қылмыстық-құқыктық дифференциясы аса зұлымдықпен жасалған кісі өлтіру немесе көп адамның өміріне қауіп келтіру тәсілімен. Сол әрекетіне сипаттама жасау үшін маңызы бар ғана емес, қылмысты тергеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін керек, бұларда материалдың және идеялық іздерде көрінетін қылмыскер әрекетінің дайындалуы, оны жасыруға байланысты істер түрлерін көрсетеді.

Нақты әрекеттер спецификасы криминалистік аспектіде қылмыстық нәтижеге жетуге бағытталған және осымен өз суреті көрінетін шарттылық қылмыс жасау қолданудағы құралдарға сипаттамалар мен оларды пайдаланудың тәсілдері көрінеді.

Кісі өлтірушілік жасағанда бұл құралдардың, ату құралдарының әр түрлілігімен, зорлауда жәбірленушінің қарсылығын тойтару өдістері мен құрал-жабдықтарына (қылқындыру, ұру) байланысты анықталады.

Пайдаланатын кұралдардың нақты түрі оған байланысты типтік із қалдырып кана қоймай, қолдану шарттарын да анықтайды: арнайы адаммен (дағды, күш, табу мен дайындау мүмкіндігі) құралдардың сипатына сәйкес қолданудын орны мен уақытын таңдау, жасырыну тәсілдері.

Қылмыс жасауда құралдар пайдаланудың түрлерін есептеп криминалистік әдістемеде өлтірудің мынадай тәсілдерін бөліп қарайды:

Мылтықты пайдалану.

Қара күшті пайдалану (тұншыктыру, суға батыру).

Тұрмыс заттарын пайдалану.

Улы және уландыратын заттарды пайдалану.

Қылмыс жасаудың типтік іздік суреті материалдық және идеалдық көріністердің барлық жиынтығын, қылмыскер мен жәбірленушінің іс-әрекетімен жасалған, әрбір нақты жағдайда қылмыс жасаудың тәсілінің тікелей көрінісі болып табылады да, қылмысты ашудың жолдары мен мүмкіндіктерін анықтайды.

Мылтықтан болған жараларды қараудың ерекшеліктері бар: жараның кірген және шыкқан тесіктерінің белгілері: бытыраның шашылуы анықталады, мәйітте және киімде дәрімен күйе іздері барлығы тексеріледі, мәйіт жанынан мылтық қолданылғандығын куәландыратын заттардың іздерін табу шаралары қолданылады.

Тұрмыстық құралдар арқылы салынған жаракаттардың нысандары әр түрлі болады: жарты ай, бұрышты, дөңгелек т.б. Жарақат нысанына өтпейтін құралдардын, қозғалу бағыты мен формалық түрі әсер етеді. Егер өлім жарақат салынғаннан кейінгі алғашқы тәулікте жеткен болса, онда таңба жиектерінде шіру процесінің іздері көріне бастайды.

Өтпейтін құралдармен салынған жаралар біркелкі емес, көбінесе жыртылған болады, жара шеңберінде зақым зонасы (көгерген, езілген) көрінеді.



Тұншықтыру, суга батыруды көрсететін белгілер. Түншык,тыру: ілмекпен немесе қолмен, өзінің белгілері бойынша асы-ып өлуді еске түсіреді, бірақ оның өзіне тән белгілері бар:

ілмек-тұзақ салған жердегі жоғарғы терінің көгергені;

бет терісінде, әсіресе қасында көптеген қан тамырлары қиылғандығы көрінеді;

тілі салбырап тістерінің арасынан шығып тұрады;

странгуляциялық тілім көлденең бағытга болады және ілмек жанынан үзілісі болмайды.

Суға батыру — егер сұйықта адамның басы ғана көрініп тұрса, онда ол суға батырылған деп есептелінеді.

Өзендер мен шағын көлдерде суға кеткен адам денесі су түбіне түседі және қатты ағыс болмаса бір орында калады. Шіри бастағанда мәйіт су бетіне қалқып шығады (жазда 2—3 күн, қыста 10-20 күн ішінде).

Мәйіттің суда қанша жатқандығын тері түсінің өзгеруіне карап шамалауға болады: 2-6 сағаттан кейін саусақ ұштарының терісі аздап ісініп, ағарады; 2—5 тәуліктен кейін алақан терісінің барлық беті ісінген, әжімденген сияқты болады, ақ түске енеді; 7—15 күннен соң қолдың сыртқы терісі түсе бастайды, 30—40 күн өткен соң тырнақтарымен бірге мәйіт дақтары білінеді. Бүл процестер су температурасына байланысты етеді. Судан мәйітті шығарғаннан кейін өлім туралы соңғы пікір сот-медициналық зерттеу нәтижесінде айтылады.

Улану әр түрлі химиялық заттар арқылы болады және әр түрлі сипаттамалармен қоса өтеді.

Кісі өлтіруді тергеудің алгашқы кезеңі. Қаралып отырған кылмысты тергеудің бастапқы сатысы екі негізгі жағдаймен айқындалады:

а) Қылмыс белгілерін көрсететін материалдық іздердің бар болуы (мәйіттің табылуы, оның бөліктері, қан іздері, өлтіру

құралдары);

ә) Адамнын жоғалып кетуі немесе қылмыстың ізі болмаса да, қылмыс болды деген хабар түскен.

ҚР ҚІЖК-нің 177-бабына сай қылмыстық іс козғауға себептер мен негіздер.

мәйіттің табылуы туралы азаматтардьщ, лауазымды түлға-

лардың арыздары;

мәйіттің мәйітханаға түсуі, немесе кісі өлімінің жараланудан, уланудан болғандығы туралы медицина мекемелерінің хабарлауы;

жәбірленушілердің оларды өлтіруге немесе оларға қастандық жасауға дайындық бар екендігі туралы арыздары;

кісі өлтіруші мен оның сыбайластарының өз кінәсін мойындап келуі;

қылмыстык іс қозғауға құқылы органдар мен лауазым иелерінің кылмыс туралы мәліметтерді өздерінің анықтауы.

Тексерудін алғашқы сатысында шешілетін анықталуға бағытталған негізгі мәселелер: а) кылмыс жасалған орын; б) зорлап өлтіру немесе өлімнің басқа да себептерден болуы; в) егер зорлықпен өлтіру болса, оны жасаудың тәсілі; г) құрбандықты, өлтірушіні, сыбайластарды анықтау; д) өлтірудің ниетін анықтау.

Алғашқы тергеу кызметтері:

Оқиға болған жерді және мәйітті қарау. Мәйіт табылғанда оқиға болған жерде бірінші рет сырттай карайды. Өлімнің себебі мен түрін анықтау және жәбірленуші жайында мәліметтер жинау, жасалған кылмыс іздерін табу үшін жүргізіледі. Табылған мәйітте жарақаттары барлығын тексеруге ерекше көңіл аударылады. Қару-жарак, жәбірленушінін денесінде терең із қалдырып, адам денесінің өмірлік маңызды орындарына жарақат

келтіреді.

Қарау-тергеу қызметінің маңыздыларының бірі болып табылады. Оның нәтижелері барлық алдын ала тергеу істерінің табысты болуын анықтайды.

Оқиға болған жерді қарағанда, ең бірінші қылмыскердін, ізіне дереу түсуді, оны іздеуді ұйымдастыруы қажет.

Кісі өлімінде сот-медициналық, сарапшы-дактилоскопшылар, биологтер, сот-жедел суретке түсіру мамандары немесе бейнежазу, ал қажет болған жағдайларда баллистер мен өрт техниктері де қатынасады.

Бұл, оқиға болған жерді ұқыпты, дәл қарауға, болған жағдайды қайта қалпына келтіруге (қылмыс болғанға дейінгі), айғақ заттарды, т.б. іске маңызы бар объектілерді алуға мүмкіндіктер жасайды.

Қарау объектілеріне мыналар жатады: үй-жай немесе қылмыс болған ашық жерлер, жәбірленушіге дене закымдарын салған заттар, мәйіттің өзі.

Оқиға болған жер мен мәйітті ұқыпты қарау мыналарды анықтайды:

Өлімнің болған уақыты, тергеуші хаттамада өлімнің болған уақытын анықтайтын мәліметтерді жазады: мәйіттегі дактардың болуы мен сипаты, мәйіттің қатаюы, шіри бастау, ауаның температурасы.

Жәбірленуші мен қылмыскер арасында алыс-жұлыс болғандығы, сынған жиһаз, аударылып қалған орындықтар, сынған ыдыс-аяқтар т.б. куә болады.

Қылмыскер мен жәбірленушінің тұрған жерлері: соңғысына жарақат салу, ұрып-соғу т.б. мертігулер. Бұл мәселе мәйіттің жату қалпымен орнын тексеріп-зерттеуден, жаралар, қан таңбаларын анықтаумен шешіледі.

Өлтірушілердің саны, олардың өлтіру орнына баруы мен қайту жолы, бұл қылмыскерлердің іздеріне дереу түсуге мүмкіншілік береді.

Қылмыскерлердің саны туралы мәселе оқиға болған жерде қалған аяк, аяқкиім, қол іздерін, шылымның қалдықтарын т.б. зерттеу жолымен шешіледі. Тергеуші оқиға болған жерді қарау үстінде криминалистік құрал-жабдықтармен табу тәсілдерін, іздерді алу мен анықтауды және баска да заттық айғақтарды дұрыс пайдалана қолданып, шеберлік көрсетуі қажет.

Атыс, атылған оқ, гильзалар мен тығындар бойынша ату құралдар түрін, моделін, маркасын, жүйесін, ара қашықтықты және ату бағытын анықтауға болады.

Табылған жерінде мәйітті сырттай қарау сот дәрігері, ол болмағанда басқа дәрігердің қатысуымен жасалады. Маман өлімнің болу дерегін көрсетіп кана қоймай, өлімнің қай уакытта болғандығының уақыт шамасын анықтайды, тергеушіге басқа заттай шығындардың іздерін анықтауға, ашуға көмектеседі.

Оқиға болған жерді қарау — бұл тергеуші немесе сол орында анықтама ізін жүргізуші қылмыстық іс жүргізуші заң тәртібімен тағайындалған рет бойынша жағдайды және басқа да болған оқиға жайларын анықтау мақсатымен атқарылатын іс-әрекет, іс үшін маңызы бар қылмыс іздерін анықтау, оларды алу мен басқа да заттық айғақтарды анықтау мен табу үшін жүргізіледі. Қараудың негізгі міндеттері:

а) қылмыс іздерін табу;

ә) басқа да заттай дәлелдерін табу;

б) болған оқиға жағдайын анықтау;

в) іс үшін маңызы бар баска да жағдайларды аныктау;

г) тергеушінің барлық іс-әрекетін және барлық табылғандарды сол күйінде, сол қалпында, сол ретпен қарау мезгілінде қалай болғанын қағазға түсіру;

д) карау кезіндегі барлық алынған заттарды тізімдеу;

е) қарау процесіндегі алынған заттар мен құжаттарды сақтауға шаралар қабылдау.

Заң қылмысты іс қозғағанға дейін оқиға болған жерді қарауға рұқсат етеді.

Істі қозғауға бола ма, болмай ма, окиға болған жерді біліктілікпен зерттелгеннен кейін ғана қорытынды шығаруға болады.

Сондықтан да, қылмыстық іс жүргізу заңы, окиға болған жерді қарауды ешкандай кезек күттірмейтін іс-әрекет деп есептеп, тергеушіні анықтау органын дереу окиға болған жерді қарауға міндеттейді, бүл іс-әрекетсіз қылмыстык іс козғау мүмкін емес.

Оқиға болған жерді қарағанда жіберілетін типтік қателер мыналар:

Криминалистік мәселелерді әлсіз шешкенде: іздеу жұмыстары жапа шегеді, үстіңгі жағында жатқан нәрсе ғана жазылып-түсіндіріледі.

Қараудың жүйесіздігі.

Алғашқы сатының жиі қайталанатын типтік кемшіліктері:

Оқиға болған жерді қарауда ат үсті жүргізілуі;

Хаттамаға криминалистік акпаратты дәл түсіндіріп жазбау;

Анықтаудың фотографиялык әдістерін сапасыз пайдалану;

Микрообъектілер анықталмайды, зерттелмейді, жазылып-хатталмайды: ластар, киім мен аяқкиімдегі, қолдағы және дененің басқа бөліктеріндегі;

Теріс жағдайлар анықталып талданбайды.



Жәбірленушіден жауап алу. Жәбірленушіден өз уақытында жауап алу, істің жағдайлары туралы толық та шын көрсетпелер алуға, кінә мен олардың жақындарына жәбірленушіге әсер етпеуге жағдай жасайды.

Уақыт өте оның көрсетпелері өзгеріске түсуі мүмкін, ол бір нәрселерді ұмытады, басқа біреудің ырқына көнуі де мүмкін болатын жағдайда, т.б.

Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қастандық жасау нәтижесінде ол қатты қозу үстінде болса, одан жауап алуға болмайды.

Аса ауыр жүйке-психикалық жағдайды түсіру үшін тергеуші тыныштық, сенімділік жағдайын, қылмысты тез ашу мен кінәліні жазалаудың тез болатындығына сендіру керек.

Жәбірленушіден қылмыс жасау окиғасын катынасты жағдайлар туралы жауап алу кажет (уақыт, орын, тәсіл, жағдай қылмысқа дейін, қылмыс уақытында және онан кейін): кылмыскердің осы кезеңдегі ара қатынасы, дене жаракаттары және құралдар, жәбірленуішнің тәртібі мен жағдайы, мүлікті зиян мөлшері жауапкершілікті жұмсартатын немесе қатайтатын жағдайлар, қылмыс болу оқиғасын куәландыратын дәлелдемелер және оның нақты бір адаммен жасалғандығы.

Егер жәбірленуші оқиға болған жерде толық және дәл керсетпелер бере алатын мүмкіндігі болса, онда жауап алуды сол арада өткізген жөн.

Тек мүдделі болғандықтан, жөбірленушінің көрсетпелеріне сын көзімен карауды қажет етеді. Оған шабуыл жасаудын сылтау, әдепсіздік, дөрекілік, біреуді соғу істерін оның жасыру мүмкіншілігі де жокка шығарылмауы керек.

Куәлер және көзімен көргендерден жауап алу. Окиға болған жерді қараумен бір мезгілде тергеуші немесе оның тапсырмасы бойынша қылмысты іздеу қызметкері куәларды анықтап, олардан жауап алады.

Ең бірінші кезекте жауап алатындар:

Қылмысты көзімен көргендер, мәйітті тапкан адамдар, қылмыс жасалып жатқанда онымен болғандар, туысқандары, таныстары, жәбірленушінің өмірін жақсы білетіндер.

Куәларды анықтау мақсатында окиға болған жерде сұрау жүргізіледі, жақын маңайдағы үйлердің тұрғындарымен, ұйымдар мен кәсіпорын қызметкерлерімен әңгіме жүргізіледі, басқа ішкі істер органдарына сұрау салынады, автобус, трамвай, троллейбус, электропоезд, автовокзал жүргіншілеріне хабарланады, жергілікті баспасөз, радио, теледидарға хабарлама беріледі,

егер қылмыс көлікпен жасалса, онда автошаруашылық, техстанция, жөндеу орындарына, жедел-іздестіру шаралары қабылданады.

Куәлар есебінде жәбірленушіге медициналық көмек көрсеткен дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қарағанда, жәбірленушілер жиі жағдайда ашық болады.

Куәгерден жауап алу барысында мыналар анықталады:

Қылмыс кайда? Қашан жасалды? Бастаушы кім? Қандай құралмен денеге жаракат салынды немесе өлтірілді? Қылмыс құралы қайда болуы мүмкін?

Мәйітті кім, қашан және қандай жағдайда тауып алды? Мәйіт жанындағы нәрселер не? Қаза тапқан кім?

Қашан, оны кіммен бірге соңғы рет көрді? Ол не істегісі келген еді? Қай жақка бара жатты? Өзін қалай ұстады? Не айтып еді? Жәбірленушіні үйінен кім шақырды? Қайда? Неге кетті? Өзімен бірге нәрсе, акша алды ма?

Тергеуші куәгерден жеке жауап алады, егер аз уақыт ішінде бірнеше тергеу әрекеттерін жасау керек бола, онда жеке куәгерден жауап алуды анықтау органына жүктейді.

Қылмысты көзімен кәрген адамнан жауап алганда, мыналар анықталуга тиіс:

— қашан және қандай жағдайда куәгер окиға болған жерге тап болды;

— болып жаткан оқиғаны қандай қашықтықтан көрді (қашықтық, ол жерге жарық түсуі);

— өлтірілген кім? Куәгер ол кісімен карым-қатынаста?

— өлтірілген кім?

— өлтірушілер нешеу болды?

— бұл адамдар куәгерге таныс па? Олармен қарым-катынас қандай?

— олардың әрқайсысының белгісі, киімі, аяқкиімі кандай?

— олар қашан қай жақтан қандай көлікпен келді?

— бір мезгілде ме, әлде әр кезде ме? олардың келу реті қалай еді?

— олар өзара не туралы сөйлесті? Жәбірленушімен ше? Бірін-бірі өзара қалай атады?

— өлтіру алдында не болды?

— өлтірілушілердің әрқайсысында кандай кұралдар, қару бар?

— олардың әркайсысьның іс-кимылы қалай, дененің кай жеріне қайсысы немен тұрды?

— өлтірілер алдында жәбірленуші өзін қалай ұстады оның тәртібі жанжал тудыруға сылтау болған жоқ па?

— жәбірленуші қарсылық жасады ма? Жасаса қандай?

— жәбірленуші өлер алдында өтініш айтты ма? Өсиет ше?

— Өлтірушілер жәбірленушіден не алды?

— Қылмыс жасалған жерде кісі өлтірушілер пайдаланған немесе түсіріп, жоғалтқан нәрселер қалды ма?

— қай жаққа, қандай көлікпен кетті?

— қылмыс жасалған жерде өлтірілер алдында кімдер тікелей болды, бұл адамдар не айта алар еді?

— өлтірілгеннен кейін оқиға болған жерде не болды жағдайға кандай өзгерістер енгізілді?

Өлейін деп жатқан жәбірленушіні немесе мәйітті ең алғаш анықтаған куәгерлерге мынадай сұрақтар қою жөн:

Қашан? Қандай жағдайлар күшімен куәгер окиға болған жерге тап болды?

Онымен бірге тағы кім болды?

Куәгерге жөбірленуші белгілі ме?

Ол келгенде жәбірленуші тірі ме еді? Не айтты?

Жәбірленушінің өмірін құтқаруға кім, не жасады?

Егер куәгер жәбірленушіні тірі күйінде көрмесе, мәйітгің қалпы, үстіндегі киім жайы қандай еді?

Тергеуші келгенге дейін окиға болған жерде қандай өзгерістер енгізілген? Мәйіттің қалпы мен жатқан орны өзгерді ме? Қанды біреу сүртті ме?

Жоғарыда көрсетілген тұлғалардан жауап алуда олар мәйітті қандай жағдайларда тапты? Сол мезетте жанында немесе окиға болған жерде жақын кім болды? Ол адам қай жаққа жасырынды, оның белгі түрі қандай?

Жәбірленуші табылғанда, ол өз есінде ме? Не айтты? Мәйіт айналасындағы жағдай қандай болды? Куәгер мәйітке жақындады ма? Оның жату қалпын езгертпеді ме? Полиция қызметкерлері келгенге дейін оқиға болған жерден кетпеді ме? Олай болса, ол кезде мәйіттің жанында кім қалды?



Сот медициналық сараптамасын тагайындау. Кісі өлтіру туралы істер бойынша жүргізілетін тергеу істерінің ішінде ең маңызды орынды сот-медицина сараптамасы алады, оны тағайындау дене жарақаттары сипаты мен өлімнің болу себептерін анықтау үшін міндетті болып табылады.

Сот-медициналық сараптама мынадай мәселелерді шешу үшін тағайындалады:

а) Жасалынған қылмыстың жағдайлары: өлімнің себебі мен уақыты. Мәйітте дене жарақаттары бар ма? Олардың саны, локализациясы, сипаты және пайда болу тетігі? Закымдардың қайсысы тірісінде, қайсысы өлгенінде жасалған? Дене жарақаттарының табылу реті? Жарақат жасаған кездегі жәбірленуші қандай күйде болған?

ә) Өлтіру алдындағы жағдайлар: жәбірленуші қанынын құрамында алкоголь бар ма? Оның концентрациясы мастықтың қандай дәрежесіне сәйкес? Жәбірленуші өлтірілгенге дейін тамақ ішті ме? Өлім алдында жыныс катынасы болған ба?

б) Өлтірудің құралдары: жәбірленушіге салынған дене жарақаттары бір немесе бірнеше құралмен жасалған ба? Кұралдың түрі, нысаны, мөлшері, жарақат сараптамаға ұсынылған құралмен жасалмады ма екен?

в) Жәбірленуші тұлғасы: бөлшектенген мәйіт денесінің бөліктері бір адамға жата ма? Жынысы, жәбірленушінін бойы қандай? Жәбірленуші тірі кезінде қандай аурулармен ауырған? Қандай операциялар болған? Оның ағзасында патологиялық өзгерістер бар ма? Ішкі органдарынын. Ауытқуы (аномалиясы) ше? Тіс аппараты құрылысының ерекшеліктері? Жәбірленуші қанының тобы қандай?

г) Сезіктінің тұлғасы: қаны қандай топқа жатады? Мәйітті бөлшектеген адам анатомия саласынан білімі және секционды техникадан практикалық дағдылары бар ма? Бөлшектеуді жасаған тұлға солақай емес пе?

д) Қылмыстың сылтауы мен мақсаты: мәйіт денесінде зорлықпен жасалған жыныс катынасына жататын іздер және екі қабаттылықтың белгілері бар ма? Жәбірленушілерге қорлық керсету сипаты, олар кұрбандылықтың ерекше азап шегуіне соққан жоқ па?

е) Мүмкін қылмыс болмай, инценировка жасалған шығар? Мәйіттің денесіндегі жарақаттар жәбірленушінің өз қолымен жасалынған емес пе? Мәйіттің дене жарақаты оның киімінің бүлінуіне сөйкес келе ме? Егер олай болған жағдайда, оны қалай түсіндіруге болады? Жәбірленушінің мойныдағы ілмек-түзақ елгеннен кейін салынған емес пе? Мәйіттің табылған жері өлтірілген жермен сәйкес келе ме?

Сот-медициналык зерттеу үстінде (мәйітті) сарапшы алдында кейбір күмәнді мәселелерді шешетін фактілер де анықталуы мүмкін. Сонымен қатар шұғыл түрде тексеруді қажет ететін жағдайлар да анықталуы мүмкін, мұндайда сот-медициналық сараптамасы жүргізілсе, оған тергеушінің қатынасуы аса кажет.

Сараптамаға материалдарды дайындауда, тергеуші ең алдымен, ауру тарихын (амбулаториялық карта) алады. Егер онда қажетті мәліметтер жоқ болса, онда дәрігерден, хирургтен, емдеуші дәрігерден жауап алынады. Сарапшыға ауруды қарау мүмкіншілігін берген дұрыс, дәрігерлерді, баска да куәлер мен айыптаушылардын хаттамаларымен танысу өте маңызды болып саналады.

Сезіктіден жауап алу. Мұндай жауап алуы жоспарлау мен оны өткізудің тәсілін тандап алуды тергеушінің қылмыстардын жағдайларынан шыға отыра жүзеге асырылады: дәлелдемелер жинау, жауап алынушынын. жеке басы туралы мәліметтер.

Ашық өлтірілгеннен кейін, қылмыскер көбінесе өз кінәсін жасырмайды. Мұндайда жауап алудың негізгі мақсаты жасалған жағдайлардын барлық мәнісін ашу мен өлтірудің сылтауын анықтау болып табылады.

Анық емес жағдайларда жасалған өлім туралы істер бойынша сезіктілер жауап беру кезінде күту ұстанымын жиі ұстанады, тергеуші кандай дәлелдемелермен оның өлтіру ісіне катысты екендігін дәлелдейтіндігін білуге тырысады, сонан кейін ез кінәсін мойындау жолына түседі. Өз кінәсіын мойындамаған сезікті жауап беруде жалған алиби ұсынады, қылмысты баскалар жасады деп немесе жәбірленуші езін-өзі өлтірген, не болмаса жазатайым жағдай болған деп мәлімдейді.

Мәйіті табылмаған кісі өлтірушілікті тергегенде сезіктілер жоғалған кісі тірі, әр түрлі себептермен тығылып жүр деген жорамал да ұсынады. Жауап алу барысында сезіктілерден дүрыс мәліметтер алу тергеушінің алынған акпаратты шеберлікпен қолдана білуіне байланысты: өз қолындағы дәлелдемелерді дұрыс қолдана білуіне, сондай-ақ жауап алуда айла тәсілдер қолданудың үлкен маңызы бар: жауап берушінің логикалық ой-пікір қорытындысын айтуға қозғау салу, оның дәлелдемелерін зерттеуге қатынасуға шақыру, тергеуде анықталған фактілердің мәнін түсіндіру.

Сезікті өзінің тұрған жерінде жиі ұсталынады. Тұрғын жайға ену үшін сезікті дауысын танитын адамдардың көмегіне сүйену керек. Бірақ қарулы қарсылықтың болатынын ескеріп, бұл адамдардың қауіпсіздігін камтамасыз ету шараларын ұйымдастыру кажет. Ұсталған сәттен бастап-ақ жеке тінту ісін жүргізіп, қылмыс құралын немесе баска затгар мен құжаттарды тауып алу керек.

Куәландыру. Егер жәбірленушінің, сезіктінің, айыптаушының денесінде қылмыстық іздері бар деген мәліметтер болса, онда сот-медициналық сараптамасы немесе куәландыру өткізіледі.

Сезіктінің денесінде оған жәбірленуші қарсылық көрсеткенде салынған қарсыласу іздері болуы мүмкін ( тырнау, дененің көгеруі,т.б.)

Куәландырылушының денесінде окиға болған жердегі заттардың бөлшектері қалуы мүмкін: (бояу, техникалық майларт.б) қан ізі де болады.

Ұсталған адамның тырнағының астында қан, мата талшықтары, басқа да дүниелер болуы мүмкін, сондықтан да зерттеу үшін алынады.

Куәландыруда ерекше белгі-таңбаларды анықтау мақсатында да жүргізеді: татуировкалар, біткен жаралар мен таңбалар, көп өскен түк-шаштар, денедегі ақаулар тағы басқалар.

Хаттамада мыналар көрсетіледі: кім куәландырылды, сезіктінің. денесінде кандай жарақаттары (тырналған, қанталаған) олардың саны, түрі (ашық жара) тыртық, тырнақ ізі, дененің қай бөлігінде, мөлшері, жағдайы, нысаны, түсі, зақымдалған түстағы тері қабатының жайы.

Қан ізі болған жағдайда оның формасы мен орналасуы көрсетіледі.



Тінту. Окиға болған жерді қарағаннан кейін бірден тінту жүргізуге болады егер іс үшін маңызы бар заттары, іске мүдделі адамдар тығып қойды деген негіз туса және қылмыскер пәтерде, үйде, қора-қопсыларда тығылып жатыр деген жағдай туса.

Іс үшін маңызы бар заттар туралы мәліметтер оқиға болған жерді, мәйітті қарағанда, куәлардан жауап алғанда, басқа да тергеу іс-әрекеттерін жүргізгенде алынады.

Тінту қылмыс жасау құралдарын іздегенде киім мен аяқкиімді (оны сезікті қылмыс жасағанда киген) заттардың, оның бөліктерін, сол арадан тапқанда жүргізеді.

Тінту жүргізе отырып, тергеуші қылмыс кұралы болып табылатын заттарды да көңіл қоя карауы керек. Заттарды алғанда хаттамада олардың қайдан табылғандығын, сыртқы пішінін, түрін, мөлшерін ерекше белгілерін, жағдайын, іздін бар-жоғын көрсетуі кажет.

Мәйітті не оның беліктерін іздегенде. Оларды жасыру мен көмудің барлық мүмкін болатын орындарын ұқыпты тексеру керек: мұражайды, құдық ішін, үй шатырын, қазылған шұңқырларды.

Мамандар мәйіт іздейтін және басқа да іздеуші құрал-жабдықтарымен көмектеседі.



Кісі өлтірудің жеке турлерін тергеу ерекшіліктері.

Жоғалып кету туралы мәліметтер бойынша қозғалған істерді тергеу ерекшіліктері.

Мұндай жағдайларда көбінесе мына жорамалдар тексеріледі:

Жоғалған адам тірі, бірақ бір себептерге байланысты өзі туралы білдіре алмайды, ауруға байланысты жоғалған адам кенеттен қайтыс болған немесе жазатайым оқиғаға ілініп қаза тапты не баска да қылмыс текті емес жағдайларда опат болды.

Алғашқы екі жорамалды тексеру мақсатында не анықтау керек:

Жоғалған адам не оның мәйіті ауруханаға, мәйітханаға басқа да медициналық мекемелерге түскен жоқ па?

Сотталғандар мен тұтқындалғандар арасында жоқ па?

Ізденуші адамның мәйіті, танылмаған мәйіттер ішінде емес пе?

Жоғалған адам туралы төлқұжат пен әскери есеп мәліметтерінде жоқ па?

Іздеуші адам өзінің бұрынғы мекенінде, туған жерінде, туыстарының тұрған жерінде тұрмай ма?

Жоғалған адам тергеу және сот орындарынан қашып жүрген жоқ па?

Немесе тұратын орнын тұрмыс жағдайына байланысты өзкерткен (отбасынан кетіп қалу, қарыздарын өтеуден қашу, тағы басқалар) жоқ па?

Егер кісі өлтірушілікке негіз бар деп ұйғарылса, онда ең бірінші кезекте мәлімдеушіден жауап алынады: содан жоғалушыньң туысқандарынан, дос-жарандарынан, қызметтес адамдардан жауап алынады.

Жоғалғанға дейінгі жағдайларды анықтау процесінде мына мәселелер анықталады: бұл кісіні соңғы рет қашан керді? Алдағы жоспарлары қандай еді? Оның тәртібімен көңіл-күйінде ерекшеліктері байқалмады ма? Ол соңғы кезде біреулермен жанжалдасқан жоқ па? Егер олай болса оған себеп не? Оның туыстарының, көршілерінің, қызметтестерінің және таныстарының ішінде оның өлімін тілеушілер бар ма? Жоғалушы қалай киінген еді, оның өзінде қандай заттар, киімдер, құнды заттар бар еді.

Жоғалған адамның тұратын орны қаралады: тұрғын үй-жай, қора-қопсылары мен оған тиісті жер орындары;

Жақында болған жөндеу іздеріне ерекше көңіл аударылады: бөлмелердін. орналасуының өзгеруі, жердің жаңа қазылған учаскелері.

Егер кісі өлтіру мен мәйітті бөлшектеу түрғын жай ішінде болса, онда қылмыскерлердің ізі, олар қанша әрекеттенсе де қалып қояды. Паркет плиткалары, не тақтайлар арасындағы саңылаулардағы нәрселерді зерттеу үшін алу кджет; кейде жеке тақтайларды көтеру керек, паркет плиткасын, онын астында қан ізі бар-жоғын анықтау үшін алу керек.

Үй іші тұтыну заттарында саусақ іздері қалмаған ба? Соны білу үшін тексеру кажет. Жоғалған жәбірленушінің жұмыс, тұрғын орнын тінту барысында мәйіт, қылмысты жасау кұралы, киімдері басқа да нәрселері, оның құжаттары, хаттары ізделінеді.

Мысалы: жоғалған азамат Амановтың әйелінің айтуына қарағанда, ол оны баска қаладағы қарындасын іздеп кеткеннен бері көрген жоқ. Қарындасы Амановтың келгендігін, үйіне сыйлықтар әкеткендігін және оны қайтадан жолға шығарып салғандығын айтты.

Амановтың үйге қайту жолында жоғалуы жайында тексеру ешқандай мәліметтер анықтай алмайды. Кейін Амановтың үйіне тінту жүргізілгенде, оньң соңғы сапарында ұлына деп сатып алған пальтосы табылды. Бұдан шығатын болжам: Аманов үйіне келгеннен кейін ғана өлтірілуі мүмкін, өлтірілушіні осыдан іздеу керек. Көрсетілген бағыттағы тексеру қанағаттанарлық нәтижелер берді. Әйелі күйеуінің кайтып келген бетінде өлтірілгендігін және оның мәйітін жасырын түрде жерлегенін мойнына алды.



Мәйіттің бөлшектенуіне байланысты кісі өлтіруді тергеудің ерекшіліктері. Кісі өтірушілікті тергеуде өлтірілген кім екендігі туралы мәселе көп қиыншылықтар туғызбайды. Өлтірілген адамның ата-тегі, қызметі, түрған орны туралы тергеушіге қылмысты көзбен көргендер, не мәйітті алғаш көрген таныстары айтып береді.

Кейде мәйітте жеке құжаттар, тегі мен мекенжайы бар хаттар, поштаға хат-хабарлар салғаны туралы квитанциялар болады.

Бірақ қандай талассыз жағдайда болса да қате танудын, мүмкіндігі бар екендігін ешқашан естен шығармау керек.

Бұл туралы Вершинскийдің өлімі туралы істі айтуға болады. Өлген адамнан табылған құжаттарға да сене беруге болмайды.

Жәбірленушіде баска адамның қағаздары болуы да мүмкін, не қылмыскердің тергеушіні адастыру үшін әдейі қалдырған кұжаттары да болады.

Жәбірленушінің жеке басын анықтаудағы қате тергеуді жалған жолға салуы мүмкін. Өлтірілген адамның жеке тұлғасы бұл мәселе бойынша бірнеше іздеу көздерінен түскен мәліметтерді тексерістен өткізгеннен кейін ғана толық анықталады деп есептеледі (бірнеше адамның оны жеке тануы, құжаттар арқылы тану).

Мәйіттің бөлшектері табылған жағдайда тергеу алдындағы бірінші міндет келтірілген адамның жеке тұлғасын анықтау, кісі өлтіру болған орынды іздеп, мәйіттің бөлшектелген жерін табу.

Мәйіттің жетпейтін бөлігін іздеу ісі кең аумақта мәйіттің бөліктері немесе бөлігі табылған жерлерден ізделінеді. Мүнымен қатар қолында қол сөмкесі, корзинкасы бар, яғни мәйіт бөлігін ораған орамаға ұқсас заттар ұсталған кісіні жергілікті тұрғындардан кездестіргендері бар ма, сол сұрак анықталады.

Сот-медициналық сараптамасы алдына мына мәселелерді қоюға болады: зерттеуге мәйітгің қандай бөлігі әкелінген, ол адамдікі ме, жануардікі ме; адам денесінің бөлігі бір мәйітікке ме, болмаса бірнешеуінікі ме; мәйіттің денесін бүзуға қандай құралдар пайдаланылған; өлген адам хирургиялық операциядан әткен бе; ол қашан болған; мәйіттің ерекше таңбасы жок па; бөлшектеген кісінің анатомия саласына білімі жоқ па; мәйіт бөлігінде қандай жарақаттар бар; олардын қайсысы тірі уақытында, кайсысы елгеннен кейін салынған; қандай құралмен өлтірілген; бөлшектеу осы кұралмен жасалған емес пе (егер кұрал болса).

Қылмыскер қалдырылған іздерді, көлік құралдарының іздерін анықтау үшін, мәйіт бөлігі табылған жерді ұкыпты қарау керек.

Өлтірілген адамның жеке басына немесе өлім болған жерге мәліметтер алғаннан кейін тергеуші қылмысқа, мәйітке катысты заттай дәлелдемелердің немесе қылмыс іздері сақталып қалуы мүмкін болған жерлердің бәріне тінту жүргізеді. Кісі өлтірушілік және мәйітті бөлшектеу болуы мүмкін деген тұрғын жайларды тінткенде басты көңілді қаннын ізіне аудару қажет.

Киімдерді, шүберектерді, арқандарды және мәйіт бөлшектерін құнтақтау үшін пайдаланылады деп таныткан басқа да зат-тарды қолға түсірудің маңызы да аз болмайды.



Өзін-өзі өлтіру, жазатайым жагдай немесе табиги әлім сияқтандырып жасырылган кісі әлімін тергеудің ерекшіліктері. Кейде қылмыскерлер өздері жасаған кісі өліміне жазатайым жағдай, өзін-өзі өлтірген деген түр беруге тырысады. Кісі өліміне жазатайым жағдай кейпін беру үшін қылмыскерлер өлтірілген кісінің мәйітін темір жол рельсіне, поезд алдына апарып тастайды, мәйіт жатқан үйді өртейді.

Өзін-өзі асу, өзін-өзі өлтірудің кең тараған түрі. Сондықтан да қылмыскерлер осы тәсілді жалған түрде қолданады. Мұндай жалғаншылықты сот-медициналык сарапшының көмегімен странгуляциялык тілімді зерттеу тәсілмен, оқиға болған жердің, мәйітті, іздерді қарау, заттық дәлелдемелерді зерттеумен анықтауға болады.

Мәйіт ілулі түрған жерді қарап, жағдайды зерттеп мына сұраққа жауап іздеу керек: жәбірленуші ілмекті езі байлаған ба, оған басын өзі сұққан ба, әлде баска адамдардың әрекет іздері қалған ба?

Мәйіт жанында бөтен заттардың болуы, болмауын да анықтаған жөн, оларды өзін-езі өлтіруші аяғының астына қоюы мүмкін.

Өлгеннен кейін странгуляциялық тілімнің бар екендігін анықтау, қылмыскердің кісі өлтіруді жасағаннан кейін оны өзін-өзі өлтірген етіп, іліп қойғанын дәлелдейді.

Қолмен тұншықтырғанда мәйіт мойнында саусақ, тырнақ іздері қалады. Арқан бекіткен жерде де қол саусақтарының ізі болуы мүмкін. Ондагы саусақтардың іздерін мәйіт саусақтарының іздерімен салыстыру керек.

Өзін-өзі өлтіру мүмкіндігін аныктау үшін тергеуші сот-медицина сарапшысының алдына мына сұрақтарды қояды: жәбірленуші денесіндегі жарақаттарды тірі кезінде өзі салмады ма екен; бұдан кейін ол арнайы әрекеттер жасады ма; осы жарақатпен ол қанша уақыт өмір кешуге тиіс еді.

Жәбірленушінің өзін-өзі физикалық жағынан соққы бере алмайтын дене жарақатының болуы, жасырылған кісі өлімі болған деген жорамалға келуге болады.

Мәйітті сот-медициналық зерттеу тірі және өлгеннен кейінгі жарақаттардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.

Егер өлер алдында қалдырған жазу болса, оның жәбірленушінің жазғандығы және қашан жазылғандығын анықтау қажет. Тергеуші жазуды криминалистік сараптамаға жіберіп, оның не жалған еместігін анықтатады. Жақындары мен таныстарынан жауап алу, хаттарды зерттеу, күнделіктерді оқу арқылы өлген адамның өзін-өзі өлтіруге себебі болып па еді, соны анықтайды.

Күшпен емес өлтіруді жалған көрсету кісі өлтіруді жасырудың тәсілі ретінде кәрі кісілер мен сырқат адамдарды өлтіруде жиі қолданылады.

Улап өлтіру мүмкіншілігі бар болғандықтан қараған кездегі ұнтақтарды, таблеткаларды, ампулаларды алу қажет. Жәбірленуші пайдаланған және мәйттің тікелей жанында тұрған барлық ыдыс-аяқтарды және асхана құралдарын карау және алу керек. Дәрігер анықтамалары мен ішірткілер, медициналық әдістемелерден алынады.

Жуынатын бөлмеде, дәретханада құсык, зәр қалдықтары, қан, түкірік тағы басқалар табылуы мүмкін.

Мәйітттің ішкі ағзаларын химиялық зерттеулермен сот-медициналық сараптама еткізу, емдеуші дәрігерден жауап алуда алынған, ауру тарихындағы, баска да мәліметтер жасырылған өлімді анықтауға, өлімнің шын себебін айқындауға көмектеседі.



Балаларды өлтіруді тергеудің ерекшіліктері. Балаларды өлтіру туралы қылмысты істердің жиі козғалуы:

зорлап өлтіру белгісі бар сәбидің мәйітін табуға байланысты;

жеке азаматтар, патронаждық бикелер, АХАЖ органдарының босанған әйелдің не босанатын әйелдің баласы жоқ, не ол болып, жоғалып кетті деп берілген анықтама-арыздары негізінде;

медицина мекемелерінен үй жағдайындағы туып-өлген баланың мәйітін сот-медицина зерттегенде зорлап өлтіру белгілері байқалғандығын, оның кісі өлтіруге негіз екендігі жөніндегі мәліметтердің түсуі, медицина мекемелерінен көмек сұраған әйелде жақында бала туу белгісі болғандығы, бірақ оны ол мойындамауы.

Бала өлтіру туралы әрбір іс бойынша, зорлықпен өлтіру белгісі бар мәйіт табылуына байланысты, тергеуші мынаны анықтауы тиіс: баланың жасы және оның өлімі туғаннан кейін болмады ма екен; Сәбидің әмір сүру кабілеті болды ма? Қанша тұрды? Өлімнің себептері кандай? Егер бала өлтірілсе, қандай тәсілмен?

Сот-медициналык сарапшының қатысуымен қарау болғанда: мәйіт жағдайы, жарақаттары мен қанжындар, баланың белгілері, бойы, салмағы, терісінің сыртқы түрі және онын, қасиеттері, белгілері, қылмыстық тәсілі мен құралдарын куәландырушылар зерттеледі.

Заттар қаралады және ресми хатталады (кәрпелер, каптар, сөмкелер, мәйітті ораған ак жаймалар, т.б.)

Киімдерде сәбилер үйінің биркасы (таңбасы) болуы мүмкін.

Өлім қашан болды, туғаннан кейін бала қанша уақыт өмір сүрді? Осы сұраққа жауап алғанан кейін тергеуші баланың туу мерзімін, екіқабат әйелдің шама-жасын анықтап, солардың арасынан өлген сәбидің анасын табуға мүмкіндік алады.

Аудандық денсаулық бөлімі, патронаждық бикелер және әйелдер консультациясынан олардың бөлімшелерінде, мекемелерінде екіқабат әйелдер, бала туғандары бар ма, жоқ па, соны анықтау керек.

Көше комитеттері, қоғамдық орындар арқылы осы араға қысқа уақытқа екіқабат әйелдер келген-келмегендігі анықталады.

Дәрімен атылатын қүралдарды қолданып жасалган кісі өлтіруді тергеудің ерекшіліктері. Окиға болған жерді қарағанда сол жердегі каралуға тиісті объектілер мен із іздеу және басқа да заттай дәлелдемелерді, дәрімен атылатын құралдарды қолданумен байланысты, негізгі көңіл соған бөлінеді.

Жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру, жазатайым жағдайға байланысты болжам мүмкіншіліктерін тексеру мақсатында, дәрімен атылатын құралдарды пайдалануға байланысты, басқа да мәселелерді шешу үшін тергеу эксперименті мен сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалады.

Кінәліні іздеу жөніндегі шараларды жоспарлауда тіркеу органдарынын, (оқ-гильза, техника, ойықты дәрімен атылатын құралдарды пайдалануға байланысты, басқа да мәселелерді шешу үшін тергеу эксперименті мен сот-баллистика мәліметтері есепке алынған.

Сезіктіні ұстаған жағдайда оның денесі мен киімінде атыс өнімдерін анықтау үшін куәландыру жүргізіледі.

Қарау мен куәландыру нәтижелері бойынша сот-химиялык сараптамасы тағайындалады. Тұрғын үй мен жүмыста мылтық құралын табу үшін сезіктіні тінтеді.

Жарылатын заттарды қолданып жасалатын кісі өлтіруді тергеудің ерекшеліктері. Бұл категориядағы істер бойынша болған жерді қарау үстінде тергеуші ынта-жігері жарылыс эпицентрін, оның өнімдерін, жарылғыш құралдардың бөліктерін анықтауға бағытталады.

Қылмыскер пайдаланған жарылғыш заттардың түрін анықтау үшін жарылғыш құқығы моделін қайта жасауа сот-химиялық пиротехникалык сараптама тағайындалады.

Жарылғыш заттарды немесе олардың компоненттерін, жазбалар мен созбаларын табу мақсатында сезіктіге тінту жасалады.

Жарылғыш заттардың пайда болуы және оны сезіктінің иелегендігін анықтау үшін, тергеу элементтері мен жедел-іздестіру шаралары пайдаланып отырылуға тиісті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет