ЖҮрек жетіспеушілігі жайлы негізгі деректер



бет1/3
Дата15.06.2016
өлшемі221 Kb.
#137739
  1   2   3
ЖҮРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ЖАЙЛЫ НЕГІЗГІ ДЕРЕКТЕР
Егер Сізде немесе Сіздің жақын адамыңызда жүрек жетіспеушілігі анықталса, толқу мен көптеген сұрақтардың тууы, әрине түсінікті реакция. Жүрек жетіспеушілігі — бұл кең таралған үдемелі ауру. Егер жағдайды дұрыс түсініп, дәрігердің ұсыныстарын орындап, кейбір әдеттерді өзгертсеңіз Сіздің көңіл күйіңіз біршама жақсарады және өмір сүру жасыңыз ұзарады.
Жүрек жетіспеушілігі дегеніміз не?

Жүрек жетіспеушілігі — бұл жүрек өзінің "насосты" функциясын игере алмауынан туындайтын ауру. Бұл кезде дене мүшелері мен тіндерінің қалыпты жұмыс атқаруы үшін қажетті оттегі мен қоректі заттар қан арқылы толық жеткізілмейді. Осыдан науқастар бұлшық еттерінде әлсіздікді сезінеді. Сонымен қатар, зат алмасу заттарының толық «утилизациялану» мүмкіндігі жойылып, өкпеде, іште және аяқтарда сұйықтықтар жиналады.

Жүрек жетіспеушілігі көбіне жүрек бұлшық етін зақымдайтын немесе оған қосымша күш түсіретін аурулардың асқынуы ретінде дамиды. Әңгіме, жүректің ишемиялық аурулары, артериалды гипертензия, жүректің қабыну аурулары (миокардиттер) жайлы болып тұр. Жүрек жетіспеушілігінің бастапқы кезеңдерінде ешқандай белгілері болмауы мүмкін, бірақ дұрыс ем қабылдамаған науқастарда, жүректің қай ауруы болмасын өршу белгілері пайда болады.

Жүрек жетіспеушілігі барлық жаста дамуы мүмкін, әсіресе қарт адамдарда көбірек кездеседі. 65 жасқа дейін адамдардың шамамен 1% жүрек жетіспеушілігімен сырқаттанады, әрі қарай оның таралуы ұлғая түседі. Жүрек жетіспеушілігі — 65 жастан асқан науқастарды ауруханаға жатқызудың ең жиі себебі болып табылады.

«Жетіспеушілік» деген атау, жуырда жүрек жұмысын тоқтатады деген мағынаны білдірмейді, ол тек ағзаның қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды деген сөз (әсіресе күш түскен кезде).
Жүрек жетіспеушілігі кезінде не болады

Жүрек жетіспеушілігі кезінде жүректің ағзаға қан айдауында қиындықтар туады. Бұл көптеген себептерден болуы мүмкін. Көбінесе жетіспеушілікке жүрек бұлшық еттерінің зақымдануы алып келеді (мысалы, ишемиялық аурулар немесе миокард инфарктінен) кейде артериялық қысымның жоғарылауынан жүрекке шектен тыс күш түскен кезде де дамиды. Зақымдану мен шектен тыс күштің түсуі жүректің жиырылуына, қанға толуына (босаңсуына) немесе осы екеуіне бірдей кері әсерін тигізеді.

Егер жүрек дұрыс жиырылмаса, ол қанды қажетті көлемінде айдап шығара алмайды. Егер жүрек қан көлемінен толық босай алмай, босаңсыса, келесі жолы оған аз мөлшерде ғана қан құйылады. Осыған сәйкес, әрине қан жеткіліксіз көлемде айдалып шығарылады.

Жүрек жетіспеушілігінің негізгі екі салдарына келетін болсақ: біріншіден, ағза қажетті көлемде қанмен қамтамасыз етілмейді де, жалпы әлсіздік пайда болады; екіншіден, қан жүрекке кіре берісінде жиналып қалады да, қантамырларындағы сұйықтық айналадағы тіндерге «аға» бастайды. Ал сұйықтық көбіне аяқтарда және құрсақ қуысында жиналады, сонымен қатар өкпеде іркіліп қалады.

Бастапқыда ағза бейімделеді және мүшелер мен тіндерге қажет қан көлемін ұстап тұру үшін, жүректің әлсіз қызметін компенсациялауға тырысады. Бірақ компенсаторлы механизмдер шектеулі уақыт аралығында ғана әсер ете алады. Шындығында, бұл бейімделудің (адаптацияның) өзі, алысқа көз жүгіртсек, жүректі қосымша әлсірете түсу.

Жүректің компенсаторлы механизмдері:



  • қанды көбірек айдау үшін, жүректің жиырылу жиілігінің артуы (тахикардия);

  • ұстап қалатын және айдайтын қан көлемін арттыру үшін, жүрек камералары көлемінің үлкеюі (дилатация) ;

  • жүрек қаттырақ жиырылу үшін, жүрек бұлшықеттерінің қалыңдауы мен тығыздалуы (гипертрофия).

Ағза өз кезегінде айналымдағы сұйықтық көлемін арттырып, қанды бұлшық еттерден миға және басқа өмірлік маңызды мүшелерге қарай айдауға тырысады.

Ағзаның жүрек жетіспеушілігін ұзақ уақыт компенсациялау мүмкіндігі болғанымен, оның келтіретін пайдасынан гөрі, зияндығы көбірек. Өйткені бұл өзгерістер жүрекке қатты және одан да қаттырақ күш түсіріп, өзі сау емес мүшені одан әрі әлсерете түседі.


Жүрек жетіспеушілігінің жіктелуі

Әр пациенте жүрек жетіспеушілігінің өз ерекшелігі бар. Бұл жағдайда әртүрлі симптомдар дамиды және жүректің әртүрлі бөліктері зақымдалады. Осы себептен дәрігер Сіздің жүрек жетіспеушілігіңіз туралы айтқанда әртүрлі терминдер қолдануы мүмкін.

Жүрек жетіспеушілігінің негізгі екі түрі: —  созылмалы және жіті.

Жүректің созылмалы жетіспеушілігі жиірек кездеседі, оның симптомдары баяу дамиды, ауырлығы бірте-бірте арта түседі.


ЖҮРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНІҢ СИМПТОМДАРЫ
Жүрек жетіспеушілігінің түріне қарай, оның симптомдары әр пациенте әр-түрлі болуы мүмкін, Сізде осында көрсетілген симптомдардың барлығы немесе кейбіреуі ғана болуы мүмкін

Жүрек жетіспеушілігінің бастапқы кезеңдерінде симптомдар анықтала бермейді, ал уақыт өте жүрек жетіспеушілігі өршіген сайын, симптомдар анықталып, ауырлана түседі.

Жүрек жетіспеушілігінің негізгі симптомдары сұйықтықтың жиналуы мен іркілуінен пайда болады. Бұл бөлім жүрек жетіспеушілігінің симптомдарын айқындап көрсетуге және оның көріністерін жеңілдетуге арналған.
Сұйықтықтың жиналуы мен іркілуінен болған симптомдар

Ентікпе

Ентікпе өкпеде сұйықтықтың жиналуы мен іркілуінен пайда болады. Сұйықтыққа толған өкпеде газ алмасу үлкен қиындықпен атқарылады. Жүрек жетіспеушілігінің алғашқы кезеңдерінде ентігу тек физикалық күштемеден кейін болуы мүмкін. Ал сырқат өршіген сайын ентігу тыныштықта пайда болады.

Науқас жатқан кезде ауа жетіспеу сезімі қиындай түседі. Сұйықтық гравитация заңына бағынады, сондықтан горизонталды қалыпқа ауысқанда өкпе қосымша сұйықтыққа жиналады (үстелде тұрған және жатқан бөтелкедегі сұйықтықты елестетіңіз).

Егер Сіз ұйықтағанда немесе тек жатқан кезде ауа жетіспеушілікті сезінсеңіз тік жату үшін, арқаңызға жастық қойыңыз. Егер Сіз түнде үнемі тұншықсаңыз, осы туралы дәрігерге немесе медбикеге хабарлаңыз.


Жөтел және сырылдар

Кейбір жүрек жетіспеушілігі бар пациенттерді ентікпеден басқа, жөтел мен сырылдар мазалайды. Қалыпты жағдайда бұл өкпеде сұйықтықтың жиналуына байланысты, бірақ кейде тыныс жолдарының басқа ауруларына да байланысты болады (мысалы, өкпенің созылмалы обструктивті аурулары (ӨСОА) немесе демікпе).

Егер Сізде жөтел немесе өкпеңізде сырылдар болса, ентікпе кезінде орындағандай дене қалпын өзгертіңіз — орныңыздан көтеріліңіз немесе арқаңызға жастық қойыңыз.
Дене салмағын қосу

Жүрек жетіспеушілігі бар пациенттер жиі салмағын қосады. Егер жүрек жетіспеушілігі сұйықтықтың жиналуына алып келсе, заңды түрде дене салмағы қосылады. Егер ағза артық сұйықтықтан арылса (мысалы, дұрыс ем қабылдау арқылы), Сіз салмағыңызды жоғалтасыз.

Күнделікті салмақты өлшеп отыру керек. Егер Сіз 3 күн ішінде 2 кг артық салмақ қоссаңыз, бұл туралы дәрігерге немесе мейірбикеге хабарлаңыз.

Сіз 2-3 күнде 1 рет өлшенген мәліметтеріңізді, мына кестені қолданып, сонда енгізіп отыруыңызға болады.


Дене салмағының күнделігі

Айы-күні
















Дене салмағы



















Айы-күні
















Дене салмағы



















Айы-күні
















Дене салмағы



















Айы-күні
















Дене салмағы



















Айы-күні
















Дене салмағы



















Айы күні
















Дене салмағы















Егер кестеде салмақ қосылғаны анықталса, салмақты қосқан жолдар мен соңғы кездері өзіңіздің өмір сүру салтыңызға талдау жүргізіңіз. Сұйықтықтың әсерінен қосылған салмақ пен жоғары калориялы тағамнан қосылған салмақтың айырмашылығы болады. Егер Сіз салмақ қосудың себебіне күмән тудырсаңыз, дәрігерге немесе медбикеге қаралыңыз.


Тобықтың ісінуі

Сұйықтықтың жиналуы ісінуге алып келеді, оны тобықтар аймағынан анық көруге болады. Кейбір жағдайларда ісіну аяқтарға, санға және ішке жайылады.

Ағзаға түсетін сұйықтықтың мөлшерін азайту үшін, емдеу дәрігеріңіз немесе медбике Сізге сұйықтықты қабылдауды шектеуге ұсыныс беруі мүмкін. Қажет болған жағдайда дәрігер емдеу тізбегіне қосымша зәр айдағыш дәрі (диуретик)қосады. Қабылдап жүрген сұйықтықтың мөлшерін өзгерту үшін, алдымен дәрігермен кеңесіп шешу керек.
Ағзалар мен тіндерде қанайналымының бұзылысынан пайда болған симптомдар

Шаршағыштық және қажу.

Жүрек жетіспеушілігі жүректің жиырылу күшін төмендетуге алып келеді, сол себептен бұлшықеттердің қанмен қамтамасыздануы бұзылады. Оттегі мен қорек заттардың жетіспеуінен бұлшықеттер тез шаршайды. Көптеген науқастар бұлшықет ширығуынан зардап шегеді.

Сізге аз жүктеме түсіретін физикалық жаттығулар керек. Аздаған жүктемелер мен жаттығулар бұлшықет шаршағыштығымен күресуге мүмкіндік береді. Көптеген пікілерге жүгінсек, жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарға аздаған физикалық жүктеме пайдалы. Осыған қоса, жаттығулар жан күйзелістерінде көмектесіп, адамның энергетикалық потенциалын жоғарылатады.
Бас айналу

Жүрек жетіспеушілігі кезінде бүкіл ағзада қанайналым төмендейді. Артериалды қысымның төмендеуінен миға қан аз келеді, сол себепті Сізде бас айналу дамуы мүмкін.

Жүрек жетіспеушілігі бар көп науқастарда бас айналу жиі дәрілер қабылдағаннан кейін болады. Сонымен қатар, бас айналу жүрек жиырылуының ретсіздігінен және денені өзгерткен кезде қан қысымының кенет төмендеуінен болады (постуральды гипотензия).

Бас айналу себебін білу үшін емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.


Жүрек соғысының жиіленуі

Жүрек жетіспеушілігі кезінде қанайлымының қажетті деңгейін ұстап тұру үшін, компенсациялық түрде жүрек жиі жиырылып, оның соғысы жиілейді (тахикардия).

Жүрек соғысының жиіленуі кезінде, ырғақ бұзылысынан жүрек кеудеден «шығып кететіндей» қатты соғады. Бұл симптом туралы дәрігермен немесе медбикемен кеңескен жөн.
Басқа симптомдар

Аппетит жоғалту

Жүрек жетіспеушілігі кезінде сұйықтық Сіздің ағзаныздың кез келген жеріне жиналуы мүмкін. Кей адамдарда сұйықтық бауырда немесе асқорыту жүйесінде жиналады. Осындай жағдайда, Сіз іш аймағыңызда ауырлық пен іш кебуін сезінесіз.

Осы жағдай тәбеттің төмендеуіне алып келеді. Ал ауырлық сезімі мен іш кебуін болдырмау үшін тамақты аз мөлшерде қабылдау керек.
Түнгі зәр шығару қажеттілігі

Кешке Сіз ұйқыға жатқанда, күні бойы аяқтарыңызға жиналған сұйықтық, қан айналымға қайта оралады. Бұл сұйықтықты бүйрек зәрге айналдырады.

Түнде дәретханаға бару санын азайту үшін, кешкі уақытта сұйықтық қабылдауды шектеу және ұйқыға жатар уақытта кіші дәретке шығып алу керек. Егер Сіз таңғы уақытта диуретиктер (зәр айдағыш заттар) қабылдап жүрсеңіз, ол да түнгі зәр шығару санын азайтуға көмегін тигізеді.
Кейбір пациенттер, физикалық симптомдардан басқа, жағдайдың ауырлығына қайғырып, жан күйзелістеріне ұшырайды (қорқыныш, депрессия).

Егер Сізде осы симптомдардың кейбіреуі болса, оны үнемі бақылап отыру керек. Егер Сіз жаңа симптом немесе бұрынғы симптомның үдегенін сезінсеңіз, міндетті түрде дәрігер немесе медбикеге хабарлауыңыз керек.


УАҚЫТ ӨТЕ СЫРҚАТ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?
Жүрек жетіспеушілігі — уақыт өткен сайын нашарлай түсетін, созылмалы жағдай. Кейде ол өмір жас ұзақтығын қысқартуы да мүмкін.

Жүрек жетіспеушілігінің өршуі кенеттен және әр жеке адамда өзгеше дамиды. Көп жағдайда науқастың жағдайы нашарлап кеткенге дейін, симптомдар біраз уақыт (айлар немесе жылдар) тұрақты деңгейде сақталады. Кей жағдайларда аурудың белгілері біртіндеп ауырлай түседі. Я болмаса, жаңа жүрек ұстамасы немесе жүрек ырғағының бұзылысы нәтижесінде, не болмаса өкпе аурулары кезінде тез арада үдей түседі. Мұндай жедел жағдайларды емдеуге болады. Сіздің басты мақсатыңыз - ауруыңызды жіті бақылауда ұстап, ауру белгілерін анықтау және оның болжамын жақсарту арқылы өміріңізді ұзарту. Сіздің медициналық тобыңыздағы дәрігерлер және өз дәрігерініз Сізбен жұмыс істеп, ауруыңыздың нәтижелі емі мен Сіздің өмір сүру ұстанымыңызға сәйкес емдеу әдістерін қамтамасыз етеді.


Дәрігер қандай көмек бере алады?

Сізге жүрек жетіспеушілігі диагнозы қойылған сәттен бастап, Сіздің дәрігеріңіз және медбикеңіз Сізге бұл сырқат туралы ақпараттар беріп, денсаулығыңызды жақсарту барысындағы түрлі әдістерді Сізбен ақылдасады. Жүрек жетіспеушілігі бұл — емге көнуі қиын, қауіпті ауру. Әйтсе де, дәрігеріңіздің ұсынысын орындасаңыз өзіңізді жақсы сезініп, салауатты өмір салтын жақсартуыңызға болады. Сондай ақ Сіздің дәрігеріңіз Сізге сәйкес келетін емдеу әдістерін түсіндіреді. Алайда, емнің нәтижелі болуы Сізге байланысты екенін естен шығармағаныңыз жөн. Сіздің әр дәріні қабылдау барысында, содан кейін жағдайыңыздың жақсаруына сеніміңіздің болуы үлкен роль атқарады.

Сонымен қоса, Сізге жүргізіліп жатқан емдеу әдістерін түсініп, біліп жүргеніңіз өте пайдалы, өйткені Сіз дәрілердің әсерін, олардың жанама әсерлерін біліп отырасыз.
Жүрек жетіспушілігі кезінде қолданылатын дәрілер

Бұл жерде жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын қол жетілімділік дәрілік препараттар қарастырылған. Маңыздысы, Сіз дәрігеріңізбен сырқатыңызға байланысты қабылдап жатқан дәрілер туралы күмәнді сұрақтарыңыз туған жағдайда сөйлесе аласыз. Жүрек жетіспеушілігі кезінде Сізге дәрілерді өмір бойы қабылдау керек екені анық жағдай.

Сізге тағайындауға болатын дәрілік заттар қатары көп. Олардың барлығы ауру белгілерін азайтып, өмір сапасын жақсартады. Кейбір дәрілердің жанама әсерлері кездеседі — бірақ, оның зияндығынан пайдасы әлде қайда көп. Егер, Сіздің қабылдап жүрген дәріңіздің жанама әсерінен Сіздің жағдайыңыз нашарласа, тез арада ол препаратты доғарудың орнына, алдымен дәрігеріңізбен ақылдасқаныңыз жөн. Сізге сәйкес келетін дәріні таңдау барысында Сіздің дәрігеріңіз сізбен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Жүрек жетіспеушілігімен сырқаттанатын адамға бұл аталған препараттардың барлығын бірден тағайындамайды. Препаратты тағайындау әр адамда анықталатын симптом белгілеріне қарай, жалпы денсаулық жағдайына, өмір сүру салтына байланысты жүргізіледі. Сізді емдеу кезінде дәрігеріңіз кез келген медициналық мәселелерді қадағалап отырады. Сіздің дәрігеріңіз айтқандай, дәрілерді нақты түрде қабылдау өте маңызды, себебі дәл қабылдау дәрілердің қаншалықты жақсы әсер беретініне кепілдік береді. Сізге бір қабылдағанда бір дәрі емес, бірнешеуін қабылдау керек болады. Оны белгілеп жүру немесе кесте құрастыру Сіздің қабылдаған дәрілеріңізді бақылауға көмектеседі.


Диуретиктер

Диуретиктер (зәр айдағыш заттар) бүйрек арқылы несептің бөлініп шығуын белсендіріп, Сіздің ағзаңыздағы артық сұйықтықтан құтылуға көмектеседі. Сіз диуретиктерді қабылдау барысында зәр шығарудың жиілегенін байқайсыз. Алайда, бұл Сіздің уайымдауыңызға себеп емес. Сіз үйден шығар алдында таблеткаларды қабылдауды алдын ала жоспарлағаныңыз дұрыс. Күнделікті белсенділік үшін, ұзақ әсерлі, таблетка түріндегі заманауи диуретиктердің аз мөлшері жеткілікті.

Ағзаға түсетін сұйықтықтың санын азайтып, артық сұйықтықтан құтылу, Сіздің жүрегіңіздің жұмысын жеңілдетеді. Тынысыңызды жеңілдетіп,өкпедегі іркілісті азайтады. Сондай ақ, аяқтағы және ағзаның басқа да бөліктеріндегі ісінулерді азайту нәтижесінде дене салмағын төмендетеді.

Маңызды кеңестер :

Егер Сіз салмағыңызды күнделікті өлшеп, оны дәрігеріңізбен немесе медбикемен ақылдасып, белгілеп жүрсеңіз жақсы болар еді. Бұл Сізге сұйықтықты көп немесе өте аз шығарасыз ба, соны бақылауға көмектеседі. Қажет жағдайда олар Сізге диуретиктердің мөлшерін таңдауға көмектеседі.

Көбісі диуретиктерді таңертеңгілік уақытта қабылдағанды дұрыс санайды. Өйткені зәр шығару қажеттілігі күндізгі уақытта көбірек. Ал диуретиктерді кешке қабылдау, Сіздің ұйқыңызды бұзады.
Ангиотензин-айналдырушы фермент (ААФ) тежегіштері

Ангиотензин-айналдырушы фермент (ААФ) тежегіштері бүйректе түзілетін «ангиотензин II», деп аталатын гормонның әсерін тежейді. Ангиотензин II тежегіштері Сіздің қантамырларыңыздың босаңсуын қамтамасыз етіп, артериялық қан қысымын төмендетеді. Бұл Сіздің жүрегіңіздің ағзаға қан тарату қызметін жеңілдетеді.


Маңызды кеңестер :
Дәрігеріңіз Сізге ААФ тежегіштерінің алғашқы мөлшерін бас айналуды басу үшін жатар алдында қабылдауға кеңес береді. Кез келген артериялық қан қысымын түсіретін препаратты қабылдағанда бас айналу сияқты жанама әсер болуы мүмкін, бірақ Сіздің жүрегіңіз қан қысымының төмендеуінен жақсы жұмыс істейді.

Егер Сіз ұйқыдан тұрғанда бас айналуды сезсеңіз, тұрмас бұрын аяғыңызды көтеріп, ары бері он шақты рет қозғалтып, сосын барып төсектен тұрыңыз. Қай жағдай болмасын, тез тұрып кетуден сақтаныңыз. Себебі, бұл бастың айналуына алып келуі мүмкін. Асықпаңыз, Сіз ағзаңыздың дайын болуын күтіңіз.


Ангиотензин II рецепторларының блокаторлары

Ангиотензин II рецепторларының блокаторлары, Сіздің бүйрегіңізде түзілетін ангиотензин II гормонын тежейді.

Ангиотензин II рецепторларының блокаторлары, ААФ тежегіштері секілді әсер етеді. Оны көбінесе ААФ тежегіштерін көтере алмайтын науқастарға тағайындайды.
Бета-блокаторлар

Егер Сіздің жүрегіңіз қанды қалыпты жағдайға сәйкес айдамаса, Сіздің ағзаңыз артериялық қан қысымын жоғарылатып, жүректің тезірек жұмыс істеуіне көмектесетін адреналин және норадреналин гормондарын бөлу арқылы компенсаторлық қызметін іске қосады. Бірақ бұл әсер ұзаққа созылса, компенсаторлық қызметті іске қосуға күш жұмсап жатқан жүрегіңізге қауіп төнеді. Бета-блокаторлар Сіздің жүрегіңіздің ырғағын төмендетеді, артериялық қан қысымын төмендетеді, сол арқылы Сіздің жүрегіңізді адреналин мен норадреналиннің тұрақты әсерінен қорғайды.

Бета-блокаторлардың жүрек жетіспеушілігін басқаруда маңызы зор. Солай дегенімен, жүрек жетіспеушілігінің орта және ауыр дәрежесіімен сырқаттанатын науқастарға дәріні қабылдауды ең аз мөлшерде бастап, біртіндеп көтерген жөн. Өйткені бета-блокаторларды бастағаннан кейін бірнеше апта көлемінде кейбір науқастарда жүрек жетіспеушілігі белгілерінің уақытша нашарлауы болуы мүмкін.

Маңызды кеңестер

Бастапқыда бета-блокаторларды қабылдаған соң артериялық қан қысымының төмендеуінен бас айналу мен әлсіздікді сезінуіңіз мүмкін. Жалпы жағдайының жақсаруы бірнеше аптадан кейін білінуі мүмкін. Ал егер осы уақытқа дейін Сізді бас айналу әлі мазалап жүрсе, дәріні дұрыс мөлшерде қабылдап жүргеніңізге тағы бір рет көз жеткізу үшін, өз дәрігеріңізбен немесе медбикеңізбен хабарласыңыз.

Егер Сіз ентігуді және ауа жетіспеушілікті сезінсеңіз, өз дәрігеріңізбен хабарласыңыз, себебі бұл жасырын демікпенің белгілері болуы мүмкін.

Сіз қабылдап жүрген бета-блокаторларды кенеттен доғармағаныңыз маңызды. Кез келген дәрілердің мөлшерін төмендету немесе қабылдамай қою дәрігеріңізбен кеңесіп шешілу керек.


Альдостерон рецепторларының антагонистері

Альдостерон рецепторларының антагонистері жүрек жетіспеушілігінің нашарлауына алып келетін, бүйрекүстінде түзілетін гормонның әсерін тежейді.Ол зәрге бөлінетін су мен тұз алмасуына әсер ететін әлсіз диуретик болып саналады. Олар артериялық қан қысымын төмендетіп, іркілістерді азайтып сол арқылы жүректі қорғайды.

Дегенмен, айқын жүрек жетіспеушілігін емдеу барысында альдостерон рецепторлары антагонистерінің әсері жоғары.
Вазодилататорлар (қан тамыр кеңейтетін заттар)

Вазодилататорлар қан тамырларын кеңейту немесе босаңсыту арқылы ондағы қарсылықты төмендетеді. Сондықтан артериялық қан қысымын төмендетіп, ағзаға қанның жеңіл өтуін қамтамасыз етеді.

Кейбір вазодилататорларды үздіксіз қабылдайды. Керісінше, кейбір қысқа әсер етуші вазодилататорларды (мысалы, тринитрат глицерин/нитроглицерин) қажеттілік туындағанда, кеудедегі ауыру сезімін басу мақсатында(стенокардияда) спрей немесе таблетка ретінде тіл астына қолданылады. Оларды теріге жағу үшін мазь немесе пластырь ретінде де қолдануға болады.

Маңызды кеңестер

Артериялық қан қысымын төмендету үшін қабылдаған кез келген дәріден кейін бас айналу белгісі болуы мүмкін, бірақ Сіздің жүрегіңіз қан қысымы төмен болған кезде жұмысын жақсы атқаратынын есте сақтаңыз.


Дигиталис препараттары

Дигиталис препараттарының ішінде ең жиі қолданылатыны —  дигоксин.

Дигоксин Сіздің жүрегіңіздің ырғағын шамалы төмендетіп, қатайтады. Сондай ақ ол ісінулерді де азайтады. Дигоксин әсіресе жүрек ырғағының бұзылыстары мен жүрек жетіспеушілігі бар науқастар үшін тиімді.

Маңызды кеңестер

Егер Сізде калий мөлшері қалыптыдан төмен болса (мысалы, бұл инсулинтәуелді қант диабеті бар науқастарда немесе Сіз диуретик қабылдап жүрсеңіз), дигоксиннің ағзада жиналу мүмкіндігі артады. Сол үшін Сіз дигоксиннің артық мөлшерінен пайда болатын жүрек айну,тәбеттің болмауы немесе жүрек ырғағының қатты сиреуі сияқты белгілерді алдын ала байқай алуыңыз керек. Осы белгілердің кемінде біреуі анықталса, дәрігеріңізге хабарлағаныңыз жөн. Хирургиялық, стоматологиялық немесе кез келген шұғыл жағдайда, Сіз дигоксин препараттарын қабылдайтыныңызды дәрігеріңізге айтқаныңыз жөн.


Аритмияға қарсы заттар

Аритмияға қарсы заттар жүрек ырғағының бұзылысын бақылау үшін қолданылады. Жүрек жетіспеушілігімен сырқаттанатын кейбір науқастарға бұл препараттар тобы қауіпті болып саналады, сондықтан оларды қолданудан бас тарту керек. Сіздің дәрігеріңіз осы топ препараттарын тағайындамас бұрын, өзіне есеп бергені дұрыс.



Маңызды кеңестер

Антиаритмия ретінде кальций каналдарының тежегіштерін қолданып жүрген болсаңыз, онда сізге грейпфрут шырынын қолданбағаныңыз жөн, себебі ол дәрінің әсерін өзгертуі мүмкін.


Антикоагулянттар

Антикоагулянттар  (басқалай антитромбты) тромбтардың пайда болуын және өсуін тежейді. Олар жүрек жетіспеушілігі бар адамдарға өте маңызды, себебі бұл адамдарда жүрек-қантамыр жүйесінде тромб түзілу қаупі жоғары.

Көп жағдайда антикоагулянттарды қан сұйылтатын препарат ретінде қарайды, бірақ олардың әсері қанның қантамыр арқылы өтуін жақсарту ғана емес, сонымен қатар қанның керек емес жерде ұйыуын және тромб түзілуін болдырмау.

Кең таралған антикоагулянт, варфарин, таблетка түрінде қолданылады. Варфариннің мөлшері әр адамға әр-түрлі. Сіздің дәрігеріңіз немесе медбикеңіз препараттың әсерін бақылау үшін арнайы параметрін өлшеп отырады - ХҚҚ (халықаралық қалыпты қатынас), әсіресе алғашқы сатыларында Сізге қажет дозаны таңдайды. Сізге таблеткаларды қабылдауды жіберіп алмау және артық қабылдамау маңызды. Сондай болған жағдайда, өзіңіздің емдеу мекемеңізге хабар беріңіз.

Кейде варфариннің орнына сізге антикоагулянттардың инъекциясын жасайды (көбінесе гепарин препараттарын ), мысалы, егер Сіз ауруханада болсаңыз немесе Сізге жұтыну қиындақ тудырса.

Маңызды кеңестер

Сіз өзіңіздің дәрігеріңізге, оның ішінде жалпы тәжірибелік дәрігеріңізге (терапевтке), стоматологқа және фармацевтке варфарин қабылдап жүргеніңіз туралы құлақ қағыс етуіңіз керек. Осымен бірге, өзіңізбен бірге медициналық картаңызды немесе варфарин қабылдап жүргеніңізді білдіретін білезік тағып жүріңіз.

Қан кету қаупін болдырмау мақсатында дәрігеріңізге қанталаудың кез келген көрінісін (түсініксіз көгерулер, иектердің қанауы, мұрыннан қан кету, зәр шығару және ішектен қан кеткенде) байқап қалсаңыз, дереу хабарласыңыз.
Тромбқа қарсы препараттар

Тромбқа қарсы препараттар артерияларда тромб түзілуін бодырмайтын препараттар тобына жатады. Жүрек артериясында немесе мида тромбтың түзілуі жүрек ұстамасына немесе инсультке әкеледі.

Көп тараған антитромбоцитарлы препаратқа ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) жатады. Тромб түзілуін болдырмайтын АСҚ мөлшері ауырсыздандыру үшін қолданылатын мөлшерден әлдеқайда төмен. АСҚ–ның үлкен мөлшерін қолдану оның әсерін жоғарылатпайды, керісінше, жанама әсерін шақырады. Сондықтан, дәрігер тағайындаған мөлшерін қатаң ұстау керек.

Асқазан шырышты қабатының тітіркенуін болдырмас үшін тромбқа қарсы препараттарды тағам қабылдау алдында немесе тамақтан кейін немесе қорғалған препараттармен бірге қабылдау керек.

Егер Сіз АСҚ тромб түзілуін болдырмау мақсатында аз мөлшерде пайдаланып жүрсеңіз, сонымен қатар ауыру сезімін (мысалы, бас ауырғанда) басатын дәрі қабылдағыңыз келсе, аспириннің үлкен мөлшерінен гөрі парацетамол қабылдағаныңыз жөн.
Статиндер

Бұл дәрілерді қандағы холестерин деңгейін төмендету үшін қолданады, көбінесе жүрек жетіспеушілігі бар науқастарға тағайындалады. Жүрек жетіспеушілігінің жиі кездесетін себептеріне тәж артерияларында холестериннің жиналуына байланысты (табақша) қантамырларының тарылуынан дамитын, тәж артерияларының аурулары жатады. Бұл дәрілік заттардың табақшаларды жоятын жоғары әсері бар, соның әсерінен жүрек ишемиясы мен жүрек ұстамасы азаяды.



Маңызды кеңестер

Дәрігеріңіз Сізге препараттың нақты мөлшерін тағайындау үшін, холестерин деңгейін бақылап отыруы мүмкін. Егер Сізге тағайындаған статиндерден бұлшықеттің ауыру сезімі сияқты жанама әсер байқалса, онда дәрігеріңіз дәрінің мөлшерін өзгерте немесе орнына басқа дәрі тағайындай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет