Эпизоотологиялық деректері. Айдауға шығарылған күннің өзінде
бөгелектер өзініңі иесінен қалмайды және солармен бірге мекендейді және
айдау кезінде жануарларды зақымдайды. Инвазияның экстенсивтілігі 20-дан
60 %-ға дейін ауытқиды. Әдетте бір жануарды 8-12, максимум 200 дернәсілге
дейін паразиттейді. Инвазияның көзі – ешкі теріасты дернәсілімен
зақымданған жануарлар.
Патогенезі. І фазаның дернәсілдері теріасты жасушасына көптеген
мөлшерде еніп, қабыну процессін шақырады. ІІ және ІІІ фазаның
дернәсілдері дәнекер ұлпалық капсуланың түзілуіне алып келеді, ландыру
қабілетіне ие, өміршеңдікке өнім бөледі. Кривеллиозбен ауырған ешкілер тез
арықтайды және өміршеңдігі төмендейді.
Клиникалық белгілері. Теріасты бөгелегінің ұшу кезеңінде жануар
мазасызданады, бас қимылдарымен айдайды және терісі ысырылып
салданады. Дернәсілдің қонысы теріде ауырсыну шақырады. Дернәсіл арқа
жағындағы терісіне жақындағанда ауру бұдырмақ пайда болады. Тесік
капсулалардан серозды, серозды-іріңді бөлінділер бөлінеді. Жануарда
қанушылық байқалады, аз қимылдайды, әлсіз, табындағы жануарлардан
қалып жүреді.
Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері. Дернәсілдің І фазасында
фасцияның беткі жағында, ІІ және ІІІ фазада – капсулада көрінеді. Теріде
саңылау тесіктер. Капсуланың айналасындағы ұлпалар қоймалжың.
Балауды клиникалық белгілеріне және Патологиялық-анатомиялық
сойып-ашудан кейін қояды.
Емі, алдын-алу және күресі шаралары. Кривеллиозға шалдыққан
жануарларды емдеу және алдын алу мақсатында әр жылы қаңтарда
ешкілердің барлық басын және дернәсілдермен зақымданған жануарларды
тексереді, гиподермин-хлорофосымен өңдейді, тесік капсулаларға (түйін)
тікелей мынадай мөлшерде: жас төлдерге – 6 мл және ересектеіне – 10 мл
жағып отырады. Ауру ешкілерді арнайы өңдеусіз жайылымға жібермейді.
Бөгелетектердің жаппай ұшу кезеңінде жануарларды 1% хлорофос
ерітіндісімен 500 мл ересек жануарларға және 250 мл мөлшерінде жас
төлдергі 20 күнде 1 рет себеді.
Күзде ешкілерді бір рет гиподермин-хлорофоспен немесе бұлшық ет
ішіне 35 % варбекс ерітіндісін 20 мг/кг мөлшерде өңдейді. Басқа иеден
әкелінген және сатып алынған жануарларды, шаруашылыққа түскеннен кейін
уақытынан тәуелсіз инсектицидтік ерітінділермен өңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |