Төртінші кезең – дарынды оқытушы-педагогтар А. Байтұрсыновтың (1873-1937), Ж. Аймауытовтың (1889-1931), М. Дулатовтың (1885-1935), М. Жұмабаевтың (1893-1938), К. Жұбановтың (1899-1938), Х. Досмұхамедовтың (1883-1938), Е. Омаровтың (1892-1937), К. Кемеңгеровтың (1896-1937), Ш. Əлжановтың (1901-1938) аттарымен байланысты. Мысалы, М. Жұмабаевтың «Педагогика», Ж. Аймауытовтың «Дидактика», «Психология», «Тəрбиеге көмекші», «Жан жүйесі жəне өнер таңдау», «Комплексті оқыту жолдары» секілді еңбектері көпке дейін педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің негізгі оқу құралдары болып келді. Ш. Əлжанов бірінші боп педагогиканың жəне психологияның мəселелерін сабақтастыра зерттеп, жоғары оқу орындарында сабақ беру əдістемесін ғылыми тұрғыдан дəлелдеді.
Бесінші кезең – 1937 жылдан 1989 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Қазақстандық педагогика кеңес педагогикасының жүйе сінде дамыды. Бұл кезеңде оқушылар ұжымының қалыптасуы, жанұя мен мектептің арақатынасы, бағдарламалау жəне проблемалық оқыту, оқушылардың танымдық іс-əрекетін белсендендіру жəне т.б. мəселелер зерттелді. Осы кезеңде педагогика дамуына үлес қосқандар С. Қожахметов (1910-1945), С. Аман- 25 жолов (1903-1958), Т. Тəжібаев (1910-1964), Қ. Бержанов (1924- 1976), Ə. Сембаев (1905-1989) жəне т.б.
Алтыншы кезең – 1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезең. КСРО-ның құлауынан кейін, педагогикалық ғылым біртұтас кеңес ғылым ретіндегі дəрежесін жоғалтып, тəуелсіз мемлекеттер достастығы өзіндік отандық ғылымның қалыптасуында жұмыс атқарды. Отандық педагогика белсенді түрде білімнің стандартталуы мен ақпараттануы, педагогикалық технологияларды енгізу арқылы мектептегі оқу мен тəрбие туралы мəселелерді зерттеу үстінде. Осылайша, педагогика ғылым ретінде дамудың ұзақ жолын өтіп барып, жеке оқыту пəні ретінде бөлінді.
1.2 Педагогика оқу пəні ретінде
Ғылымның биіктігін бағындыру оның негізін зерттеуден бас талатындығы барлығымызға аян. Бұл негіздер оқу пəнінде жинақталған. Ғылым мен оқу пəні бір-бірімен тығыз байланысты. Əдебиеттерде оқу пəні төмендегідей ретпен анықталады: - білім жүйесі; білімді меңгерудегі оқу-танымдық іс-əрекет түрлерінің жүйесі; ғылымның негізін дидактикалық жүйелі түрде мазмұндау - білім жүйесіндегі белгілі сатының модулі, оның ішіне мақсаттылық, мазмұндық, қисындық-əдістемелік (техноло гия лық), нə тиже-бағалаушылық компоненттері енеді; өзіне сəйкес ғылым негізінде əлеуметтік тəжірибе əсерінен қалыптасатын модуль. Оқу пəні – ғылымның «фотосуреті». Оқу пəні жаңа білімдерді ашпайды, ол ғылымның дайын болған қорытындысын пайдаланады. «Ғылым» жəне «оқу пəні» ұғымдарының мазмұндық талдауы олардың бір нүктеде түйісетінін көрсетті, бұл – білімнің жүйелілігі. Оқу пəні оқыту міндеттерін, білім алушылардың дайындығы мен жас ерекшелігін арнайы есепке алатын ғылымның негізінен тұрады. Оның негізгі қызметі – білім беру. Оқу пəні міндетті түрде ғылым құрылымының нақты көшірмесі емес. Оқу пəнін құрастырған кезде ғылыми түсініктер мен жағдайды анықтау, жүйелеу, нақтылау болады. Ғылыми түсініктер, категориялар 26 оқу пəнінде қайта өңделгеннен кейін ғылыми қолданыста жаңа, нақтыланған түрде қолданыла алады.
Педагогика оқу пəні ретінде келесі компоненттерден тұрады:
1) білім беру, оқыту, тəрбие жайлы білім жүйесі;
2) білім, іскерлік, дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған оқу-танымдық іс-əрекет жүйесі. Оқу пəнінің құрылысын жасау кезінде бірнеше факторлар ескеріледі. Оларды қарастырайық.
1. Егер ғылыми білімдер жеткілікті түрде жүйеленген жəне оны оқытудың əдістемелік аспектілері болса, сонда ғана олар оқу пəніне енеді.
2. Сəйкес саладағы студенттердің біліміне байланысты оқытушы оқу пəнін жобалай алады. Сонымен бірге, білім алу шылардың қабілеттілігі, жас жəне жеке психологиялық ерек ше ліктеріне тəн оқу пəні əрқалай оқытылады.
3. Оқу пəні дəрістер, семинарлар, тəжірибелік жəне зертханалық сабақтар көмегімен оқытылады.
4. Кез-келген оқу пəні дидактикалық материалдар қорымен (нақты тапсырмалар, көрнекілік материалдар, бақылау сұрақтары, əдістемелік нұсқаулар) бекітіледі.
5. Оқу пəнінде белгілі теория, концепциялармен қоса оқытушының əдіснамалық көзқарасы да орын алады. Педагогиканың оқу пəні ретіндегі педагогикалық
1.3 «Педагогиканың оқу пəні ретіндегі педагогикалық ғылым жəне əлеуметтік тəжірибемен өзара қатынасы маңызды сұрақтардың бірі болып саналады. Бұны өзара байланысты мақсаттық жəне қорытынды-бағалық компоненттер мысалында байқауға болады. Педагогиканың мақсаттылық компоненті ғылым пəнін ескере отырып, əлеуметтік факторлар əсерімен өзгеріп, қалыптасады. Мысалы, жуырда 2000-жылдың басында педагогиканы оқудың мақсаты – педагогикалық үдерістің типтік міндеттерін шешу үшін педагогикалық білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру болды. Ал қазіргі кездері педагогиканың оқу пəні ретіндегі мақсаты – əлемге деген этикалық қатынасының, дамыған дүние танымдық көзқарасының мəдениеті мен инновациялық ойлау типіндегі кəсіби педагогты қалыптастыру Педагогогиканың қорытынды-бағалық компоненті де əлеуметтік практика əсерімен қалыптасады. Сонымен қатар, педагогикалық білім əлеуметтік практиканы ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, болжалдап, жобалап отырады. Егер педагогикалық білім базалық ғылымның негізгі қызметтерін орындай алса, сонда ол сапалы болып саналады. Оқу пəні өз кезегінде, педагогикалық ғылымға əсер етеді. Мысалы, педагогикада ғылым ретінде «инновация» секілді ұғымның жаңартылған түсіндірмесі ашылады. Əсіресе педагогикалық практика педагогиканы зерттеу саласында маңызды бағыттарды нұсқап, ғылыми концепциялардың қалыптасуына əсер етеді. Оқу пəнінің мазмұны зерттелетін ғылым теорияларының үйлесімділігімен, оқу орындарының дəстүрлі, инновациялық тəжірибелерімен, оқытылатын ғылым саласындағы оқыту шылардың жəне студенттердің жеке тəжірибелерімен анықталады. Тарихи педагогикалық əдебиетке сүйенсек, танымал педагогтар педагогикалық пəндерді оқыту үшін арнайы кафедралар құру керек екендігін айтқан. К. Д. Ушинский: «Егер университеттерде медициналық, тіпті камералық факультеттер бар болып, бірақ педагогикалық факультеттер жоқ болса, онда бұл адамның əлі күнге дейін өзінің адамгершілік тұлғасы, үлгілі тəрбиесі жөнінде ойламай, тек денсаулығы мен қалтасының қалыңдығын, келешек ұрпағының бай болуын ойлайтындығын көрсетеді» Педагогикалық оқу орындарында педагогика оқу пəні ретінде кеңес мектептерінің құрылу шартымен рəсімделген. Мысалы, В. И. Лениннің қолы қойылған халық комиссарлар Кеңесінің оқулықтар шығару тəртібі туралы (1921 ж.) қаулысы маңызды рөл атқарды. 1922-1924 жылдар аралығында П. П. Блонскийдің «Педагогика» (1922 ж.), А.Г. Калашниковтың «Опыт построения индустриально-трудовой школы ближайшего будущего» (1922 ж.), С. И. Гессеннің «Основы педагогики» (1923 ж.), А. П. Пинкевичтің «Педагогика» (1924 ж.) атты кітаптары жарық көрді. С. И. Гессеннің «Основы педагогики» кітабы өткен ғасырда ғы педагогиканың ең танымал кітабы болды. Ол Петроград- 28 тағы көтеріліске дейін, көтерілістен кейінгі бастапқы жылдары Томскде дайындалып, автордың эмиграцияда жүрген кездерінде бітіп, жарыққа шықты. Ол кітапта əлемдік педагогиканың бірнеше ғасырлық тəжірибесі мен Ресейдің ең жақсы дəстүрлері қорытылып, ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі, Еуропадағы, АҚШ-тағы басты педагогикалық ойлар бағытына сараптама беріліп, педагогика идеяларының даму мүмкіндігі негізделді. Жалпы алғанда, еңбектерде өткеннің педагогикалық идеялары түбегейлі баяндалып, еңбек мектептеріне жəне еңбек тəрбиесіне басты назар аударылды. Сонымен қоса кітаптардың құрылымы мен мазмұны оқу міндеттерінің іске асуына көмек көрсете алмады, педагогикалық идеялар дидактикалық жақтан баяндалмай, жалпылама жақтан баяндалып, автордың бір партияға, ғылыми мектепке тəуелділігімен анықталды. Педагогиканың оқу пəні ретіндегі дамуына 1927-1930 жж. өткен педагогикалық пікірталастар үлес қосты. Пікірталастар барысында оқу пəні ретіндегі педагогиканың мазмұны анықталып, мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдасқан жəне басқарылатын үдеріс ретіндегі тəрбиенің негізі нақтыланды. Бұл кезеңдері В. Н. Попов, А. У. Зеленко, А. Г. Вальнерлердің «Учебник педагогики: для краткосрочной подготовки педагогических кадров» (1931 ж.), А. Африканов пен П. Груздевтің «Педагогика: учебник для педагогических техникумов» (1931 ж.) жəне тағы да бірнеше кітаптар жарық көрді. Ең бірінші педагогика бағдарламасы 1931 ж. жазылып шықты. Бағдарламада педагогиканың жүйесін оқу пəні мен болашақ мұғалімді кəсіби даярлау негізі ретіндегі педагогиканың жалпы курсын жасау талабы болды. Алайда бұл жылдары жарық көрген кітаптар мен бағдарламалардың сараптамасы педагогика курсының əдіснамалық негізі, мазмұны мен құрылымы біртекті болмағанын, 20-30 жылдардағы педагогикаға қатысты қателіктер мен адасушылықтардың бар екендігін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |